Галерея

Жаңалықтар arrow Әкімнің сөздері мен мақал-ары arrow Аудан әкімі Салыхан Полатовтың Жаңа жыл күніне арналған құттықтауы
Аудан әкімі Салыхан Полатовтың Жаңа жыл күніне арналған құттықтауы Баспаға басу

Аудан әкімі Салыхан Полатовтың

 Жаңа жыл күніне арналған

құттықтауы.

 

Құрметті аудан тұрғындары!

Сіздерді Жаңа жыл мерекесімен ыстық ықылас, шын көңілмен  құттықтаймыз! 

2018 жыл еліміз үшін де, аудан үшін де естен кетпес игі істермен жарқын оқиғалармен есте қалды. Елордамыз Астана қаласының 20 жылдық, Созақ ауданының 90 жылдық мерейлі мерекесін жоғары дәрежеде атап өттік. Тарихымызды түгендедік, руханиятымызды түлеттік. Тәуелсіз мемлекетіміздің өсіп өркендеуі жолында табысы көбейіп, еліміздің ырзығы артып, ырысы молайды. Ең бастысы қоғамдағы саяси тұрақтылық және халықтардың шынайы достығы біздің барлық табыстарымыздың кепілі болды.

Жаңа жылдан күтеріміз мол. 2019 жылы да Тәуелсіздігімізді баянды ету жолында, ауызбіршілік танытып, ортақ мемлекеттік мүдде үшін аянбай еңбек ету, біздің басты мұратымыз болмақ. Біздің табыстарымыз бен жетістіктеріміз жаңа идеялық ізденістермен,  жаңа  қадамдармен жалғасын таба береді.

 

Қадірлі жерлестер!

Жаңа жыл берекелі, мерекелі жыл болсын. Сіздердің отбасыларыңызға жақсылық, бақыт, табыс тілеймін. Көл- көсір қуанышқа кенеліңіздер. 

 
Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 30 Мамыр 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
             

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы