Галерея

Жаңалықтар arrow Сыбайлас жем-қа қарсы күрес
Сыбайлас жем-қа қарсы күрес
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартын бекіту туралы Баспаға басу

Созақ   ауданы   әкімінің

2018 жылғы «04» желтоқсандағы

58   өкімімен  бекітілген 

 


 

 

 

    Сыбайлас жемқорлыққа

    қарсы стандартын бекіту туралы

 

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы Заңының 10 бабының 2 тармағына және  22-бабына   сәйкес,ӨКІМ ЕТЕМІН:

1. «Созақ ауданы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарты осы өкімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін. 

2. Осы өкімнің орындалуын бақылау аудан әкімі аппаратының басшысыҚ.Оразовқа жүктелсін.

 

 

Аудан әкімі                                                     С.Полатов

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Созақ ауданы әкімінің

2018 жылғы «04» желтоқсандағы

58  өкіміне қосымша

 

 

Сыбайлас  жемқорлыққа қарсы стандарт

 

         Осы сыбайлас жемқорлыққа қарсы  стандарт «Созақ ауданы әкімінің аппараты» ММ-і қызметінде және аппарат  қызметкерлерінің арасында сыбайлас жемқорлық жағдайларының туындауына жол бермеу негізінде әзірленген.

1.   Қоғамдық қатынас саласының атауы: Жергілікті атқарушы орган.

2.   Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартты әзірлеушінің атауы:  «Созақ ауданы әкімінің аппараты» ММ-і.

3.   Қоғамдық қатынастардың жеке саласына жұмыс істейтін адамдардың                      іс-әрекет қағидалары.

 

3.1. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандарттармен қозғалатын салада жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен заңды мүдделерін іске асыру кезінде:

       -  Қазақстан Республикасының Заңдарына сәйкес мемлекеттік бақылау және қадағалау жүргізу;

       - Қазақстан Республикасының Конституциясына, Заңдарына және өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жұмыс жасау;

       - Жеке және заңды тұлғалардың құқықтары мен бостандықтарын сақтау мен оларды қорғауды қамтамасыз етуге, азаматтардың өтініштерін заңмен белгіленген тәртіпте, мерзімде қарау және қажетті шаралар қолдану;

      - Нормативтік құқықтық актілерде сәйкес келмеу және әр-түрлі түсініспеушілік анықталған жағдайда,  нормативтік құқықтық актіні дайындаған құзыретті органға дереу хабарлау;

      - Лауазымдық өкілеттіліктерін орындау барысында, Қазақстан Республикасы Заңдарында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, азаматтардың жеке өмірі және ар-намысын қозғайтын мәліметтерді жария етпеу және олардан мұндай ақпарат беруді мұқтаждамау;

       - Мемлекеттік қызметкердің құзырына кіретін шешім шығару кезінде, өзімен заңда көрсетілген міндеттерін орындауына қатысты ешқандай материалдық игіліктер, қызмет атқарулар және өзге де артықшылықтар қабылдамау;

       - Өз өкілдіктерін берілген құқықтары шегінде және лауазымдық міндеттеріне сәйкес атқару;

       - Қызметтік міндеттерді атқару барысында жеке және заңды тұлғалардың қалауына бас имеу, олардың ықпалынан тәуелсіз болу;

       - Еңбек тәртібін мүлтіксіз сақтау, берілген міндеттерін тиімді орындау; қызметтік міндеттерін дұрыс  және сапалы атқару; жұмыс уақытын тиімді пайдалану;

       - Адал, әділ, қарапайым болуға, жалпы қабылданған моральдық-әдептілік нормаларын сақтауға, азаматтармен және әріптестерімен қарым-қатынаста сыпайылық пен әдептілік танытуға;

        - Қызметтік тергеп-тексеру жүргізіліп жатқан лауазымды тұлғаларға қандай да бір жеке сипаттағы қызмет көрсетуді талап ету немесе өтініш айтуға жол бермеу.

 

3.2. Өз құзіреті шеңберінде басқарушылық және өзге шешімдерді даярлау және қабылдау кезіндегі ұсынымдар:

        - Мүдделер қақтығысының туындау мүмкіндігіне жол бермеу үшін қажетті шаралар қабылдау;

        - Бақылау және өзге де шараларды жүргізу барысында шешім шығаруды талап еткен жағдайда сұрақтарды объективті, заңға сәйкес шешім қабылдау;

        - Жақын туысқандарына (ата-анасы, жұбайлары, аға-інілері, әпке-қарындастары, балалары) бағынышты немесе бақылауында болатын лауазымдарға тағайындалудан бас тарту;

        - Орындауға қабылдаған өкімдердің заңдылығы күмән туғызатын жағдайда тікелей басшыға кідіртпей баяндау;

        - Жоғары заңдылықты және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің қалыптасуын қолдау және қызметтестерден талап ету.

 

3.3. Нормативтік құқықтық актілердің жобаларын дайындауға ұсыныс беру кезінде:

       - Нормативтік құқықтық актілерге ұсыныс беру кезінде Қазақстан Республикасының 2016 жылғы 6 сәуірдегі «Құқықтық актілер туралы» Заңына қатаң сүйену;

      - Нормативтік құқықтық актілердің өзіне және үшінші тұлғалардың игілігіне пайда табу мақсатында қабылдануына жол бермеу;

      - Әзірленген нормативтік-құқықтық актілерді құзырлы мемлекеттік органдарға келісімге жолдау алдын қоғамдық талқылау жүргізу үшін ашық нормативтік-құқықтық актілердің интернет-порталында орналастыру;

      - Нормативтік-құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық факторларын туғызатын, құқық бұзушылық үшін баламалы санкциялары бар нормаларды қолданбау.

 

3.4. Тіршілік әрекеті саласы спецификасына байланысты туындайтын өзге қарым қатынастар кезінде:

       - Мемлекет мүдделеріне шығын келтіретін, мемлекеттік органдардың жұмысына бөгет болатын және тиімділігін түсіретін әрекеттерге төтеп беру;

      - Заңмен белгіленген тәртіптік, әкімшілік немесе қылмыстық жауапкершілікке тартылатын қателіктер мен өзге де құқық бұзушылықтарға жол бермеу;

      - Басқа мемлекеттік қызметкерлер тарапынан қызметтік әдеп нормаларын бұзушылығын болдырмау немесе бетін қайтару бойынша шаралар қолдану;

     - Ұжымда әріптестердің ар-намысы мен абыройына нұқсан келтіретін жеке және кәсіптік қасиеттерін талқылаудан ұстану;

      - Басшылықтың тапсырмаларын орындау барысында тек объективті және тексерілген ақпараттар ұсыну;

      - Іскерлік әдеп пен ресми тәртіп ережелерін сақтау.

 

4.          Өзге де шектеулер мен тыйымсалулар:

      - Егер мемлекеттік қызметкер сыбайлас жемқорлық туралы ақпаратқа ие болған жағдайда ол, осындай құқық бұзушылықтардың алдын-алу және тоқтату үшін шаралар қолдануы қажет.Сонымен қатар, жоғары тұрған басшылығын, сол жұмыс жасайтын мемлекеттік орган басшылығын, құзыретті мемлекеттік органдарды хат жүзінде ақпараттандыру. Мемлекеттік қызметкер жоғарыда аталған тұлғаларды және органдарды, оның басқа тұлғаларды жемқорлыққа қарсы құқық бұзушылықтарға итермелегені жөнінде хат жүзінде дереу ақпараттандыруы қажет;

       - Лауазымдық міндеттерді атқару барысында жеке және пайдакүнемдік мүдделерді басшылыққа алмау (сыйлық, ақшалай сыйлық, қызмет көрсетулер, ойын сауық, демалыс, көлік шығынын төлеу және өзге де сыйақылар);

        - Кәсіпкерлікпен айналысуға, өзге де мемлекеттік функцияларды атқарумен сиымсыз қызметпен айналысуға;

- Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылды өз құзыреті шегінде барлық мемлекеттік органдар, ұйымдар, квазимемлекеттік сектор субъектілері мен лауазымды адамдар жүргізуге міндетті.

 

 
Сыбайлас жемқорлыққы қарсы ұлттық баяндама Баспаға басу
Сыбайлас жемқорлыққы қарсы ұлттық баяндама
 
Мемлекеттік қызметкерге сыйлық алуға қатаң тыйым салынады Баспаға басу
 
Информация о результатах акции «Начни с себя» Баспаға басу
Информация о результатах акции «Начни с себя»
 
«2015-2025 жылдарға арналған Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы» аясында «Өзіңнен баста» атты акцияға орай табысын жариялайды Баспаға басу

Мен, Еспенбетов Қабылбек Аманбекұлы аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 3 112 442 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 1952690,17 теңге. Жеке меншігімде 2 сиыр, 2 бұзау бар.

Мен, Еденбаева Сәуле Дөненбекқызы аудан әкімінің орынбасары қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 970 861 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 2242541,79 теңге. Жеке меншігімде 1 (бір)-үйім бар Әйтеке би №7.

Мен, Әлжанов Ролан Ізбасарұлы, «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметін атқарып келемін. 2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 126 071 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 208 202 теңге. Жеке меншігімде үйім жоқ, жерім жоқ, көлігім жоқ.

Мен, Айдарбеков Ербол Әбдәшімұлы Созақ ауданы әкімдігінің экономика және қаржы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 493 237 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 3 259 945 теңге. Жеке меншігімде 15 түйе, 20 жылқы,    70 қой бар.

Мен, Оспанов Марат Әбілқайырұлы Таукент кенті әкімі қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 1 410 736 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 696217 теңге. Жеке меншігімде 1 үйім, 1 автокөлігім бар.

Мен, Сахиұлы Әбубәкір Созақ ауданы әкімдігінің ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 560 987 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 1 292 764 теңге. Жеке меншігімде 1 үй, 2 бас түйе, 7 бас жылқы және 60 бас қой бар.

Мен, Дастанов Бейсенбі Әйтімішұлы Шу ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 074 000 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 1 500 000 теңге. Жеке меншігімде 1 үйім, 7 сиыр, 40 бас қой бар.

Мен, Аметов Байұзақ Тәжібекұлы Созақ ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 367 007 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 1 178 945 теңге. Жеке меншігімде 1 үйім, 0,2700 га жерім, 1 көлігім, 3 бас жылқы, 62 бас қой бар.

Мен, Оспанов Есен Әбілхайырұлы Созақ ауданы әкімдігінің ветеринария бөлімі басшысы қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 632 070 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 1 356 809 теңге. Жеке меншігімде 1 үйім, 1 көлігім бар.

Мен, Смайлов Алибек Салимович Құмкент ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 1 663 423 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 1 085 777 теңге. Жеке меншігімде 1 үйім, 4 сиырым бар.

Мен, Ермахан Оразхан Нысабекұлы Қаратау ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 384 329 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 1 070 466 теңге. Жеке меншігімде 0,25 га жерім, 2 түйе, 2 жылқы, 57 уақ малым, 4 сиырым бар.

Мен, Батыр Бағдан Ергешбайұлы Созақ ауданы әкімдігінің дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 675 808 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 1 044 750 теңге. Жеке меншігімде 1 нива автокөлігім бар. Нақты қолымда 250000 теңге қаржы бар.

Мен, Алтаев Дайырхан Жайдарханович Созақ ауданы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 1 968 830 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 185 368 теңге. Жеке меншігімде 1 үйім бар.

Мен, Асылбеков Әнуарбек Әбибуллаұлы Созақ ауданы әкімдігінің құрылыс бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 038 545 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 1 585 056 теңге. Жеке меншігімде 1 үйім, 1 жерім,            1 көлігім, 12 жылқы, 20 қой бар.

Мен, Нұрсейтов Айтжан Созақ ауданы әкімдігінің сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 670 000 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 1 300 000 теңге. Жеке меншігімде 1 үйім, 1 жерім,            2 көлігім, 15 түйе, 20 жылқы, 10 қой бар.

Мен, Әбенұлы Бауыржан Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 544 659 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 198218 теңге.

 Мен, Ошақапов Шекербек Шералыұлы Қыземшек кенті әкімі қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 млн 64 мың (Екі миллион алпыс төрт мың) теңге. Жинақталған зейнетақы жарнам 796,71 (Жеті жүз тоқсан алты мың  71 тиын).

Мен, Ештай Берік  Алпанұлы Тасты ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 1 995,7 (бір миллион тоғыз жүз тоқсан бес мың жеті жүз) теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 1 306,2 (бір миллион үш жүз алты мың екі жүз) теңге. Жеке меншігімде 1 үйім,                10 сиырым, 25 қой бар.

Мен, Жәмиев Ордабек Мырзабекович Қарақұр ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 195 843 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 2 195 843 теңге.

Мен, Бағдат Айдарбеков Бекманұлы  Созақ ауданы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 136 865 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 1 544 788 теңге. Жеке меншігімде 1 үйім бар. Нақты қолымда  430 000 теңге қаржы бар.

Мен, Жайлаубай Анас Тыныштықбайұлы Жуантөбе ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 087 770,00 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 1 386 077,00 теңге. Жеке меншігімде 1 үйім,                      1 автокөлігім,  8 түйе, 12 жылқы, 150 қой, 10 сиыр бар.

Мен, Сақтапбергенұлы Пардабек Шолаққорған ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 207 228 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 1 852 953 теңге. Жеке меншігімде 3 жылқы, 3 сиырым бар.

Мен, Алтыбай Алмат Серікбайұлы Созақ ауданы әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімінің басшысы қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 637 104 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 1 391 752  теңге. Жеке меншігімде 0,2000 га жерім бар.

Мен, Әділбеков Бақытжан Сүйіндікұлы Жартытөбе ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 248 908 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 1 116 182  теңге.

Мен, Токкожаева Манат Зейтуллаевна Сызған ауылдық округі әкімі қызметін атқарып келемін.
2014 жылғы айлық жалақы қорым 2 131 342 теңге. Жинақталған зейнетақы жарнасы 1 907 870 теңге. Жеке меншігімде 2 үйім, 6 түйе,             10 жылқы, 10 сиыр, 50 қойым бар.

 

 

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 17 Ақпан 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728     

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы