Галерея

Жаңалықтар arrow Созақ жастары
Созақ жастары
Спорт саласы Баспаға басу

Жақыпов Біржан Жақыпұлы
1984 жылы 7 шілдеде Созақ ауданы Жартытөбе ауылына қарасты Аққолтық ауылында дүниеге келген. Бокстан Халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Қытайдың Мианянг қаласында бокстан өткізілген Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Көптеген Халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері. Арнайы жүргізілген сауланаманның қортындысы бойынша 2005 жылы Оңтүстік Қазақстан облысының «Ең үздік үздік спортшысы» атанған.

Жалғасы...
 
Өнер саласы Баспаға басу

Кенжебаев Ахат Әлімқұлұлы
1985 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Құмкент ауылында дүниеге келген. 1992-1993 оқу жылы Қ.Сәтбаев атындағы мектеп-гимназиясының 1 сыныбына барып, 2003-2004 оқу жылында бітіріп шықты. 2004 жылы Алматы қаласындағы Ж.Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжіне түсіп, 2006 жылы аяқтады. Сол жылы Құрманғазы атындағы консерваторияға түсіп, 3 курста Астана қаласындағы өнер академиясына шақыртып 2010 жылы бітіріп шықты. Президенттік мәдениет орталығында әнші салист болып қызмет жасап келеді. Осы уақыт аралығындағы жеткен жетістіктері:

Жалғасы...
 
Білім-ғылым саласы Баспаға басу

Саржанов Біржан Рысбайұлы
1985 жылы 15 желтоқсанда Оңтүстік Қазақстан облысы, Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында қарапайым отбасында дүниеге келген. 1993 жылы Шолаққорған ауылындағы Асқар Сүлейменов атындағы орта мектептің табалдырығын аттап, 2004 жылы аталмыш мектепті бітірген. Осы жылы Алматы қаласындағы Қазақ Ұлттық Аграрлық университетіне мемлекеттік грант есебінен «Технологиялық машиналар және жабдықтар» мамандығына оқуға түскен. Университет қабырғасында жүріп оқумен қатар қоғамдық жұмыстарға да атсалысқан.

2005 жылы «Жасыл Ел» жастардың көгалдандыру отрядына сарбаз болып кіріп, тынымсыз еңбегінің арқасында отряд командирі қызметіне дейін көтерілген. Алматы қаласын көгалдандыруға жастарды жұмылдырып, өз үлестерін қосқан.
Жалғасы...
 
Созақ ауданынан шыққан 20 үздік ЖАС Баспаға басу

ImageКез – келген мемлекеттің болашақта қандай болатыны, оның өркендеуі, дамуы тікелей бүгінгі қоғамның жас ұрпағына байланысты. Ертеңі мен болашағына сенімді ел ғана мұратына жететінін дана халқымыз дөп басып айтқан. Себебі, жастар қоғамды алға сүйреуші күш! Жастар – ел болашағы!
Еліміздің ертеңіне тірек, іргесіне сүйеу болатын жастарымыздың келешегі жарқын екендігін Тәуелсіз мемлекетіміздің күн сайын қарқынды дамып, өркендеуінен байқауға болады.
Жарқын болашақтың тізгінін ұстаушы жастарға қолдау көрсету- мемлекетіміздің басты назарында. Осы тұста 2004 жылы Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік жастар саясаты туралы» Заңы  қабылданды. Бұл Заңның аясында жастарымызға әлеуеметтік, мәдени – рухани қолдаулар көрсетіліп, әр түрлі мемлекеттік бағдарламалар іске асырылуда.

Жалғасы...
 

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 20 Қазан 17 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031         

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы