Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
"Теріскей таланттары-2018" халық өнер фестивалінің қорытынды концерті өтті Баспаға басу

ImageСозақ ауданының 90 жылдығы жəне Астан­аның 20 жылдық мерек­есіне орай аудандық «Теріскей таланттары­-2018» халық өнер фе­стивалінің жабылу сал­танаты өтті.  Үш ай бойы теріскей даласын әнмен жырға бөлеген фестиваль тұрғындардың зор ықыласына бөленді. Айтулы шараға аудан әкімі Полатов Салыхан Сабырұлы қатысып, барша созақтықтарды ауданның 90 жылдық мерейтойымен және өнер мерекесімен құттықтады. 700-ден аса өнерпаз қатысқан фестивальде ауыл округ өнерпаздары  «Сырлы саз әу­ендері» - эстрада жа­нры, «Зерлі қалам» - бейнелеу өнері қыл қалам шеберлері жа­нры, «Күміс керуен» - қолөнер шеберлері жанры, «Сырлы дүние­»-жыр мүшәйрасы және көркемсөз оқу жанр­ы, «Гауһартас» - хал­ық әндері жанры, «Сә­укеле» - би жанры, «Сахна иірімі»- драма жанры, «Халық – өн­ер қайнары» ұжымдық көркемөнерпаздары сынды се­гіз жанр бойынша бақ сынады.

Бас жүлдені Шолаққорған ауылы округінің өнерпаздары еншілесе, бірінші орындарды Таукент кентімен Жуантөбе ауыл округі иеленді. Екінші орын Сызған, Құмкент  ауыл округінің өнерпаздары лайық деп табылды. Жүлделі үшінші орынды Жартытбе, Қыземшек ауыл округ өнерпаздары алды.

          Фестивальдің жүлде қорына аудан əкімдігі тарапынан - 2 500,0 мың теңге тағайындалып, жеңі­мпаздар алғыс хат және ақшалай сыйлықтармен марапат­талды.  

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
«Мемлекеттік рәміздер» күні автошеру өтті Баспаға басу

ImageБүгін Шолаққорған ауылындағы орталық алаңда «Мемлекеттік рәміздер» күніне орай мерекелік шара өтті. Оған аудандағы барлық мекемелер мен аудан тұрғындары қатысты. Шара барысында аудан әкімі С. Полатов барша тұрғындарын осынау мерекемен құттықтап, рәміздердің қадір қасиетін айтып өтті.

          Шара ауыл автокөлік шеруімен жалғасып, олар ауыл ішін аралап, мемлекеттік рәміздер ұлықталды. Шеру «Тәуелсіздік» саябағында аяқталып, ондағы концерттік бағдарламамен жалғасты.

2007 жылдың 4 маусымында «Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері туралы» Конституциялық Заңы қабылданып, содан бері бұл күн Қазақстан Республикасында Мемлекеттік Рәміздер күні болып белгіленді.  Ұлттың тұтастығын, елдің бірлігін білдіретін рәміздер күні елімізде ерекше аталып өтеді.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.
           

 
Шу ауылында футбол алаңы ашылды Баспаға басу

Image1 - маусым Халықаралық балалар күні қарсаңында демеушілер есебінен Шу ауылы округінде шағын футбол алаңы ашылды. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Салыхан Полатов қатысып ауыл тұрғындарын құттықтады: «Шалғайда жатқан Шу ауылында спорт алаңының ашылуы, ауыл тұрғындарының спортпен айналысуына үлкен мүмкіндік береді. Барлығына қолжетімді спорт алаңы, демеушілер есебінен соғылды. Алда басқа да ауыл округтерінен футбол алаңы іске қосылады»,- деді.

            Айта кету керек өткен 2017 жылы аудан көлемінде 6 спорт алаңы ашылса,  жыл басынан бері 3 спорт алаңы пайдалануға берілді. Жыл соңына дейін өзге ауыл округтерден бизнестің әлеуметтік жаупакершілігі аясында  бірнеше футбол алаң ашылады деп күтілуде.

             

Ауданы әкімінің баспасөз қызметі.

 
БЖЗҚ қашықтықтан ақпарат және кеңес береді Баспаға басу

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының акционері мен директорлар кеңесі Қор қызметінің барынша ашық болуына, Қордың салымшылары және зейнетақы төлемдерін алушыларымен тиімді коммуникациялық байланыс орнатуға айрықша мән береді. Қор өз кезегінде бұл үшін барлық мүмкіндіктерді пайдаланды.  Ай сайын брифингтер, үш ай сайын баспасөз мәслихаттары өткізілді. Жазғы қаржы журналистикасы мектебі ұйымдастырылды. 2017 жылы Қор бастамасы бойынша республикалық және өңірлік бұқаралық ақпарат құралдарында 15 мыңдай материал жарық көрді. Бұл 2016 жылғы көрсеткіштен 3 есе және оған дейінгі үш жыл ішіндегі көрсеткіштерден 2,3 есе артық. Сондай-ақ, БЖЗҚ филиалдық желісінің қызметкерлері 2017 жылы кәсіпорындар мен ұйымдарда 18 мыңнан астам көшпелі таныстырылымдық шаралар өткізді. Оларға 557 мыңнан астам адам қатысты. Осылайша, жарты миллионнан астам қазақстандық осындай кездесулер барысында өздерін мазалған сұрақтарға жауап алды. 

 

Жалғасы...
 
БЖЗҚ: жеке қорлардың проблемалық мұрасына қатысты белсенді жұмыстар жүргізілуде Баспаға басу

 Еске сала кетелік, БЖЗҚ құрылмас бұрын зейнетақы нарығында мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры және бірқатар жеке жинақтаушы зейнетақы қорлары жұмыс істеді. Осы кезеңде салымшылардың бір қордан екінші қорға ауысуына және мемлекеттік қорда шоттардың автоматты түрде ашылуына байланысты «техникалық», яғни талап етілмеген және қосарлы шоттар пайда бола бастады. 2017 жылы Қор өзінің автоматтандырылған ақпараттық жүйесінің дерекқорындағы зейнетақы шарттарын өзектендіру бойынша жұмыстар жүргізді. Соның нәтижесінде сәйкестендірілмеген жеке зейнетақы шоттарының саны (жеке сәйкестендіру нөмірі жоқ техникалық шоттар) 2017 жылы 72,5 мың бірлікке азайып, 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай 326,4 мың шотты құрады. Осылайша, жеке жинақтаушы зейнетақы қорларынан зейнетақы шарттарын БЖЗҚ-ға өткізу үдерісі аяқталған сәттен бастап, соңғы 4 жыл ішінде 495 мың техникалық шарт немесе олардың 60 пайызы өңделді. Шарт базасын өзектендіру бойынша жұмыстарды 2020 жылға дейін аяқтау жоспарланған.  

Жалғасы...
 
БЖЗҚ қызметтерінің сапасы халықаралық стандарттарға сәйкес келеді Баспаға басу

2018 жылдың наурыз айында «БЖЗҚ» АҚ Сапа Менеджменті Жүйесі бойынша (СМЖ) сертификациялық аудиттен сәтті өтті. Мақсат – оның ISO 9001:2015 халықаралық стандартының зейнетақы қызметтерін көрсету саласындағы талаптарына сәйкестігін растау. Аудитті алдыңғы қатарлы TÜV Thüringen e.V (ТЮФ Тюринген, Германия) еуропалық компаниясының халықаралық аудиторлары жүргізді.

 Аудит барысында TÜV Thüringen e.V. сарапшылары БЖЗҚ-ның Сапа менеджменті жүйесі толық көлемде нәтижелі екендігін, Қорда оны лайықты деңгейде қолдауға және одан әрі дамытуға барлық жағдай жасалғандығын атап өтті.

 Сондай-ақ, қорытынды есептемеде TÜV Thüringen e.V. аудиторлары БЖЗҚ-ның ISO 9001 негізінде Сапа Менеджменті Жүйесін енгізуге және оны тұрақты қолдауға, Қордың инфрақұрылымын жақсартуға және IT-технологияларды кеңінен пайдалануға ұмтылып жатқандығын көрсетті. Бұл ретте IT-технологиялар ішкі бизнес-үдерістерді, сондай-ақ қызметкерлердің біліктілігі мен құзыреттілігін айқындау үшін де қолданылады.                

 

Жалғасы...
 
БЖЗҚ-ның 8,7 мыңнан астам салымшысы зейнетақыны жоспарлауды үйренді Баспаға басу

2018 жылы сапалы қызмет көрсетуден басқа, Қор алдына тұрғындар арасында зейнетақыны жоспарлау мәдениетін дамыту мақсаты қойылды.  

 

«Осы мақсатқа қол жеткізу үшін қазақстандықтардың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық-құқықтық сауаттылығын арттыра отырып, БЖЗҚ-ның оң беделін қалыптастыру арқылы жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенімді нығайту қажет. Сонымен қатар дербес зейнетақы жоспарын жасау мәденитін қалыптастыру және ерікті зейнетақы жоспарларын дамыту керек, - деді «БЖЗҚ» АҚ Басқарма төрайымы Нұрбибі Наурызбаева.

 

2017-2021 жылдарға арналған Корпоративтік даму стратегиясына сәйкес, БЖЗҚ зейнетақыны дербес жоспарлау бойынша әрбір салымшы үшін кәсіпқой кеңесшіге айналуы тиіс. Осы міндеттерді орындау үшін 2018 жылы сәуірде Қор дербес кеңес беру қызметін іске қосты. Осы қызмет аясында жеке және корпоративтік зейнетақы калькуляторы қолданылады.

 

«БЖЗҚ» АҚ филиалдары екі апта ішінде (2-14 сәуір аралығы) зейнетақыны жоспарлау мәселелері бойынша 8 728 ақыл-кеңес өткізді. Бұл ретте консультациялардың басым бөлігі Алматы қалалық филиалы (1 860) мен Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалында (1 491) өткізілді. 

 

Жалғасы...
 
5 сұрақ Баспаға басу

1.    Зейнетақы жүйесінің деңгейлері туралы әңгімелеп берсеңіз, базалық және ортақ зейнетақы дегеніміз не? Олардың бір-бірінен айырмашылығы қандай?

Бүгінде Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі үш деңгейден тұрады. Олар:

   1) мемлекеттік бюджеттен төленетін базалық және жасына (еңбек өтіліне) байланысты ортақ зейнетақы;

   2) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан төленетін міндетті зейнетақы жарналары, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарына негізделген міндетті жинақтаушы зейнетақы жүйесі;

   3) ерікті зейнетақы жарналарына негізделген жинақтаушы жүйе.

Алғашқы деңгей бойынша ортақ зейнетақы - ұрпақтар ынтымақтастығына негізделген жүйе. Келешекте ол біртіндеп азайып, 2040 жылдары мүлдем тоқтатылады. Өйткені, ортақ зейнетақыны алу үшін 1998 жылдың 1 қаңтарына дейінгі еңбек өтілі кемінде 6 ай болуы керек.

Базал

Жалғасы...
 
Соңғы қоңырау соғылды Баспаға басу

          ImageАуданымыздағы барлық білім ошақтарында,  Астана қаласының 20 жылдығына арналған «Ел жүрегі - Астана» мектеп бітіру іс-шарасының «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиыны өтті. Ы. Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебіне барған аудан әкімі, барша мектеп бітіруші түлектерді құттықтап, алдағы өмірлеріне сәт сапар тіледі.

Жалпы, 2017-2018 оқу жылында аудан мектептерінде 13944 оқушы білім алды. Осы оқу жылының басында 1-сыныпқа 1582 оқушы қабылданып, мектеп табалдырығын аттаса, 705 оқушы мектеп бітіргелі отыр. Түлектердің 508-і Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірді. Аудандағы білім беру ошақтарының басым бөлігі жаңатылған. Қайта салуды қажет ететін  Балдысу елді мекеніндегі 100 орындық мектеп құрылысы биылғы жылы аяқталып пайдалануға беріледі деп күтілуде.  Сондай-ақ, Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы орта мектебінің 600 орындық жаңа ғимаратын салу мақсатында қазіргі таңда жобалау-сметалық құжаттамалары әзірленуде. Мұнан бөлек, үш ауысымға өту қаупі бар Тәкен Әлімқұлов атындағы №14 мектеп интернат-лицейінің жанынан, Асқар Сүлейменов пен Әлия Молдағұлова атындағы жалпы орта мектептерінің жанынан 300 орындық қосымша жай салу мақсатында жобалау-сметалық құжаттамалары дайындалуда.

  Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
«БЖЗҚ» АҚ 2017 жылы және 2018 жылдың 1 тоқсанында атқарған қызметінің қорытындысы Баспаға басу

Алматы, Қазақстан Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы және меншікті активтері бойынша 2017 жылғы қаржы есептілігіне сыртқы аудит жүргізілді. 2018 жылдың 1 қаңтарына қарай «БЖЗҚ» АҚ меншікті капиталы 91,3 млрд теңгені құрап, есепті жылда 18,1 млрд теңгеге өсті. Өсім есепті кезеңде үлестірілмеген пайданың артуына байланысты қалыптасты. Есепті жыл ішінде салық салудан кейін қалған таза пайда - 18,2 млрд теңгені құрады. 2018 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша зейнетақы жинақтарының жалпы сомасы 7,78 трлн теңгені құрады. Сөйтіп 2017 жылдың басынан бері 1,1 трлн теңгеге артты. Яғни, бір жыл ішіндегі өсім 16 пайызды құрады. Зейнетақы жинақтары сомасының Қазақстан Республикасының 2017 жылғы Жалпы ішкі өніміне қатынасы 15,1 пайызды құрады (2016 жылы нақтыланған дерек бойынша – 14,2%).

2017 жылы түсімдердің жалпы сомасы (қайтарылған жарналарды есепке алмағанда) 757,7 млрд теңге болды. Зейнетақы жарналарының жалпы түсімі 2016 жылдың қорытындысымен салыстырғанда 8 пайызға артты. 2016 жылы бұл көрсеткіш (қайтарылған жарналарды есепке алмағанда) 700,7 млрд теңгені құраған болатын. 2017 жылы міндетті зейнетақы жарналары бойынша 1 жеке зейнетақы шотына орта есеппен 120 мың теңгеге жуық қаржы келіп түсті.


Жалғасы...
 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 91 - 105 ішінен 619

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 17 Ақпан 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728     

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы