Галерея

Жаңалықтар arrow Аудан әкімдігі қаулылары arrow Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып
Баспаға басу

ЖОБА                                                                                                     

Пробация қызметінің есебінде

тұрған адамдарды, бас

бостандығынан айыру

орындарынан босатылған

адамдарды  және ата-анасынан

кәмелеттік жасқа толғанға  дейін

айырылған немесе ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған, білім

беру ұйымдарының түлектері

болып табылатын жастар

қатарындағы азаматтарды,

жұмысқа орналастыру үшін

жұмыс орындарына квоталар

белгілеу туралы

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының  2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының  9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе атаанасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

4. Созақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 наурыз №93 «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас  бостандығынан айыру орындарынан осатылған

адамдарды  және ата-анасынан кәмелеттікжасқа толғанға  дейін  айырылған       немесе ата-анасының  қамқорлығынсыз қалған, білім  беру ұйымдарының түлектері  болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін  жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы»(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4495 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 11 сәуір «Созақ үні» газетінде 2018 жылғы 20 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. «Созақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Созақ ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Созақ ауданы әкімінің  орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.

6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                           С.Полатов

 

 


 

         Созақ ауданы әкімдігінің
                             2019 жылғы

                      қаулысына
         1-қосымша

 

 

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс

орындары квотасы белгіленетін Созақ ауданы ұйымдарының тізімі

 

 



Ұйым атауы

Жұмыскерлердіңтізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердіңтізімдік санынан)

Пробация қызметінің  ебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Созақ аудандық орталық ауруханасы» МКК

 

920

 

1

 

4

2.

КАЗАТОМПРОМ «SAURAN» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

1119

1

1

3

 «КАРАТАУ»  жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

510

1

1

 

Барлығы:

2549

1

6

 

 


 

         Созақ ауданы әкімдігінің
                            2019 жылғы

                      қаулысына
         2-қосымша

 

 

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Созақ ауданы ұйымдарының тізімі

 



Ұйыматауы

Жұмыскерлердіңтізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердіңтізімдік санынан)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Созақ аудандық орталық ауруханасы» МКК

920

1

1

 

Барлығы:

920

1

1

 

 


         Созақ ауданы әкімдігінің
                             2019 жылғы

                          қаулысына
         3-қосымша

 

 

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Созақ  ауданы ұйымдарының тізімі

 



Ұйымныңатауы

Жұмыскерлердіңтізімдік саны

Квотаныңмөлшері
(%
жұмыскерлердің тізімдік санынан)

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын, жастар қатарындағы азаматтар үшін жұмыс орындарының саны

 

 

х

х

х

 

 

х

х

х

 

 

«Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды  және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға  дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Созақ ауданы әкімдігі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің             18 - бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының 1 тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының                31-бабының 2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшасына, «Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды  және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға  дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Созақ ауданы әкімдігі қаулысы әзірленуде.

Созақ  ауданы бойынша 01.01.2018 жылы жалпы  халық саны 62037 адамды құрайды; оның ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 31027 адам,жұмыссыздар- 1561 адам, жалдамалы жұмысшылар- 20816 адам,өздігімен жұмыспен қамтылғандар- 8560 адам.

Аудандағы еңбек рыногының негізгі индикаторлардың көрсеткіштеріне сәйкес жұмыс күшіне сұраныстар азболғандықтан ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота, орындарының жалпы санының бір пайызы мөлшерінде белгіленуін ұсынамыз.

 

 


Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлім басшысы                                                                                  Б.Айтбаев

 

 


«Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды  және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға  дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» Созақ ауданы әкімдігі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Созақ ауданының әкімдігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 - бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының             2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18 бабының                         1 тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының                        2 тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшасына сай

3.

Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/ немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдауда негативті әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдарға алып келмейді.

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны қабылдау барысында мемлекеттік бюджеттен шығын талап етілмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жобаны қабылдау жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азамат,қылмыстық-атқару инспекция пробация қызметінің есебінде тұрған адамдармен сондай-ақ бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және интернаттық ұйымдарды бітіруші қәмелетке толмағандарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында орын белгілейді

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған аудан әкімдігінің қаулылары

Созақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 наурыз           «Пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды,  бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квоталар белгілеу туралы» №93 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4495 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы  11 сәуірінде аудандық «Созақ үні» қоғамдық-саяси және ақпараттық газетінде жарияланған)

7.

Заңнанамы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етпейді

8.

Қосымша сараптаманың қорытындысы (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа)

Талап етпейді

9.

Нормативтік құқықтық актінің қолданыстағы енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптың нәтижелері

Нормативтік-құқықтық актіні қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілердің шығындарын азаюна және көбейюіне әсер етпейді.

10.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

11.

Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурстарында жарияланған туралы мәлімет

Қаулының жобасы Созақ ауданы әкімдігінің www.sozak.gov.kz.интернет ресурсында жарияланған.

                     


Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлім басшысы                                                                               Б.Айтбаев

 

 


 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 19 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы