Галерея

Жаңалықтар arrow Әкімнің сөздері мен мақал-ары arrow Аудан әкімі Салыхан Полатовтың 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған құттықтауы
Аудан әкімі Салыхан Полатовтың 16 желтоқсан тәуелсіздік күніне арналған құттықтауы Баспаға басу

Аудан әкімі Салыхан Полатовтың

 16 желтоқсан тәуелсіздік  күніне арналған

құттықтауы.

Құрметті көпшілік!

Салтанатты жиынға келген қадірлі қауым!

             Сіздерді еліміздің абыройын асырған, қастерлі мереке - 16 желтоқсан Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік мерекесімен шын көңілден құттықтаймын!

Бұл күн ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, Қазақстан халқының асқақ арманының орындалған ұлық мерекесі. Елбасы Н.Ә.Назарбаев «Тәуелсiздiк – ата-бабаларымыздың жүздеген жылдармен өлшенетiн арман-аңсарының жүзеге асқан ақиқаты» деп атап өткендей, бүгін ата-бабамыздың армандап,  ұрпағы қол жеткізген қасиетті де, қадірлі  күні.

Тұрақтылықты, татулықпен тыныштықты ту еткен қазақ елін, бүкіл әлем бейбітшіліктің бесігі деп біледі. Береке мен бірлікті мұрат тұтқан еліміздің аз ғана уақытта жеткен жетістіктері орасан. Бүгінде шекарамыз мығым, іргеміз берік, экономикамыз еңселі әлем мойындаған  беделді елге айналдық.

Ширек ғасырдан астам уақыт ішінде Қазақстан экономикалық дамуда, халықтың әл-ауқатын қамтамасыз етуде аса зор жетістіктерге қол жеткізді. Тұрақтылық және қоғамдағы өзара түсіністік, зор жауапкершілікпен жүзеге асырылған сыртқы саясат – республиканың ғаламдық деңгейде беделін өсірді. Бүгінгі Қазақстан – бұл кемелденген, қуатты мемлекетке айналды!

Созақ ауданыда дамудың даңғыл жолына түсіп, бұрын соңды болмаған табысқа қол жеткізді. Өндіріс өркендеп, кәсіпкерлік қанат жайды. Әлеуметтік нысандар, тақтайдай тегіс жолдар, жаңа демалыс орындары тәуелсіздіктің арқасы екені сөзсіз.

Бүгінде біздің елдегі барлық ұлт пен этнос өкілдері – тарихы біте қайнасқан, тағдыры ортақ тұтас халыққа айналдық. Ынтымағы мен бірлігі жарасқан, ырысы мол елде тату ғұмыр кешудеміз. Осының бәріне – Мемлекет Басшысының көреген саясаты, халықтың жасампаз еңбегінің арқасында қол жеткіздік.

Қадірлі жерлестер!

            Баршаңызға зор денсаулық, шаңырақтарыңызға шаттық, берекелі бірлік пен ынтымақты тірлік тілеймін!                         Тәуелсіздігіміз баянды, егемен еліміздің көкбайрағы мәңгілік биіктей берсін. Ұлттық мереке – Тәуелсіздік күні құтты болсын!

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 22 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы