Галерея

Жаңалықтар arrow Қоғамдық кеңес
Қоғамдық кеңес
Созақ ауданы Қоғамдық кеңесінің 2018 жылы атқарған жұмыстарының есебі Баспаға басу

Созақ аудандық қоғамдық кеңесі 2016 жылдың наурыз айында құрылды. Бүгінде Қоғамдық Кеңестің 20 мүшесі бар. Төрағасы – Қабылбек Аманбекұлы Еспенбетов, хатшысы қызметін – Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ернар Құралбекұлы Сағындық атқарады.

2018 жылы Созақ аудандық Қоғамдық кеңесі өз құзыреті аясында төмендегідей жұмыстарды атқарды.

 

2018 жылдың І тоқсаны:

Тоқсанда Қоғамдық Кеңестің 3 отырысы өткізілді. Отырыстарда 11 нормативтік құқықтық актілердің жобалалары талқыланып, ескертусіз мақұлданды. 4 мемлекеттік орган басшысының есептері тыңдалды:

Шолаққорған ауылдық округі әкімі Әділ Елібаевтың «2017 жылы атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы» есебі;

Созақ ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімі басшысы Қайырбек Мейірмановтың «Егіс егу науқанына дайындақ, су тапшылығының алдын-алу және пайдаланылмай бос жатқан жерлерді қайтару бағытында атқарған жұмыстар туралы» есебі;

Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы Алмат Алтыбайдың «Инвестиция тарту, әлеуметтік дүкендер ашу және жалпы кәсіпкерлік саласында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы» есебі;

Созақ ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімінің басшысы Есен Оспановтың «2017 жылғы атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы» есебі.

 

2018 жылдың ІІ тоқсаны:

2018 жылдың екінші тоқсанында Қоғамдық кеңестің 4 отырысы өтті, онда  7 нормативтік құқықтық актінің жобалары қаралып ескертусіз мақұлданды.              4 мемлекеттік орган басшысының есебі тыңдалды:

Жартытөбе ауыл округі әкімі Бақытжан Әділбековтің «Атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы» есебі;

Құмкент ауыл округі әкімі Абай Көбеновтің «Атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы» есебі;

Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақытжан Айтбаевтың  «Ардагерлер және мүгедектерге көрсетілетін көмектер мен қызметтер туралы» есебі;

Созақ АІІБ ЖПҚ бастығы, полиция майоры Нұрғазы Қазанғаповтың «Жергілікті полицияның атқарған жұмыстары туралы» есебі.

 

2018 жылдың ІІІ тоқсаны:

2018 жылдың үшінші тоқсанында Қоғамдық кеңестің 5 отырысы өтті, онда 8 нормативтік құқықтық актінің жобасы талқыланып, ескертусіз мақұлданды. 4 мемлекеттік орган басшысының есебі тыңдалды:

Созақ аудан әкімі Салыхан Сабырұлы Полатовтың «2018 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары туралы» есебі;

Аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысы Бауыржан Әбенұлының «Халыққа қызмет ету салалары бойынша атқарған жұмыстар туралы» есебі;

Қарағұр ауыл округі әкімі Ордабек Жәмиевтің «2018 жылдың 6 айында  атқарған жұмыстары туралы» есебі;

Созақ ауданы әкімі аппаратының Ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Болат Есенқабылдың «Цифрлы Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасының Созақ ауданы көлемінде орындалу барысы туралы» есебі.

 

2018 жылдың ІV тоқсаны:

2018 жылдың төртінші тоқсанында Қоғамдық кеңестің 3 отырысы өтті. Онда 4 нормативтік құқықтық актінің жобалары қаралып, ескертусіз мақұлданды. 7 мемлекеттік орган басшысының есептері тыңдалды:

Созақ ауыл округі әкімі Байұзақ Әметовтің  «2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы» есебі;

Қаратау ауыл округі әкімі Оразхан Ермаханның «2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы» есебі;

Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Нұрәлі Айдаровтың «2018 жылдың 9 айында атқарған жұмыстары мен білім саласындағы сыбайлас жемқорлықтың алдын-алу бағытында атқарылған шаралар туралы» есебі;

«Созақ-ЭНЕРГО» ЖШС директоры Құрбанәлі Кулбаевтың «Халықты электр энергиясымен қамтамасыз ету бағытында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы» есебі;

Созақ орман және жануарлар әлемін қорғау жөніндегі мемлекеттік мекемесінің басшысы Лесбек Дәуленбаевтың  «2018 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы» есебі;

Созақ аудандық орталық ауруханасының Бас дәрігері Бауыржан Әбдімәліктің «2018 жылдың 10 айында атқарған жұмыстары мен алда тұрған міндеттері туралы» есебі;

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының филиалы – Созақ аудандық халыққа қызмет көрсету орталығының басшысы Тимур Асқарбековтің «2018 жылы атқарған жұмыстары туралы» есебі.

 

Қорытынды

Қоғамдық кеңестің 2018 жылға бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес бүгінгі күнге дейін 15 отырыс өткізіліп, 49  мәселе қаралды. Оның ішінде 28 нормативтік құқықтық актілер жобалары талқыланып, ескертусіз мақұлданды. 15 бөлімдер мен мекеме басшыларының есептері өткізілді.

Мемлекеттік орган жұмыстарын бақылау мәселелері бойынша аудан әкімінің, аудан әкімдігінің бөлімдерінің, ведомстволық мекемелер басшыларының есептері тыңдалып, онда Қоғамдық кеңес мүшелері тарапынан өзекті мәселелер көтеріліп, кемшіліктер атап көрсетіліп, одан қорытынды шығаруға мерзім беріліп, кемшіліктерді жою бойынша Қоғамдық кеңеске мәліметтер беру тапсырылды.

 

Созақ аудандық

Қоғамдық кеңес төрағасы                                                   Қ.Еспенбетов

 

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 20 Маусым 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
             

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы