Галерея

Наурыз күніне құттықтау Баспаға басу

Құрметті аудан тұрғындары!
Қадірлі жерлестер!
Сіздерді Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамымен шын жүректен құттықтаймын!
Наурыз - жыл басы. Табиғат ананың түрленіп, ерекше кейіпке еніп, жасарып жаңаратын, халықтың алдағы күндерге үмітпен қарайтын ұлық мейрамы. Жер анаға бар мейрімін төккен мерекені, тәуелсіз еліміздің көк туының астында, халқымызбен бірге ыстық ықыласпен қарсы алып отырмыз.
Түркі халықтары үшін қасиетті саналатын бұл мерекеде көпшілік бір-біріне ізгі тілектерін арнауды дәстүрге айналдырған. Қазақ халқы Наурызды «Ұлыстың Ұлы күні» деп, күн мен түннің теңеліп, жан-жануардың төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер әлем жасарып, қуаныш орнайтын күн деп ерекше баға берген. Ежелден келе жатқан дәстүр бойынша, бұл күні адамдар бір-біріне деген реніші кешіріліп, достық пен келесім орнаған.
Халқымыз үшін ұлық мерекені, облыс көлемінде үшінші жыл қатарынан тоғыз күн тойлау дәстүрі қалыптасты. Әр күні дербес атауға ие болып, сол күндер аясында тәрбиелік мәні бар түрлі іс шаралар ұйымдастырылып, жалпы халықтық мерекенің мазмұны жылдан жылға ерекшеленуде.
Наурыз мейрамы ауданымызда да үлкен көлемде аталып келеді. Жылда қазақы дәстүрмен қазан асып, ет тартылып, наурыз көже пісіріледі,  көкпар шауып, қыз қуу сынды  түрлі ойындар, мерекеге көрік берсе, мейрам қарсаңында елді мекендерде тал егіліп,   көріктендіру және тазалық жұмыстарына жете көңіл бөлінеді.
Бұл мереке қарсаңында ұлтымыздың нақышын, салт-дәстүіріміздің айқын қолтаңбасын көреміз, әрі мақтан тұтамыз. Әрбіріміз, жақсылықтан үміт етіп, Жыл басын зор құрметпен қарсы аламыз.
Құрметті ағайын!
Ұлыстың ұлы күні елімізге құт - береке әкелсін. Отбасымыздың абыройы арта берсін! Халқымызға – ынтымақ, елімізге молшылық, әр шаңыраққа бақыт пен шаттық тілеймін!
Аудан әкімі                                                   А. Аймұрзаев
Мәслихат хатшысы                                      М. Исаев

 

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 30 Мамыр 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
             

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы