Галерея

Жаңалықтар arrow Аудан әкімдігі қаулылары arrow Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы
Баспаға басу

Жоба


Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз

етуге қатысатын азаматтарды

көтермелеудің түрлері мен тәртібін,

сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының

мөлшерін айқындау туралы

 

            «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31 бабының 2 тармағына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3 бабының 2 тармағының 3)тармақшасына сәйкес, Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

            1. Созақ ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі осы қаулының 1-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

2. Созақ ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері осы қаулының 2-қосымшасына сәйкес айқындалсын.

3. «Созақ ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Созақ ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

4. Осы қаулының орындалуын бақылау аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.

5. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.


                        Аудан әкімі                                         С.Полатов                

 

 

 

«КЕЛІСІЛДІ»

«Түркістан облысының полиция

департаменті Созақ аудандық

полиция бөлімі» мемлекеттік

мекемесінің бастығы

________________Б.Қаныбеков

«___»___________ 2018 жыл



Созақ    ауданы    әкiмдiгiнiң

2018 жылғы «   »___________

№___ қаулысына 1-қосымша

                                                                                                                                  

 

Созақ ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібі

 

            1. Осы қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің тәртібі Созақ ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін айқындайды.

            2. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрінің 2004 жылғы 27 қарашадағы №641 бұйрығымен бекітілген Бақылау және қадағалау функцияларына байланысты емес, қоғамдық тәртiптi қамтамасыз ету жөнiндегi iс-шараларға азаматтарды тарту ережесі, олардың нысандары мен түрлерiне сәйкес (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3326 тіркелген) жүзеге асырылады.

            3. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу мәселелерiн аудан әкімдігі құратын Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеу жөнiндегi аудандық комиссия (бұдан әрi – Комиссия) қарайды. 

            4. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге белсендi қатысатын азаматтарды көтермелеу туралы ұсынымды Комиссияға қарауға «Түркістан облысының полиция департаментi Созақ ауданының полиция бөлімі» мемлекеттiк мекемесi (бұдан әрi – ішкі істер бөлімі) енгiзедi.

            5.Комиссия қабылдайтын шешiм көтермелеу үшiн негiз болып табылады.
            6. Көтермелеу түрлерiн, соның iшiнде ақшалай сыйақы мөлшерiн, көтермеленушiнiң қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесiн ескере отыра, Комиссия белгiлейдi.

            7. Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері:

1) Созақ ауданының Құрмет грамотасы;

            2) ақшалай сыйақы;

            3) құнды сыйлық.

            8. Ақшалай сыйақыны төлеу және құнды сыйлықты алу үшiн Комиссия қабылдайтын шешiмге сәйкес, қосымша полиция бөлімі бастығының бұйрығы шығарылады.

            9. Ішкі істер бөлімі ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты алуды облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi.

            10. Қоғамдық тәртiптi қамтамасыз етуге қосқан үлесi үшiн азаматтарға Түркістан облысы Созақ ауданының Құрмет грамотасын, ақшалай сыйақы, бағалы сыйлықтар берудi полиция бөлімі салтанатты жағдайда жүзеге асырады.

 

 


 

Созақ    ауданы    әкiмдiгiнiң

2018 жылғы «   »___________

№___ қаулысына 1-қосымша

                                                                                                                                  

 

 

Созақ ауданында қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарға ақшалай сыйақының мөлшері

 

            1. 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын мөлшердегi ақшалай сыйақы.

            2. Бағасы 10 есептiк айлық есептiк көрсеткiштен аспайтын құнды сыйлық.

 


«Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау туралы» Созақ ауданы әкімдігінің қаулы жобасына

ТҮСІНДІРМЕ ЖАЗБА

 

Түсіндірме жазбада қамтылатын мәліметтердің тізімі

Әзірлеуші мемлекеттік органның мәліметі

1.

Мемлекеттік орган – жобаны әзірлеуші

Созақ ауданы әкімінің аппараты 

2.

Актіні қабылдау қажеттілігінің негізі

«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабы 2-тармағына, «Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге азаматтардың қатысуы туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңының 3-бабының 2-тармағы 

3)-тармақшасына сәйкес

3.

Акті қабылданған жағдайда оның әлеуметтік-экономикалық және (немесе) құқықтық болжамды нәтижелері

Қабылданатын акт негативтік әлеуметтік-экономикалық және/немесе құқықтық нәтижелерге апарып соқпайды.

4.

Жобаны іске асыруға байланысты, қаржы шығындарының болжамы

Созақ ауданының полиция бөлімі ақшалай сыйақыны төлеудi және бағалы сыйлықты беруді облыстық бюджет қаражаты есебiнен жүргiзедi

5.

Жобаны қабылдау болжамды тиімділігі, күтілген нәтижелерінің уақыты және нақты мақсаттары

Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қатысатын азаматтарды көтермелеудің түрлері мен тәртібін, сондай-ақ оларға ақшалай сыйақының мөлшерін айқындау

6.

Осы мәселе бойынша бұрын қабылданған Түлкібас ауданы әкімдігінің актілері және оның іске асыру нәтижелері

Жоқ

7.

Жобаға сәйкес заңдылықты жетілдіру қажеттілігі

Қажет емес

8.

Мекеме басшысының тапсырмасы бойынша басқа мекемелерде қосымша сараптама жүргізу нәтижелері (құқықтық, экономикалық, қаржылық және т.б.)

Қажет емес

9.

Басқа мәліметтер

Қаулы жобасы Созақ ауданы әкімдігінің ресми сайтына орналастырылған


 

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 12 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы