Галерея

Жаңалықтар arrow Мемлекеттік сатып алу arrow Аудандық жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша орындар бұдан бұрын орналастырылған орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін конкурсты өткізу жөніндегі комиссия отырысының алдын ала
Баспаға басу

Шолаққорған ауылы                                                                                      28.03.2019  жыл                           

Өткен орны: Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімі 

 

Жиынды комиссияның төрағасы, Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Айдаров Нұралы  Тұрдыұлы  жүргізіп отырды.

 

           Жиынға қатысқандар:

 

Комиссия хатшысы  А.Смайлова – Аудан әкімдігінің әдістемелік кабинет әдіскері

            Комиссия төрағасы  -  Н.Айдаров  -  Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы

     Комиссия мүшелері:

-          М.Қарғабай – Созақ аудандық ата-аналар комитетінің төрағасы.

-          Қ.Еспенбетов – Созақ аудандық қоғамдық кеңесінің төрағасы.

-          Әбдиев Мамырхан Көшкінбайұлы – Аудан әкімдігінің білім бөлімінің бас маманы.

-          Ғ.Жүсіп – Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының директоры.

 

Шақырылғандар: «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меңгерушісі  Г.Сағындықова.

«Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меңгерушісі  А.Шәңке.  

 

 

Күн тәртібінде:

1. Шолаққорған ауылынан 50 орынға мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жаңа және қосымша орындарға  мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша конкурсқа келіп түскен құжаттарды қарау туралы                                                                                         

      

Комиссия төрағасы – Н.Айдаров күн тәртібіндегі мәселе бойынша            ҚР Білім және ғылым минстірінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы  №122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсiптiк, орта бiлiмнен кейiнгi, жоғары және жоғары оқу орнынан кейiнгi бiлiмi бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттiк бiлiм беру тапсырысын орналастыру» қағидаларына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдарда мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жаңа және қосымша орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын   орналастыру бойынша конкурсқа қатысушы Шолаққорған ауылынан «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігінде  мектеп жасына дейінгі 3 жасқа толған балалардың кезектілікте болуына  байланысты құжаттардың талапқа сәйкестігін қарауымыз керек.

Бүгінгі өткізіліп жатқан комиссия отырысында  комиссия төрағасы мен мүшелері конкурсқа қатысу үшін «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (БСН №161140025337 тіркеу нөмірі №405-1958-13-ЖШС ) «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (БСН №170140013335 тіркеу нөмірі №408-1958-13-ЖШС )  ұсынған төмендегіше құжаттарды қарады.

1)    Комиссия төрағасының атына жазылған өтініш;

2)             Заңды тұлғаның мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу ) туралы анықтамасының көшірмесі;

3)             «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы, «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің Жарғысы көшірмесі;

4)              Созақ аудандық мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасының 13.02.2019 жылғы №Х.09.Х.KZ83VWF00000992,  13.02.2019 жылғы №Х.09.Х.KZ50VWF00001004 берген санитарлық-эпидемиологиялық қорытындысының көшірмесі;

5)    Банкіден берешегінің жоқ екендігі туралы  анықтама;

6)              Тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшері туралы келісім шарты;

7)             Педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы үлгідегі құжаттарының көшірмелері;

             Сонымен қатар ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген қағиданың талаптарына сәйкес ұсынылған құжаттардың сәйкестігін анықтауымыз қажеттігін айтты.

Комиссия мүшесі М.Қарғабаев: Балабақшадағы ата-аналар төлемінің мөлшерін және штаттық бірліктерді қалай белгілейсіз?                                       

             «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меңгерушісі Г.Сағындықова:  Құрметті комиссия мүшелері, конкурс жеңімпазы ретінде ұсынсаңыздар, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына сәйкес, ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырыс бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеуге және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы №77 Бұйрығын басшылыққа алып жұмыс жасауға міндеттенемін.  

«Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меңгерушісі А.Шәңке:  Құрметті комиссия мүшелері, конкурс жеңімпазы ретінде ұсынсаңыздар, Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңына сәйкес, ата-аналар төлемінің тарифінен аспайтын мемлекеттік білім беру тапсырыс бойынша баланы күтіп-бағуға ата-аналар төлемінің мөлшерін белгілеуге және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2013 жылғы 6 наурыздағы №77 Бұйрығын басшылыққа алып жұмыс жасауға міндеттенемін.  

Комиссия мүшесі М.Әбдиев: комиссия мүшелері мен «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы, «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы»   жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің меңгерушілері  Г.Сағынықова мен А.Шәңкеге ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы                              29 қаңтардағы №122 бұйрығымен бекітілген «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім бар мамандарды даярлауға, жоғары оқу орындарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» қағидасымен таныстырып алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі көрсетілген конкурсқа қатысудың алдын ала талқылау хаттамасы жарияланады деп және мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуына алдын ала рұқсат беру туралы конкурстық комиссияның шешімі қатысуға өтімдерді ашқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданады және конкурсқа комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні барлық мектепке дейінгі ұйымдарды электронды пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып республикалық маңызы бар қаланың, астананың, білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің интернет-ресурстарында орналастырады деп нақты түсіндіріп өтті.  

        Комиссия мүшесі Ғ.Жүсіп: «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы жауапкершілігі шектеулі серіктестігі мен  «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің конкурсқа қатысу жөніндегі құжаттары ҚР Білім және ғылым минстірінің 2016 жылғы             29 қаңтардағы  №122 бұйрығымен бекітілген қағида да көрсетілген талаптарға сәйкес келетіндігін айтты.

Комиссия мүшесі Қ.Еспенбетов: «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы, «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің  конкурсқа қатысу жөніндегі құжаттары сәйкес келеді. Сондықтан мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша жаңа және қосымша орындарға орналастыруға қарсылығым жоқ.

           

Комиссия төрағасы Н.Айдаров: Комиссия отырысын  қорытындылай келе барлық комиссия мүшелерінің ұсыныс пікірлерін тыңдап «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы, «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің құжаттарын сәйкестендіру үшін  конкурсқа өтінім берген конкурсқа  қатысушылардың құжаттарын көріп комиссия отырысында алдын ала рұқсат беру хаттамасын түзу үшін жиналып отырғанымызды білесіздер. Қағиданың талаптарына сәйкес тиісті шешім шығаруымыз қажет.

Конкурстық комиссия ШЕШІМ ЕТЕДІ:

1. «Шұғыла» бөбекжай-балабақшасы,  «Асыл-Ай» бөбекжай-балабақшасы»  жауапкершілігі шектеулі серіктестіктерінің   құжаттары        ҚР Білім және ғылым минстірінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы  №122 бұйрығымен бекітілген қағида талаптарына сай болуына орай конкурстық комиссия отырысының келесі кезеңіне жіберілсін.  

2. Қағиданың талаптарына сай хаттаманы рәсімдеп, интернет-ресурсқа жариялау білім бөлімінің әдіскері, комиссия хатшысы А.Смайловаға тапсырылсын.

 

Созақ ауданы әкімдігінің

білім бөлімінің басшысы,

комиссия төрағасы                                              Н.Айдаров

 

                    Хатшы                                                            А.Смайлова

                          

                      Комиссия мүшелері                                                 Қ.Еспенбетов

                                                                                                                     Ғ.Жүсіп

                                                                                                                     М.Қарғабай

                                                                                                                      М.Әбдиев

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 18 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы