Галерея

Жаңалықтар arrow Әкімнің сөздері мен мақал-ары arrow Шертпе күйдің шебері, дәулескер күйші Сүгір Әліұлының 135 жылдығына орай ұйымдастырылған Облыстық «Күй құдіреті» байқауында аудан әкімінің сөйлеген сөзі
Баспаға басу

Шертпе күйдің шебері, дәулескер күйші

Сүгір Әліұлының 135 жылдығына

орай ұйымдастырылған Облыстық

«Күй құдіреті» байқауында аудан әкімінің

сөйлейтін сөзі

 

 Құрметті қонақтар!
Қадірлі өнер сүйер қауым!

 

  Биыл Қаратау күйшілік өнерінің белді өкілі, көрнекті композитор, Ықыластың шәкірті Сүгір Әліұлының туғанына – 135 жыл. 

 Өздеріңізге белгілі, заманымыздың заңғар жазушысы Мұхтар Әуезов, Созаққа келген сапарында, күйші өнерпаздардың өнеріне тәнті болып, «Созаққа барсаң күйшімін деме...» деп жоғары баға беріп кеткен.

 Асылында, Қазақтың шерітпе күй тарихында Қаратау күйшілік мектебінің орны ерекше. Қарата күйшілік мектебі дегенде домбырашылық пен қобызшылық өнер  қатар қанат жайған Созақ жері бірден ауызға оралады.

  Ал, Қаратау шертпелерінің басында Сүгір  Әліұлының тұруы заңды құбылыс. Өзіне дейінгі күйшілердің мұрасын барынша меңгерген дарын, өз сазгерлігімен күй өнерін жаңа белеске көтерді. Сүгір ескі күйшіліктің салтын сақтаған ең соңғы домбырашы; ол күйді екі тартқызбай қайталау, жанынан суырып-салып күй шығару, бір тартқанын қайталамай таңнан-таңға күй толғау сияқты бұрынғы өнерпаздардың жолын ұстанған дарын иесі болды. Сүгір күйлерін шертпелетіп те, төкпелетіп те шығара білген, оның «Ыңғай төкпе», «Шалқыма», «Бесжорғалары» таза Дайрабайдан ауысқан төкпелік дәстүрде туған күйлер. Сүгірдің күйлерін алғаш жарыққа шығарған – Жаппас Қаламбаев. Ол Сүгір күйлерін алғаш нотаға түсіріп, күйтабаққа жазып қалдырды. Көзін көріп, күйлерін белсенді түрде насихаттағандар–Төлеген Момбеков, Генерал  Асқаров және Файзолла Үрмізовтер. Бұлардан басқа оның күйлерін тартушылардан Атабек Асылбеков, ағайынды Сейітхан және Әлімхан  Әлімбековтер, Ергентай Борсабаев, Дабыл Ажақаев, Бексейіт Тұрсынбеков  сынды күйшілердің аттарын құрметпен атауға болады.

  Жастайынан ел арасында «домбырашы Сүгір» атанған дәу­лескер күйші артына мол мұра қалдырды. «Телқоңыр», «Майда­қоңыр», «Бозінген», «Қосбасар», Шалқыма», «Ыңғай төк», «Бес жорға», «Ілме», «Ақжелең», «Аққу» сияқты күйлері кең тараған. Ықыластың күйлерін домбыраға түсірді. Авторлық шығармалары 1964 жылдан халық аспаптары оркестрінде орын­далып келеді. Өз жанынан 200-ге жуық күй шы­ғарды, оның ішінде 70-ке жуығы кейінгі ұрпаққа жетті.

 

Құрметті қонақтар!

Қадірлі көпшілік!

 

  Қазақ күйден ажырамауы тиіс. Қайта дамыта берген ләзім. Қазақ күй тарихында ойып тұрып орын алатын шерітпе күйдің көрнекті өкілі Сүгіл Әлиұлының өмірін насихтаттау, кейінгі ұрпаққа үлгі ету ісі мұнымен тоқталып қалмайды. Алдымызда атқарылар үлкен істер тұр.

Бүгінгі байқауға келген барлықтарыңызға алғысымды айтамын!

 

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 12 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы