Галерея

Жаңалықтар arrow Мүлікті жариялау arrow Мүлікті жария ету туралы
Мүлікті жария ету туралы Баспаға басу

Сұрақ-жауап
1. Мүлікті жария ету қай кезеңде өтеді?
2014 жылғы 1 қыркүйектен 2015 жылғы 31 желтоқсан аралығында.
2. Мүлікті жария етуді өткізу үдерісі кезінде алынған ақпараттың құпиялылығы қамтамасыз етіле ме?
«Қазақстан Республикасының азаматтарына, оралмандарға және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдарға олардың мүлікті жария етуіне байланысты рақымшылық жасау туралы» ҚазақстанРеспубликасының2014 жылғы 30 маусымдағы Заңына сәйкес, мүлiктi жария етудi өткiзу процесiнде алынған ақпараттың құпиялылығы ҚазақстанРеспубликасының заңдарымен кепілдендіріледі.
3. Ақшаны жария ету кезінде алым төлеу жүргізіле ме?
Жария етуші тұлғалардан жария ету кезіндегі алым екі жағдайда алынады:
-экономикаға инвестиция жасамай, екінші деңгейлі банктердегі арнайы есепшоттардан мерзімнен тыс (бес жылға дейін) ақшаны алғанда;
-ҚР тыс жерлерде орналасқан, соның ішінде тиісті емес тұлғаға ресімделген мүлікке.
4. Мүлікті жария ету үшін алымның көлемі қандай?
Алым көлемі Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде орналасқан мүліктің сатып алынған құны немесе мүліктің бағалау құнынан 10 пайызды құрайды.
5. Жылжымайтын мүлікті жария ету үшін құжаттарды қай күнге дейін беруге болады?
6. 2014 жылғы 1 қыркүйектен 2015 жылғы 31қараша аралығында.
7. Қай күннен бастап мүлік жария етілді деп саналады?
Жария ету туралы комиссияның, салық органының шешімі шыққан күнінен бастап мүлік (ақшадан басқа) жария етілді деп саналады.
Жинақтау шотына ақша енгізілген (аударылған) күннен бастап ол жария етілді деп саналады.
7. Жария етілген мүлікті ресімдеумен байланысты шығыстарды кім төлейді?
Ондай шығыстарды жария ету субъектілері өздері төлейді.
8. Құқығы сотта дауласып жатқан мүлік жария етілуге жата ма?
Мұндай мүлік жария етілуге жатпайды.
9. Несие ретінде алған ақшамды мен жария ете аламын ба?
Мұндай ақшалар жария етілуге жатпайды.
10. Бір мүлікті жария ету туралы қайталап өтініш беру қандай жағдайларда мүмкін?
Жіберілген кемшіліктерді жою үшін мүлікті жария етуге ұсынылған құжаттар (ақшадан басқа) тек қайтарылған жағдайда ғана.
11. Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлікті жария ету мүмкін бе?
Мүмкін. Сонымен бірге Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес, жылжымайтын мүлік деп айқындалатын мүлікке сәйкес келетін осындай мүлік мүлік деп танылады.
12. Егер жылдың аяғына дейін үйіміз салынып бітсе, онда біз науқанның соңына дейін жария етіп үлгереміз бе?
Жария ету субъектіне тиесілі немесе онымен 2014 жылғы 1 қыркүйекке дейін, яғни жария ету бойынша науқан басталғанға дейін алынған мүлік жария етілуге жатады.
13. Кім мүлікті жария ету субъекті болып табылады?
Қазақстан Республикасының азаматтары, оралмандар және Қазақстан Республикасында тұруға ықтиярхаты бар адамдар.
14. Егер адам ҚР Қылмыстық кодексінің 222-бабы бойынша жауапқа тартылған болса, ол жария ету субъекті болып табыла ма?
Заңды күшіне енген соттың үкімі болған жағдайда ондай адам жария ету субъекті болып табылмайды.
15. Мүлікті жария ету кезінде комиссияның, салық органының шешімімен, сондай-ақ басқа да іс-әрекеттермен (әрекетсіздікпен) келіспеген жағдайда, шағымдану тәртібі қандай?
Адам Қазақстан Республикасының заңдарымен көзделген тәртіпте сотқа жүгіне алады.
16. Жинақтау шотына енгізілген (аударылған) жария етілген ақшаның сақталуына қандай кепілдік бар?
Сақталуы депозиттерді міндетті түрде кепілдендіру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен кепілдендірілген.
17. Егер мен ақшамды жария етсем, оларға табыс салығы салына ма?
Жоқ, себебі жария етілген мүлік, ақшаны қоса алғанда,жария етуші субъектінің кірісі ретінде танылмайды.
18. Ақшаны жария еткен кезде алым төлемеу мүмкін бе?
Мүмкін, егер жария етілетін ақша жинақтау шотында, осындай шотқа жария ету мақсатында немесе Заңмен рұқсат етілген инвестициялау құралдарын пайдалану арқылы жария етілген ақшаны инвестициялаған жағдайдан бастап, 60 күнтізбелік айдан кем емес жатқан кезде.
19. Жария ету туралы заңға сәйкес жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдау қалайша жүзеге асырылады?
Жария ету туралы заңға сәйкес жария етілген жылжымайтын мүлік объектілерін пайдалануға қабылдауды ұйымдастыру және өткізудің ерекше тәртібі ҚР Үкіметімен белгіленеді.
20. Ақшаны жария етуші, сонымен бірге, оларды өткен жылдардағы декларацияда көрсетпеген мемлекеттік қызметшілерге қандай әкімшілік жауапкершілік көзделген?
Рақымшылық ету іс-әрекеті мүлікті жария етуші жария ету субъектілерін «Жемқорлықпен күрес туралы» ҚР Заңының 9-бабымен көзделген мәліметтерді ұсынбағаны немес толық емес, дұрыс емес ұсынғаны үшін тәртіптік жауапкершіліктен босату бөлігінде, осы Заң қолданысқа енгізілген күнге дейінгі кезеңдерді қамтиды.
Жария ету іс-әрекеті жемқорлық құқық бұзушылықтар мен қылмыс жасау нәтижесінде алынған мүлікті қамтымайтынын ескерген жөн.
21. Мен жер учаскесін жария ете алам ба?
Жер учаскесі жария етуге жататын мүліктер қатарына жатпайды.
22. Менің досымның тұрғын үйдің бірінші қабатында орналасқан дәмханасы бар. Пәтер тұрғын үй қорынан шығарылмаған.Осы мүлік жария етілуге жата ма?
Жоқ, жатпайды,себебі осы пәтерге жеке меншік иесі бар.
23. Мен маған тиесілі жер учаскесінде жердің нысаналы мақсаты ауылшаруашылығына арналғанжерде үй салдым. Мен оны жария ете алам ба?
Жоқ, себебі Заңмен құрылыстар мен ғимараттарды, олар жария ету субъектіне жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскесінде орналасқан жағдайдажария ету тәртібі көзделген.Сондай-ақ, осындай объектілер жердің нысаналы мақсатына, сондай-ақ құрылыс нормалары мен ережелеріне сәйкес болуы тиіс. Тиісінше,нысаналы мақсаты ауылшаруашылығына арналған жерде салынған Сіздің үйіңізжария етілуге жатпайды.
24. Менің ағамның жалға алу құқығында (49 жылға) жер учаскесі бар. Мен онда орынжайлар салып, ТҚКС жалға беремін.Мен осы орынжайларды жария ете алам ба?
Жоқ, себебі жария етілетін мүлікжария ету субъектіне жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскесінде орналасуы тиіс.
25. Мен Голландияда орналасқан үйді жария еткім келеді. Мен қайда жүгінуім керек?
Сіз жария ету субъектінің тұрғылықты орны бойынша салық органына құжаттар ұсынуыңыз қажет.
26. Әкімдікте менің өтінішім қанша қаралады?
Өтінішіңіз комиссиямен, салық органыменөтініш берген күннен бастап 30 күнтізбелік күн ішінде қаралады.
27. Қай кезден бастап ақша жария етілді деп саналады?
Жинақтау шотына енгізілген (аударылған) кезден бастап.
28. Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан жылжымайтын мүлікті жария еткен кезде мен алым төлеймін бе?
Жоқ, Алым төлеу тек Қазақстан Республикасы аумағынан тыс жерлерде орналасқан жылжымайтын мүлікке ғана жүргізіледі.
29. 60 күнтізбелік ай өткеннен кейін жинақтау шотындағы менің ақшам маған толық көлемде қайтып келетініне кепілдік бар ма?
Жинақтау шотына енгізілген (аударылған) жария етілген ақшалардың сақталуы депозиттерді міндетті түрде кепілдендіру туралы Қазақстан Республикасының заңнамасымен реттеледі.
30. Мен тұратын көппәтерлі тұрғын үйдің артындағы қараусыз қалған жер учаскесінде салынған гаражды жария етуге бола ма?
Жоқ, Қазақстан Республикасы аумағында орналасқан мүлікті жария ету шартының бірі ол жария етілетін мүліктіңжария ету субъектіне жеке меншік құқығында тиесілі жер учаскесінде орналасуы болып табылады.

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 19 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы