Галерея

Жаңалықтар arrow Әкімнің сөздері мен мақал-ары arrow Жылқы жылғы жұмыстарға талдау жасалынды
Жылқы жылғы жұмыстарға талдау жасалынды Баспаға басу

Image15 қаңтар күні Құмкент, Жартытөбе ауыл әкімдіктерінде Үкіметтің қаулысына сәйкес әкімдердің 2014 жылдың қорытындысымен жергілікті халық алдында есеп беру жиналыстары басталды.
Құмкент ауылында өткен жиналыста бірінші кезекте аталған ауыл әкімінің жылдық есебі тыңдалды. Баяндаманы ауыл әкімінің уақытша міндетін атқарушы Бақдәулет Әбішов жасады. Хабарламада әкімдікте жыл бойы атқарылған жұмыстар, өткізілген іс- шаралар, халықтың өсімі, әлеуметтік көрсеткіші толығымен сараланып, баяндалды. Бұдан соң Құмкент ауылы халқының алдында аудан әкімі Аманғали Аймұрзаев ауданның 2014 жылғы әлеуметтік- экономикалық көрсеткіштерін өткен жылдармен салыстырмалы тұрғыда талдау жасай отырып, барлық салаларда атқарылған жұмыстар бойынша слайд негізінде есеп берді. Аудан басшысы бюджеттің кіріс- шығыстарын сараптай келіп, қазынаның қанша пайызға артқанын, сонымен қатар ауданымыздың өркендеу үлесі, индустриалды аймаққа, құрылыс, инфрақүрылым тағы басқа даму мақсаттарына тартылған инвестиция көлемі, шағын, орта бизнес қарқыны, ел игілігіне берілген жаңа нысандар мен ағымда жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстары жөнінде, аудан халқының әлеуметтік ахуалы, күнкөріс деңгейі, денсаулығы, өсімі жайлы, тәртіп пен реттілігі, мәдениеті, ауылшарушылығының дамуы, білім саласының кемшіліктері мен жетістіктері бойынша жік- жігімен талдап әр сала бойынша нақты жұмыстарды баяндады. Аудан әкімі өткен жылда атқарылған жұмыстар деңгейіне талдау жасай отырып, алдағы жылдары атқарылатын жұмыстарға тоқталып, негізгі жобалар жөнінде халықты хабардар етті. Есеп беру хабарламаларға сәйкес ауыл тұрғындары, зейнеткер- ардагерлер П.Исабеков, А. Бакиров, К.Самұратбеков, С.Байқұттиев, Ә.Темірбайұлы аудан әкімі Аманғали Түктібайұлының есебіне ризашылықтарын білдіріп, ұсыныс- пікірлерін ортаға салды. Онда: Әулие аркасы қалпына келтірілсе, спорт кешені салынса, Жылы бұлақтың суын жинайтын су қоймасы салынса деген ниеттерін білдірді. Сондай-ақ, ауылдың шыға берісіндегі, магистралды жолдағы көпірдің апаттық жағайда екендігі және дәрі- дәрмектің аз берілетіні сөз болды. Айта кету керек бірқатар ауыл тұрғындары ауыл әкімінің жұмысына көңілдері толмайтының алға тартып, шаруалар егістік жер көлемі төңірегінде мәселе қозғады.
Аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Амалбек Мұсабек елдің ынтымақ- бірлігі бағытында келелі ойын ортаға салып, ауыл қарияларын ауызбіршілікке, жарасымдылққа шақырып, жастар тәрбиесіне үлкендер болып, ата-ана, қоғам болып тереңірек мән беріп, ата-аналар комитетін жауапты органға айналдыру керек деген үсынысын назарға қойды. Аудандық мәслихаттың депутаты, дәрігер Е.Тұрабаев аудан әкінің, ауыл әкімінің есебіне қанағаттаналарлық деп баға беріп, халықтың тілегінен туындаған спорт кешені, су қоймасы салынса деген ұсынысты нақтылады.
Жиналысты аудан әкімі қорытындылап тұрғындар тарапынан айтылған сұрақтарға жауап беріп, түсіндірме- талдау жасады.
Аудандық тиісті мекеме, бөлім басшылары, қоғамдық ұйымдар, БАҚ өкілдері, жергілікті халық қатысып отырған жиналыс тәмәдалып, тиісті қаулы қабылданды.
Дәл осындай есеп беру жиналысы түс қайта Жартытөбе ауылындағы Қ.Кемелұлы мектебінің мәжіліс залында өтті. Жартытөбе әкімдігі тұрғындары алдында ауыл әкімі Әнуар Асылбековтың жыл қорытындысымен дайындаған есептік баяндамасы тыңдалды. Жергілікті тұрғындар тарапынан ауыл әкіміне айтарлықтай сұрақ болмағандықтан аудан әкімі Аманғали Аймұрзаевтың баяндамасы тыңдалды. Аудан басшысы Құмкент ауылындағыдай барлық сала бойынша талдау жасап, кеңінен түсіндіріп, баяндады. Алдағы жылдары Аққолтық елдімекенінен салынатын жаңа мектептің макеті көрсетілді. Сондай-ақ, аудан көлемінде алдағы жылдары салынатын құрылыс нысандары, атқарылатын жұмыс жоспарларының жобалары халыққа таныстырылды.
Бабата ауылының тұрғыны Егізтай Есбайұлы аудан әкіміне « өткен жылғы есеп беру жиналысында 9 мәселені ұсынған болатынбыз, соның бесеуі орындалды, сол үшін алғысымызды білдіреміз» деп аудан басшысына таза суға қол жеткізген ауыл тұрғындары атынан алғысын білдірді. Ауыл азаматы сонымен қатар бағаның тұрақсыздығын тілге тиек етіп, елге еңбегі сіңген абройлы азаматтарға ауылдың Құрметті азаматтығы берілсе деген ұсынысын білдірді. Аққолтық елдімекенінің тұрғыны, зейнеткер І.Ерманов әкімдердің есебіне ризашылығын білдіріп, Аққолтық ауылының ішкі жолдары жөнделсе, күре жолға асфалть төселіп, аралық жолдарға тас төселсе деген ниетін жеткізді. Аудандық мәслихаттың депутаты Ілияс Омарбеков аудан, ауыл әкімдерінің есептеріне қанағаттанарлық деген баға беріп, мал сою бекеті мен полигонның қараусыз тұрғанын басшылардың назарына салды. Ауданның Құметті азаматы Сағынтай Мұсабеков атқарушы орган өкілдерінің аудан әкімінің, ауыл әкімінің халық алдында берген есептеріне ризашылығын білдіріп, жақсы деген баға берді. Ел ынтымағы мен бірлігі тарапында орамды ойларын ортаға салып, білім саласындағы кемшіліктер көңілге селкеу салатынын алға тарттып, « ...Өмірде бір нәрсе қалып барады. Ол білім және мәдениет. Мен білім саласы қызметкерлеріне шамалы өкпелімін. Мен өзім қанша уақыт жұмыс істегелі, үнемі білімді айтып келемін. Аудандағы барлық мектептерде білім төмен. Білім сапасын көтеру мақсаттарында түрлі шаралар өткізіп жатырсыздар. Дегенде нәтиже жоқ. Менің ойым мектеп басшыларын, оқушыларды сынаққа дайындайтын мұғалімдерді ай сайын қадағалау керек. Осы мәселеге тереңірек зер салып, қатаң бақылауға алу керек. Себебі барлық адамдардың адам болып қалыптасуы білімнен басталады. Білімі жоқ адамнан мен нәтиже шығады, ол мәдениетті болады, ол халқына адал қызмет етеді деуге мен өз басым сенбеймін. Менің өмір тәжірибемдегі бұл өз ұғымым....» деп тұжырымдады.
Жиналысты аудан әкімі қорытындылап, тиісті қаулы қабылданды. Билік басындағы азаматтардың бұл күнгі халық алдында берген есеп беру жиналыстары өз дәрежесінде өтті деуге болады.

Нұржамал МАЙУСОВА

 
« Алдыңғы   Кейінгі »

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 19 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы