Галерея

Жаңалықтар arrow Әкімнің сөздері мен мақал-ары arrow Аудан әкімі М.Ш.Исаевтың қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жиындағы сөзінің тезистері (28.10.2015 жыл)
Аудан әкімі М.Ш.Исаевтың қазақ хандығының 550 жылдығына арналған жиындағы сөзінің тезистері (28.10.2015 жыл) Баспаға басу

                              Құрметті көпшілік!                                     
Қадірменді жерлестер!


Баршаңызды Қазақ хандығының 550 жылдық мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Елбасы, Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаев «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты халыққа Жолдауында», «2015 жылды ұлттық тарихымызды ұлықтау, бүгінгі белестерімізді бағалау тұрғысынан мерейлі белестер жылы» деп, «Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ұлы Жеңістің 70 жылдығын, Конституциямыздың 20 жылдығын, Қазақ хандығының 550 жылдығын» ерекше атап өткен болатын.
Осыған орай, мемлекетіміз үшін маңызды, даталы күнді бүкілхалық болып атап өту үшін, ҚР Үкіметінің 31 желтоқсан, 2014 жылы «2015 жыл қазақ хандығының 550-жылдығын дайындау және өткізу туралы» қаулысы шықты.
Қазақ хандығының 550 жылдығы – ел өміріндегі аса ірі тарихи оқиға, Қазақстан халқының мерейлі мерекесі.
Бүкіл елімізде, Қазақ мемлекеттігінің 550-жылдығын мерекелеу аясында көптеген ауқымды іс-шаралар, оның ішінде халықаралық ғылыми конференциялар, тарихи жерлерге экспедициялар ұйымдастырылды. Қазақ хандығының 550 жылдығын мерекелеу еліміздің мерейін асырып, абыройын асқақтатты. Нұрлы шуағын төккен мереке халқымыздың беделін биік белестерге көтерді. Астанадан бастау алған ұлы той ежелгі тарихи қала Таразда жалғасын тапты. Түрлі мәні мен маңызы бар шаралар өткізілді. Дүбірлі тойды алыс жақын шетелдерден келген қонақтар, отандастарымыз тамашалады. Тарихи мәні бар шарадан бүкіл халық ой түйді.
Тарихи деректер бойынша, 1465 жылы Қозыбасы тауының етегінде тарихи оқиға болып, Керей мен Жәнібек хандар Шу мен Таластың арасында Қазақ хандығының шаңырағын көтерді. Алты Алаш анттасып, айрылмасқа сөз байласып, Ұлытауға таңбаларын қашап жазды. Осылайша, тарих сахнасына Қазақ деген халық шығып, ұланғайыр өлке Қазақ жері деп атала бастады. Одан соң қасқа жолды Қасым хан хандықтың іргесін бекітіп, керегесін керді. Хақназар хан шекарасын Еділдің бойына дейін кеңейтсе, Тәуекел хан Түркістан өлкесін түгелдей Қазақ хандығына қаратты.   
Ия, біз XV ғасырдың ортасында қазіргі  республикамыздың шегінде Қазақ Ордасы аталатын айбынды мемлекет құрдық. Бұл қуатты ұлыс бірнеше ғасыр бойы кең даланы еркін жайлап, өзгеше тұрпатты, озық мәдениет жасады. Елімізді, жерімізді еркін сақтап тұрды, ешкімге кеудесін бастырған жоқ. Нәтижесінде осыншама бай, ұлан-байтақ жерді иеленді, өзіне лайық ұрпақ өсірді. 
Асылы, Қазақ тарихы мен хандар шежіресі айтылғанда Созақты аттап өте алмаймыз.  Жалпы Қазақ тарихында, Созақ өңірі де ерекше аталады.
Қазақ хандығының қалыптасып, нығайып, ел болуына тірек болған шаһарлардың ішінде Созақ шаһарының орны ерекше болғанына дәлел-дерек жетерлік.

Атақты ғұлама ғалым Әлкей Марғұланның еңбектеріне сүйенсек, Қарт Қаратаудың бөктерінде орналасқан, көне Созақ қамалы қазақ хандығының тірегі, стратегиялық тұғыры болған.
Халқымыздың «Рух сардары» атанған дуа­лы ауыз қайраткері, марқұм Өзбекәлі Жә­нібеков 1994 жылы Созаққа арнайы кел­ген сапарында «Тарихи болжамдарға қа­ра­ғанда, қазақ хандарының Созақта қа­бірлері болуы керек» деген пікірін айтып, де­рек көздерін жинауға кеңес беріпті. Мұның өзі Қазақ тарихында Созақтың ойып тұрып орын алар маңызын көрсетсе керек. Осындай тарихи деректерді негізге ала отырып, аудан орталығындағы Жастар саябағында Керей мен Жәнібек хандарға арналған еңселі монумент орнатылып, Созақ ауылында Ақназар ханға ескерткіш қойылды. Бүгінде бұл саябақ тек демалыс орны ғана емес жастардың патриоттық шараларда бас қостатын мекеніне айналып отыр.
Күні кеше, бүкіл ел болып тойлаған Қазақ хандығының 550 жылдығы мерекесі, Созақ ауданында да жалғасын тауып жатыр. Мереке аясында, ауылдар мен елді мекендерде мәдени шаралар, спорттың түр түрінен жарыстар, мектептерде тәрбие сағаттары өттсе, «Теріскей таланттары», «Мәдинетім мерейім» атты мәдени өнер фестивальдері ұйымдастырылды.
Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына орай, құрамында зиялы қауым, жастар мен ардагерлер, бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін қамтыған, тарихты зерделеуді мақсат тұтқан топ жасақталып, аудан орталығында орналасқан Керей мен Жәнібек ханның ескерткішінен бастау алған танымдық экспедиция ұйымдастырылды. 26 қазан күні басталған экспедиция, «Хан мазарына», «Ақназар» ханның ескерткішіне, Ақбикеш мұнарасына сапар шегіп, Таңбала тасқа дейін барды. Мән зор шара, өскелең ұрпақ бойына патриоттықты сіңіріп, тарихымызды тануға зор ықпал ететіні сөзсіз. Міне бүгін, жыл бойы мереке аясында өткен,  тұтас еліміз тойлаған, «Ұла Дала елі» атты Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойын қортындылап отырмыз.
Заманының заңғар тұлғасы Абылай хан: «Үш арманым бар еді. Біріншісі, елімді бейбіт өмірге жеткізсем деп едім, қан көп төгілді. Екіншісі, халқым қала, кент сала алмадым. Үшіншісі, елдің басын біріктіре алмадым», – деген екен.
Бұл күндері Абылайдың асқақ армандарының жүзеге асқандығының куәсі болып отырмыз. Тәуелсіздік алған жылдары ешқандай саяси келіспеушілік, ұлтаралық қақтығыстар орын алған жоқ. 130-дан астам ұлт өкілдері бір шаңырақтың астында тату – тәтті өмір сүруде. Елімізде, Қазақстан Халқы Ассамблеясы бірлік пен ынтымақта жұмыс жасап келеді. Бұл ұйымның құрылғанына 20 жыл толу мерейтойы кең көлемде тойланды. Сондай-ақ Қазақстан Республикасының Конституциясының 20 жылдығы да мемлекеттік деңгейде аталып өтті. Ата Заңның аясында халық еркіндіктің, тәуелсіздіктің шуағына бөленуде. Қазақ мелекеттігінің гүлденуі тәуелсіздің алған жылдардан бастап нығая түсті. Абылай хан армандаған Ұлы Мақсат іске асып, Сарыарқаның төрінен Астана қаласы бой көтеріп, жыл сайын гүлденіп ажарына ажар қосуда. Шын мәнінде ата бабаларымыз аңсаған, ізгі мақсаттарды тұңғыш Президентіміз Н.Ә. Назарбаевтың сарбдал саясатының арқасында түгелдей орындалды.
Сонау Қасым хан  негіздеген «Қасым ханның қасқа жолы», «Есімханның ескі жолы» мен Елбасы салған сындарлы сара жолымен жүріп келе жатқан еліміз, «Қазақстан – 2030 стратегиясының» мерзімінен бұрын орындады. Алдымызға «Қазақстан-2050» стратегиясы қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ұзақмерзімді бағдарлама қабылдадық.
2010 жылы Европалық Қауіпсіздік және Ынтымықтастық Ұйымына төрағалық етуі, Әлемдік діндер ұйымының конференциясының өтілуі, 2011 жылы Қысқы Азияда ойындарының өтілуі, ЕXPO-2017 көрмесінің ұтып алуы бұл қазақ халқының дүние жүзі алдындағы бірлігі жарасқан, толерантты мемлекет екенін  дәлелдеді.  
Бүгінде, Жаңа Экономикалық Саясат пен инфрақұрылымдық дамудың негізі болып табылатын бес институционалдық реформа «100 нақты қадам» - Ұлт жоспары жүзеге асыруды бастадық. Қазақстанның қай түкпіріне барсақ та, қалаларымыз бен ауылдарымыз жарқырап, жайнап тұр. Даламыз жайқалған егінге толып, еліміз жасыл баққа айналды, жолдар жөнделіп, әсем ғимараттар салынды.  
Қазақты өзге ұлттан даралайтын – оның тілі мен мәдениеті, руханияты. Еліміз егемендігін алғаннан кейін  жағдайдың қиындығына қарамастан тағдырдың жазуымен дүниенің төрт бұрышына тарыдай шашылып кеткен миллионнан астам қандастарымызды атамекенге қайтарып алып келдік. Бабалар тарихына қатысты дүние жүзінің архивтерінде шаң басқан тарихи құжаттарды алдырып, том-том кітаптар мен оқулықтар шығарып, ата тарихтың ақиқатын түгендедік.
Күні кеше, БҰҰ 70-ші сессиясында  Елбасы  Қазақ тілінде баяндама жасады. Әлемнің, беделді бұқаралық ақпарат құралдары арқылы қазақ тілін дүниежүзі халқына паш етті. Бұл сөзсіз Президентіміздің Қазақ хандығының 550 жылдығына жасаған айрықша тартуы болды.
Бүгінде, «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауын басшылыққа алып, Созақ ауданында жүйелі жұмыстар атқарып келеді.  Үстіміздегі жылдың тоғыз айдың қортындысы бойынша, ауданымыздың әлеуметтік-экономикалық жағдайы жақсарып, халықтың әлеуеті одан әрі арта түсуде.
Ауданда, тәуелсіздік жылдарында бюджет қаржысына 18 мектеп, 24  денсаулық сақтау нысанын, тағы 6 балабақша салып, 11 ынғайластырылған балабақшаны пайдалануға берілді. Аудан бюджетінің кірістері 63 млн теңгеден 7,031,0 млрд теңгеге өсті. Халықтың табысы 161,168 мың теңгені құрап, орташа өмір ұзақтығы 72 жасқа жетті.
Халықтың басым бөлігі жұмыспен қамтылды. Көшелер жарықтандырылып, асфальттар төселді, көз тартатын көрнекті ғимараттар салынды.  Созақ ауданы мал шаруашылығымен ғана шектелмей, өндірісі өркен жайған еліміздегі алыңғы қатарлы өнеркәсіпті-аграрлы ауданға айналды.
Облыста алғашқылардың бірі болып индустриялды аймақты іске қостық. Халқымыздың кең пейіл ниетіне орай, Алланың берген жер асты байлығын игеруде, шетелден инвесторлар тартудамыз. Кеңес одағындағы тұсында ең артта қалған аймақ атанған аудан, бүгінде донорлық өңірге айналды.  Ауданымызды дамыту, халықтың әл ауқатын жақсарту бағытында ауылдар мен елді мекендерді аралап, көпшіліктің мұң мұқтажын тыңдап алдымызға үлкен мақсаттар қойдық. Соның нәтижесінде үш жылдық даму бағдарламасын қабылдадық. Мұның бәрі осында отырған сіздер мен аудан халқының бірлігінің  арқасында болғаны сөзсіз.
Құрметті аудан тұрғындары!
«Егемен болмай ел болмас» дегендей, біз азаттық жылдарында шын мәнінде ұлы жолдан өттік. Тәуелсіздік кезеңі – біз үшін ғасырлар жүгін арқалаған ғаламат кезең. Кезінде Керей мен Жәнібекке ілесіп шыққан халықтың ұзын саны 200 мың шамасында болса, бүгінгі күні сол қазақтың қатары жер жүзінде 15 миллионнан асып жығылды.
Ата бабамыз аманат еткен Ұлы Даламыз Алтай мен Атыраудың, Сыр мен Тобыл бойын жайлап, Ұлы мақсаттар қойып, Мәңгілік Ел болуды мұрат еттік.
Бізбен сіз куә болып отырған қазіргі кезде  Қазақстан тарихының жаңа беті ашылды. Біз дамудың даңғылына тың қарқынмен аяқ бастық. 
Дана халқымыздың «Береке басы - бірлікте» деген сөзі бар. «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып» алдымызда тұрған мақсаттар мен міндеттерді орындау жолында бірлесе жұмыс атқарайық, қадірлі аудан тұрғындары!
Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 12 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы