Галерея

Жаңалықтар arrow Рухани жаңғыру
Рухани жаңғыру
Аялы алақан Баспаға басу

ImageҚоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасындағы «Атамекен» кіші бағдарламасының «Аялы алақан» жобасы аясында «Мыңжылқы» мәдениет сарайының өнерпаздары Құмкент және Қызылкөл ауылдарында қайырымдылық концерт өткізді. Мақсаты аудан көлеміндегі жетім және ата-ана қамқорлығынсыз қалған балалардың шығармашылығын шыңдау, өнер адамдарын қайырымды істер жасауға ынталандыру болып табылады. Қай қоғамда болсын мәнін де, өзектілігін де жоймайтын бір құндылық бар екені рас. Ол - қайырымдылық. «Мыңжылқы» мәдениет сарайы өнерпаздарының концертін келген көрермендер жылы қабылдады. Әсем ән тыңдап күйбең тіршіліктен бір сәт демалған тұрғындар ыстық ықыласын зор қошеметпен білдірді.

Image

 
Диктант жазу акциясы Баспаға басу

ImageСозақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің орталықтандырылған кітапханалар жүйесінде Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласының «Мемлекеттік тілдің латын әліпбиіне көшіру» жобасы бойынша 19 маусымда диктант жазу акциясы өтті. Акцияға 200-ден аса азаматтар қатысты.

Image


 
Созақ ауданында кино апталығының ашылу салтанаты өтті Баспаға басу

ImageЕлбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласы аясында облыстық мәдениет және тілдерді дамыту басқармасы, облыстық мәдениет және халық шығармашылығы орталығының қолдауымен, «Оңтүстікфильм» мекемесінің ұйымдастыруымен «Кино – руханияттың жаңғыру көзі» жобасы бойынша Оңтүстікте түсірілген көркем және анимациялық фильмдер апталығы Шолаққорған ауылындағы «Мыңжылқы» аудандық мәдениет сарайында өтті.

Шараны Созақ ауданы әкімінің орынбасары Айдарбеков Бағдат Бегманұлы құттықтау сөзбен ашып беріп, «Оңтүстікфильм» мекемесі және «САҚ» киностудиясының бірқатар қызметкерлерін аудан әкімінің алғыс хатымен марапаттады.

Шара барысында «САҚ» киностудиясының «Күш атасы - Қажымұқан», «Отырарды қорғау», «Киелі Қазығұрт», «Көне құмыраның сыры» анимациялық фильмдері халық назарына ұсынылды.
            Кино көрсетілімдері ауданға қарасты 8 мәдениет үйі және 3 ауылдық клубтарда жалғасын табады.

Image

 
Баба түкті шашты әзиз кесенесіне экскурсия Баспаға басу

ImageСозақ ауданы әкімінің орынбасары Бағдат Бегманұлы Айдарбековтің жолбастауымен Созақ ауданының қонақтары Құмкент ауылының жанындағы Баба Түкті Шашты Азиз әулие кесенесіне экскурсия жасады. Экскурция барысында Баба Түкті Шашты Азиз әулие туралы түрлі нұсқадағы аңыздар, кесенінің салыну тарихы таныстырылды.

            Экскурсия соңында қонақтар мол әсер алғандықтарын айтып, ұйымдастырушыларға алғыстарын білдірді.

Image

 
Ұстаздар ұлықталды Баспаға басу

Image«Ұстазы жақсы елдің ұстанымы берік « атты өлке білім беру ісінің ардагерлерімен кездесу кеші өтті. Кештің мақсаты – қарапайым еңбек адамдарының ғибратты ғұмырларын, шәкірт оқыту, тәрбиелеу ісіндегі ерең еңбектерін таныту, рухани тәрбие беру жұмыстарын жетілдіру.
Кешке ардагер – ұстаздар Н.Ыбраев, Т.Батыров, Б. Сиябеков, О.Ашықбаева, Ә.Қаппарова, Қ.Мәулешова, Қ.Даубаева , К.Қонысова құрметті қонақ болып қатысты. Кешке қатысқан ардагерлер құрметіне ән – жырдан шашу шашылды, әдеби шолу жасалды, ұстаздарға сергіту сәті сыйланды. Ардагер ұстаздар шәкірт тәрбиелеудегі күрделі және жауапты, қызықты, тартысты күндері жайлы өнегелі әңгімелер айтты.

Image

 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 1 2 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 1 - 9 ішінен 14

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 26 Қыркүйек 18 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
             

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы