Галерея

Жаңалықтар arrow Жаңалықтар arrow Созақтық грепплинг шеберлері ҚР Кубогының иегері атанды
Созақтық грепплинг шеберлері ҚР Кубогының иегері атанды Баспаға басу

ImageСозақтық грепплинг шеберлері Қазақстан Респбуликасы Кубогының иегерлері атанды. Желтоқсан айының 8-9 күні аралығында еліміздің бас ордасы- Астана қаласында «Даулет» спорт кешенінде грепплингтен Қазақстан Республикасының Кубогы өтті. Байрақты бәсекеге еліміздің барлық аймақтарынан командалар қатысып, жалпы 700 спортшы бақ сынады. Қазақстан Республикасы Кубогында Түркістан облысының намысын Созақ ауданынан Мыңжасар Алпамысов, Қуандық Ерғараев, Дәурен Оспанов, Абзал Саттарұлы қорғады. Облыс қоржынына қомақты жүлде салған созақтық жігіттер 2 алтын, 1 күміс, 1 қола медальді еншілеп, жалпыкомандалық есепте ІІ- орынды иеленді. ҚР Кубогының алтын медалін 84 келі салмақта Мыңжасар Алпамыс, 65 келіде Қуандық Ерғараев еншіледі. Сондай-ақ, 62 келіде Абаз Саттарұлы күміс медаль, 92 келіде Дәурен Оспанов қола медаль алды. 

            Грепплингтен ҚР Кубогының иегерлерін аудандық балалармен жасөпірімдер спорт мектебінің ұжымы құрметпен қарсы алды. Спорт мектебінің директоры Жетілген Сармантаев құттықтау сөз сөйлеп, алдынғы толқын ағалардың жетістіктері жастарға жігер беретінін айтып өтті. Жеңімпаздар спорт мектебінде тәлім алатын балаларға шеберлік сыныбын өткізді. Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мерей Ниязәліұлы арнайы қабылдап, жеңісті жол алдағы уақытта үлкен табыспен өріледі деп сенемін деген лебізін білдірді. Жеңімпаздарға алғыс хат пен арнайы сыйлық табыстап, алдағы жарыстарға сәттілік тіледі.

            84 келі салмақта алтын медаль алған Мыңжасар Алпамысов: -Жалпы жарыс жоғары деңгейде өтті. Жігіттерде барын салып күресіп, үлкен нәтижеге қол жеткізді. Грепплингтін басқа спорттан айырмашылығы, күресе отырып, ауыту, қылқындыру тәсілін қолданып жеңіске жетуге болады. Алда әдіс тәсілдерді жетілдіріп, мұнан да жоғары нәтиже көрсетуге тырысамыз,- дейді. 

            Жігіттерді жарысқа бастап барған Мыңжасар Алпамысов турал бірер сөзі. Көзін ашқалы спортқа үйір баланы әуелде ағасы Айтөре Байғараев,  білікті бапкер Тоқан Тасқоджаевқа әкеліп табыстайды. Аудандық балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде күрестің қыр- сырын үйренген жігіт қатарластарынан оза шауып, жүлдені күреп әкеледі. Жасөспірім шағындағы жетістіктері бір бөлек...  Спортты серік еткен Мыңжасар, әскер қатарында да үлкен нәтижеге қол жеткізді. ҰҚК шекарашы әскері қатарында, ел намысын Халықаралық жарыстарда абыроймен қорғады. Ресейдің Маскеу қаласында өткен шекарашы әскерилердің ТМД елдері спартакиадасында қоян қолтық төбелестен 1 орын алды. Сондай-ақ, Украина мемлекетінің Хмельницкий қаласында өткен Батыр шекарашыларды еске алуға арналған қоян қолтық төбелестен, дәстүрлі ТМД мемлекеттері арасындағы Халықаралық жарыстың жеңімпазы атанды. Гір тасын көтеруден, ТМД елдерінің шекарасы арасындағы спартакиада жүлделі орынды иеленді. Одан бөлек, түрлі деңгейдегі елішілік жауынгерлік самбо, қоян қолтық төбелес, гір тасын көтеру спорты мен пауэрлефтинк жарыстарының жеңімпаздары атанды.

            Талай байрақты бәсекеде ел намысын қорғаған Мыңжасар Алпамысов бүгінде, аудан жастарын спортқа жігерлендіріп, өскін ұрпақты тура жолға салып келеді. Жекпе-жек спортын жетік меңгерген жігіт ағасы, «жекпе-жек спорты, белімен жұдырығы мықтылар ғана емес, жүрегінде түгі бар жігіттер бақ сынайтын дода.  Ал бабыңмен бағың қатар келсе, тұтас ұлттың абыройын асырасың»,- дейді.

            Ия, біз айтқан жігіттердің жеңісті жолы, Созақ ауданында грепплинг спортының қазығын қаққанын көрсетеді. Енді олардан нәтиже күтіңіздер.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 22 Сәуір 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930         

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы