Галерея

Жаңалықтар arrow Мүлікті жариялау arrow Комиссия төрайымымен сухбат
Комиссия төрайымымен сухбат Баспаға басу

ImageМемлекет басшысы Н.Назарбаевтың заңды айналымнан шығарылған капиталға рақымшылық акциясын жасау туралы тапсырмасы бойынша «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР заңы қабылдағаны белгілі. Бұл заң көлеңкелі экономиканы қысқартуға, ұлттық экономикаға қосымша қаражат тартуға және инвестицияларды ұлғайтуға ықпал ететін болады және мүліктерді жария ету мерзiмi 2014 жылғы  1 қыркүйектен 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығында өтеді деп белгіленген болатын. Осы заң 2016 жылдың 31 желтоқсанына дейін ұзартылды. Осыған орай, комиссия төрайымы,  Созақ ауданы әкімінің орынбасары  Еденбаева Сәуле Дөненбекқызымен аталмыш науқанға қатысты бірнеше сұраққа жауап беруін өтінген едік.
 – Қазақстанда рақымшылдық туралы науқанның екінші рет жариялануына қандай себептер болды?
– Біріншіден, бұған Бүкіләлемдік даму банкінің бағалауы ықпал етті десек болады, онда Қазақстан экономикасындағы көлеңкелі қаржы айналымының үлесі қомақты түрде жалғасып, 2012 жылдың қорытындысында 19,2% құрағаны көрсетілген. Сондықтан да, қаржы мен мүлікті жария етудің бірден-бір мақсаты «көлеңкелі» экономикадағы қаражатты жарыққа шығарып, экономиканың заңды жолына тарту.
Екіншіден, Қазақстан экономикасында шетелдік инвестициялардың қысқарып кетуі байқалуда, әлемде орын алып отырған осындай жағдайлар тиісінше Қазақстан экономикасын екінші деңгейдегі банктер тарапынан несиелеулердің төмендеуіне ықпал етті.
Осынының есебінен және алдағы уақытта енгізілетін табыс декларациясын жариялау есебінен Қазақстан азаматтарына мүлкін, оның ішінде заңды айналымнан шыққан табыстарын, тиесілі емес тұлғаларға рәсімделген немесе ҚР заңдылықтарына сай рәсімделмеген мүліктерін заңдастыруға мол мүмкіндік туып отыр
– Жария етуге нелер жатады?
– «Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтияр хаты бар тұлғаларға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚР Заңының 3 бабына сәйкес жария етуге: ақша, бағалы қағаздар, заңды тұлғаның жарғылық капиталына қатысу үлесі, тиесілі емес тұлғаға ресімделген құрылыстар (ғимараттар),тиесілі жария ету субъектілерінің меншік құқығына жататын, олар орналасқан жер учаскелерінің мақсатты пайдалануына және құрылыс нормалары мен қағидаларына сәйкес келетін құрылыстар (ғимараттар), Қазақстан Республикасының шегiнен тыс орналасқан жылжымайтын мүліктер жатады.
– Жария ету науқаны кезінде қандай шектеулер белгіленген?
– Қылмыс кодексінің бірқатар баптарынан басқа сыбайластық жемқорлық пен басқа да қылмыс жасау жолымен алынған мүліктер, кредит ретiнде алынған ақша, сондай-ақ сот тәртiбiнде оған құқықтары дауланып жатқан мүлік, Қазақстан Республикасының заңдарында оған құқық беруге жол берiлмейтiн мүліктер; банктен кредит ретiнде алынған ақша, мемлекет пайдасына беруге жататын мүлік яғни қазына, иесі жоқ мүліктер рақымшылыққа жатпайды. Бұдан бөлек, мемлекеттік түрлі бағдар­ла­малар арқылы алынған мүлік­тер де жария етілмейді
– Капитал мен жылжымайтын мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпараттың құпиялылығы сақталатыны жарияланды. Яғни қылмыстық іс қоғалмайды, солай ма?
– Заңның 5 бабына сәйкес мемлекеттiк органдар мен ұйымдар мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпараттың құпиялылығын Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен қамтамасыз етуге міндетті. Бұл орайда мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпарат негiзiнде, жария ету субъектісіне қатысты процестік әрекеттердi, оның iшiнде қылмыстық қудалауды немесе әкiмшiлiк және тәртіптік жазалау шараларын қолдануды жүзеге асыру жөнiндегi процестік әрекеттердi жүргiзуге тыйым салынады.
– Мүлікті жария еткені үшін алым мөлшері қанша және ол қандай жылжымайтын мүліктер үшін алынады?
– Жылжымайтын мүлік Қазақстан Республикасынының аумағында орналасса, сондай-ақ жекешелендіру объектілерін алу жолымен Қазақстан Республикасының экономикасына инвестициялаған ақша сомасы, «Самұрық-Қазына» Ұлттық әл-ауқат қоры» акционерлік қоғамының активтері, «Халықтық IPO» бағдарламасы шеңберіндегі акцияларды, сондай-ақ мемлекеттік бағалы қағаздарды қоса алғанда, ұлттық басқарушы холдингтерінің, ұлттық компаниялардың, ұлттық даму институттарының, екiншi деңгейдегi банктерінiң облигацияларына, қазақстандық қор биржасына орналастырылған басқа да бағалы қағаздарды жария еткені үшін алым салынбайды.
Жоғарыда аталған жағдайларды қоспағанда жинақ шотынан алынған немесе басқа шотқа аударылған ақша сомасының, Қазақстан Республикасының шегiнен тыс орналасқан мүліктің бағалау құнының он пайызы мөлшерінде алым төленеді.
– Жариялануға жататын мүліктерді рәсімдеуге (құқық белгілейтін және құқықты куәландыратын – жер актісін, техникалық төлқұжатты, пайдалануға беру, тіркеу актісін алу) байланысты шығындарды кім төлейді?
– Жария етілген мүлікті рәсімдеуге байланысты Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген барлық шығыстарды жария ету субъектілері дербес төлейді.
– Жария ету акциясын өткізудің тәртібі қандай? Құжаттарды қайда өткізу керек?
– Жария ету 2014 жылдың 1 қыркүйегінен басталды 2016 жылдың 31 желтоқсаны аралығында өтеді. Алайда, мүлiктi (ақшадан басқа) жария ету үшін құжаттарды ұсыну мерзімінің 2016 жылғы 30 қарашада аяқталатынын есте сақтау қажет. Бұл үдерістерді жүзеге асыру үшін өтініш, жеке куәліктің көшірмесі, жылжымайтын мүлік жария етілсе, соған қатысты сарапшының қорытындысы мен мүліктің техникалық паспорты ұсынылуы тиіс.
Қазақстан Республикасының аумағындағы мүлікті жария ету үшін құжаттарды жария ету субъектісінің тұрғылықты жеріндегі жария етуді өткізу жөніндегі комиссияға береді. Жылжымайтын мүлікті жария ету құжаттарын Созақ ауданы әкімдігі ғимаратындағы 1 қабатта 102 бөлмедегі комиссия хатшысы қабылдайды. Кез келген сұрақтар бойынша азаматтар осы комиссия хатшысынан сұрауына болады. Байланыс нөмірі 4-16-07.
Шетелдердегі мүлікті жария ету үшін құжаттар Заңның 7 бабына сәйкес жария ету субъектісінің тұрғылықты жеріндегі салық органдарына беріледі.
Берілген өтінішті комиссия өтініш ұсынылған күннен бастап күнтізбелік отыз күн ішінде қарайды және Заңда көрсетілген талаптар орындалған жағдайда мүлікті жария ету жөнінде шешім шығарып, оны жария ету субъектісінің қолына табыстайды.
Жария етілетін мүлік бойынша ұсынылған мәліметтердің толықтығы мен дұрыстығына жауаптылықты жария ету субъектісі алады.
– Жария ету субъектісінің сарапшылармен өзара іс әрекеті қалай үйлестіріледі?
– Мүлік орналасқан тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктің әкім аппараты жария етілетін жеке тұрғын үй құрылысы субъектілерін және саяжай құрылыстарын техникалық тексеру үшін сарапшы тартуды ұйымдастырады. Өзге құрылыстың жария етілетін нысандарын техникалық тексеруді жүргізу үшін сарапшы тартуды өтініш беруші өз бетінше жүзеге асырады. Сарапшылардың тізімі барлық 12 ауыл, кент әкімдіктеріне жолданды және ол барлық, ауыл, кент әкімшіліктерінде ілулі тұрады.
– Қазіргі қолданыстағы заңда иесіз және қарусыз қалған үйлерді есепке алу тәртібі қандай?
– Жариялау жөніндегі комиссияға берілетін басты құжаттардың бірі жылжымайтын мүліктің техникалық төлқұжаты болып саналады. Ал бұл құжатты алудың нормативтік құқықтық актімен белгіленген өз ережесі бар. Сондықтан да егер нысанның техникалық төлқұжаты болмаса, онда жария ету субъекті ұсынған нысанын заңдастыра алмайды.

- Бүгінгі күнге дейін Созақ аудан бойынша неше азаматтың мүлкі жарияланды?
Бүгінгі күнге дейін мүлікті жария етуге байланысты комиссияға келіп жүгінген 67 азаматтарға кеңестер беріліп, түсіндіру жұмыстары жүргізілген. Комиссия жұмысы бастағалы бері 25 азаматтан коммерциялық нысандарын жария ету бойынша құжаттар қабылданып, 24-і (жалпы құны 86100 мың теңге) жария етіліп, 1 жылжымайтын мүлікті заңға сәйкес болмағандықтан жария етудан бас тартылды.

– Толыққанды жауаптарыңыз үшін рахмет! Теңізбаев Сәрсенбек Сайлаубекұлы

 

 

 

 

 

Мүлікті жариялау бойынша

Хабарландыру

Қазақстан Республикасында тұрған ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау бойынша өтініштерді Шолаққорған ауылы Жібек жолы көшесі нөмірсіз үйде Созақ ауданы әкімдігінің ғимаратының 1 қабатында 102 кабинатте жүргізіліп жатқанын хабардар етеді. Байланыс телефон нөмірі 8(72546) 4-16-07

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 19 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы