Галерея

Жаңалықтар arrow Аудан әкімдігі қаулылары arrow Пробация қызметініңесебінде тұрған адамдарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды және ата-анасынан кәмелеттікжасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып т
Баспаға басу

ЖОБА

 

Пробация қызметініңесебінде

тұрған адамдарды, бас

бостандығынан айыру

орындарынан босатылған

адамдарды  және ата-анасынан

кәмелеттікжасқа толғанға  дейін

айырылған немесе ата-анасының

қамқорлығынсыз қалған, білім

беру ұйымдарының түлектері

болып табылатын жастар

қатарындағы азаматтарды,

жұмысқа орналастыру үшін

жұмыс орындарына квоталар

белгілеу туралы

 

 

 

Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 23 қарашадағы Еңбек кодексінің 18-бабының 7) тармақшасына, Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 5 шілдедегі Қылмыстық-атқару кодексінің 18-бабының 1-тармағының 2) тармақшасына, «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңының 31-бабының 2-тармағына, «Халықты жұмыспен қамту туралы» Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі Заңының 9-бабының 7), 8), 9) тармақшаларына сәйкес Созақ ауданының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:

1. Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 1-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

2. Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 2-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

3. Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе атаанасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы 3-қосымшаға сәйкес белгіленсін.

4. Созақ ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 20 маусым №156 «Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды, бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды, пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квота белгілеу туралы» (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 4147 нөмірімен тіркелген, 2017 жылғы 2 тамыз «Созақ үні» газетінде 2017 жылғы 09 тамызда Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде электрондық түрде жарияланған) қаулысының күші жойылды деп танылсын.

3. «Созақ ауданы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесі Қазақстан Республикасының заңнамалық актілерінде белгіленген тәртіпте:

1) осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;

2) осы әкімдік қаулысы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін жолданылуын;

3) осы қаулы мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін Созақ ауданының аумағында таратылатын мерзімді баспа басылымдарында ресми жариялауға жолданылуын;

4) ресми жарияланғаннан кейін осы қаулыны Созақ ауданы әкімдігінің интернет-ресурсына орналастыруын қамтамасыз етсін.

5. Осы қаулының орындалуын бақылау Созақ ауданы әкімінің  орынбасары Б.Айдарбековке жүктелсін.

6. Осы қаулы оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

 

 

Аудан әкімі                                                        С.Полатов

 


 

         Созақ ауданы әкімдігінің
         ********* 2018 жылғы

         №___ қаулысына
         1-қосымша

 

 

Пробация қызметінің есебінде тұрған адамдарды жұмысқа оналастыру үшін жұмыс

орындары квотасы белгіленетін Созақ ауданы ұйымдарының тізімі

 

 



Ұйым атауы

Жұмыскерлердіңтізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердіңтізімдік санынан)

Пробация қызметінің  ебінде тұрған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

«Волковгеология» акционерлік қоғамының филиалы № 5 геологиялық барлау экспедициясы

642

1

1

2.

«Сауда көлік компаниясы» ЖШС филиалы «Орталықтандырылған автотасымалдау базасы»

803

1

2

3

«Волковгеология» акционерлік қоғамының филиалы № 7 геологиялық барлау экспедициясы

1146

1

2

4

КАЗАТОМПРОМ «SAURAN» жауапкершілігі шектнулі серіктестігі

1360

1

1

5

"РУСБУРМАШ КАЗАКСТАН"БК"ЖШС

 

775

 

1

 

2

6

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Созақ аудандық орталық ауруханасы» МКК

 

723

 

1

 

1

 

Барлығы:

5449

1

9

 


 

 

 

         Созақ ауданы әкімдігінің
         ********* 2018 жылғы

         №___ қаулысына
         2-қосымша

 

 

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарына квотасы белгіленетін Созақ ауданы ұйымдарының тізімі

 



Ұйыматауы

Жұмыскерлердіңтізімдік саны

Квотаның мөлшері (% жұмыскерлердіңтізімдік санынан)

Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылған адамдар үшін жұмыс орындарының саны

1.

«Волковгеология» акционерлік қоғамының филиалы № 7 геологиялық барлау экспедициясы

1146

1

1

 

Барлығы:

1146

1

1

 

 

 


 

         Созақ ауданы әкімдігінің
         ********* 2018 жылғы

         №___ қаулысына
         3-қосымша

 

 

Ата-анасынан кәмелеттік жасқа толғанға дейін айырылған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, білім беру ұйымдарының түлектері болып табылатын жастар қатарындағы азаматтарды жұмысқа орналастыру үшін жұмыс орындарының квотасы белгіленетін Созақ  ауданы ұйымдарының тізімі

 



Ұйымныңатауы

Жұмыскерлердіңтізімдік саны

Квотаныңмөлшері
(%
жұмыскерлердің тізімдік санынан)


1.

ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының шаруашылық жүргізу құқығындағы «Созақ аудандық орталық ауруханасы» МКК

723

1

1

2.

КАЗАТОМПРОМ «SAURAN» ЖШС

1360

1

1

 

Барлығы:

2083

1

2

 

 

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 18 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы