Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
«Қолжетімді баспана- 2020» бағдарламасы аясында семинар өтті Баспаға басу

         Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылған негізгі он бағыттың екінші бағыты – «Қолжетімді баспана». Яғни, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету ісін жедел әрі тиімді жүргізу.  Мемлекет Басшысы үкіметке «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын әзірлеп, осы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдауды тапсырған болатын.
Сонымен барша қазақстандықтарға жария болғандай үстіміздегі жылдың 5 маусым күні Үкімет отырысында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы қабылданды Елбасының жолдауына сәйкес бағдарламаның басты бағыты қол жетімді тұрғын үйге негізделген. Қол жетімді тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты Қазақстанда құрылысты индустрияландыру одан әрі қарай жалғасатын болады.
Осыған орай аудандық «Жастар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын Созақ ауданының жастарына жан-жақты түсіндіру мақсатында 8 маусым күні «Мыңжылқы» мәдениет үйінің мәжіліс залында семинар өтті.

Жалғасы...
 
Мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығы Баспаға басу

Аудан орталығында салтанатпен аталып өтті
Image Жаңа негізін қалаған жас мемлекеттердің қай-қайсының да алғашқы да басты маңызды ресми қадамдарының бірі –елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранынбелгілеп алу болып табылады. Алдын ала газетке жарияланған аудандық ішкі саясат бөлімінің іс-шарасы бойынша 4-маусым күні аудан орталығы – Шолаққорғанда ҚР-ның Мемлекеттік Рәміздерінің 20 жылдығына арналған «Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбарлы – Қазақстан» атты автошеру – митингі болып өтті.
Шеру митингісі басталар алдында  аудан орталығындағы мекемелер мен ұйымдардан  жиналған қызметкерлерге, жұртшылыққа  жиырма жылдыққа арнайы  шығарылған Төсбелгілер, туған Отанымыздың көк Туының кішігірім жалаушаларын, Әнұранының ламинатталған мәтіндерін аудандық «Жастар» орталығының  өкілдері таратып берді.

Жалғасы...
 
«Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының Кезектен тыс XII конференциясы өтті. Баспаға басу

Бүгінде еліміз береке мен бірлік тізгінін бекемдеп, дамудың даңғыл жолына түсті. Мұндағы Елбасының ішкі және сыртқы саясаттағы жасампаздыңы, көрегендігі айқын. Осы міндеттерді жүзеге асыруда еліміздегі жетекші партия «Нұо Отан» ХДП-ның орны ерекше екендігі мәлім.
18 мамыр күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында «Нұр Отан» ХДП аудандық филиалының кезектен тысXII конференциясы болды. Конференцияныфилиалдың төраға орынбасары Ж.Тәжбен жүргізіп отырды. Жұмыс төралқасы мен санақ комиссиясы сайланғаннан кейін Жаңабай Тәжбенұлының «Нұр Отан» ХДП-ның «Қазақстан-2017 мақсаттары. Ұлттық іс-қимыл жоспары» атты тұғырнамасын жүзеге асыруда аумақтардағы партия филиалдарының ролі мен міндеттері туралы хабарламамы тыңдалды.

Жалғасы...
 
«Үш тұғырлы тіл» саясатына арналды Баспаға басу

Қазақстан Республикасы Прездидентінің Жолдауындағы «Тілдердің үштұғырлығы» мәдени жобасы, «Тілдерді қолдану мен дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған бағдарламасы» аясында  мамыржай   мамыр   айының       18-күні Алтынсарин орта мектебінің  мәдени залында аудандық «Полиглот» олимпиадасы болып өтті. «Полиглот» сөзі- көп тіл білетін деген мағына беретінін еске сала кетейік. Олимпиаданың аты айтып тұрғандай,  бұл  білім сайысында аудандағы жалпы білім беретін мектептердің 10-шы сыныбында оқитын, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін жетік меңгерген оқушылар өз білімдерін ортаға салады.

Жалғасы...
 
Қыземшектегі шағын футболдан республикалық турнир Баспаға басу

             Шағын футболдан республикалық ауқымдағы турнир   шамамен 4000 халқы бар шағын Қыземшек  кентінде  өтті. Жарысты өткізу туралы мәселені Л.Бөкенов атындағы ОМ әкімшілігі мен  уран өндіруші кәсіпорын «Степное-РУ» ЖШС  бас директоры Сергей Кушегов көтерген болатын. Ұйымдастырушылар бұл турнирді  биылғы жылы 60 жасқа толып отырған  спорт ардагері Тағабек Құдияровтың мерейтойына ұштастырып отыр.           
Турнирге уақытында, өтінімдерін тапсырған Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда және Жамбыл облыстарынан  15  команда қатысты. 
          18 мамыр, қатысушы командалардың келу  күніне  жарыс кездесулерінің ары қарайғы барысын анықтаған жеребе тастау жүргізілді. Оңтүстік Қазақстанның «Қыземшек», «Жуантөбе», «Таукент», «Демеу-Қыземшек», «Демеу-Таукент», «Бастау», «БТА - Қыземшек», «Жасұлан», «Жастар» командалары, Қызылорда облысынан келген «Азамат»,  «РУ-6»,  «ЦЭНКИ», «Школьник», «Жаңақорған» командалары және Жамбыл облысының «Жаңатас» командасы  турнирдің  кубогы үшін күш сынасты.

Жалғасы...
 
Депутат демеуші болды Баспаға басу

1-мамыр Қазақстан халықтары бірлігі мерекесіне орай аудандық мәслихаттың депутаты Жақсыбергенов Райымбектің демеушілік етуімен аудандық қыздар арасындағы баскетболдан турнир өтті. Ғ.Мұратбаев атындағы орта мектепте өткен бұл турнирге Макаренко, Кеңесбаев, Рүстемов, Науайы мектептерінің құрама командалары және Мұратбаев мектебінен екі команда қатысты.
Турнирдің ашылу салтанатында мектеп директоры Г.Момбекова, депутат Р.Жақсыбергенов сөз алып жас жеткіншектерге Елбасымздың салиқалы саясаты, спорттың адам өміріне тигізетін әсерлері туралы тұщымды ойларын айтып, қоғамымызға жат, денсаулыққа зиянды нәрселерден аулақ болуға, спортты серік етуге шақырды.

Жалғасы...
 
Халықаралық отбасы күніне орай Баспаға басу

Шымқалада шығармашыл жанұялардың фестивалі өтті
Өткен аптада облыс әкімі жанындағы отбасылық демографиялық саясат және әйелдер істері жөніндегі комиссия мен ОҚО балалардың құқықтарын қорғау департаментінің «Мөлдір бұлақтан...» республикалық отбасылық фестивалі аясында «Мен және менің бақытты отбасым» атты шығармашыл отбасылардың фестиваліне қатысып қайттық. Шымкент қаласындағы халықтар достығы үйін думанға бөлеген кештің беташар сөзін департаменттің директоры Ғалия Жүсіпова алып, бүгінгі атаулы күннің маңыздылығын атап өтті.

Жалғасы...
 
Жайылымның жайы алаңдатады Баспаға басу

Аудан басшысы А.Аймұрзаевтың Созақ ауылына жасаған жұмыс сапарынан ел дамуының күретамыры – ауылшаруашылық саласына қатысты салихалы әңгіме өрбитінін алдын-ала бағамдағанбыз. Өйткені Шолаққорған ауылынан кейінгі географиясы да, демографиясы да ауқымды Созақ ауылында бұл саланың түгесілмей жатқан тұстары жетерлік. Жұртшылық тарапынан егістік көлемін молайтып, одан мол өнім алу мен мал басын көбейтуге құлшыныс артқанымен, қолбайлаулардың ырық бермей тұрғаны шындық.
Оңтүстік өңірінің ежелгі төрт түлікке шұрайлы төскейі Созақ ауданы екені белгілі. Осы жаққа сапарға шыққан жан түрлітүрлі түрленістерге куә болады. Күннен-күнге жаңарулар көп. Солай болғанымен айтпасқа амал не, сүйсінтірлігімен қатар, күйініштері де бар. Күйініштісі не? Ол өзіміз байқап, аңғарып жүрген, ауыл еңбеккерлерінің өкініш-өкпесі зілдей мынадай жәйт дер едім. Тілге тиек етпегіміз де сол.

Жалғасы...
 
Футболшы болар баланың бетін қақпа, белін бу! Баспаға басу

Даңқты «Шалқар» командасының ізбасарлары,
облыстық біріншілікте бақ сынайды
Футболдың әлемдегі номері бірінші  спорт екеніне ешкімнің де таласы жоқ. Англиядан бастау алып, әлемді жаулаған футболмен бүгінде жер шары тыныстап тұр. Еңкейген кәріден, еңбектеген балаға дейін футбол ойыны десе бәрін тастап, теледидарға телміретіні анық. Алаңдағы жиырма екі футболшыны ала доптың артынан жүгіртіп, миллиардтаған жанкүйердің сол жиырма екінің қимыл қозғалысына бас алмай қарайтындай қандай құдіреті барын кім білсін. Бір анығы, бүгінде футболдың сұлу қимылы мен бас айналдырар комбинациясынан артық тартымды спорт бар дегенге ешкімді сендіре алмайсың, сол сияқты мұнан артық спорттың түрін адамзат ойлап табады дегенге, кімнің болса да сенімінен күдігі басымдау.

Жалғасы...
 
Сенбілік елді мекендерде, аудан орталығында тыңғылықты жүргізілді Баспаға басу

14 сәуір күні Созақ ауданының аудан орталығында, барлық елді-мекендері мен поселкелерінде сенбілік ұйымдастырылды. Аудандық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автобиль жолдары бөлімінің мәліметіне жүгінсек осы күні 4300-дей адам сенбіліктерге қатысып, 24 техника жұмылдырылған.

Сенбілік-жылда өткізіліп келе жатқан ұжымдық іс-шаралардың бірі ретінде қалыптасқан дәстүрлі науқандық іс деуімізге болар. Десекте, аудандық спорт мектептерінің ұжымы осы жолғы сенбілікте орасан жұмыс жасағандығын айтуымыз керек.

Жалғасы...
 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 51 52 53 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 781 - 795 ішінен 795

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 07 Желтоқсан 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031         

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы