Галерея

Жаңалықтар arrow Тұрғын үй газеті
Тұрғын үй газеті
Тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұратын азаматтардың назарына Баспаға басу

         Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 26 маусымдағы "Мемлекеттік тұрғын үй қорынан тұрғын үйге немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғын үйге мұқтаж Қазақстан Республикасының азаматтарын есепке қою қағидаларын бекіту туралы"                       № 856 Қаулысының 12 тармағына сәйкес тұрғын үйге мұқтаж ретінде есепте тұратын адамдардың тізімін өзекті ету үшін коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғын үйге мұқтаж адамдардың есебінде тұрған азаматтардың кезектілік тізіміне жыл сайын  түгендеу жұмыстары жүргізіледі.

          Осы мақсатта тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар жыл сайын 1 сәуірден бастап 1 желтоқсанға дейін құжаттарды қабылдауды жүзеге асыратын Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне қажетті құжаттарды ұсынуы тиіс.

          Түгендеу мерзімі ағымдағы жылдың 1 желтоқсанынан бастап үш ай.

          Түгендеу жұмыстарына қажетті құжаттар тізбесі.

1)    Өтініш беруші мен оның отбасы мүшелерінің жеке куәліктері немесе паспорты

2)    Некеге тұру (бұзу), отбасы мүшелерінің қайтыс болуы, балалардың туу туралы (болған жағдайда) куәліктердің көшірмелері

3)    Өтініш берушінің отбасы мүшелері деп басқа адамдар танылған жағдайда алғашқысы оларды өтініш берушінің отбасы мүшелері деп тану туралы сот шешімін ұсынады

4)    Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар қосымша өтініш берушінің (отбасының)  халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататынын растайтын құжатты

5)    Халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз топтарына жататын азаматтар (мүгедек балалары бар немесе оларды тәрбиелеуші отбасыларды қоспағанда) өтініш жасаудың алдында отбасының әрбір мүшесіне соңғы он екі ай ішіндегі табысы туралы мәліметті қосымша ұсынады

6)    Мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері, әскери қызметшілер мен сайланбалы қызмет атқаратын адамдар жұмыс орнынан (қызметтен) анықтаманы қосымша ұсынады

7)    Жалғыз тұрғын үйі авариялық жағдайда деп танылған азаматтар осы фактіні растайтын анықтаманы қосымша ұсынады

8)    Отбасы тұратын тұрғын үй белгіленген санитарлық және техникалық

талаптарға сай келмеген немесе жапсарлас, оқшауланбаған тұрғын үй-жайларда екі және одан да көп отбасы тұрып жатқан немесе отбасы құрамында кейбір созылмалы аурулардың ауыр түрлерімен ауыратын науқастар болып, бір үй-жайда (пәтерде) олармен бірге тұру мүмкін болмаған жағдайда өтініш берушілер уәкілетті органның анықтамасын қосымша ұсынады

Қосымша ақпарат алу үшін 4-28-95 телефонына хабарласуға болады.

   

Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі

Созақ ауданы бойынша коммуналдық тұрғын үй қорынан тұрғынжайға немесе жеке тұрғын үй қорынан жергілікті атқарушы орган жалдаған тұрғынжайға мұқтаждарды есепке алудың бөлек тізімдері

 

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 18 Шілде 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031       

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы