Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Өндірісті өңір- астананың Нұр-Сұлтан атауымен аталғанын қалайды
Өндірісті өңір- астананың Нұр-Сұлтан атауымен аталғанын қалайды Баспаға басу

ImageТәуелсіздігімізді алып, егемендігімізді бекіткеннен кейінгі еліміздің дамуы,оның әлем алдындағы беделінің өсуі Елбасының салихалы саясатымен іске асқаны баршамызға аян. 
Осы бір қысқа мерзімге қарамастан тәуелсіздіктің алғашқы жылдарындағы экономикалық-әлеуметтік және саяси қиыншылықтарды еңсере білген қазақ елі әлем мойындаған мемлекеттер қатарына қосылды. Еліміздің саяси өмірі жаңартылып, түбегейлі өзгерістер жасалды. Мемлекеттіліктің барлық институттары құрылып, экономикамыз нарықтық жолға түсті. Халықтың әл-ауқаты жаңа деңгейге көтерілді, әлеуметтік салада жаңа асулар бағындырылды. Мемлекеттік шекарамыз айқындалып, елдің тұтастығы, жердің бүтіндігі қамтамасыз етілді. Елбасының көрегендігі мен ерік-жігерінің нәтижесінде Қазақстан әлемде тұңғыш рет ядролық қарудан бас тартып, Семей сынақ полигонын жабуы бүкіл дүниежүзінің назарын өзіне еріксіз аударған болатын. Осы бір батыл қадамның нәтижесінде мемлекетіміздің тәуелсіздігінің қауіпсіздігіне әлемнің іргелі мемлекеттері кепілдік берді. Әлем елдерімен терезесі тең тәуелсіз мемлекет құрып, ата-бабаларымыздың ғасырлар бойғы ұлы арманы мен мақсаты орындалды.
Елбасының ерекше атап өтер еңбегі ол ел астанасын –Ақмолаға көшіру болатын. Сенімсіздік болды, қарсылықтар да сезілді. Алайда, Ұлт Көшбасшысының табанды әрекетінің нәтижесінде орталықта жаңа қаланың іргесі қаланды. Оған Астана атауы берілді. Бұл айтып отырғандарым баршаға белгілі, алайда әрбіріміздің жадымызда болуға тиісті тарих. Сондықтан да, Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың атын, яғни астана атауын Нұр-Сұлтан етіп өзгертуді қолдайтындығымызды айтқым келеді. Бұл біздің ұжымда еңбек ететін 280 қызметкердің тілегі деп түсірерсіз деп ойлаймын. Өйткені, Астана Елбасы өз бас сәулетшісі болған, әрбір ғимаратына көңіл бөліп, іргетасын қалаған, бүгінде біздер үшін зор мақтаныш сезіміне бөлейтін қала. Әлем таныған қала, дүниежүзілік деңгейде мәселелер тыңдалған қала.

«Таукент энергосервис» ЖШС атынан Амангелді Абдукаримов

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 22 Сәуір 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930         

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы