Галерея

Жаңалықтар arrow Әкімнің сөздері мен мақал-ары arrow Аудан әкімі М.Исаевтың «2015 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алда тұрған міндеттер туралы» есебі
Аудан әкімі М.Исаевтың «2015 жылғы ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуы мен алда тұрған міндеттер туралы» есебі Баспаға басу

Құрметті аудан тұрғындары!
Құрметті жерлестер!
Өткен 2015 жыл аудан үшін табысты жыл болып, барлық салалардағы жұмыстардың сапасы артып, халықтың тұрмыс жағдайы жақсарып келеді. Сондай-ақ еліміз үшін аса маңызды мерейлі мерекелер жылы болды. Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, бүгініміз бен келешегіміздің кемелдігінің көрінісі Ата Заңымыздың 20 жылдығы, тарихымызды түгендеудің бастамасы Қазақ хандығының 550 жылдығы жоғары деңгейде аталып өтті.
БЮДЖЕТ
2015 жылдың қорытындысымен жалпы бюджетке 71 млрд 112 млн 530 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 144 пайызға орындалды. 2014 жылмен салыстырғанда 150 пайызға артып отыр.
Контингент бойынша  11 млрд 867 млн 655 мың теңгені құрап, жоспар 115 пайызға артығымен орындалды.  Өткен 2014 жылмен салыстырғанда 154 пайызға артты.
2015 жылы жергілікті бюджетке 8 млрд 476 млн 731 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 120 пайызға орындалды. 2014 жылмен салыстырғанда 114 пайызға артты.   Слайд
Жыл қорытындысымен бюджеттің шығыс бөлігі 10 млрд                          76 млн 264 мың теңгені құрап толығымен игерілді.

ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ
Есепті жылдың 11 айында жалпы өңірлік өнім 197 млн 200 мың теңгенің өнімі өндірілген.
Оның ішінде өнеркәсіп саласы бойынша 178 млн 687 мың теңге,  ауыл шаруашылық саласының үлесі 8 млн 236 мың теңгені құрайды.   Слайд
ИНВЕСТИЦИЯ
Есепті жылдың 11 айында аудан экономикасына  41 млрд 600 млн  теңге инвестиция тартылды. 2014 жылмен салыстырғанда  135,7%   артты.Оның ішінде,
Отандық- республикалық бюджеттен 233 млн теңге,       
Жергілікті бюджеттен – 1 млрд 651 млн теңге,         
кәсіпорындардың және ұйымдардың және халықтың өз қаржысы             
есебінен 23 млрд 725 млн теңге тартылды.   
Шетелдік-64 млн 500 мың Слайд

 

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ
2015  жылдың 11 айында жалпы өнім көлемі 8 млрд 236 млн  теңгені құрап,  2014 жылмен салыстырғанда нақты көлем индексі 102  пайызға артып отыр. Слайд
2015 жылдың 11 айында ауданда мал басының барлық түрі бойынша өсімге қол жетіп отыр. Мүйізді ірі қара – 129,1% , қой, ешкі – 102,6%, жылқы – 127,6%. Түйе – 105,9% пайызға өскен. Слайд
Өткен 2014 жылмен салыстырғанда ет өндіру, сүт, жұмыртқа            100-101,7 %   орындалды.  Слайд


Облыс әкімінің бастамасымен қабылданған «2014-2016 жылдарға арналған мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы» шеңберінде ауданда ауқымды жұмыстар атқарылуда.
Аталған бағдарлама шеңберіндегі жұмыстар аудан шаруаларын мал бордақылауға ынталандырып, келешекте табыс табудың, қосымша жұмыс орындарын ашудың, бірден бір көзіне айналуда.                       
Қарақұр ауыл округінен «Қарақұр» Ө/К (түйе) және (қой), Шолаққорған ауыл округінен «Бағдат» ш/қ (түйе), Құмкент ауыл округінен «Құмкент» Ө/К (қой)  асыл тұқымды мал шаруашылықтары болып тіркеліп, жұмыс жасауда.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2015 жылы 74 бас асыл тұқымды бұқалар сатып алынып – 2006 бас сиыр тұқымдық түрлендірілді.
 «Алтын асық» бағдарламасы бойынша жоспар 200 бас болса, 2250 бас тұсақ қойлар алынып, меже 112,5 пайызға,
«Құлан» бағдарламасы бойынша жоспар бойынша 300 бас болса,  543 бас аналық жылқы алынып меже 181 пайызға артығымен орындалды.        
Есепті мерзімде аудандағы 48 агроқұрылымдарға  «Қазақтың ақбас» (17), «Әулиекөл» (4) және «Абердин ангус» (53) тұқымды                             74  бұқалары сатып әкелініп, арнайы тіркеуге алынды.
Бүгінгі күнге ауданда шағын мал бордақылау алаңымен қатар ірі, 200-500 басқа арналған мал бордақылау комплекстерін ашуға ниет білдіріп, несие алуға құжат дайындап отырған шаруашылықтар қатары көбейуде.
Мал бордақылау алаңдарын және жанұялық сүт фермасын ашу үшін 2015 жылы аудан бойынша барлығы 203 млн. 100 мың теңге несие алынды. Оның ішінде  атап айтқар болсақ:                                                     
«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-нан мал бордақылау алаңдарын ашуға  45 жеке кәсіпкер 121 млн.300 мың теңге қаржы алып,  740  бас мал алынды.
«Ырыс» МКҰ» ЖШС-нен есепті мерзімде 43 жобаға 81 млн 800 мың теңге несие қаржы алынды.
Оның ішінде, мал бордақылау алаңдарын ашуға 20 жеке кәсіпкер 36 млн теңге несие қаржы алып, 230  бас мал алса, Жанұялық сүт фермасын ашуға 23 жеке кәсіпкер 45 млн 800 мың теңгеге 240 бас сауынды сиырлар алды. Слайд
Ауданда асыл тұқымды қой, түйе малдарды өсірумен айналысып отырған, 4 асыл тұқымды шаруашалықтар жұмыс жасауда. 2014 жылы олар 20 383 мың теңге субсидия алса, 2015 жылы 3 шаруашылық 28 774 мың теңге  субсидия алды.
Осының өзі жоғарыда айтқан шаруалардың асыл тұқымды мал өсіруге қызығушылығының арта бастағанын айғақтайтын дәлел деуге болады.

Тамшылатып суару бойынша
 Егістікке тамшылатып суару технологиясын енгізу межесін орындау мақсатында біршама жұмыстар жүргізіліп келеді. 2015 жылы  250  га жерге тамшылатып суару әдісі ендіріліп, Сызған ауыл округі, Қайнар елді мекені аумағында  «Мұхтар» және «Мұрат» шаруа қожалықтары  тамшылатып суару әдісін ендіре отырып  15,5 га бау ексе,  Құмкент ауыл округінен   «ОМ-АР И К» шаруа қожалығы  тамшылатып суару әдісін ендіре отырып 5,5 га жерге бау егіп, осы агроқұрылымдар егілген бауларына мемлекет тарапынан  13 млн 459 мың теңгенің субсидиясын алды.

Жаңа техникаларға тапсырыс беру
Үш жақты келісім шарт бойынша ауданға 18 техника алу межесі белгіленгенсе,  19 техника алынып, тапсырма  105 %  орындалды.                                                
Аудан бойынша 12340 гектар егістік жер игеріліп,  бұл жөнінде белгіленген меже 102 пайызға орындалды.                     
Үй іргелік 1494 гектар жерді игеру тапсырмасы берілсе,          1575 гектар үй іргелік жер игеріліп, берілген тапсырма 105 пайызға ұйымдастырылды.                                                                                
Егін шаруашылығы саласын дамыту мақсатында көктемгі және күзгі дала жұмыстарына жанар-жағар май материалдары мен басқа да тауарлық- материалдық құндылықтардың құнын арзандатуға аудан агроқұрылымдары үшін 44 млн 535 мың теңге субсидия алынып, өткен  2014 жылмен салыстырғанда   14 млн. 83 мың теңгеге артты.  
Аудан бойынша егілген егіс көлемін сақтандыру жұмысы да біршама нәтижелі жүргізіліп, 1081 гектар алқаптағы егістік сақтандырылды.
Күз айларында келесі жылғы өнім үшін 3600 гектар сүдігер жер айдалды.
Суармалы жер көлемін ұлғайту бойынша 300 гектар алқапты айналымға қосу тапсырмасы  310 гектар алқапты  (103 %) жайылымдық жерден суармалы егістік түріне ауыстыру есебінен орындалды.
Суармалы жер көлемін ұлғайту тапсырмасын орындау мақсатында 5 өзен бойынан су қоймаларын салуды қолға алудамыз. Шолаққорған ауыл округ аумағынан «Біресек» су қоймасына облыстық бюджеттен   390 млн теңге қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
Ауданда игерілмей жатқан жерлерді аудандық жер қорына қайтарып,  ниет білдірген шаруаларға беру жұмыстары тиянақты жүргізіліп келеді. Одаман асуында орналасқан тәліми жерлерден ауданның барлық ауылдық округтері мен кенттерінде  орналасқан шаруаларға 100-200 гектардан жер бөлініп беріліп ондағы игерілмей жатқан жерлерді игеру жұмыстары қолға алынуда. Слайд

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ
Ауданда көлемінде 2015 жылдың 11 айында 335 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, жалпы саны 3002-ге жетіп, 2014 жылмен  салыстырғанда 106,2 % артты.
Кәсіпкерлік саласында 2015 жылдың 11 айында 9 млн 939 мың теңгенін өнімі өндіріліп, өткен 2014 жылмен салыстырғанда  102 % артып, бюджетке түскен салықтың көлемі  717 млн теңгені құрады. Слайд
Кәсіпкерлік саласының дамуын көрсететін критерийлердің бірі – ол саланы несиелендіру екені белгілі.
Аудан кәсіпкерлері ауылшаруашылығын қолдау қорынан                    2015 жылы – (121 млн 300 мың),  «Созақ несие» ЖШС несиелік серіктестігінен (143 млн  955 мың),  «Максимум» АИО-дан – (81 800 мың), «KMF(КМФ)»МҚҰ»ЖШС-сі арқылы (272,6 млн.), «Қазақстан Халық Банкі» АҚ-ның Созақ аудандық филиалынан халыққа (1 млрд 529 млн 443 мын) барлығы 2 млрд 149 млн 140 мың теңге несие алынды.   Слайд
Орта және шағын бизнесті дамытудың локомативі ретінде ауданда құрылған индустриалды аймақ болады деп жоспарлап отырмыз.
Облыс әкімінің тапсырмасына орай 50 га жерге 239 млн 700 мың теңге қаржыға ифрақұрылым жұмыстары жүргізіліп индустриалды аймақ құрылған болатын. Осы ауданнан ашылған индустриалды аймақта «UKO-S-Star» Металл құрастыру зауыты» ЖШС, «Благо Лизинг НПЗ» ЖШС, «Дархан-Ас» ӨК ас тұзын өндіру зауыты іске қосылып, 3  жоба жұмыс жасауда. Оларда 70 адам тұрақты жұмыспен қамтылды.
Оған қосымша 2 жобаны іске асыруды жоспарлап отырмыз.
Атап  айтсақ, «Сырлы Созақ» ЖШС «Пластмас қалдықтарынан шикізат өндіру және  полителин трубаларын шығару зауыты». Жоба құны 222,9 млн теңге. Жобаның қуаттылығы 80 пог.м/сағ. Жоба іске қосылса 50 адам жұмысқа тартылатын болады.  
«Қызылорда Шаңырақ Сервис» ЖШС «Керамикалық кірпіш шығару зауыты». Жобаның құны 105 млн теңге. Жобаның қуаттылығы 3 млн дана/жылына. Жоба іске қосылса 10 адам жұмысқа тартылатын болады.  Жобалар бойынша қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жүргізілуде.
2015 жылғы жалпы сомасы 18 млрд 500 млн. тг. құрайтын 1 жоба Индустрияландыру картасына енгізілді («Теріскей» ЖШС «Асыл металлдар өндіру»). Жобаны 2017 жылы іске қосу жоспарлануда. Жоба іске қосылса 400 адам тұрақты жұмысқа тартылатын болады.

ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ
Ауданда 1 млрд 788 млн 922 мың теңгенің құрылыс- монтаж жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде;
Республикалық бюджет есебінен 370 млн 840 мың теңгеге
Облыстық бюджет есебінен 684 млн 941 мың теңгеге
Жергілікті  бюджеттен 733 млн 141 мың теңгенің құрылыстары жүргізілді.
Оның ішінде, 2014 жылдан өтпелі болған, респбуликалық бюджет есебінен Созақ ауылындағы Науайы атындағы 600 орындық мектеп (713 млн 549 мың), жергілікті бюджеттен Көктөбе елді мекеніндегі 200 орындық мектеп  (369 млн  926 мың), Шу ауылындағы 150 орындық мектеп (296 млн 478 мың), Шаға елді мекеніндегі 150 орындық мектеп (299 млн 278 мың ) теңгеге салынып пайдалануға берілген. 
Сонымен қоса 2013 жылы құрылысы басталып өтпелі болған Тасты ауылындағы 50 орындық балабақшаға 193 млн 41 мың теңгеге  құрылысы жүггізіліп пайдалануға берілді. сурет
Ауыл шаруашылығы саласы бойынша аудандық бюджеттен                   7 млн  728 мың теңгеге Созақ, Құмкент, Жартытөбе ауылдық округтерінен мал өлекселерін тастайтын шұңқырлар салынып, пайдалануға берілді.
Сондай-ақ, облыстық және аудандық бюджет есебінен               2015-2016 жылдарға жоспарланып салынып жатқан құрылыс нысандары да баршылық. Атап айтсақ, жергілікті бюджеттен                         376 млн 155 мың теңгеге Аққолтық елді мекенінен 200 орындық мектеп, 289 млн 281 мың теңгеге Абай елді мекенінен 150 орындық мектеп, 270  млн 66 мың теңгеге Раң елді мекеніндегі 150 орындық мектеп және 416 млн 989 мың теңгеге Шолаққорған ауылы,                   Наурыз мөлтек ауданынан 280 орындық балабақша, жалпы                        құны 519 млн 299 мың теңгені құрайтын Шолаққорған ауылындағы бір пәтерлі 50 тұрғын үйдің 20-ның құрылысы, 156 млн  540 мың теңгеге Шолаққорған ауылы, Наурыз мөлтек ауданының инженерлік коммуникациялық - инфрақұрылым құрылыс жұмыстары кестеге сай жүргізілуде. Құрылыстар биылғы жылы аяқталатын болады. сурет
2015 жылы жалпы  алаңы 23 272 шаршы метрді құрайтын                   153 тұрғын үй пайдалануға берілді.   Слайд

СӘУЛЕТ САЛАСЫ
2015 жылы халық саны 5 000 адамға дейінгі 14 елді мекеннің оңтайландырылған бас жоспары әзірленіп аудандық мәслхаттың                     23 желтоқсандағы №312 шешіммен бекітілді. Сондай-ақ, халық саны 5000 адамнан асатын Созақ елді мекенінің бас жоспарын 2016 жылдың соңына дейін жасауға жұмыс атқарылуда.
Сондай-ақ алдағы жылдары халықтың сұраныстарына байланысты жүргізілетін құрылыстардың құжаттары жасалуда. Атап айтар болсақ;
-1 мектептің құрлысына
-1 балабақша құрылысына
-1 тұрғын үйге
-5 қызметтік тұрғын үйге
-1 инфрақұрылымға
-2 су қоймаларының ТЭН-іне
-1 спорт кешеніне
-5 Беккери шұқырына
-11малдарды емдеуге арналған станокқа
-9 мал өлекселерін тастайтын шұңқырға
-6 мал тоғыттарына
-3 Тұрмыстық қатты қалдықтар тастау орнының құрылысына
-6 Елді мекендерді ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында су жинау мұнарасының құрылысына
-1 Шолаққорған ауылын газбен қамтамасыз ету желісінің құрылысына барлығы 52 жоба дайындалуда.

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ
Ауданға газ келтіру мақсатында Бәйдібек ауданынан №18 АГТС-нан тартылатын елді-мекен аралық жоғары қысымды газ құбырына  78  млн 334 мың теңге қаржының жобалау-сметалық құжаттамасы  дайындалуда. 2015 жылы осы қаржыдан 30 млн теңге жергілікті бюджеттен бөлініп, тиісті жұмыстар атқарылуда. Аудан орталығы Шолаққорған ауылын газбен қамтамасыз ету желісінің құрылысына   50 млн теңге бөлініп, жобалау-сметалық құжаттама жасалуда. Құжаттары дайын болысымен облыстық бюджеттен қаржы бөлуге ұсыныс жасалатын болады.
Бүгінгі таңда аудандағы 38 елді мекеннің 23-де ауыз су құбыры жүргізілген. Оның ішінде 15 елді мекенде тәулігіне 24 сағат ауыз су берілсе, қалған 8 елді мекенде 8-10 сағаттан ауыз су берілуде. 
Алдағы жылы аудан орталығы Шолаққорған ауылына және Теріскей елді мекеніне тәулігіне 24 сағат ауыз су беруге жұмыстар жүргізілетін болады.
Ағымдағы жылы жер асты суы қоры бекітілетін 6 елді мекенге (Ақсүмбе, Көктөбе, Қайнар, Шаға, Раң, Абай) сәулет жоспарлау тапсырмасы (СЖТ) жасалынып, 2016 жылға жобалық сметалық құжаттамасын (ЖСҚ) дайындауға қаржы қарау жоспарлануда. Жер асты сулары қорының 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес, Басбұлақ, Қарабұлақ,  Балдысу, Теріскей, Сарыжаз елді мекендерінде жер асты суларына зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Слайд
Ауданымызда елді мекендер аралық жолдардың ұзындығы        59,1 шақырым болса, оның 53,9 шақырымы асфальтталған. Шолаққорған ауылдық округіне қарасты Балдысу-Қарабұлақ аралағындағы 5,2 шақырым жолды асфальттауға жобалық сметалық құжаттары жасалған. Құны 247 млн 778 мың теңгені құрайтын бұл қаржы облыстық бюджетке даму бағдарламасы бойынша ұсынылды.
Аудан бойынша 43 көпқабатты тұрғын үйлер кондоминиум нысаны ретінде  тіркелген. Осыған орай, 2015 жылы 12 көпқабатты тұрғын үйлерге техникалық зерттеулер жүргізіліп, күрделі жөндеу жұмыстарына жобалау-сметалық құжаттары дайындалып, облыстық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасына тапсырылды.
«Жасыл-аймақ» көркейту көгалдандыру бағдарламасы шеңберінде 83,02 га жерге ағаш көшеттері егіліп, жоспар 123% орындалды. Егілген көшеттерді күтіп баптауға баса назар аударылуда.

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА
Соңғы 3 жылда аудан халқы 58 230-дан 60 647-ге жетіп 2500  адамға көбейді.
Жұмыспен қамту шаралары мен «Жұмыспен қамту 2020» бағдарламасы арқылы 2015 жылы жұмыс іздеген 2243 азаматтың 1898 (84,6%) жұмысқа орналастырылды. Жұмыссыздық деңгейі 5 пайызды құрады.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша 2015 жылға 1435 адамды қатыстыру көзделген. Есепті жылда                        2416 адам бағдарламаға қатыстырылып, әлеуметтік контракт түзілді (163,7%), оның ішінде 1142 адам (47,3 %) – өз бетінше жұмыспен айналысушылар, 1274 адам (52,7%) – жұмыссыздар, 88 адам (3,6%) –табысы аз адамдарды құрайды.
Бағдарламаның «Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыспен қамту» бағыты бойынша:   
2013-2015 жылы кәсіпкерліктің негіздерін оқып, сертификат алған жұмыссыздар  мен  өздігінше  жұмыспен  қамтылғандардан                         44 азаматтың құжаттарын қаржыландыруға жолдама беріліп,           121 млн 300 мың теңге (жоспар 40 адам – 116,0 млн.теңге) несие алып, 52 азамат жаңа жұмыспен қамтылды. 2015 жылы 13 азаматты кәсіпкерліктің негіздерін оқытуға жолдау жоспарланып, сертификаттар берілді. Оның ішінде 3 азамат 8 млн несие алды.
Сондай-ақ, «Оқыту және көшіру арқылы жұмыспен қамту» бағыты бойынша:
2015 жылы жұмыс берушілерге 761 азаматты тұрақты жұмыспен қамту жоспарланған. Нәтежиесінде 1712 азамат   тұрақты  жұмыспен  қамтылды. /жылдық  жоспардың  орындалуы  225,0 %/
Жастар практикасына жоғары және кәсіби, техникалық оқу орындарын бітіруші түлектерден жыл  ішінде 31  жұмыссыз   азаматты жолдау жоспарланса, 53 азамат (оның ішінде мерзімі аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқан -38 азамат 71,7%) жолданды.
Әлеуметтік жұмыс орындарына 25 азаматты жолдау  жоспарланған, 33 жұмыссыз азамат (оның ішінде мерзімі аяқталғаннан кейін тұрақты жұмысқа орналасқан -31 азамат 94,0%)  жолданды.
Кәсіби даярлауға 2011-2014 жылдары жолданған 120 азаматтан 2015 жылы 110 азамат диплом алып, тұрақты жұмыспен қамтылды.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша жалпы 769 жастар тартылып, оның ішінде 547–сі тұрақты  жұмыспен қамтылып отыр.
9 мамыр  Ұлы Жеңістің  70  жылдық  мерекесіне  байланысты  Республикалық бюджеттен 9 - ҰОС - ардагеріне   барлығы – 17 млн 550 мың теңге, облыстық бюджеттен 18 млн 217 мың теңге, аудандық бюджеттен 4 млн 538 мың теңге қаржы жеке есеп шоттарына аударылып берілсе, демеушілер есебінен 15 млн 513 мың теңгенің  қаржылай-заттай сыйлықтар беріліп, барлығы   55 млн       819 мың теңгенің көмегі көрсетілді.
Аудан  бойынша 18 жасқа дейінгі балалар жәрдемақысына                 2015 жылдың  12 айында  1046 отбасыға 3831 балаға 79 млн 247 мың теңге тағайындалып, толығымен төленді.
Жыл басынан аз қамтамасыз етілген отбасыларға тұрғын үй көмегі жәрдемақысына жергілікті бюджеттен 301 отбасы 1275 адамға 10 млн теңге  тағайындалып, төленді.
Дағдарыс кезеңіне байланысты аз қамтамасыз етілген отбасыларға бір айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде материалдық көмекке аудан бойынша облыстық бюджеттен 951 отбасына                             5 млн 655 мың теңге бөлініп төленді.
Ауданымызда 2024 мүгедек болса, оның 456-сы (22,5%) жұмысқа қабілетті. Олардан жоспар бойынша 101 мүгедек азамат жұмыспен қамтылуы қажет болса, 110 мүгедек азамат жұмысқа орналасты.                   Ал, 3 пайыздық квота бойынша 60 мүгедек азаматқа квота белгіленген болса, толықтай жұмыспен қамтылды.
Мүмкіндігі шектеулі азаматтарға 2015 жылы бюджеттен                         52 млн 822 мың теңге, демеушілер есебінен  392 мың теңге, барлығы 53 млн 214 мың теңгенің көмегі көрсетілді.
2015 жылы түрлі шипажайлар мен ардагерлер үйінде облыстық бюджеттен 8 млн 640 мың теңгеге 240, аудандық бюджеттен 6 млн 394 мың теңгеге 170 адам,  барлығы 410 аға ұрпақ өкілдері  жолдамамен демалып келулеріне жағдай жасалды.

БІЛІМ САЛАСЫ
Жалпы 2015 жылға білім саласына 4 млрд. 877 млн. 544 мың теңге қаржы қаралды.  (2014 жылы 4 млрд. 961 млн. 114 мың). Слайд
Бүгінде аудандығы 35 мектептің 27-і (77%) (2014 жылы 22) типтік ғимаратқа орналасқан.  Оның ішінде, биылғы жылы 4 мектептің («Суындық», Ә.Науайы, С.Бақбергенов, Ж.Қаламбаев) жаңа ғимараттары пайдалануға берілді. Слайд, сурет
Осының нәтижесінде аудан мектептеріндегі 12769 оқушының 11858-і яғни 93 пайызы типтік үлгідегі мектептерде білім алуда.
Жергілікті бюджеттен Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының қас бетін (фасад) жөндеу және қазандық ғимаратына 34 млн 468 мың теңге, «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясының жылу жүйесін ауыстыруға 14 млн 910 мың 06 мың теңге, интернат жайын ағымдағы жөндеуге 17 млн 754 мың 130 теңге, І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің жылу құбырларын ауыстыруға 13 млн 875 мың теңге, «Шолаққорған» жалпы орта мектебінің шарбағын ауыстыруға 5 млн 407 мың 450 теңге, М.Мәметова атындағы жалпы орта мектебінің спорт залына 2 млн 500 мың теңге, «Жас туристер» станциясына   10 млн 357 мың теңге қаржы қаралып, 99 млн 271 мың 640 теңгеге күрделі, ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізілді.
Сондай-ақ Басбұлақ бастауыш мектебіне 186 мың теңгеге  электр генераторы,  «Қазатомөнеркісіп» ҰК-на қарасты «КАТКО» БК 11 млн, Қаратау ЖШС  3 млн 765 мың теңгеге Т.Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейіне демеушілік жасап, жатын бөлмелеріне түрлі жабдықтар алып берді.  СЛАЙД
Оқушылардың білім сапасын жақсарту мақсатында методикалық көмек көрсету, тәжірибе алмасу, оқыту жұмыстары тұрақты жүргізілуде.
Жергілікті бюджеттен 35 мектепке 14 млн 345 мыңға 151 компьютерлер алынды.
2014-2015 оқу жылында «Созақ» жалпы орта мектеп гимназиясының 9 сынып оқушысы Нығмет Мағжан Республикалық олимпиадада инфарматика пәнінен «Алғыс хатпен», осы гимназияның                         10 сынып оқушысы облыстық олимпиадада инфарматика пәні бойынша  Зиятбек Айдос ІІІ-орын, Т.Әлімқұлов атындағы мектеп интернат-лицейінің 11 сынып оқушысы Сағындықов Нұрдәулет облыстық олимпиадада  ағылшын тілі пәнінен ІІІ-орын алды.
«Балапан» бағдарламасы бойынша 3 пен 6 жас аралығында 3718 баланың 3026-сы, яғни 81,3 % балабақшамен қамтылған. Слайд сурет
Ескі мектептердің ғимараттарын жеке азаматтардың басқаруына беру арқылы жеке меншік балабақшалар ашу үшін жұмыстар атқарылуда. Нәтижесінде жыл ішінде 175 баланы қосымша бала бақшамен қамтитын боламыз. (Науайы – 100 бала, Суындық-50 бала, С.Бақбергенов -25 бала)
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында аудандық бюджеттен қаржы бөлумен қатар демеушілердің қаржысымен «Машат» шатқалында 1756 баланың демалуына жағдай жасалды.
2015 жылы 3 маусымда ҰБТ-ға аудан мектептеріндегі 613  мектеп бітірушінің 386-ы  қатысты.  ҰБТ қорытындысы бойынша ауданның орта балы 86,00, (2014 жылы 61,5) құрады.
«Алтын белгіге» ұсынылған 24 мектеп бітірушінің 16-ы (2014 жылы 1 оқушы) өз білімдерін дәлелдесе,  2 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. 
І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің матеметика пәні мұғалімі Оспанова Орал Қазақстан Республикасының «Құрмет грамотасымен» марапатталса, Республикалық қашықтық олимпиадасында осы мектептің мұғалімі Талымова Шолпан, Т,Әлімқұлов атындағы мектеп интернат-лицейі мұғалімі Түгелбаева Меруерт І-орынға ие болды. Ал, облыстық «Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің үздік мұғалімі» байқауында Т.Әлімқұлов атындағы мектеп интернат-лицейінің мұғалімі Даулеткелдіқызы Фатима І орын алған.
Облыс әкімінің 2015 жылдың қорытындысы бойынша «Жылдың үздіктері» номинацияларында «Созақ» жалпы орта мектеп-гимназиясының қазақ тілі пәні мұғалімі Нұрбекова Гүлмира «Жылдың үздік тәлімгері» номинациясының иегері атанды.
Облыстық тамыз конференциясында І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің мұғалімі Исламов Рафаель облыстық білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының «Құрмет» грамотасымен марапатталды.
Аудан мектептеріндегі оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында толықтай бейнекамералар орнатылып, аудан орталығындағы мектептерге қарсы жол жиектеріне жол қауіпсіздігі макеттері қойылды.

 

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Денсаулық сақтау саласының материалдық техникалық базасының нығаюымен – халық денсаулығы біршама жақсарып келеді.
Жүйелі жұмыстардың нәтижесінде соңғы 3 жылда ауданда ана өлімі тіркелмеген. Туылған бала саны өткен 2014 жылмен салыстырғанда 33 балаға артты. Слайд
Жұқпалы аурулар саны өткен 2014 жылмен салыстырғанда біршама азайып отыр. Сары ауру 8-ден 7-ге, сарып ауруы 39-дан-27-ге, туберкулез 29-дан 19-ға  кеміген. Слайд
Денсаулық сақтау саласында кадр тапшылығын шешуде «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы өсімсіз несиелер, бюджеттік қайтарымсыз қаржылар беріліп, тұрғын үймен қамтамасыз етілуде.
Халық арасында салауатты өмір салтын орнықтыру мақсатында ауданда дене шынықтыру спорттың бұқаралығын арттыру бағытында тұрақты түрде іс-шаралар жүзеге асырылуда.

МӘДЕНИЕТ, СПОРТ САЛАСЫ
Созақ ауданында  35 мәдени мекемемен 1 тілдерді дамыту және оқыту орталығы аудан халқына қызмет көрсетуде. 2015 жылы                      541 (2014 ж 518) мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, 31 026  көрермен қамтылды. Соның ішінде, Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай Созақ ауданы көлемінде ұйымдастырылатын «20 игі іс-шара», Ұлы Жеңістің 70 жылдығына, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету мақсатында «Егемендікке жол ашқан батырлар» атты, Конституцияның 20 жылдығына орай «Азат елдің ар-намысы – Ата Заң» атты   мерекелік шаралар ұйымдастырылды.
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай зиялы қауым өкілдері мен жергілікті тарихшылармен бірге «Таңбалы тас» өңіріне тарихи-танымдық экспедиция жасалды. Сонымен қатар, «Хандар тұлғасы-көркемөнер тілімен» театрландырылған қойылым мен «Ұлы дала елі» атты мерекелік қорытынды концерттік бағдарлама жасалып жоғары деңгейде аталып өтті.
Айтулы мерекелерге орай, аудан көлеміндегі барлық елді мекендерде 8 өнер жанры бойынша «Теріскей талантары 2015» өнер фестивалі өткізіліп, жеңімпаздар марапатталды. Сонымен қатар, облыстық «Мәдениетім мерейім» атты өнер байқауында Созақ ауданының көркемөнерпаздары жүлделі үшінші орын иеленді.
2015 жылы   231 салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шаралар өткізіліп, оған  14013 адам қамтылған. 2014 жылмен салыстырғанда 17 спорттық іс шараға, 2013 қатысушыға артты. суреттер
Спорттық іс-шаралар нәтижесінде ауданнан 2015 жылы 237 спортшы облыстық жарыстардың жүлдегері, Республикалық жарыстарда 132 спортшы жүлдегер атанса, 74 спортшы халықаралық жарыстарда жүлделі орындардан көріне білді. Футболдан ауданның «Шалқар» командасы ҚР жоғарғы лигалары арасында өткен «Наурыз кубогі» жарысында ІІІ- орын, ІІ лига командалары арасында өткен КР Кубогінде ІІ-орын, ІІ лига командалары арасында өткен ҚР Чемпионатында ІІІ-орынды және «Дала мен қала» атты облыс чемпионатында чемпион атанды.

ТӘРТІП ПЕН РЕТТІЛІК
2015 жылы ауданымызда 234 қылмыс тіркеліп, өткен             2014  жылмен салыстырғанда 36 қылмысқа азайды. Қылмыстың ашылуына келер болсақ 2014 жыл (73,3 пайыз). 2015 жылы  75 пайызды құрап отыр.   Слайд
Жол көлік оқиғалары  2014 жылы 38 болса, 2015 жылы 31 болып, 7 оқиғаға азайды.  
Аудан орталығы Шолаққорған ауылының орталық көшелеріне, ауылдан шыға беріс, кіре беріс бағыттарындағы жолдарға   24 бейне бақылау камералары орнатылды. Осының нәтижесінде 2015 жылы 3722 хаттамалар толтырылып, орын алған әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 22 млн 204 мың теңге көлемінде айыппұлдар салынып,  өндірілуде.  

 

        
ҚҰЖАТТАРМЕН ЖҰМЫС
Аудан әкімінің жеке қабылдауына 205 адам келіп, олардың өтініштері мен талап тілектері бойынша жұмыстар, ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» заңына сәйкес жүргізілді.
2014 жылғы аудан әкімінің есебінде тұрғындар тарапынан                       156 ұсыныс-пікірлер айтылып, олардың 52-не жиын барысында тиісті жауаптар беріліп, 104 ұсыныс бойынша тиісті іс-шаралар   бекітілген болатын. Есепті мерзімде олардың 43-і нақты орындалып, 29 тұрақты бақылауға алынып, алдағы жылдың жұмыс жоспарына енгізілді.
Өткен 2015 жылы облыс әкімінің 128 хаттамалық тапсырмасы берілген. Оның 85-і нақты орындалып, 36-ы тұрақты бақылауға алынып тиісті жұмыстар атқарылуда.
Аудан әкімдігінің 31 мәжілісі өткізіліп, онда ауданның әлеметтік экономикалық дамуы мен халықтың жағдайына және жер мәселелеріне қатысты 507 қаулылар қабылданды.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 18 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы