Галерея

Жаңалықтар arrow Мем. қызмет органдарына 20 жыл
Мем. қызмет органдарына 20 жыл
Ардагер мемлекеттік қызметкерлерді қабылдады Баспаға басу

ImageМемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына 20-жыл толуына орай аудан әкімі Салыхан Полатов мемлекеттік қызмет саласында елеулі еңбек сіңірген ардагерлерді қабылдау форумын өткізді.

Форумға іс басындағы мемлекеттік қызметкерлер және БАҚ өкілдері қатысты.

Форумда аудан әкімі Мемлекет Басшысы Н.Ә.Назарбаевтың «5 институционалды реформа: 100 нақты қадам» Ұлт Жоспары бойынша кәсіби мемлекеттік аппарат құруға бағытталған іс-шаралар туралы қатысушыларға хабардар етті.

Форумда мемлекеттік қызметтен зейнеткерлікке шыққан ардагерлер Мыңжасар Асқаров, Аманбек Мұсабек, Қабылбек Еспенбетов, Пардабек Сақтапбергенұлы, Әбубәкір Сахиұлы, Тиышкүл Керімбекова, Беркінбай Еденбаевтар өздерінің еңбек жолдарын айта келіп, мемлекеттік қызмет сапасын жақсарту жағдайындағы ұсыныс-пікірлерімен бөлісті.


Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Әдеп кодексінің нормаларын сақтау және бұзушылықтардың алдын алу бойынша семинар өтті Баспаға басу

ImageАудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында әдеп кодексінің нормаларын сақтау және бұзушылықтардың алдын алу бойынша жиын өткізілді. Жиынды

ауданы әкімі аппаратының басшысы, Созақ ауданы бойынша жергілікті атқарушы органдардағы әдеп жөніндегі уәкілі Қалдыбек Оразов жүргізіп отырды.

Күн тәртібіндегі мәселе бойынша аудан әкімі аппаратының басшысы, Қ.Оразов мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексінің мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық стандарттары, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық стандарттары, көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттарына жеке-жеке тоқталып, ондағы талаптарды қатаң сақтау керектігін айтты.

Мемлекеттік қызметшілердің сырт келбеті олардың қызметтік міндеттерін орындау кезінде мемлекеттік аппараттың беделін нығайтуға ықпал етуге, іскерлікпен, ұстамдылықпен және жауаптылықпен ерекшеленетін жалпы қабылданған іскерлік талаптарына сай болуы тиіс екендігін айтып, киімге қойылатын талаптарды сақтау қажеттігін жеткізді.

Сондай-ақ, мемлекеттік қызметшілердің телефонмен сөйлесу әдебін сақтауды, жұмыс уақытын тиімді пайдалануды, бөлім басшыларына мемлекеттік қызметшілеріне осы талаптарды сақтау керектігін әрдайым жеткізіп отыруды тапсырды.

Сонымен қатар, қандай мәселеде болмасын шешім қабылдау кезінде мемлекеттік қызметке кір келтіретін тәртіптік теріс қылыққа жол бермеу керектігін ескертті.

Семинар соңында, аудан әкімі аппаратының басшысы Қ.Оразов қорытындылап, айтылған мәселелер бойынша туындаған сұрақтарына жауап берді.


Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Мемлекеттік қызметшілер ант қабылдады Баспаға басу

ImageМемлекеттік қызметшілер күніне орай мемлекеттік қызметке алғаш рет кірген бір топ азаматтардың салтанатты ант қабылдау рәсімін өтті. Аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында өткен жиынға аудан әкімі аппаратының қызметкерлері қатысты. Ант беру рәсімінде аудан әкімі Салыхан Полатов сөз сөйлеп, мемлекеттік қызметте алғаш қадамын бастап отырған жас мамандарды құттықтады. Мемлекеттік қызметте жұмыс істеу, үлкен ізденісті, ынта жігер мен адалдықты талап етеді деген аймақ басшысы алдағы жұмыстарына сәттілік тіледі.

Алғаш болып мінбеге шыққан аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің жетекші маманы Сатыбалдиев Ербол Әубәкірұлы, Шолаққорған ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Орынтайқызы Жанерке, Жартытөбе ауылдық округі әкімі аппаратының бас маманы Шардарбекова Лаура Бердібекқызы, Қыземшек кенті әкімі аппаратының бас маманы Аманқұлова Ақсымбат Рақышқызы салтанатты түрде ант қабылдады.

          Айта кету керек, аудан көлемінде мемлекеттік қызмет органдарының 20-жылдығын ұлықтау аясында түрлі шаралар өткізіліп жатыр.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Отбасылық спартакиада өтті Баспаға басу

ImageБиыл мемлекеттік қызмет органдарының құрылғанына - 20 жыл толып отыр. Атаулы мемлекеттік қызметшілердің кәсіби мерекесіне орай аудан әкімі аппаратының ұйымдастыруымен «Әкем, анам және мен – спорттық жанұя» спартакиадасы өтті.

            Мемлекеттік қызметшілердің отбасы және олардың балалары арасындағы спартакиадаға бірнеше отбасы қатысып, белсенділік танытты.  Отан отбасыдан басталатынын дәлелдеген мемлекеттік қызметшілер, алаң ортасына шығып жарыс көрігін қыздыра түсті.            Орталық мәдени сауықтыру кешінінде өткен спорттық сайыста ауылдық округтерден 8 отбасы келіп, қатысты. Спорттың қаппен секіру, қасықпен су тасу, допты кедергімен алып жүру, жүрігу, арқан тарту сынды түрлерінен өткен сайыста бас жүлдені Сейсенбаевтар отбасы, екінші орынды Әбілдаевтар, үшінші орынды Үмбетбаевтар отбасы алды. «Жұбаныш» номинациясына Жабагиевтар отбасы иеленді.

            Жеңімпаздар мен жүлдегерлерді аудан әкімі аппаратының басшысы Қалдыбек Оразов құттықтап, сыйлықтар табыс етті.

Аудан әкімі аппаратының басшысы
 
Мемлекеттік қызметшілер арасында қайрымдылық марафоны ұйымдастырылды Баспаға басу

            ImageБүгін Шолаққорған ауылының орталық алаңында 23-маусым мемлекеттік қызметшілер күні және мемлекеттік қызмет органдарының 20-жылдығын ұлықтау аясында мемлекеттік қызметшілер арасында қайрымдылық  марафоны ұйымдастырылды. Қайрымдылық марафонының ашылу салтанатында аудан әкімі аппаратының басшысы Қалдыбек Оразов сөз сөйледі: «Бұл марафон денсаулығымызды жақсартып, спортты насихаттап қана қоймайды, әрбір мемлекеттік қызметші қайрымдылыққа  өз үлесін қосатын игі шара»,-деді.

          Қайрымдылық марфонға аудан әкімі аппаратының, бөлімдермен ауыл округтерден мемлекеттік қызметкерлер қатысты.

          Айта кету керек өткізіліп отырған қайрымдылық марафоны балалар үйінің материалдық-техникалық жабдықталуына қажетті қаржыларды жинау мақсатында мемлекеттік қызметшілер арасында өткізіліп отыр.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 19 Шілде 18 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031         

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы