Галерея

Жаңалықтар arrow Сыбайлас жем-қа қарсы күрес arrow Сыбайластықты тұсауға халықтың қолдауы қажет
Сыбайластықты тұсауға халықтың қолдауы қажет Баспаға басу

ImageӨткен жылдың түгесілер тұсында «Нұр Отан» партиясының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы негізінде ҚР-ның 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясы қабылданған болатын. Осыған орай құжатты түсіндіру мақсатында аудан орталығы Шолаққорған ауылында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Мұрат Ахметовтің төрағалығымен семинар-кеңес өтті. Кеңес жұмысына департамент басшысының орынбасары-тәртіптік кеңес төрағасы Берік Бекжанов, облыстық мәслихаттың депутаты, департамент жанындағы қоғамдық кеңестің төрағасы Әбілқасым Досболов, Түркістан аймағы бойынша мемлекеттік қызмет істері жөніндегі және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл басқармасының басшысы Халымжан Маматаев қатысты.
-Көпшіліктің талқылауынан өткен стратегия мемлекет пен қоғамның сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруын жетілдіру болып табылады. Оның алдын алудағы іс-әрекетін біріктіру ең басты назарға алынады. Соған орай мемлекеттік қызметшілердің кәсіби деңгейін жоғарылатуға басым көңіл бөлінбек. Олардың қызметі азаматтардың мүдделерін қанағаттандыратын болуы керек. Бұл жөнінде Елбасы кеше ғана өткен «Нұр Отан» партиясының XVI съезінде тағы да кеңінен тоқталып, мемлекетке қызмет-біздің қоғамымыздың бірлігін нығайту үшін негіз болуға тиіс деген тұжырымын білдірді. Сонда ғана мемлекеттік қызмет көрсету сапасы жақсаратыны айтпаса да түсінікті. Мемлекеттік қызметшілердің этикалық және тәртіптік мінез-құлқына бақылау жүргізу ісі де маңызды. Осындай мақсат пен міндетті орындауда сала қызметшілері «Біздің міндет-халыққа қызмет!» атты қызметтік ұранды ұстанып отыр»,-дейді Мұрат Жамбылұлы.
Ал Әбілқасым Үсіпбайұлы қоғамдық кеңестің мақсаты мен негізгі міндеттеріне тоқталды.-Депратамент жаныдағы бұл қоғамдық кеңес консультативтік –кеңесші орган болып табылады. Құрамында 11 мүшесі бар. Кеңес жұмысы-мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатын қолдау арқылы қоғам өмірінің барлық саласындағы аталған келеңсіздіктің деңгейін төмендетуге бағытталған. Мемлекеттік емес ұйымдармен және халықпен өзара байланысын жандандырып, бірлесе әрекет ету. Халықты сыбайлас жемқорлықтың шығу көздері мен теріс әсерлері, оған қарсы күрес пен алдын алу әдістері туралы хабардар ету де аса маңызды. Сонда ғана жұршылыққа көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің сапасын қамтамасыз ету мәселелері бойынша бірлескен іс-шараларды жүргізу өз жемісін беретіні сөзсіз,- деген қоғамдық кеңес төрағасы көпшілікті бірлесе жұмыс істеуге шақырды.
Кеңес соңында департамент басшысы «Ашық есік» күні аясында бірқатар аудан азаматтарын жеке қабылдап, олардың талап-тілектеріне жауап берді. Сонымен бірге арнайы келген психолог маман мемлекеттік қызметшілерге сыбайластықтың алдын алу мақсатында тренинг сабақтар өткізді.
Дәулет ТҰРСЫНҰЛЫ.

 
« Алдыңғы

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 20 Қазан 17 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031         

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы