Галерея

Жаңалықтар arrow Аудан әкімдігі қаулылары arrow Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы
Баспаға басу

ЖОБА

 Мүгедектер үшiн жұмыс

орындарына квота белгілеу

туралы

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының                   2-тармағына және «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының                           6) тармақшасына сәйкес Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1.      Ауыр жұмыстарды, еңбек жағдайлары зиянды, қауіпті жұмыстардағы жұмыс орындарын есептемегенде, жұмыс орындары санының екіден төрт пайызға дейінгі мөлшерінде мүгедектер үшін жұмыс орындарына осы қаулының қосымшасына сәйкес квота белгіленсін.

2. Созақ  ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 наурыздағы №94 «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4496 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 11 сәуірінде «Созақ үні» газетінде және 2018 жылғы 20 сәуірінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. «Созақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Созақ ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

            4. Осы қаулының орындалуын бақылау Созақ ауданы әкімінің  орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

           

 

  Аудан әкімі                                                                            С.Полатов

 


 

 

 

       Созақ ауданы әкімдігінің

                            2019 жылғы    
      
               қаулысына

       қосымша

 

 

Мүгедектерді жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындары квотасының мөлшері

 

 



Кәсіпорын, ұйымның, мекеменің атауы

Тізімдік саны

Квота мөлшері (%)

1

«Созақ аудан әкімдігінің білім бөлімінің Шолаққорған жалпы орта мектебі»  коммуналдық мемлекеттік мекемесі

207

3

2

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Созақ аудандық орталық ауруханасы» МКК

 

920

 

4

 

Барлығы:

1127

 

 

«Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеутуралы»

Созақ ауданы әкімдігі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің                18 - бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының             6) тармақшасына, «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» Созақ ауданы әкімдігі қаулысы әзірленуде.

Созақ  ауданы бойынша 01.01.2018 жылы жалпы халық саны  62037 адамды құрайды; оның ішінде экономикалық тұрғыдан белсенді халық саны – 31027 адам, жұмыссыздар-1561 адам, жалдамалы жұмысшылар-20816 адам,өздігімен жұмыспен қамтылғандар-8560 адам.

2018 жылы ашылған жаңа жұмыс орындар 997 оның ішінде: 774 тұрақты және 223 уақытша жаңа жұмыс орындары       

Оның ішінде экономика салалары бойынша:

-          білім саласында – 31 жұмыс орын;

-          құрылыс саласында – 159 жұмыс орын;

-          басқалар – 101 жұмыс орын.

 

            2018 жылдың басынан 2572 жұмыссыз адам жұмыс іздеп хабарласты,  оның ішінде 2151 жұмыссыздың тұрақты және уақытша жұмысқа орналасуына ықпал жасалынды.

            Жыл басынан жұмыс іздеп 107 мүгедек хабарласты, оның ішінде 107 мүгедектің тұрақты және уақытша  жұмысқа орналасуына ықпал жасалынды, 33-і ақылы қоғамдық жұмысқа, тұрақты жұмыс орнына-59, «Бастау-Бизнес» жобасы бойынша 4-і, қысқа мерзімді оқуға 9-і, әлеуметтік жұмыс орындарына 2-і азамат қамтылды .

            Бүгінгі күнге ресми жұмыссыздық деңгейі 5,0 пайызды құрайды.

Аудандағы еңбек рыногының негізгі индикаторлардың көрсеткіштеріне сәйкес жұмыс күшіне сұраныстар азболғандықтан мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгіленуін ұсынамыз.

 

 

Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы                                                                           Б.Айтбаев

 

 


 

«Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгiлеу туралы» Созақ ауданы әкімдігі қаулысының жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

р/с

Түсіндірме жазбада көрсетілуге тиіс мәліметтердің тізбесі

Әзірлеуші мемлекеттік органның ақпараты

1.

Жобаны әзірлеуші мемлекеттік орган

Созақ ауданының әкімдігі

2.

Жобаны қабылдау қажеттігінің негіздемесі

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18 - бабының 7) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 6) тармақшасына сай

3.

Жобаны қабылдаған жағдайда болжанатын әлеуметтік-экономикалық және/ немесе құқықтық салдар

Жобаны қабылдауда негативті әлеуметтік-экономикалық және /немесе құқықтық салдарға алып келмейді.

4.

Жобаны іске асыруға байланысты болжанатын қаржылық шығындар

Жобаны қабылдау барысында мемлекеттік бюджеттен шығын талап етілмейді

5.

Жобаны қабылдаудың нақты мақсаттары, күтілетін нәтижелердің мерзімі мен болжанатын тиімділігі

Жобаны қабылдау жұмысқа орналасуда қиындық көріп жүрген аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтарды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамтамасыз ету мақсатында орын белгілейді

6.

Жобада қаралатын мәселелер бойынша бұрын қабылданған аудан әкімдігінің қаулылары

Созақ ауданы әкімдігінің 2018 жылғы 16 наурыз «Мүгедектер үшiн жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» №94 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4496 нөмірімен тіркелген, 2018 жылғы 11 сәуірде аудандық «Созақ үні» қоғамдық-саяси және ақпараттық газетінде жарияланған)

7.

Заңнанамы кейін жобаға сәйкес келтіру қажеттігі

Талап етпейді

8.

Қосымша сараптаманың қорытындысы (құқықтық, экономикалық, экологиялық, қаржы және басқа)

Талап етпейді

9.

Нормативтік құқықтық актінің қолданыстағы енгізілуіне байланысты жеке кәсіпкерлік субъектілері шығындарының азаюын және (немесе) ұлғаюын растайтын есеп-қисаптың нәтижелері

Нормативтік-құқықтық актіні қабылдау жеке кәсіпкерлік субъектілердің шығындарын азаюна және көбейюіне әсер етпейді.

10.

Өзге де мәліметтер

Жоқ

11.

Азаматтардың құқықтарына, бостандықтары мен міндеттеріне қатысты нормативтік құқықтық актілердің жобалары уәкілетті мемлекеттік органның интернет-ресурстарында жарияланған туралы мәлімет

Қаулының жобасы Созақ ауданы әкімдігінің www.sozak.gov.kz.интернет ресурсында жарияланған.

                     

 

 

Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен

қамту және әлеуметтік бағдарламалар

бөлімінің басшысы                                                                           Б.Айтбаев

 

 

 

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 19 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы