Галерея

Жаңалықтар arrow Рухани жаңғыру arrow ТАҢБАЛЫТАСҚА ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ
ТАҢБАЛЫТАСҚА ЗЕРТТЕУ ЖҮРГІЗІЛЕДІ Баспаға басу

ImageАудан әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков ауданымыздағы Таңбалытас ескерткішінде зерттеу жұмыстарын жүргізетін экспедиция мүшелерін арнайы қабылдады. Қабылдауда болған археологтар – тарих ғылымдарының кандидаттары Ғани Ысқақов, Сағынбай Мұрғабаев, PhD Бағдәулет Сыздықов Елбасы мақаласы аясындағы зерттеу жұмыстарының ауқымы мен географиясы, хронологиясы жайлы жан-жақты мағлұмат берді. 
«Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласындағы «Қазақстанның киелі жерлерінің географиясы» – тарих пен мәдениетке, адамның рухани дамуына және оның туған жеріне деген байланысына негізделе отырып адам мен оның өміріне бағытталған. Осы бағдарлама аясында Оңтүстік Қазақстан облысының Мәдениет басқармасы қаржыландыруымен, ОҚО тарихи өлкетану музейінің тапсырмасымен – «Мәдени мұра» ғылыми-зерттеу орталығы - ОҚО, Созақ ауданында орналасқан Таңбалытас ескерткіштерінде кешенді археологиялық зерттеу жүргізілу жоспарланып отыр. Қолға алып отырған жобаның негізгі мақсаты Таңбалытас ескерткішінің маңайында орналасқан нысандарды археологиялық және этнографиялық тұрғыда зерттеп, олардың Қазақстан тарихындағы маңызды рөлін зерделеу болып табылады» - деп атап көрсетті Ғани Ысқақов. 

«Ауданымыздағы тарихи-мәдени ескерткіштерде жүргізілетін зерттеу жұмыстарына аудан әкімдігі тарапынан толық қолдау көрсетілетін болады, бұл зерттеулер үстіміздегі жылы 90 жылдығын атап өткелі отырған ауданымыздың мерейтойы аясында тындырылған үлкен өнегелі іс болары ақиқат» - деген Бағдат Бегманұлы ғалымдарға шығармашылық табыстар тіледі.

 Image

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 18 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы