Галерея

Жаңалықтар arrow Мемлекеттік сатып алу arrow Аудандық жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурсты өткізу жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ
Аудандық жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурсты өткізу жөніндегі комиссия отырысының ХАТТАМАСЫ Баспаға басу
Шолаққорған ауылы    09.04.2019  жыл
Өткен орны: Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі  

Жиынды комиссияның төрағасы, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Айдаров Нұралы  Тұрдыұлы  жүргізіп отырды. 

           Жиынға қатысқандар: 

Комиссия хатшысы  А.Смайлова – Аудан әкімдігінің әдістемелік кабинет әдіскері 
Комиссия төрағасы  -  Н.Айдаров  -  Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы 
     Комиссия мүшелері:
М.Қарғабай – Созақ аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы.
Қ.Еспенбетов – Созақ аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы.
Әбдиев Мамырхан Көшкінбайұлы – Аудан әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы.
Ғ.Жүсіп – Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының директоры.

Шақырылғандар: «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меңгерушісі  Г.Сағындықова. 
«Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меңгерушісі  А.Шәңке.  


Күн тәртібінде:
1. Шолаққорған ауылынан 50 (елу) орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жаңа және қосымша орындарға  мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы.                                                                                          
       
Комиссия төрағасы – Н.Айдаров күн тәртібіндегі мәселе бойынша            ҚР Білім және ғылым минстірінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы                    №122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру» қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жаңа және қосымша орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын   орналастыру бойынша конкурсқа қатысушы Шолаққорған ауылынан «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде  мектеп жасына дейінгі 3(үш) жасқа толған балалардың кезектілікте болуына  байланысты  қосымша орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қажеттігі туындап отыр. Өздеріңіз білетіндей  2019 жылдың 27 ақпан күні Шолаққорған ауылынан    50 (елу) орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурс жарияланған болатын. Аталған конкурсқа қатысу үшін өтінім берген Шолаққорған ауылында орналасқан «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі    20 (жиырма) орынға, «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі 25 (жиырма бес) орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін  қатысып отырғанын айтты.  

Комиссия мүшесі М.Қарғабаев: Конкурсқа қатысушы «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы» мен «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшаларының меңгерушілері Г.Сағындықова мен А.Шәңке комиссия мүшелерінің жүргізген жұмыстарына айтар арыз-шағымдарыңыз бен ұсыныстарыңыз бар ма? 
  «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меңгерушісі Г.Сағындықова:  Құрметті комиссия мүшелері, қазіргі таңда «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасында  75 (жетпіс бес) баламен жұмыс жасап отырмыз,  санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің  қосымша 20 (жиырма)  балаға берген қорытындысы бар. Қосымша орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырған жағдайда                          95 (тоқсан бес) баламен жұмыс жасауға мүмкіндігіміз бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына сәйкес, ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеуге және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы  №77 Бұйрығын басшылыққа алып жұмыс жасауға міндеттенемін.   
«Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меңгерушісі А.Шәңке:  Құрметті комиссия мүшелері,     «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасында  қазіргі таңда 75 (жетпіс бес) бала тәрбиеленуде,  санитариялық-эпидемиологиялық қызметінің  қосымша        25 (жиырма бес) балаға берген қорытындысы бар. Қосымша орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырған жағдайда 100 (жүз) баламен жұмыс жасауға мүмкіндігіміз бар. Сонымен қатар Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына сәйкес, ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеуге және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы №77 Бұйрығын басшылыққа алып жұмыс жасауға міндеттенемін.   

Комиссия мүшесі Ғ.Жүсіп: Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурсқа қатысу үшін өтінім берген  Шолаққорған ауылында орналасқан «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы» мен «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің құжаттары алдыңғы комиссия отырысында қаралып, конкурсқа қатысу үшін алдын-ала рұқсат берілген болатын. ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы   №122 бұйрығымен бекітілген қағида талаптарына сәйкес 3 (үш) жасқа толған балалардың кезектілікте болуына байланысты конкурсқа қатысып отырған «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасына 20 (жиырма) орынға,  «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасына 25 (жиырма бес) орынға  қосымша орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру керек деп өз ойын білдірді. 

Комиссия мүшесі Қ.Еспенбетов: «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы, «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің  конкурсқа қатысу жөніндегі құжаттары сәйкес келеді. Сондықтан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жаңа және қосымша орындарға орналастыруға қарсылығым жоқ.   

Комиссия төрағасы Н.Айдаров:  Комиссия отырысын  қорытындылай келе барлық комиссия мүшелерінің ұсыныс пікірлерін тыңдап «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы, «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің 3 (үш) жасқа толған балалардың кезектілігін басшылыққа ала отырып, конкурсқа өтінім берген Шолаққорған ауылында орналасқан «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 20  (жиырма) қосымша орынға, «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне 25 (жиырма бес) орынға қосымша орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін шешім шығару керектігін айтып өтті. 

Конкурстық комиссия ШЕШІМ ЕТЕДІ: 
1. Шолаққорған ауылында орналасқан «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін                  20 (жиырма) орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру енгізілсін. 
2. Шолаққорған ауылында орналасқан «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігіне мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін                 25 (жиырма бес) орынға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру енгізілсін. 
3. Қағиданың талаптарына сай хаттаманы рәсімдеп, интернет-ресурсқа жариялау білім бөлімінің әдіскері, комиссия хатшысы А.Смайловаға тапсырылсын. 


Созақ ауданы әкімдігінің 
білім бөлімінің басшысы, 
комиссия төрағасы                                              Н.Айдаров 

                    Хатшы                                                                    А.Смайлова
   
          Комиссия мүшелері                      Қ.Еспенбетов
                     Ғ.Жүсіп
                     М.Қарғабай
                     М.Әбдиев 
 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 18 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы