Галерея

Жаңалықтар arrow Әкімнің сөздері мен мақал-ары arrow Аудан әкімі М.Ш.Исаевтың 2015 жылдың 6 айының қорытындысымен аудандық мәслихаттағы есебінің тезистері. 22.07.2015 жыл
Аудан әкімі М.Ш.Исаевтың 2015 жылдың 6 айының қорытындысымен аудандық мәслихаттағы есебінің тезистері. 22.07.2015 жыл Баспаға басу

Құрметті депутаттар!
Құрметті актив!

Аудан әкімдігі Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Қазақстан халқына Жолдауын, 5 халықтық реформа мен оны іске асыруға бағытталған «100 нақты қадам» жоспарына сай бірқатар шараларды іске асырды. Ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуының               3 жылдық бағдарламасы жасалды.
БЮДЖЕТ САЛАСЫ
Есепті мерзімде жалпы бюджет кірістері 22 млрд 621 млн 125 мың теңгені құрап, жоспар 124 пайызға, оның ішінде контингент 5 млрд 839 млн 920 мың теңгеге немесе 121пайызға, жергілікті бюджет 4 млрд 513 млн 133 мың теңгеге немесе 129 пайызға орындалды.  
Жалпы бюджет кірістері өткен 2014 жылғы кезеңмен салыстырғанда -3 млрд 33 млн 186 мың теңгеге (115%), оның ішінде контингент 2млрд 374 млн 244 мың теңгеге (169%), жергілікті бюджет 1 млрд 415 млн 697мың теңгеге  (146%) артып отыр.
Бюджеттің шығыс бөлігінің 4 млрд 888 млн 188 мың теңге болып, жоспары 99,1 пайыз игерілді. Игерілмеген қаржының 38 млн 379 мың теңгесі объективті, 3 млн 780 мың теңгесі субъективті себептермен орын алып отыр.
Ауданда орташа еңбекақы көлемі 156 мың 633 теңгені құрады.  
Есепті мерзімде 1 млрд 267 млн 130 мың теңгенің мемлекеттік сатып алу конкурстары өткізіліп, нәтижесімен бюджеттің 9 млн 945 мың теңге қаржысы үнемделді.
ИНВЕСТИЦИЯ ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП
Үстіміздегі жылдың өткен 6 айында аудан экономикасына 11 млрд 303 млн теңгенің инвестициясы тартылып, нақты көлем индексі 62,3 пайызды құрады.
Жасалған ұзақ мерзімді инвестициялық жобалардың нәтижесінде есепті мерзімде тауарлы өнім өндіру көлемі 87 млрд 978 млн теңгені құрап, 2014 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 111,5 пайызға немесе  9 млрд 39 млн теңгеге артты. Оның ішінде өндіріс саласының өнімі 84 млрд 495 млн теңге, ауыл шаруашылық саласы бойынша өндірілген өнім 3 млрд 483 млн теңге болып отыр.
2015 жылы Ауданның индустриялды аймағына 2 жоба енгізілді. Бұл жобалар алдағы уақытта индустрияландыру картасына ұсынылатын болады. Атап көрсетсек:

  1. «Сырлы Созақ» ЖШС «Пластмас қалдықтарынан шикізат өндіру және  полителин трубаларын шығару зауыты» жобасы. Жоба құны 222,9 млн теңге. Жобаның қуаттылығы 80 пог.м/сағ. Жоба іске қосылса 50 адам жұмысқа тартылатын болады.  
  2. «Қызылорда Шаңырақ Сервис» ЖШС «Керамикалық кірпіш шығару зауыты» жобасы. Жобаның құны 105 млн теңге. Жобаның қуаттылығы 3 млн дана/жылына. Жоба іске қосылса 10 адам жұмысқа тартылатын болады. 

Қазіргі таңда екі жобаның құрылыс жұмыстары басталды4.
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ
Ауыл шаруашылығы саласында бірқатар жобалар іске асырылуда.         
Ауданда 584 агроқұрылымдар тіркеліп жұмыс жасауда. Оның 569-ы шаруа қожалықтар, 4-і ірі өндірістік кооперативтер және 11-і жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер.
Өткен 6 айда аграрлық секторда жалпы 3 млрд 483 млн теңгенің өнімі өндірілді. Бұл өткен 2014 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 108,6 пайызға өскен. Төрт түлік мал басы тұрақты өсіп келеді. Өткен 2014 жылмен салыстырғанда ірі-қара (26 020 бас) 112 пайызға, қой (229 064 бас) 101,2 пайызға, түйе (10 815 бас) 107,7 пайызға, жылқы (11 246 бас) 115,6 пайызға жетті.
Есепті мерзімде 5634 тн ет, 7076 тн сүт, 1359 мың дана жұмыртқа өндірілді. Бұл өткен 2014 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда ет 102 пайызға, сүт 101 пайзға артқан.
Облыс әкімі А.Мырзахметовтың мал шаруашылығын дамыту тапсырмасына сәйкес ауданда нақты бағдарлама жасалынды. Бағдарламаға сәйкес несиелік ұйымдар арқылы барлығы 55,9 млн теңге жеңілдетілген несиелер алынды.
Сондай-ақ, облыста мал шаруашылығы дамытудың 2014-2016 жылдарға арналған іс-шара жоспарына сай биылғы жылы 100 мал бордақылау алаңы салыну қажет болса, 49-ы (49%) ашылды. Сонымен қатар, 15 шағын жанұялық сүт фермасын ашу көзделсе, бұл тапсырма толығымен орындалды.
«Сыбаға» бағдарламасы бойынша 2000 бас мүйізді ірі-қара малын тұқымдық түрлендіру тапсырмасы болған. Бүгінгі таңда 1031 басқа (51,6%) орындалып отыр. «Алтын асық», «Құлан» бағдарламалары да жыл соңына дейін толығымен орындалады деп күтілуде.
Ветеринариялық жұмыстар бойынша эпизоотиялық қалыпты жағдайды қамтамасыз ету мақсатында үстіміздегі жылы республикалық бюджеттен бөлінген 88 млн 436 мың теңге егу, емдеу, қан сынамаларын алу және тасымалдау жұмыстары жүргізілуде. Есепті мерзімде жоспарланған 52 млн 654 мың теңге қаржы толығымен игерілді. Оның ішінде,  бруцеллез ауруына байланысты 13 262 бас мүйізді ірі-қара, 98 548 бас майда мал тексеріліп, 1 бас мүйізді ірі-қара, 114 бас майда мал анықталып, толығымен жойылды.
Көктемгі мезгілде Конго қырым қанды қызбасының алдын алу шараларына аудандық бюджеттен бөлінген 8 млн 541 мың теңге қаржыға 37 850 бас мүйізді ірі-қара малын бүрку, 253 307 бас майда малды тоғыту, 1 927 800 шаршы метр үй іргелік қора-жайларды кенеге қарсы дезинсекциялау жұмыстары атқарылды.
Ауданда үш жақты келісімге сай 12 020 га егістік егу тапсырмасы 12 163 га яғни 102 пайызға орындалды.
Аудан бойынша пайдаланудағы суармалы жер көлемі 4 900 га болса, биыл 5 100 гектарға жеткізілді. Тоғандарды, каналдарды қалпына келтіру арқылы суармалы егістік көлемі көбейтіле беретін болады.Өздеріңізге белгілі, үстіміздегі жылы «Біресек» тоғынын салуға облыстық бюджеттен 189,5 млн теңге қаржы бөлініп, құрылыс жұмыстары басталды. Құрылыс жұмыстары толық аяқталған соң, Біресек каналының суы өзіне бекітілген  1000 га суармалы егістік жерлерді толығымен қамтамасыз ететін болады. 
Биылғы жылы шаруалар  268 га жерге бидай, 1073 га жерге арпа, 642 га жерге жүгері, 459 га жерге мақсары,  2 400 га жерге жоңышқа, 332 га жерге көкөніс, 290 га жерге бақша өнімдерін, 310 га жерге картоп, барлығы 12 163 га жерге егіс егіп, Үкімет тарапынан 44 млн 500 мың теңгенің субсидиясын алатын болады. (2014 жылы-30 млн тг)
Бағдарламаға сәйкес 250 га жерге тамшылатып суару әдісін енгізу қажет болса, есепті мерзімде 130-га (52%) жерге енгізілді.
Аудан бойынша 2011-2015 жылдары аралығында пайдаланылмай жатқан 137 371 га ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің иелерімен түсінік жұмыстарын жүргізу арқылы мемлекетке қайтарып алу туралы өтініштері алынып, иесіз мүлік ретінде аудандық Әділет басқармасына тіркелген және мерзімі келген 102 290 га сотқа жолданып, 80 658 га мемлекетке қайтарылды. 26 504 га сот ұйғарымымен және меншік иелерінің өтініштеріне сәйкес иеліктерінде қалдырылды. 1129 га сот қарауына.
Жайылымдарды суландыру. Ауданда қазіргі таңда 850 мың га сумен қамтылған жайылым бар. Жалпы 211 құдық болса, биыл қосымша 28 құдық қазылып, пайдалануға берілді. Оның ішінде 2-і инвестициялық субсидия арқылы қазылды.
Есепті мерзімде жоспар бойынша мал қыстатуға қажетті 133 мың тонна мал азығының 78 107 тоннасы (59%) дайындалды. Биылғы жылы ауданның негізгі мал азығын дайындайтын шу өңіріндегі Шу өзенінен 2,5 млн м3 су келіп, Шу ауылдық округі аумағындағы 2500 га шабындыққа  жайылды. Дегенмен, тасталатын су мөлшері жылдағыдан тіптен аз. Сол себептен Шу өзені бойынан мал азығына қажетті шөпті дайындау мүмкіндігі шектеулі, мардымсыз болып отыр.
Сондықтан, Шу өзенінің суын жылдағы мөлшерден молайту үшін  облыс әкімінің алдына мәселе етіп қойғалы отырмыз.
КӘСІПКЕРЛІК  САЛАСЫ
Қазақстан Республикасы Президентінің тапсырмасы бойынша шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға үлкен мән берілуіне байланысты бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі артып, тауарлардың, көрсетілетін қызметтердің сапасы жақсаруда.
Аудан бойынша 8540 адам жұмыс істейтін 2915 шағын және орта кәсіпкерлік субьектілері жұмыс жасауда. Бұл өткен 2014 жылдың есепті кезеңімен салыстырғанда 266 кәсіпкерлік субьектіге артып, барлығы 5 млн 545 мың теңгенің жұмысы мен қызметтері атқарылды. Нәтижесінде бюджетке төлем көлемі 399 мың теңгені құрап, өткен 2014 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 389 мың теңгеге немесе 108 пайызға өсті.
Биылғы жылы шағын кәсіпкерлікті дамыту мақсатында екінші дәрежелі банктер және несие беру ұйымдары арқылы 1 млрд. 123 млн 212 мың теңге жеңілдетілген несие алынды.
ӘЛЕУМЕТТІК  САЛА
Халықтың әл-ауқатын арттыру мәселесі аудан әкімдігінің басым бағыттарының бірі болып қала береді.
Жұмыс орындарының мүмкіндігінше қысқармауына және  нарық сұраныстарына сәйкес мамандармен қамтамасыз ету жүиелі қолға алынуда.
Халықты жұмыспен қамтамасыз етудің 2015 жылға арналған кешенді жоспарына сәйкес,  жыл басынан бері 639 жаңа жұмыс орындары ашылды. Оның ішінде 19-ы ауыл шаруашылығы, 327-сі  құрылыс және коммуникация, 213-і мемлекеттік салалық бағдарламалар, 46-сы білім,   7-і мәдениет, 25-і «Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша және  2-і басқа да салаларға тиесілі болып отыр.
Аудандағы тіркеуде тұрған жұмыссыздар саны  өткен жылы 398 болса, есепті мерзімде 295 адам болып,  жұмыссыздық деңгейі 4,6 пайызды құрады.
«Жұмыспен қамту 2020 жол картасы» бағдарламасы бойынша                 2015 жылға 1435 адамды бағдарламаға қатыстыру көзделіп,есепті мерзімде 828 адам қатыстырылды.Оның ішінде 249 адам (30,1 %) – өз бетінше жұмыспен айналысушылар, 579 адам (69,9 %) – жұмыссыздар. 
Бағдарламаның бірінші бағыты   «Инфрақұрылым мен тұрғын үй-коммуналдық шаруашылықты дамыту арқылы жұмыспен қамтамасыз ету» болса бұл бағытқа 2015 жылға жобалар қаралмаған.
Ал екінші  бағыты «Ауылдағы кәсіпкерлікті дамыту арқылы жұмыспен қамту» бойынша  2013-2014 жылы кәсіпкерліктің негіздерін оқып, сертификат алған жұмыссыздар  мен  өздігінше  жұмыспен  қамтылғандардан 44 азаматтың құжаттары несие алуға дайындалып, одан                    19 азамат  53,0 млн. теңге несиемен қамтылды .  2015 жылға кәсіпкерліктің негіздерін оқытуға 13 азаматты жолдау жоспарланып, 13 азамат кәсіпкерліктің негіздерін оқып,  арнайы сертификатпен қамтылды.
Үшінші бағыт «Оқыту және көшіру арқылы жұмыспен қамту» бойынша 761 азамат тұрақты жұмыспен қамтылу жоспарланып. Бүгінгі   күні  432 азамат   тұрақты  жұмыспен  қамтылды. /жылдық  жоспардың  орындалуы  56,8 %/
Жастар практикасына жоғары және кәсіби, техникалық оқу орындарын бітіруші түлектерден жыл  ішінде 31  жұмыссыз   азаматты жолдау жоспарланып, есепті мерзімге 22 азамат жастар практикасына жолданды. Әлеуметтік жұмыс орындарына 25 азаматты жолдау  жоспарланса, бұл бағытта  28 жұмыссыз азамат  жолданған.
Кәсіби даярлауға 2011-2014 жылдары жолданған 120 азаматтан                  6 азаматдиплом алып, тұрақты жұмыспен қамтылды.

БІЛІМ  САЛАСЫ
Биылғы жылы саланы қаржыландыруға аудандық бюджеттен 4  млрд 626 млн 529 мың теңге қаржы бөлінді.
Бір оқушыға кететін шығын 84 мың теңгені құрап, өткен 2014 жылдың 6 айымен салыстырғанда 35 мың теңгеге артты. 

Бүгінгі күнге ауданда 35 мектептің 23 типтік ғимараттарға орналастырылған.
Мектептердің материалдық-техникалық базасы жыл сайын заманауи техникалармен жабдықталуда. Есепті мерзімде аудан мектептерінің 19-ы физика, 17-і химия, 19-ы биология кабинеттерімен жабдықталған болса, мектептердің 22-і мультимедия-лингофон кабинетімен, 5 мектепке интерактивті тақталар қойылған.  Аудандағы 35 мектеп 100 пайыз интернет жүйесіне қосылып, 100 пайыз компьютерлендірілген. Бір компьютерге                 14 баладан келеді.
Білім беру мекемелеріне күрделі жөндеу (Қ.Сәтбаев мектеп гимназиясы) жұмыстарына 34 млн 468 мың теңге, «Созақ» мектеп-гимназиясы жанындағы интернат жайы мен жылу жүйесіне 31 млн теңге, Т.Әлімқұлов атындағы мектеп-интернатының жылу жүйесіне 2 млн 840 мың теңге, «Жас туристер» станциясының ғимаратына 10 млн 357 мың теңге қаржы аудандық бюджеттен бөлініп,  барлығы 84 млн 884 мың теңгеге ағымдағы жөндеу  жұмыстары жүргізілуде.   
«Балапан» мемлекеттік бағдарламасын іске асыру мақсатында аудандағы  3-6 жас аралығындағы 3901 баланың 2941-і (74,4%) қамтылып отыр. Жыл соңына дейін толық қамту мақсатында Көктөбе елді мекеніндегі «Суындық» жалы орта мектебі жанынан 25 орындық, Шаға елді мекеніндегі  С.Бақбергенов атындағы жалпы орта мектебі жанынан 25 орындық, Тасты ауылынан 50 орындық, Құмкент ауылынан 75 орындық жекеменшік балабақша, Жуантөбе ауылындағы «Ақбота» балабақшасына қосымша 25 балалық топ ашып, мектептерінің ескі ғимараттарын балабақшаға бәсекелестік ортаға беру үшін конкурстар ұйымдастырып барлығы 225 баланы қамтып жалпы көрсеткішті 3166 балаға арттырып, жыл соңына дейін балабақшамен қамту пайызын 81,1 пайызға орындау көзделуде.
Биылғы жылғы ҰБТ нәтижесі өткен жылдарға қарағанда жоғары көрсеткішке ие болды. Аудан мектептерін бітірген 613 түлектің 386сы ҰБТ тапсырып,  нәтижесінде аудан көрсеткіші 86 балл болып, конкурстық балл 73,20-ы құрады. 100 балдан асқан оқушылар саны 78 болса, 7-і оқушы шекті дейгейден (50 балдан) төмен балл алды. 16 оқушы «Алтын белгі»,              2 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды.
Ауданда есепті мерзімде жалпыға бірдей міндетті орта білім қорының 6 айға қаралған шығындары  84 млн 379 мың теңге толығымен игерілді. Осының нәтижесінде оқушыларды ыстық тамақпен қамтамасыз ету ісі 35 мектепте ұйымдастырылып, барлығы 9439 оқушыға, оның ішінде аз қамтамасыз етілген отбасыларынан шыққан 2859 оқушы 100 пайыз ыстық тамақпен тегін қамтамасыз етілді. 
Аудан мектептеріндегі оқушылардың 98 пайызы оқулықтарды қайтару негізінде мектеп кітапханалары арқылы пайдаланса, 2 пайызы ата-аналар есебінен қамтамасыз етілген. Бұл мақсатқа аудандық бюджеттен 63 млн 426 мың теңге қаржы бөлінген.
Балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мақсатында Түлкібас ауданы «Машат» шатқалындағы «Б.Саттарханов» атындағы жазғы сауықтыру лагерінде 1400 баланы демалдыру жоспарланса, қазіргі таңда төрт аусымда 1000 бала демалып, 5 аусымда 400 бала демалатын болады.
Мұғалімдердің еңбек ақылары мен жазғы демалыс ақылары 1 млрд 943 млн 450  мың теңгені құрап, толығымен төленді.

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ
Саланы қаржыландыруға облыстық бюджеттен 630 млн 644 мың теңге немесе былтырғы 2014 жылмен  салыстырғанда 55 млн 333 мың теңге қаржы артық қаралған. Оның ішінде медициналық құрал жабдықтар (жылжымалы Рентген автокөлігін)   алуға  45 млн теңге жоспарланған.
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 157 семинар сабақтар өткізіліп, 53 514 теңгеге ақпараттық білім беру материалдары таратылған.  
Есепті мерзімде 606 бала туылып, олардан 3 бала шетінеген. Өткен 2014 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда туылған бала саны 217-ге кемігенімен, бала өлімі 3 оқиғаға азайып отыр. (2014жылдың 6 айы 11 бала). Яғни 1000 балаға шаққандағы өлім көрсеткші 4,9 ға кеміп отыр. Босану кезіндегі  ана өлімінің фактісі орын алмаған.  
Өткен 2014 жылдың есепті мерзімімен салыстырғанда 2 сары ауру  (2014ж -2),  8 сарып ауруы  (2014ж -8), 11 өкпе аурулары  (2014ж -11) болып былтырғы жылдың деңгейінде қалып отыр.
Білікті жас маман кадрларды әлеуметтік қорғау мақсатында  облыстық бюджеттен 2015 жылға 4 млн 226 мың теңге қаралып, 2 млн 113 мың теңгесі игерілген.

ҚҰРЫЛЫС, КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ
Ауданда құрылыс-монтаждау жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Республикалық бюджет есебінен барлығы 513 млн 550 мың теңгеге Созақ ауылындағы 600 орындық Науайы атындағы жалпы орта мектебінің құрылысы жүргізілуде.   Бүгінгі таңда аталған қаржының 443 млн 172 мың теңгесі немесе биылғы жылға қаралған қаржы көлемінің 86,2 пайызы игеріліп отыр.
Облыстық бюджеттен өзара қаржыландыру есебінен барлығы 521 млн 407 мың теңгенің, оның ішінде: Көктөбе елді мекеніндегі 200 орындық Суындық жалпы орта мектебі, Шаға елді мекеніндегі 150 орындық С.Бақбергенов атындағы жалпы орта мектебі, Шолаққорған ауылының орталығында Кәсіпкерлік мектептері пайдалануға берілсе, Аққолтық елді мекеніндегі  Ш.Уәлиханов  атындағы жалпы орта мектебінің құрылысы басталды.  
Аудандық бюджет есебінен барлығы 521 млн 34 мың теңгеге Абай елді мекеніндегі  А.Иманов жалпы орта мектебі, Шолаққорған ауылы Наурыз мөлтекауданына инфрақұрылым (156 млн 546 мың) құрылысы, 431 млн 297 мың теңгеге «ҚазТрансОйл» АҚ-ның демеушілігімен   Шолаққорған ауылындағы 280 орындық балабақша құрылыстары жүргізілуде.
«Қол жетімді тұрғын үй» мемлекеттік бағдарламасы бойынша 2 пәтерлі 10 тұрғын үйдің және 1 пәтерлі 50 тұрғын үйдің ЖСҚ-лары дайын.
«Таза су», «Ақбұлақ» мемлекеттік бағдарламалары бойынша  ауданда   19 елді мекенде ауыз су құбыры жүргізілген.  Оның 11 елді мекенінде ауыз су құбыры «Таза су » бағдарламасы аясында жүргізілген. Олар Шолаққорған, Теріскей, Созақ, Шақырық, Сызған, Қозмолдақ, Қарақұр, Қаратау, Жартытөбе, Аққолтық, Жыныс (Жыныс елді мекені Таукент кентіне қосылған), қалған 7 елді мекенде ауыз су құбыры «Ақбұлақ» бағдарламасының 2011-2015 жылдар аралығындағы І-кезеңінде жүргізілді, олар: Ыбырай, Бабата, Жуантөбе, Құмкент-Қызылкөл-Қызылқанат, Жеткіншек және Жыныс елді мекенінің 2-3 кезегі  (Жыныс елді мекені Таукент кентіне қосылған). 2014 жылдан бастап ауданда ауыз су құбыры құрылысы жер асты суы қорларына зерттеу жұмыстарының жүргізілуіне байланысты тоқтап тұр.  
Қазіргі таңда аудан бойынша орталықтандырылған ауыз су құбырына 4 елді мекен (Тасты, Қылти, Шу, Тайқоңыр) қосылады деп жоспарлануда. 2015 жылдың қорытындысымен 38 елді мекеннің 23-де ауыз су құбыры жүргізіліп, 60753 тұрғынның 44971-і орталықтандырылған ауыз су құбырынан суды пайдаланатын болады, бұл аудан тұрғындарының 74 пайызын құрайды. 23 елді мекеннің 15-де ауыз су тәулігіне 24 сағат берілуде болса, ағымдағы жылдың қараша айына дейін аудан орталығы Шолаққорған ауылына және Теріскей елді мекеніне тәулігіне 24 сағат ауыз су берілетін болады.
Ағымдағы жылы жер асты суы қоры бекітілетін 6 елді мекенге (Ақсүмбе, Көктөбе, Қайнар, Шаға, Раң, Абай) СЖТ жасалынып, 2016 жылға ЖСҚ дайындауға қаржы қарау жоспарлануда. Жер асты сулары қорының 2015-2017 жылдарға арналған бағдарламасына сәйкес Созақ ауданы бойынша Басбұлақ, Қарабұлақ,  Балдысу,   Сарыжаз елді мекендерінде жер асты суларына зерттеу жұмыстары жүргізілетін болады.
Аталған елді мекендерде ауыз су құбыры жүргізілгеннен кейін ауданның 50192 тұрғыны орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізеді, яғни аудан бойынша  тұрғындардың 83 пайызын құрайтын болады. 
Сонымен қатар облыс бойынша ауыз су құбыры реконструкция жұмыстарын қажет ететін 191 елді мекендер тізіміне аудан бойынша Шолаққорған, Теріскей, Созақ, Шақырық, Қарақұр елді мекендері енгізілген. Бұл елді мекендерде реконструкция жұмыстары жүргізілген кезде, аудан тұрғындарының 99 пайызы орталықтандырылған ауыз суға қол жеткізетін болады.
Шолаққорған ауылында 24 сағат ауыз су беру мақсатында жергілікті бюджеттен 46 млн теңге бөлініп, оған 1283 дана су құдықшалары, 1283 су есептегіш құралдары  алынып орнату жұмыстары жүргізілуде.
Аудандық бюджеттен 420 млн 498 мың теңге бөлініп,  Шолаққорған -Түркістан айналма жолына 225 млн 429 мың теңге (4,62 шақырым), Ә.Молдағұлова атындағы жалпы орта мектебіне баратын аяқ жол салуға 28 млн 711 мың теңге (1,5 шақырым), Жартытөбе, Сызған,Созақ, Шолаққорған  ауылдарынан 5 көшеге орташа жөндеуге 156 млн 358 мың теңге қаралып жұмыстар атқарылуда. (6,9 шақырым)
Жыл соңына дейін   аудандық бюджет қаражаты есебінен 420 млн 498 мың теңгенің құрылыс жұмыстары жүргізілетін болады.
Аудандағы барлық бюджеттік мекемелерге 2015 -2016 жылдардағы жылу беру маусымына 12 570 тонна қатты отын, 835 976 литр сұйық отын қажет болса, қазіргі таңда қатты отыннан 6212 тонна, 239 632 литр сұйық отын алынған.
МӘДЕНИЕТ САЛАСЫ
Мәдени ошақтардың халыққа қызмет сапасы артып келеді. Қажеттілікке қарай қаржыландырылып, кітап қоры молайтылуда. Мемлекеттік тілдің  құжат айналымы барысында қолданылуы қатаң бақылауға алынып, семинарлар ұйымдастырылып, тиісті шаралар қабылдануда.
Жыл басынан бері 264 түрлі мәдени көпшілік іс шаралар өткізілді.
Жылдағы дәстүрмен «Теріскей таланттары-2015» байқауы сәуір айында 8 жанр бойынша  өткізіліп жеңімпаздар марапатталды. Сондай-ақ, облыс орталығында Созақ ауданының 200-ге жуық көркем өнерпаздары «Мәдениетім мерейім» өнер фестиваліде өнерлерін ортаға салып қайтты.
Есепті мерзімде түрлі тақырыптар бойынша әдеби тағылымдамалар, шығармашылық кештер мен мемлекеттік тілді насихаттау бағытында жас дарынды өнерпаздардың облыстық, аймақтық, аудандық байқаулары өткізіліп, байқау жеңімпаздарын бағалы сыйлықтармен, дипломдармен марапатталды.
Тілдің үш тұғырлығын дамыту бағытында 2015 жылдың                                   24 маусымында мемлекеттік қызметкерлер мен әртүрлі сала мамандарынан   КАЗТЕСТ республикалық орталығынан мамандар келіп 138 қызметкер тест тапсырды.
Мемлекеттік қызмет атқаратын жастар арасында ұйымдастырылған «Тіл шебері-2015» атты аудандық байқау өткізіліп жеңімпаздар аудан әкімінің алығыс хаттарымен марапатталды. 
Мереке күндері бекітілген кестеге сәйкес тиісті іс-шаралар атқарылуда.

СПОРТ  САЛАСЫ
Салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған спорттық шаралар, бекітілген іс-шаралар жоспарына сай жүйелі атқарылуда. Есепті мерзімде 95 спорттық іс-шаралар өткізіліп, оған 8 360 адам қамтылды.
95  спорттық жарыстардың , 2-і Халықаралық, 4-і Республикалық,     11 облыстық  ірі жарыстар өткізілді.
Сонымен қатар, 2015 жылдың 6-11 маусым күндері Шолаққорған ауылында аудан әкімінің кубогы үшін  футболдан халықаралық турнир өткізіліп, 1-ші орынды «Созақ» құрамасы, 2-ші орынды Жамбыл облысының құрамасы, 3-ші орынды Қырғызстан Республикасының «Дордой» командасы иеленді.

Тәртіп пен реттілік
Үстіміздегі жылдың 6 айында 130  қылмыстық оқиғалар тіркеліп, өткен 2014 жылдың есепті мерзімімен  салыстырғанда 29 оқиғаға кеміген. Oның ішінде ауыр қылмыс түрлері – 40 %-ға (10-нан  6-ға), ауырлығы орташа қылмыс түрлері – 44 %-ға (116-дан  65-ке) кеміген.  
Қылмыстың ашылу деңгейі 75 пайызды құрап, өткен 2014 жылғы есепті мерзімнен 15 пайызға қысқарған.
Қылмыс түрлеріне сараптау жүргізсек, бұзақылық (18 ден 16 ға) 11,1 пайызға, бөтеннің мүлкін ұрлау (91 ден 46 ға) 49,5 пайызға, мал ұрлығы  (32 ден 15 ке) 53,1 пайызға кеміген.
Жеке азаматтарды қабыдау, өтініш, ұсыныс-пікірлермен жұмыс
Есепті мерзімде аудан әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардан       378 өтініштер мен арыз-шағымдар түсіп, олармен ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сай жұмыстар жүргізілді.
Сонымен қатар аудан әкімінің жеке қабылдауларына барлығы        109  азаматтар аудан әкімінің қабылдауында болып, өтініштері бойынша тиісті шаралар қабылданды.
Сондай-ақ аудан әкімдігінің 14 рет мәжілісі өткізіліп, онда ауданның экономикалық жағдайы, халықты әлеуметтік қорғау, әл-ауқатын жақсарту, аумақтарды дамыту, көркейту, көгалдандыру мәселелері қаралып, олар бойынша 259 қаулы қабылданды.
Облыс әкімінің 142 хаттамалық тапсырмалары болған, олардың 56-сы мерзімдерінде орындалып, 32 тұрақты бақылауға алынса, 45 орындалу үстінде.

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 18 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы