Галерея

Жаңалықтар arrow Әкімнің сөздері мен мақал-ары arrow Аудан әкімі Салыхан Полатовтың 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған құттықтауы
Аудан әкімі Салыхан Полатовтың 1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған құттықтауы Баспаға басу

Аудан әкімі Салыхан Полатовтың

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күніне арналған

құттықтауы

Құрметті аудан тұрғындары!

            Баршаңызды Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күнімен шын көңілмен құттықтаймын!

            1 желтоқсан күллі еліміздің тарихи таңдаулы болған маңызды күн. Бұл күн жаңа тәуелсіз мемлекеттің алғашқы президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа деген Қазақстан халқының  сенімі мен құрметінің көрінісі.

            Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев аяғын қаз басқан мемлекетіміздің ішкі сыртқы қатынаста саяси бағыттарын айқындады. Және ол өте тиімді түрде жүзеге асты. Соның нәтижесінде бүгінде тәуелсіз Қазақстан әлем таныған мемлекетке айналды. Мемлекет басшысының жүргізіп отырған салиқалы саясатының арқасында әлеуметтік-бағдарлы экономикасы бар заманауи, қарқынды дамушы мемлекет құруды қамтамасыз етті.

            Қазақстан бүгінгі таңда әлемдегі беделді елге айналды.  Әлемдегі айтулы БҰҰ, ЕҚЫҰ, ТМД, ШЫҰ секілді халықаралық ұйымдардағы жетістіктерін айтудың өзі жеткілікті. Азияда, Универсиада, ЭКСПО-2017 көрмесін өткізу – бұл сөзсіз Елбасының жоғары абырой-беделінің көрсеткіші.

            Барша қазақстандықтар сияқты біз Отанымызды сүйеміз, тәуелсіз мемлекетіміздің Тұңғыш Президентін мақтан тұтамыз. Біздер үшін Қазақстан азаматы болу – үлкен жауапкершілік және абыройлы мәртебе!

            Осынау мерекелі күні барлықтарыңызға мықты денсаулық, отбасылық бақ-береке, ынтымақ пен мейірім тілеймін.

 

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 18 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы