Галерея

Новости arrow Общественный совет
Общественный совет
Созақ аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі Б.Байғараевтың 2020 жылғы І- жарты жылдықта атқарған жұмыстары Печать

1.     ImageСәтбаев және №18 көше тұрғындарымен кездесу барысында көтерілген негізгі мәселелер бұлар біріншіден ауыз су, көше бойын жарықтандыру, үй іргелік жерлердегі суару жұмыстары, көше тазалығы жөнінде мәселедер көтерілген болатын. Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шарушылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөліміне аталған мәселер қойылды. Нәтижесі бойынша қазіргі таңда Сәтбаев көшесіндегі жарылған ауыз су құбырлары толығымен демеушілердің көмегімен жаңартылып құрылыс жұмыстары толығымен аяқталады. Көше бойын жарықтандыру бойынша қазіргі таңда Шолаққорған ауылы әкімі Ә.Елібаевқа ұсыныстар айтылды, алдағы көше бойындағы жарық мәселесі шешілетін болады. Көше тазалығы бойынша тұрғындармен кездесу барысында әрбір отбасы өз ауласын жан-жағын таза устау керектігін түсіндіріліп нәтижесінде сенбіліктер ұйымдастырылды, қазіргі таңда ауыл әкімшілігі мен «Созақ сәулет» мекемесі көше тазалығын тұрақты назарда ұстауда. Үй іргелік жерлердегі су мәселесіде өз кезегінде шешімін тапты.

2.     Тасходжаев көшесінің тұрғыны Жолдыбаева Жанардан өтініш келген болатын, өз өтінішінде көше бойындағы орналасқан  ауызсу мәселесі және оның маңайындағы тазалығы жайында айтылған болатын. Бұл жөнінде аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелерімен барып жағдайдың мән жайымен танысып, тиісті сала басшыларына айтылған жағдайларды жеткізіп, қазіргі таңда аталған мәселе толығымен шешімін тапты.

3.     Ауыл тұрғындарынан Шолаққорған ауыл шетіндегі қоқыс тастайтын полигон мәселесі көлікпен баратын жолдарға қоқыстар жауып көлікпен кіріп шығу қиындаған осы мәселе бойынша жан жағын ретке келтіру мәселесі көтерілген болатын. Аталған мәселе бойынша қазіргі таңда полигон маңайының жан жағы жиналып жөнге келтірілді.

Image Сондай –ақ, аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелерімен аудандық орталық емханамен аурухананың жұмыстарымен танысып, орталық аурухананың кәріз жүйесі мен жылу қазандығын ауыстыру қажеттігі айтылды.

Аудандық орталық ауруханасы аудан халқына медициналық көмек көрсету барысында өткен мерзімде біршама жұмыстарды жүзеге асырып келген. Қазіргі таңда аудан халқына 1 аурухана, 1 емхана, 1- БМСК орталығы, 9 дәрігерлік амбулатория, 4 Фельдшерлік-акушерлік пункті, 13 медициналық бекеттер, 4 жедел жәрдем бөлімі (4-категория) халыққа қызмет көрсетеді. Емхананың жалпы қабылдау қуаты ауысымына 600 адам. 

         Сондай-ақ, аудандық орталық ауруханаға қарасты емдеу профилактикалық мекемелері бойынша халыққа 111 дәрігер, 504 орта буын медицина қызметкерлері еңбек етеді. Олардың ішінде жоғары санатты 10 дәрігер, 111 медбике, бірінші санатты -15 дәрігер, 67 медбике, екінші санатты 13-дәрігер , 15- медбике қызмет атқарады.

            Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 15 желтоқсандағы №2136 «Тегін медициналық көмектің кепілді көлемінің тізбесін бекіту туралы» қаулысына сәйкес аудан тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетілуде. Стационарды алмастыратын көмек аясында аудандағы 11 денсаулық сақтау мекемелерінде 77 орындық күндізгі стационарлар жұмыс істейді. 2019 жылдың қорытындысы бойынша 1832 науқас емделіп, сауықтырылған. Ал, алғашқы медициналық көрсететін дәрігерлердің жолдамасымен үстіміздегі жылы орталық ауруханаға стационарлық көмек түрімен 7445 науқас емделіп, сауықтырылған. Бұл науқастардың барлығына негізгі (өмірлік) аса қажетті  дәрі-дәрмектер тізіміне сәйкес ауру түрлеріне қарай дәрі-дәрмектер тегін берілген.

 4.     Үстіміздегі жылы аудан бойынша 6 нысанда құрылыс жұмыстары жүргізіліп, оның 3-еуі пайдалануға берілген. Атап айтқанда Шолаққорған ауылдық округі Балдысу елді мекенінде 100 орындық Ж.Жабаев атындағы орта мектеп құрылысы, Шолаққорған ауылындағы А.Байтұрсынов атындағы мектеп қазандығының ауласындағы әжетхана және қоймасының құрылысы және қараша айында Шолаққорған ауылындағы А.Сүлейменов атындағы орта мектебіне 300 орындық қосымша ғимаратының құрылысы аяқталған. Ал, қалған 3 құрылыс нысаны 2020 жылы өтпелі болады. Атап айтар болсақ Шолаққорған ауылындағы Ә.Молдағұлова орта мектебіне 300 орындық оқу корпусы  жалпы құны 282 875 миллион теңге,  Шолаққорған ауылынан Жастар орталығы ғимараты жалпы құны 124 715 миллион теңге және Ақсүмбе елді мекенінен С.Қожанов атындағы 100 орындық мектеп құрылысы жалпы құны 537 515 миллион теңгені құрап отыр. Биылғы жылы конкурс құжаттары аяқталып, жеңімпазы анықталған 2 құрылыс нысаны басталады. Олар Шолаққорған ауылының Ту тұғыры орналасқан алаңқай құрылысы  жалпы құны 79 634 миллион теңге және Шолаққорған ауылының С.Қожанов атындағы тарихи-аймақтық мұражай құрылысы жалпы құны 414 558 миллион теңге.

 ImageСондай-ақ, Қоғамдық кеңес мүшелері аудан орталығындағы жүргізіліп жатқан құрылыс нысандарын аралап,  Жастар орталығы ғимаратының құрылыс жұмыстары  кешеуілдеуде, сондықтан жүргізіліп жатқан құрылыс жұмыстарын мерзімінде бітіру қажеттігі айтылды.

 
Созақ аудандық Қоғамдық кеңестің мүшесі Ғ.Жүсіптің 2020 жылғы І- жарты жылдықта атқарған жұмыстары Печать

ImageТасходжаев көшесінің тұрғыны Жолдыбаева Жанардан өтініш келген болатын, өз өтінішінде көше бойындағы орналасқан  ауызсу мәселесі және оның маңайындағы тазалығы жайында айтылған болатын. Бұл жөнінде аудандық Қоғамдық кеңестің мүшелерімен барып жағдайдың мән жайымен танысып, тиісті сала басшыларына айтылған жағдайларды жеткізіп, қазіргі таңда аталған мәселе толығымен шешімін тапты.

  «Атамекен»  ұлттық Кәсіпкерлер палатасы Түркістан облысы

Созақ аудандық филиалы мен Қоғамдық кеңес арқылы бірнеше істер атқарылды.

Биылғы жылы «Еңбек» нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының «Бизнес Бастау» жобасы бойынша қазіргі таңда 211адам «Кәсіпкерлік негіздері»  бойынша білім алуда.

Кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының кеңесші-менеджерлерімен  471  кәсіпкерлер мен жеке азаматтарға бухгалтерлік, салықтық, статистикалық есептілікті жүргізу, бизнес-жоспар жасау, заңгерлік қызметтер көрсету, жеке тұлғаларға кәсіпкерлік ашу, мал басын көбейту үшін несие алуға, кеңестер беріліп құжаттар дайындауға көмектер   көрсетілді
Жобаларды қаржыландыру бойынша «Ырыс» МКҰ арқылы 10кәсіпкердің жобасына құжаттарын рәсімдеуге сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге, несие алуға көмек көрсетілді.

Image«Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Түркістан облысы филиалы арқылы 12 кәсіпкердің жобасына құжаттарын рәсімдеуге сүйемелдеу жұмыстарын жүргізуге, несие алуға көмек көрсетілді.

Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалы жанынан құрылған Кәсіпкерлер кеңесінің мүшелерімен тоқсан сайын отырысы ұйымдастырылып, аудан кәсіпкерлерінің өзекті мәселелері талқыланып, жергілікті және облыстық басқару органдарына ұсынылып отырады.

Түркістан облысы Кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалы жанындағы іскер әйелдер кеңесімен бірлесіп, каратиндік режимге байланысты  кәсіпкерлік нысандарына шектеу шаралары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы Мақтарал ауданында орын алған  төтенше жағдайға байланысты Кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының ұйымдастыруымен «Мақтарал - біз біргеміз» акциясы бойынша кәсіпкер азаматтардан азық-түлік түрінде көмек көрсетілді.

 

 
Аудандық қоғамдық кеңестің мүшесі Б.Арынбековтың 2020 жылғы 6-айында атқарған жұмыстары туралы есебі Печать

Мен  аудандық  қоғамдық  кеңестің  мүшесінің  бірімін  және  ондағы  әлеуметтік, білім, денсаулық, жастар  істері  және  азаматтардың  құқықтарын  қорғау  мәселелері  бойынша  комиссияның  құрамында  белгіленген  ережеге  сәйкес  жұмыстар  атқарудамын.

       Жоспарға  сәйкес  аудандық  кеңестің  жиналыстарына  тұрақты  түрде  қатысып, ондағы  қаралған  мәселелерге  сын  көзбен  қарап, орын  алған  кемшіліктері  болса  өз  пікірімді  ашық  айтып, ұсыныстарымды  ортаға  салып  келемін.

       Атап  айтқанда  биылғы  жарты  жылдықта  қоғамдық  кеңестің  жиналыстарына  үнемі  қатысып, қаралған  мәселелер  бойынша  тиісті  қаулылар  қабылдауға  атсалыстым.

       Наурыз  айында  бүкіл  әлемге  коронавирус  індетінің  таралуына  байланысты  еліміз  бойынша  Президент  жарлығымен  төтенше  жағдай  жарияланғаны  белгілі.Төтенше  жағдай  мен  шектеу  шараларына  түсіністікпен  қарап, сақтық  шараларын  қатаң  сақтау  туралы  фейсбук  желісіне  интервью  бердім  және  ол  әлеуметтік  желіде  көпшілікке  жарияланды.

     Комиссия  мүшесі  ретінде  орталық  аурухана  әкімшілігімен  тығыз  байланыста  болып, науқастарға  үнемі  жеткілікті көңіл  бөліп, аурулардың  алдын  алу  мен  емдеу  ісінің сапасын  арттыру  жөнінде  және  коронавирус  індетіне  байланысты  сақтық  шараларын  қарастыруға  байланысты  ұсыныстарымды  айтып, осыған  байланысты  басшылыққа  алған  іс-шаралар  туралы  хабарламам  аудандық  « Созақ  үні »  газетінде  жарияланды. Алдағы  уақытта  да  бұл  жұмыстар  жалғасын  табады.  

                                                                              Аудандық  қоғамдық  кеңестің

                                                                             мүшесі   Б.Арынбеков

                                                                              22.06.2020 жыл                  

 
Созақ аудандық қоғамдық кеңеске Печать

Созақ аудандық қоғамдық кеңестің ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары жөніндегі тұрақты комиссиясы, ауданда мал шаруашылығын өркендету мен егіс көлемін ұлғайтуәрі оны тиімді пайдалану туралы қоғамдық кеңестің іс-жоспарын енгізіп, тиісті бөлімдердің жұмысын тыңдауды қолға алған. Соның нәтижесінде биылғы жылы ауданда төрт түлік мал басы біршама артып, оның ішінде асыл тұқымды мал басын көбейту туралы да жиі мәселе көтеріп келеді. Мал басын көбейтудің бірден- бір жолы суармалы егістікті ұлғайту болып табылады.

Қазақстан Президенті Қасым Жомарт Тоқаевтың 2019 жылдың қыркүйегінде Қазақстан халқына жасаған жолдауында атап көрсеткендей мал басын көбейту үшін оған қажетті жем шөп қорын жасақтау қажет, ол үшін суармалы егістік көлемін жыл сайын бір миллион гектарға арттыру туралы тапсырмасы бар. Осыған сәйкес тұрақты комиссия қоғамдық кеңес отырысында Торлан су қоймасы астындағы 450 гектар суармалы егістікті қолға алу керектігі жөнінде жиі бастама көтеріп келеді, сонымен қатар бос жатқан жайылымдық жерлерді шаруаларға беру мәселесі жайлы да ұсыныстар енгізіп, бұл жөнінде жұмыстар жүргізілуде.

Шалғайдағы мал жайылымдық жерлерден, су көзі тапшы тау бауырында отырған малшылырдың отырықты жерлеріне ұңғы құдық қазып беру жұмысында көтеруде. Бүгінде бір қатар малшылардың отырықты жерлерінен мемлекеттік субцидия арқылы ұңғы құдық қазу қолға алынуда.Аудан орталығына тартылған біресек каналының тозығы жетіп, бүгінде әр жері тесіліп жарамсыз күйге ұшырағандығы, ағын су далаға кетіп жатқандығын айта келіп, тозығы жеткен латоктарды сиымдылығы жоғары  латоктармен ауыстыру керектігін  де аудан әкімдігіне, бөлім басшыларының назарын аударып келеді.

Тұрақты комиссия, Кеңес отырысында қаралып жатқан басқа да мәселелер төңірегінде қызу талқылауларға қатысып, өз ой пікірлерін білдіруде.

Аудандық қоғамдық кеңестің ауыл шаруашылығы жөніндегі тұрақты комиссиясы қоғамдық кеңес туралы қабылданған ережесінде белгіленген талаптар төңірегінде тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Ауданның ауыл округ әкімшіліктерін жиі аралап көріп, практикалық тәжірибелермен бөлісу, ақыл кеңестар беру ісін де назардан тыс қалдырған емес.

 

                                    М.Асқаров

                        Ауылшарушылығы жөніндегі

                        Тұрақты комиссиясының төрағасы

 
Пардабек Сақтапбергенұлы Печать

Қоғамдық кеңес ұйымдастыру комиссиясының мүшесі ретінде жыл басында кеңес отырысының жұмыс жоспарларын дайындап, оны кеңес мүшелерінің талқылауына ұсындық. Жоспарда аудан халқының әлеуметтік жағдайымен тұрмыс- тіршілігіне байланысты мемлекеттік орган басшыларының жауапкершілігін арттыруға бағытталған шаралар қамтылды. Іс жоспар Кеңес мүшелерінің талқылауынан кейін мақұлданып, бекітілді. Бұл материалдар арнайы сайтқа орналастырылды. 

Алайда, наурыз айында еліміз бойынша болған төтенше жағдайға байланысты жоспарланған жиналыстары өткізу мүмкін болмады. Сондада болса әлеуметтік желі арқылы ауданның қоғамдық-саяси өмірімен танысып, өз ой- пікірімді ортаға салып келемін.

Қазіргі карантиндік жағдай түрлі шектеулерді алға тартып отырғанда, оның талабын орындау керек екендігін халыққа кеңінен түсіндіруіміз қажет.
Құрметпен,
Пардабек Сақтапбергенұлы

 

 
<< [Первая] < [Предыдущая] 1 2 3 [Следующая] > [Последняя] >>

Результаты 1 - 9 из 27

Государственные символы


 

 

 

p> 

 

Календарь новостей

 
« 09 Июль 20 »
ПнВтСрЧтПтСбВс
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031   

Курс валют

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Погода

Опросы

Как вам наш новый дизайн?
 

Лента новостей