Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Аудан әкімінің оқушыларға арналған мерекелік шыршасы өтті
Аудан әкімінің оқушыларға арналған мерекелік шыршасы өтті Баспаға басу

ImageБүгін аудан орталығындағы Шолаққорған жалпы орта мектебінде аудан әкімінің мектеп оқушыларына арналған жаңа жылдық шыршасы өтті. Мерекелік шараға, ауданның барлық білім ошақтарынан аз қамтамасыз етілген 100 оқушы қатысты.  Жаңа жылдық шырша алдында өлең айтып би билеген балалар, ертегілер еліне саяхат жасады.  

         Мектеп оқушылары үлкен экраннан Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың құттықтауын мұқият тыңдады. Сондай-ақ, жаңа жылдық мерекелік шарада  аудан әкімі Салыхан Полатов құттықтау сөз сөйледі. Өз сөзінде аудан басшысы; -  2018 жыл еліміз үшін де, ауданымыз үшін де  елеулі оқиғалармен есте қалды.        Тарихымызды түгендедік, руханиятымызды жаңғырттық. Созақ ауданының 90 жылдық торқалы тойын атап өттік. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың салиқалы саясатымен халықымыздың ауызбіршілігінің арқасында мемлекетіміздің өсіп өркендеуі жолында тағы бір қадам бастық. Білімді ұрпақ біздің болашағымыз деген ұранды темірқазық еткен, мемлекетіміз бүгінде білімді жастардың өсуіне барлық жағдайды жасап отыр. Мәселен, ауданымыздағы білім саласына бөлінетін қаржы көлемі  жыл санап артып келеді. Соның нәтижесінде білім ошақтарының материалдық техникалық базасы жаңартылған.  Мұның бәрі, бейбітшілікті мұрат еткен ел бірлігінің арқасы. Кел жатқан жаңа жылдан көп үміт арытамыз,- деді.

          Мерекелік шарада оқушыларға арнап ертегілер әлемінен сыр шерітетін концерттік бағдарламалар қойды. Әр түрлі үлгіде киінген мектеп оқушылары ән айтып, би билеп, сахналанған көріністерге белсене қатысып, көрермендергее көтеріңкі көңіл-күй сыйлады.

         Аудан әкімі 100 астам жағдайы төмен отбасыларға қыстық киімдермен жаңа жылдық сыйлықтар табыс етті. Сондай-ақ, жаңа жылдық шараның соңында бүлдіршіндерге арнап жайылған мерекелік дастарханда өңір басшысы тәтті торт таратты.

        
        
Аудан әкімінің баспасөз  қызметі.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 22 Сәуір 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930         

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы