Галерея

Жаңалықтар
Созақ ауданының құрылу тарихы Баспаға басу

Созақ ауданы 1928 жылы құрылды. 1930 жылы Созақ көтерілісі болды. 1934 жылы аудан орталығы Созақ селосынан Шолаққорғанға көшті.
Сол кезеңдер жайлы жазылған деректерге қарағанда Созақ ауданында 46 колхоз болған делінеді. Олардың саны 1935 жылы 49-ға жеткізіліпті. Кейін 1940 жылдары колхоздардың біразы біріктіріліп, 40 колхозға келтіріліпті. Бұлардан 12 ауыл құрылған.
1-ауыл –Созақ, 2-ауыл-Молотов, 3-ауыл-Ленин, 4-ауыл-Күмісті, 5-ауыл-Октябрь, 6-ауыл-Балдысу, 7-ауыл-Шолаққорған, 8-ауыл-1-май, 9-ауыл-Еңбек, 10-ауыл-Қызылкөл, 11-ауыл-Құмкент, 12-ауыл-Қызылту, Ынтымақ атаныпты.
1951-1952 жылдардағы «ірілендіру» науқанында 40 колхоз біріктіріліп, 12 колхоз болыпты. Олар мыналар: Энгельс, Ленин, Киров, Калинин, Сталин, Октябрь-5, Балдысу, Еңбек, Қызылкөл, Құмкент, Қозмолдақ, Талапты.
1946 жылы Шу бойынан екі совхоз-Жуантөбе, Тасты бой көтереді.
1957 жылы Сталин, Калинин, Октябрь-5, Балдысу колхоздары біріктіріліп, «Калинин» атындағы совхоз болады.
Еңбек, Қызылкөл, Құмкент колхоздары бірігіп, «Құмкент совхозы болады.
Энгельс, Ленин, Киров атындағы колхоздар, сондай-ақ, Талапты, Қозмолдақ колхоздары бас түйістіріп, Сызған совхозы атанады.
1959 жылы тағы да өзгерістер жасалынып, Энгельс атындағы совхоз екіге жарылып, Энгельс атындағы совхоз орталығы бұрынғы Ленин атындағы (Қарақұр болса керек) ауылға барып қоныстанады. Ал екінші бөлігі «Созақ» совхозы атанып, орталығы Созақ селосы болады.
1962 жылы тағыда өзгерістер жүргізіліпті. Калинин атындағы совхоз бен Құмкент совхозынан Жартытөбе, Созақ совхозынан Сызған, Энгельс совхозынан Қаратау, Тасты совхозынан Шу бөлініп шығады.
Сөйтіп 10 совхозбен құрылған шаруашылық біздің заманымызға дейін жетіпті.  

 

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 17 Қараша 18 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
   1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930   

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы