Галерея

Жаңалықтар arrow Әкімнің есебі
Әкімнің есебі
Аудан әкімі С.Полатовтың 2017 жылғы 8 айдың қорытындысымен атқарылған жұмыстарының есебі туралы тезистері Баспаға басу

 

Аудан әкімі С.Полатовтың 2017 жылғы

8 айдың қорытындысымен атқарылған

жұмыстарының есебі туралы тезистері.

 

Құрметті депутаттар!

 

 

БЮДЖЕТ

Ағымдағы жылдың 8 айының қорытындысымен жалпы бюджетке 52 млрд. 508 млн. 626 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 120,9 пайызға орындалып отыр.

Оның ішінде жергілікті бюджетке 4 млрд. 903 млн. 85 мың теңге қаржы түсіп, жоспар 117,2 пайызға немесе 719 млн 975 мың теңгеге артығымен орындалды.  

Бюджеттің шығыс бөлігі 7 млрд. 823 млн. 108 мың теңге болып  99,1 пайызға игерілді. Слайд-2.

ЖАЛПЫ ӨҢІРЛІК ӨНІМ

2017 жылдың 8 айында 138 млрд. 602 млн. 900 теңгенің жалпы өңірлік өнімі өндірілді. 

Оның ішінде: өнеркәсіп саласы бойынша 125 млрд. 698 млн. 520 теңге, ауыл шаруашылық саласының үлесі 6 млрд. 569 млн. 400 мың  теңгені құрады.  

ИНВЕСТИЦИЯ

Аудан экономикасына 20 млрд 913 млн. 500 мың теңге инвестиция тартылды. Оның ішінде:

- Жергілікті бюджеттен  – 185 млн 100 мың теңге;  

- Кәсіпорындардың, ұйымдардың және халықтың өз қаржысы  есебінен - 20 млрд 270 млн 600 мың теңге;

- Қарыз қаражаты көлемі – 457 млн 800 мың теңге инвестиция тартылған. Слайд-3,4.   

АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ САЛАСЫ

Есепті мерзімде ауыл шаруашылығы саласындағы жалпы өнім көлемі  6 млрд. 569 млн. 400 мың теңге болып, өткен 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда 740 млн. 600 мың теңгеге немесе 112,9 пайызға артығымен орындалып, нақты көлем индексі 101,4 пайызды құрады. Слайд-5.

Аудан бойынша биылғы жылы 12 мың 957 га егістік жер игеру межесі белгіленіп, 13 мың 4 га алқапқа егіс егілді. Оның ішінде 5 мың 156 га суармалы жер игерілді.

Суармалы жер көлемін ұлғайту бойынша 300 гектар алқапты айналымға қосу тапсырмасының 355 гектар алқабы (118 %) жайылымдық жерден суармалы егістік түріне ауыстырылды.

Сондай-ақ 110 га алқапқа тамшылатып суару технологиясын енгізу межесі берілсе, ағымдағы жылдың 8 айында аудан көлемінде «Жасыл желек» бағдарламасы негізінде 113 га декоративті бауға тамшылатып суару әдісі ендірілді.

1,5 га алқапқа жылыжай салу межесі берілсе, 8 айда 1 га алқапқа жылыжай салынып, тапсырма 67 пайызға орындалып отыр.

1300 га алқапқа терең қопсыту жүргізіліп, берілген тапсырма 100 пайызға орындалды.

Ауданға 22 ауыл шаруашылығы техникасын алу межесі белгіленгенсе, есепті мерзімде өз қаржылары есебінен 25 ауыл шаруашылығы техникасы алынып, тапсырма 114 % орындалды.

2 ауыл шаруашылығы кооперативін ашу межесі белгіленсе, есепті мерзімде ауданда 26 ауыл шаруашылығы кооперативі ашылып, әділет басқармасынан тіркеуден өтті.

Осы кооперативтерге мүше болаған азаматтар «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-ы мен «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-і арқылы несие алуға 76 млн теңгеге құжаттарын өткізіп, 47,5 млн теңгесі мақұлданды.

Кооперативтердің индикативті жоспарына сәйкес 3 ауыл шаруашылығы кооперативтерінің жұмыстарын ұйымдастыру межесі белгіленсе, Шолаққорған ауыл округінен «Әділет 1» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі 22 млн теңгеге ірі қара мал сою модулін алуға «Каз Техпром сервис» ЖШС-і мен әкеліп орнатуға келісім-шарт жасалды.

Осы қаржының 11 млн теңгесі инвестициялық субсидия арқылы төленсе, 11 млн теңгесі «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ-ы арқылы несиеленді. Сонымен қатар, «Нұрдос» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі майда малды сою бекетін ұйымдастырып, құрама жем шығаратын цехқа қажетті  құрал-жабдықтарды алуға өтінім берді.

Сондай-ақ, «Аруана» ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативі бүгінгі таңға осы түйе сүтін өңдеу кәсіпорнын ашып, тиісті құрал жабдықтарын алып, алынған құрал жабдықтарына инвестициялық субсидия алуға құжаттарын өткізді. Слайд-6.

Ағымдағы жылдың 8 айында аудандағы барлық санатта 32 230 бас мүйізді ірі қара, 310 591 бас қой-ешкі, 14 542 бас жылқы, 10 366 бас түйе,  21 408 бас құс өсірілуде. 2016 жылдың осы мерзімімен салыстырғанда мүйізді ірі қара 113,8 пайызға (28 329 бас), қой-ешкі 112,9 пайызға (274 950 бас), жылқы 118,6 пайызға (12 257 бас) өссе, түйе 98,2 пайызға кеміп отыр. (10 558 бас), құстар 107,2 пайыз (19 966 бас) болып орындалды. Слайд-7,8.

Сонымен қатар 7495,1 тн ет (тірі салмақта), 10277 тн сүт, 1 млн 936 мың 300 дана жұмыртқа өндіріліп, 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру көлемі ет 101,5 пайызға, сүт 101,3 пайызға, жұмыртқа 103,4 пайызға артық орындалды. Слайд-9.

«Алтын асық» бағдарламасы бойынша 2850 бас тұсақ қойлар алынып, меже 138 пайызға,

«Құлан» бағдарламасы бойынша 630 бас аналық жылқы алынып меже 105 пайызға орындалса,

«Сыбаға» бағдарламасы бойынша бойынша ауданға 2 000 бас мүйізді ірі қара малын тұқымдық түрлендіру межесі белгіленсе, есепті мерзімде  1069 (53%) бас мүйізді ірі қара аналығы тартылды. Тапсырма жыл соңына дейін орындалатын болады.

Аудан бойынша 25 бірлік 5-10 бастық жанұялық сүт фермасы ашылып, жылдық тапсырма 124 пайызға орындалды.

Сонымен қатар, шағын 10-15 бастық мал бордақылау алаңдарын ашу тапсырмасы бойынша 8 айда 122 шағын мал бордақылау алаңдары ашылып, жылдық тапсырма 102 пайызға орындалды.

Аудан аргроқұрылымдары 2017 жылдың 8 айында «Созақ несие» несиелік серіктестігі» ЖШС-нен 180 млн теңге, «Ырыс» МҚҰ» ЖШС-нен 55 млн теңге, «Ауыл шаруашылығын қолдау қоры» АҚ Оңтүстік Қазақстан Облыстық Филиалы арқылы 90 млн 300 мың теңге, барлығы 325 млн  300 мың теңге көлемінде несие қаржы алды. Слайд-10.

КӘСІПКЕРЛІК САЛАСЫ

 Аудан көлемінде 8 ай қортындысымен 263 жаңа кәсіпкерлік субъектілері ашылып, кәсіпкерлік субъектілерінің жалпы саны 3 266-ға жетіп, 2016 жылдың  8 айымен салыстырғанда 105%-ға артты.

Кәсіпкерлік саласында 2017 жылдың 8 ай қорытындысымен 9 млрд. 533 млн. теңгенін өнімі өндіріліп, өткен 2016 жылдың 8 айы  мен  салыстырғанда 102,3% өсті. 


Орта және шағын бизнесті дамытудың локомативі ретінде ауданда құрылған индустриалды аймақта «UKO-S-Star» Металл құрастыру зауыты» ЖШС, «Благо Лизинг НПЗ» ЖШС, «Дархан-Ас» ӨК ас тұзын өндіру зауыты және «Сырлы Созақ» ЖШС-нің «Полимер қалдықтарын қайта өңдеу, төменгі қысымға арналған полиэтилен құбырын шығару» жобаларында шығарылатын өнім көлемі 315 млн. 200 мың теңгені құрап, оларда 88 адам тұрақты жұмыспен қамтылып отыр. Слайд-11,12. 

ҚҰРЫЛЫС ЖӘНЕ СӘУЛЕТ САЛАСЫ

Аудан көлемінде құрылыс - монтаждау жұмыстарына 157 млн 280 мың теңге республикалық және жергілікті бюджеттен жүргізілді.

Атап өтетін болсақ республикалық бюджет есебінен бөлінген қаржыға 2016 жылдан өтпелі, биылғы жылы пайдалануға қосылған Шолаққорған ауылындағы «Жеткеншек» елді мекенінің инфрақұрылым;

Ал, аудандық бюджет қаржысы есебінен 2016 жылы құрылыстары басталып 2017 жылға өтпелі болған, жалпы құны 50 млн теңгені құрайтын Индустриалды аймақтың инфрақұрылым;

 2017 жылы 56 млн 926 мың теңгеге Созақ ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтарды тастайтын полигон құрылысы құрылыстары жүргізіліп пайдалануға берілді. Слайд-13.

Ауыл шаруашылығы саласы бойынша жергілікті бюджеттен 33 млн   771 мың теңгеге Құмкент, Қаратау, Қарақұр ауылдарынан уақ малдарды тоғыту алаңдары салынып пайдалануға берілді. Слайд-14.

Қазіргі таңда құрылысы тамыз айында басталған жалпы құны 91 млн  481 мың теңге болатын Шолаққорған ауылындағы «Тәуелсіздік» алаңының құрылысы жүргізілуде. Нысан 31.10.2017 жылы пайдалануға беріледі. Алдағы уақытта Шолаққорған ауылдық округі Балдысу е/м 418 млн 178 мың теңгеге  100 орындық Ж.Жабаев атындағы орта мектеп құрылысы басталады деп күтілуде. Нысан 2018 жылы пайдалануға тапсырылатын болады. Слайд-15.

Жобалау сметалық құжаттамалар әзірлеу бойынша 47 млн 857 мың теңгеге 7 жоба жасалып, 3 жоба қорытынды алынуда.

Сонымен қатар ағымдағы жылдың соңына дейін 52 млн 539 мың теңгеге 9 жобалау сметалық құжаттама әзірлеу үшін аудандық бюджеттік комиссиясына ұсынылды. 

2017 жылдың 8 ай қортындысымен аудан көлемі бойынша жалпы алаңы 16 234 шаршы метрді құрайтын 134 жаңа тұрғын үй пайдалануға берілді.

Сондай-ақ, Созақ ауданының сәулеттік келбеттерін жақсарту мақсатында біршама эскиздік жобалар дайындалды. 

КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҚ САЛАСЫ

Аудан елді мекендерін табиғи газбен қамтамасыз ету үшін жобалау сметалық құжаттарына (ЖСҚ) жергілікті бюджеттен 78 млн. теңге қаржы қаралған. Бәйдібек ауданындағы №18 «Шалдар» АГТС-нен Созақ ауданына дейін тартылатын жоғары қысымды газ құбырының құрылысын «КазТрансГазАймақ» АҚ-ның инвестициялық бағдарламасында қаралған шығындар есебінен жүргізу туралы шешім Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігімен қабылданып отыр.

Осыған байланысты, қазіргі уақытта аудан әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімімен «Шымкент» магистралды газ құбырлар басқармасы «Интергаз Орталық Азия» акционерлік қоғамынан техникалық шарт алынды. Жыл соңына дейін жобалау-сметалық құжаттары әзірленіп, мемлекеттік сараптамадан өткізілетін болады.

Шолаққорған ауылының ішкі жүйелерін газдандыруға жобалау-сметалық құжатты «ЖамбылАгроГазПроект» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізуде. Бүгінгі таңда жобалау-сметалық құжаттары дайындалуда. Жыл соңына дейін толығымен аяқталады. Слайд-16.

Ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде

Аудандық 35 елді мекеннің 23-не ауыз су құбыры жүргізілген. Оның ішінде 16-на ауыз су тәулігіне 24 сағат берілуде. Қалған 7 елді мекенде су уақытпен берілуде. Қарақұр, Сызған, Қозмолдақ елді мекендерін 24 сағат ауыз сумен қамтамасыз ету үшін аудандық бюджеттен 40 млн. теңге «Шолаққорған-Су» МКК-ға бөлініп, жеке тұрғын үйлерге су кіргізу, су құдықшалары мен су есептегіш құралдарын орнату жұмыстары жүргізілуде.

Шолаққорған ауылының 86 көшесінің 53 көшесі ауыз сумен қамтылған. Биылғы жылы Шолаққорған ауылының жер асты қоры бекітілді. Су құбыры жүргізілмей қалған 33 көшеге 29,9 шақырым су құбырын жүргізу қажет. Осы 33 көшеге су құбырын тарту жұмыстарына ЖСҚ дайындауға аудандық бюджеттен 38 млн. 473 мың теңге қаржы қаралды. 

Ауыз сумен қамтылмаған 10 елді мекенге су құбыры құрылысын жүргізуге төмендегі жұмыстар атқарылуда:

Облыстық бюджеттен 12 млн. теңге бөлініп, 6 елді мекенге (Ақсүмбе, Раң, Шаға, Көктөбе, Қайнар, Абай) ЖСҚ дайындалып, сараптамадан өткізуге тапсырылды. Бүгінгі таңда 3 елді мекеннің ауыз су құбырына жобалау-сметалық құжаттарына сараптама қорытындысы алынды. Қалған 3 елді мекеннің ауыз су құбырына жасалған жобалау-сметалық құжаттарына сараптама қорытындысы қыркүйек айының соңына дейін алынады.

Облыстық бюджеттен 84 млн. 500 мың теңге қаржы бөлініп, ауыз су құбыры жүргізілмеген 12 елді мекеннің ішінде 4 елді мекеннің (Басбұлақ, Қарабұлақ, Балдысу, Сарыжаз) жер асты суларына зерттеу жұмыстары жүргізілуде. Жер асты су қорлары 2018 жылы бекітіледі. Слайд-17.

Жалпы аудан көлемінде 964,8 шақырым автомобиль жолдары бар. Оның 434,9 шақырымы облыстық маңызы бар жолдар, 72,1 шақырымы аудандық маңызы бар жолдар, 457,8 шықырымы елді мекендердің ішкі жолдары. Аудан көлеміндегі асфальтталған жолдардың үлесі 209,4 шақырымды құрайды.

2017 жылы аудандық маңызы бар 5 шақырым Қарабұлақ-Балдысу автомобиль жолын жөндеуге 226 млн. қаржы қаралып, құрылыс жұмыстары басталды. Жұмыстар қараша айында аяқталады деп жоспарлануда.

 Сонымен қатар, Шолаққорған ауылындағы 7,1 шақырым Түркістан-Созақ автомобиль жолын салуға 330 млн. қаржы қаралып, бүгінгі таңда 6 шақырымының құрылыс аяқталды. Қалған 1,1 шақырымы қазан айының аяғына дейін аяқталады. 

Облыстық және аудандық бюджеттен бөлінген 268 629,0 мың теңгеге жалпы қашықтығы 35,2 шақырымды құрайтын 23 көшеге орташа жөндеу жұмыстары жүргізілді.

Жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесі 2017 жылы 64,6%, 2021 жылы 83,4%-ға жеткізілетін болады.

Шолаққорған ауылының орталығындағы С.Қожанов көшесі бойына және А.Сүлейменов жалпы орта мектебіне баратын аяқ жол салу жұмыстары аяқталды.

 Сонымен қатар, «Айшуақ», Балауса балабақшаларына және А.Байтұрсынов мектебіне баратын көшелер бойына аяқ жолдар салуға мемлекеттік сатып алу жұмыстары аяқталып, мердігерлермен келісім шарт жасалды. Слайд-18.

 

ӘЛЕУМЕТТІК САЛА

Бағдарламаның бірінші бағыты «кәсіби білім беру және кәсіптік оқыту»

 2017 жылы «Кәсіптік оқытуға» 236 адамды оқыту көзделуде, оның ішінде:

- 2,5 жыл мерзімде техникалық және кәсіптік біліммен 106 адамның тізімі аудандық комиссияда қаралып, оқуға жолданатыны бекітілді. Аудандық білім бөлімі ағымдағы жылдың 1-ші қыркүйегіне жолдамамен толық қамтыды.

Бүгінгі таңға техникалық және кәсіби білімі бар кадрларды даярлауға үміткерлердің тізімін қалыптастыру бойынша мобильдік топ құрылды, оқуға жолдауға үміткерлер тізімін қалыптастыру жұмыстары жүргізілуде.

- қысқа мерзімдік курстар бойынша еңбек нарығында сұранысқа ие 223 жұмысшы кадрлар қысқа мерзімді кәсіптік оқыту жоспарланған. Осыған орай, енбек рыногының сұранысына сәйкес мамандарға қажеттілікті анықтау жұмыстары білім бөлімі және аудандық Кәсіпкерлер палатасымен бірлесе жүргізіліп, аудандық комиссияда 223 азамат оқуға жолданатыны бекітілді.

жұмысшы кадрларды қысқа мерзімді оқыту бойынша №24 колледжге  14 адам (электр газымен дәнекерлеуші - 10, электр монтері - 4), "Лидер-Про" колледжіне 178 адам, «Дидар» ЖШС-не 31 адам қысқа мерзімді  оқуға жолданды. 

Бағдарламаның екінші бағыты «жаппай кәсіпкерлікті дамыту» шеңберінде 1 қыркүйекке дейін жеке ісін ұйымдастыру және кеңейтуге 49 адам 114,4 млн. теңгеге (жоспар 100 адам – 308 млн. мың теңге) шағын несиеленіп, 2016 жылы несиеленген азаматтар тарапынан қосымша 45 жаңа жұмыс орындары ашылды. Шағын несиенің орташа мөлшері 2,3 млн. теңгені құрады.

2017 жылға несие алуға 109 азаматтың тізімі Ауылшаруашылық бөліміне ұсынылды.

- "Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ ОҚФ-на 43 азамат;

- "Ырыс" МҚҰ-на 26 азамат;

- "Созақ несие" ЖШС-не 4 азамат, барлығы 73 адам жолдамамен қамтылды.

Бүгінгі күнге (14.09.2017 жылға) Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры АҚ ОҚФ арқылы және «Ырыс» МҚҰ арқылы 3 азаматтың несие алуына несиелік комитетте 12 млн. теңгеге мақұлданды.

«Созақ несие» ЖШС арқылы 2 адам 7,46 млн.теңге;

"Ырыс" МҚҰ арқылы 21 адам 43,1 млн.теңге шағын несиемен қамтылды.

 "Ауылшаруашылығын қаржылай қолдау қоры" АҚ ОҚФ арқылы 34 адам 91,3 млн. теңге несиемен қамтылып, барлығы бүгінгі күнге 57 адам 141,86 млн. теңге шағын несие берілді. 

Бағдарламаның үшінші бағыты «жұмыспен қамту және еңбек ресурстарының ұтқырлығын арттыру» шеңберінде 2017 жылы 1 523 жалпы жаңа жұмыс орындары ашылу жоспарланса, 942 жаңа жұмыс орны ашылып отыр немесе жылдық жоспар 61,9 пайызға орындалды.

Халықты жұмыспен қамту орталығы тарапынан жаңа жұмыс орындарына 120 адам жолданып, (8 ай жоспар 99, жылдық жоспар 120) жоспар 121,1% орындалды (жылдық пайыз 100,0).

906 адам тұрақты жұмысқа орналасты (8 ай жоспар 792), оның ішінде

786 адам (86,8%) бос жұмыс орындарына, 120 адам (13,2%) мемлекеттік және аймақтық дамыту бағдарламалар бойынша жаңадан ашылған жұмыс орындарына орналастырылды.

Кешенді жоспарды орындау мақсатында қоғамдық жұмысқа 310 адам (жылдық жоспар 350 адам) жоспарланса, 294 адам қамтылып немесе   95,0 пайызға орындалды.

Әлеуметтік жұмыс орнына 40 жұмыс берушілермен келісім шарт түзіліп, нақты 132 (жоспар 100 адам) нысаналы топтағы азаматтар жолданды  (132,0 пайыз). Мерзімінен бұрын аяқталуына байланысты 9 адамның 8-і немесе  89,0 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды. (қаралған қаржы 24 млн. 640 мың теңге) Жастар практикасына 53 жұмыс берушілермен келісім шарт түзіліп, нақты 126 (8 ай жоспар 90 адам) адам жіберілді. (140,0 пайыз), олардың  28-і аяқтап, 17 немесе 60,7 пайызы тұрақты жұмыспен қамтылды. (қаралған қаржы 30 млн. 632 мың теңге). Слайд-19,20.

 

БІЛІМ САЛАСЫ

 Ауданымыздағы білім саласына бөлінетін қаржы көлемі жыл санап артып келеді. Биылғы жылға қаралған қаржы 6 млрд 264 млн. 418 мың теңгені құрады. Слайд-21.

 2016-2017 оқу жылында мектеп бітірушілерді қорытынды аттестаттау және ұлттық бірыңғай тестілеуді тапсыру форматы өзгерді. Мектеп бітірушілер жоғары оқу орнына түсу үшін міндетті үш пәннің қатарында «Математикалық сауаттылық», «Оқу сауаттылығынан» емтихан тапсырды.

 2017 жылы аудан мектептерін бітірген түлектер саны 681. Оның 563-і ҰБТ тапсырып, нәтижесінде аудан көрсеткіші 72 балды құрады. 2017 жылы  51 оқушы «Алтын белгі», 21 оқушы «Үздік аттестат» иегерлері атанды (2016 жылы 8 оқушы «Алтын белгі», 6 оқушы «Үздік аттестат»). Слайд-22. 

Жазғы кезеңде балалар мен жасөспірімдердің демалысын, сауықтырылуын қамтамасыз ету мақсатында аудан мектептерінде аула клубтары, қызығушылығы бойынша клубтар, көгалдандыру бригадалары, мектеп орманшылығы бойынша оқушылар сауықтырылды. Мектептердегі  368 топқа, 7165 оқушы қамтылды.Сонымен қатар, жазғы кезеңде мектеп жанындағы лагерлерге 148 топқа, 3775 оқушы қамтылды. 

 2017 жылы 5 ауысым бойынша 1400 бала қала сыртындағы лагерде (ОҚО, Түлкібас ауданындағы Машат шатқалында орналасқан Б.Саттарханов атындағы балалар спорттық лагері) демалып, оған аудандық бюджеттен 42 млн 700 мың теңге қаржы жұмсалды. Слайд-23.

  

ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАУ САЛАСЫ

 Есепті мерзімде 1076 бала туылды. 5 жасқа дейінгі бала өлімінен 12 жағдайы тіркеліп, 2016 жылғы кезеңмен (7 өлім жағдайы) салыстырғанда  5 жағдайға көбейіп отыр. Ана өлімі тіркелген жоқ.

 Жұқпалы ауруларға келетін болсақ сары аурумен 2016 жылы 1 адам тіркелсе, ағымдағы жылдың 8 айында тіркелмеген. Сарып ауруымен 8 науқас, туберкулез ауруы бойынша 11 адам тіркелген.

 Саладағы өзекті мәселелердің бірі кадр тапшылығы болса, ағымдағы жылдың  8 айында «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша жалпы 6 маман оның 3-і аудандық емханаға және 3-і орталық ауруханаға жұмысқа орналасты.

 Аудандық емхана мен орталық аурухана бойынша медициналық құрал жабдықтармен қамтамасыз ету көрсеткіші 56,7%-ды құрайды. Барлық медициналық құрал жабдықтар жұмыс жасап тұр. Келешекте құрал жабдықтармен қамтасыз етуді 70%-ға жеткізуді жоспарлап отырмыз. Слайд -24.

МӘДЕНИЕТ, СПОРТ САЛАСЫ

 Ағымдағы жылдың 8 айында 429 (2016 ж 409) мәдени-көпшілік іс-шаралар өткізіліп, 33775 көрермен қамтылды. 35 мәдени мекеменің 22 кітапхана болса, кітап қоры 387 283 (2016 ж. 385 487) құрайды. 2017 жылы жаңа 2347 дана кітап алынды. Оның 1354-і мемлекеттік тапсырыстан түссе, жергілікті бюджеттен 844 алынып, 149-ы сыйға берілді. Оқырман саны 16 694 құрайды.

 Ауданымызда маусым айында шертпе күйдің шебері, дәулескер күйші Сүгір Әліұлының 135 жылдығына орай облыстық «Күй құдіреті» байқауы ұйымдастырылса, 15 қыркүйекте Шәмші Қалдаяқов атындағы «Менің Қазақстаным» облыстық ән байқауы өткізілді. Слайд-25-28. 

 8 айдың қорытындысымен 167 салауатты өмір салтын насихаттауға арналған іс-шаралар өткізіліп, оған 14 588 адам қамтылған. Бұл аудан халқының 25 пайызын құрайды. Атқарылған спорттық іс-шаралардың нәтижесінде 2017 жылыдың 8 айында ауданымыздан 32 спортшы Республикалық жарыстарда жүлделі орыннан көрінді, атап айтсақ Орынбасаров Қобыланды Сауранұлы – гір тасын көтеруден спорт шебері, Әлем чемпионы және Европа жұлдегері, Шымкент қаласында өткен Қазақстан республикасы чемпионатында чемпион атанып Оңтүстік Кореяда өтетін Әлем чемпионатына жолдама алды.

 Бекболат Ерсұлтан Ұлықбекұлы- Қарағанды қаласында Грек-рим күресінен республикалық жарыста І-орын иеленді, Ерман Айда Қанатқызы – Сарыағаш қаласында қыздар арасында қазақ күресінен өткен Қазақстан республикасы чемпионатында жеңімпаз атанды сонымен қатар Аңсаған Нұрила – Түркістан қаласында самбо күресінен Қазақстан республикасы чемпионатының жүлдегер атанды.

 Қаратау ауылынан «Қаратау» ЖШС-нің демеушілігімен 1 спорт алаңшасы салынып халық игілігіне пайдалануға берілсе, Шолаққорған ауылынан 2 спорт алаңшасын салу үшін мемлекеттік АКТ және жобалық сметалық құжаттары дайындалып жыл соңына дейін салынатын болады. Слайд -29-36.

 

ТӘРТІП ПЕН РЕТТІЛІК

 8 айда ауданымызда 184 қылмыс тіркеліп, өткен 2016 жылғы кезеңмен салыстырғанда 19 қылмысқа азайып отыр. 

 Жасалған қылмыстардың басым бөлігін бөтеннің мүлкін ұрлау мен орташа ауыр қылмыстарды құрайды. Бөтеннің мүлкін ұрлау көрсеткіші бойынша - 84 (2016 ж. 8 айы - 80), сол сияқты орташа ауыр қылмыс - 97 (2016 ж. 8 айы - 107), аса ауыр қылмыс - 2 (2016 ж. 8 айы -1), ауыр қылмыстар - 12 (2016 ж. 8 айы - 1), онша ауыр емес - 23 (2016 ж. 8 айы - 26) болып өскен.

 Сол сияқты жол көлік оқиғалары 2016 жылдың 8 айында - 20 болса,  2017 жылдың 8 айында – 23-ке көбейген. Слайд-37.

 

Жеке азаматтарды қабылдау, өтініштермен жұмыс

 2017 жылғы 8 айда аудан әкімдігіне жеке және заңды тұлғалардан өтініштер мен арыз-шағымдар түсіп, олармен ҚР «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» Заңының талаптарына сай жұмыстар жүргізіліп тиісті жауаптар берілді.

 Ағымдағы жылдың 8 айында 13 рет азаматтардың өтініштері бойынша жеке қабылдау өткіздім. Жеке қабылдауымда 228 азаматтар болды. Осы азаматтардың 72-і жұмыс сұраса, 59-ы әлеуметтік көмек бойынша, 75-і тұрғын үй мәселесімен, 19-ы ауыл шаруашылығы, жер мәселесімен және қалған 3-і басқа да мәселелермен жүгінді.

 Жеке қабылдау барысында Қазақстан Республикасының 2007 жылғы  12 қаңтардағы «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау тәртібі туралы» №221 Заңының 13-бабының нормалары сақталды. Қабылдауда болған жалпы 128 азаматтардың 53-нің мәселесі толығымен қанағаттандырылса, 75-не қабылдау орнында қолданыстағы заңдарға сәйкес түсіндірілді. 

 

 

Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет!!!

 

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 14 Желтоқсан 17 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
             

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы