Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Парламент Сенатының депутаты аудан тұрғындарымен кездесті
Парламент Сенатының депутаты аудан тұрғындарымен кездесті Баспаға басу

ImageБүгінде Қазақстан Республикасының Парламенті Сенатының депутаттары өңірлерге арнайы іс-сапарларға шығып, пікір алмасу жиындарын өткізуде.

Осыған орай барлық өңірлердегі кездесулер кестесіне сәйкес, Созақ ауданына Қазақстан Республикасы Сенатының депутаты, қаржы және бюджет комитетінің мүшесі Бектаев Әли Әбдікәрімұлы арнайы келді. Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесу жиынын аудан әкімі Салыхан Полатов жүргізіп отырды.     

          Кездесуде Әли Әбдікәрімұлы «Нұр Отан» партиясының XVIII съезінде қабылданған бағдарламалардың бағытын түсіндірді. Көпшілік, әлеуметтік жағдайды көтеруге бағытталған бағдарламаның алдағы уақытта жемісін көреді, – деді.  Сондай-ақ, жиынға қатысқан атқарушы орган басшылары мен мәслихат депутаттарына осы бағытта кешенді шараларды іске асыру үшін жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

            Шаһар тұрғындарының қойған сауалдарына сенат депутаттары жауап беріп, ұсыныстарын Парламент отырыстарында көтеріп, депутаттық сауал жолдайтындығын жеткізді.

            Жиын барысында ауыл ақсақалы Анарбай Шәдібеков, ардагер ұстаз көп балалы ана Ырысты Райымқұлова, журналист Мақсат Қарғабай  жарыссөзге шығып ұсыныс пікірлерін білдірді.

            Өз кезегінде Сенат депутаты Әли Бектаев айтылған ұсынстар, тиісті жерге жеткізетінін атап өтті.

            Жалпы, Сенат депутатымен кездесуге аудандық мәслихат депутаттары,  аудан әкімдігінің дербес бөлім басшылары, ауылдық округтері мен кенттері әкімдері, шаруа қожалықтардың төрағалары, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдар, білім, денсаулық саласы мен  БАҚ өкілдері қатыты.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 19 Наурыз 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
             

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы