Галерея

Жаңалықтар arrow Әкімнің сөздері мен мақал-ары arrow Созақ ауданы әкімі Салыхан Полатовтың 1 мамыр балаларды қорғау күні мерекесінде сөйлеген сөзі
Созақ ауданы әкімі Салыхан Полатовтың 1 мамыр балаларды қорғау күні мерекесінде сөйлеген сөзі Баспаға басу

Созақ ауданы әкімі Салыхан Полатовтың

1 мамыр балаларды қорғау күні мерекесінде

 сөйлейтін сөзі.  

Құрметті ата-аналар! Балғын балдырғандар!

  Сіздерді 1 маусым халықаралық балаларды қорғау күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.

  Баршаңызға  қуаныш, шаттық сыйлайтын осынау ерекше мейрам  құтты болсын!

  1 маусым балаларды қорғау күні- балалар үшін ең алғашқы халықаралық мерекелердің бірі. 

  Бұл күнді тек біздің ел ғана емес, 1949 жылдан бері әлемнің көптеген елі тойлайды. Тұңғыш рет 1950 жылы аталып өткен халықаралық балалар күнінің өз символы- жалауы бар. Бұл символ-жалауда жер шарын қоршаған балалардың бейнесі бейнеленген.

  Халықаралық балалар күні барша бүлдіршіндерге қуаныш сыйлайтын мереке ғана емес, кішкентай балалардың құқығын қорғап, оларға қамқор болуға, үндейтін мейрам.

  "Балапан ұяда не көрсе, ұшқанда соны іледі". Балақайдың тағдыры оны тәрбиелейтін адамдардың қолында. Ата- анадан, өскен ортасынан тәрбие көрген бала өскенде үлкен азамат, ел қорғаны болар тұлға болып шығады. Сондықтан өскін ұрпақтың тәрбиесіне қашанда бей- жай қарамау керек.

  Бізде осы бағытқа баса мән беріп, аудан көлемінде балалардың балабақшамен қамтылуын басты назарда ұстап келеміз. Мәселен бүгінгі таңда аудан көлемінде 42 балабақша бар болса, оның 14 жеке меншік, 17 мемлекеттік балабақша, 11 шағын орталық бар, онда 3906 бала тәрбиеленіп жатыр. Аудан бойынша мемлекеттік «Балапан» бағдарламасының орындалуы 90 пайызды құрап отыр. Облыс бойынша үлкен көрсеткіштерге қол жеткізіп отырмыз. Біз мұнда тек бала тәрбиесіне ғана мән беріп қоймай, олардың жеке тұлға ретінде өсуіне мән беріп келеміз.

Құрметті балақайлар! Қадірлі балапандар!

  Сіздерді тағы да жаздың бірінші күнімен келіп жеткен айтулы мерекемен құттықтаймын! Дендерің сау болып, елдің тірегі болар азамат болып өсіңдер! 

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 19 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы