Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
Журналистер жарыс жолында Баспаға басу

ImageОңтүстік Қазақстан газетінің мамыр айындағы номеріне облыстағы БАҚ арасында жазғы спартакиада өтеді деген хабарлама жарияланған соң, осы саланың пұшпағын илеп жүрген адамдар ретінде, редакция қызметкерлері ақылдаса келе, мекеме басшысы С. Теңізбаевтың алдына барып жүгіндік. Мақсатымыз аталған жарысқа барып, ұжым болып қатысуға ықпал етіңіз деген жүрек жарды тілегімізді жеткізу еді. Қос қолын көтере қолдаған Сәкең, «дегендерің болсын, жарыс жолына шығуға осы бастан қамданыңдар, бірақ менің де сендерге айтарым бар дегенде тосылып қалдық. Көңілімізде күдік басымдау кейіппен Сәкеңнің жүзіне қарадық. Сондағы мекеме басшысының айтқан сөзі: - Жігіттер, бұл жиі ұйымдастырылатын жарыстың бірі емес, жылына бір өткізілетін журналистер арасындағы жазғы спартакиада, сондықтан жүлдеге қол созар қабілеттеріңе сенсеңдер ғана жолға шығамыз, шалғайдағы созақтан келген команда облысқа барып ұятқа қалар болсаңдар, ауданның намысын лайықты дәрежеде қорғай алмасаңдар, «арам тер» болып қайтесіңдер деп сұраулы жүзбен бетімізге қарады (жауапты хатшы Д. Тұрсынұлы мен осы жолдардың авторына).

Жалғасы...
 
Қазақстан Республикасының полициясына 20 жылдығына cалтанатты жиналыс болды Баспаға басу

ImageБиыл 20 жылдық белесті еңсеріп отырған ішкі істер саласының жылнамасында 1992 жылдың 23 маусымы алтын әріптермен айшықталған. Бұл күнді  Президентіміз Н.Ә.Назарбаев  ішкі істер саласының құрылған күні ретінде белгілеп, жарлыққа қол қойған болатын. Соған сәйкесі тәртіп сақшыларының төл мерекесі ретінде атап өтіледі. Айтулы күннің биылғы аталып өтілуі Елбасымыздың құқық қорғау органдарын кезектен тыс аттестациядан өткізу жөніндегі заң күші бар Жарлығының орындалумен тұспа-тұс келіп отыр.  Милицияның міндетін полиция атауына жүктеген бұл құрылымның ел дамуына септесер арқалаған жүгі де салмақты. Мемлекеттің өсіп-өркендеуіне сызат түсірер қылмыс атаулымен аянбай күресіп жүрген ішкі істер саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесі биыл әдеттегіден ерте басталды.

Жалғасы...
 
Қайраттың қарымын байқады Баспаға басу

2012 жыл спорт үшін шежіреге бай жыл, олимпиада, футболдан европа чемпионатының финалдық ойыны өтетін тарихи жыл. Шалғайдағы Созақ спортын үшін де есте қалар жыл болмақ. Себебі Алматы облысы Талғар ауданында  кезінде даңықты «Қайрат» футбол командасының белді ойыншысы болған Асан Кариевті еске алуға арналған 2000 жылы туылған балалар арасында жасөспірімдер арасындағы турнирге қатыстып қайтты. Ай сайын өтетін турнирлердің бірі ғой деп айтуға да болар еді, бірақ финалда кәдімгі қазақтың намысына баланған «Қайрат» футбол командасының ізбасарларымен кездлесіп терезесі тең өнер көрсетті. Арнайы шақыртумен барған Созақтық жасөспірімдер мен балалар футбол мектебі де қатысытп жүлделі екінші орынды иемденді. Қарағанды, Алматы, Шымкент, Тараз облыстарынан келген командалар төрт күн бойы, «ATHLETIC CUP» стадионында  күш сынасты.

Жалғасы...
 
«Қолжетімді баспана- 2020» Баспаға басу

         Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылған негізгі он бағыттың екінші бағыты – «Қолжетімді баспана». Яғни, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету ісін жедел әрі тиімді жүргізу.  Мемлекет Басшысы үкіметке «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын әзірлеп, осы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдауды тапсырған болатын.
Сонымен барша қазақстандықтарға жария болғандай үстіміздегі жылдың 5 маусым күні Үкімет отырысында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы қабылданды Елбасының жолдауына сәйкес бағдарламаның басты бағыты қол жетімді тұрғын үйге негізделген. Қол жетімді тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты Қазақстанда құрылысты индустрияландыру одан әрі қарай жалғасатын болады.
Осыған орай аудандық «Жастар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын Созақ ауданының жастарына жан-жақты түсіндіру мақсатында 8 маусым күні «Мыңжылқы» мәдениет үйінің мәжіліс залында семинар өтті.

Жалғасы...
 
Аудан әкімінің халықпен кездесуі Баспаға басу

ImageОсы аптаның сәрсенбі күні аудан әкімі А.Аймұрзаев Таукент поселкесінде болып, тұрғындармен кездесті. Жиында поселке әкімі Ш.Игіліков ашып, өткен 5 айда атқарылған жұмыстарды саралып айтып өтті. Поселкеде әжептеуір шаруалар атқарылған. Әйтсе де шешілуге тиісті бірқатар тірліктер бар екендігін жұртшылық жиын барысында ортаға салды.
Атап айтқанда, Жыныс елді мекеніндегі жолдың мәселесі, сол елді мекендегі мектептің жылу жүйесінің нашақорлығын, сондай-ақ, осы білім ұясының ауласынан терең құдық қазу керек екендігін алға тартты.

Жалғасы...
 
«Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы бойынша облыстың медицина саласы қызметкерлері жиын-семинар өткізді Баспаға басу

ImageЕліміздің медицина саласына бірнеше жылдан бері енген ұлттық денсаулық сақтаудың бірыңғай жүйесіне байланысты 2011-2015 жылдарға қабылданған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру бағытында өңірлерде халыққа қажетті жұмыстар жүргізілуде. Осының негізінде 7 маусым күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында басқосу өтіп, бұл семинар түрінде жүргізілді.
Басқосу-семинарды аудан әкімі А.Аймұрзаев ашып, облыстық денсаулық сақтау басқармасының бастығы Ж.Исмайловтың, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің ОҚО бойынша департаментінің директоры Л.Қашқынбаеваның, ОҚО Денсаулық сақтау басқармасының бөлім бастығының міндетін атқарушы А.Иманалинаның, Республикалық денсаулық сақтауды дамытудың республикалық орталығының ОҚО бойынша филиалы дәрілік ақпараттар орталығының бас маманы Л.Құрманбаеваның, ОҚО бойынша санитарлық эпидемиологиялық қадағалау басқармасынан А.Шожаев қатысып отырғандығын атады.

Жалғасы...
 
Мемлекеттік тілді жетік меңгерген өзге ұлт жастарының ОБЛЫСТЫҚ ФОРУМЫ болып өтті Баспаға басу

Өткен аптаның 28 мамыр күні «Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» іске асыру мақсатында «Мемлекеттік тілді қолдау» атты облыстық форумға ауданнан 10 делегат қатысып қайттық. Форумға облыс орталығындағы Опера және балет театрына жиналған, «тілі басқа тілегі бір, жүзі басқа жүрегі бір» әр өңірден келген түрлі ұлт өкілдері қатысты.
Форумды ашып беру үшін, сөз тізгінін облыс әкімінің орынбасары Сакен Әсембекұлы Қаныбеков сөз алды. Ол өз сөзінде өзге тілдерге құрметпен қарап, мемлекеттік тіліміздің дәрежесін көтеру үшін еліміздің барлық азаматтары мемлекеттіе тілде сөйлеуі керектігіне тоқталды. Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Жолдауында, ресми сөздерінде қайта-қайта қазақ тілін меңгеруді, ең алдымен,

Жалғасы...
 
Біздің болашағымыз –биіктен көрінетін балғын балалар! Баспаға басу

Әр халықтың әр ұлттың, адамзат қоғамының ертеңгі күнге үміт артар сенімді де, серігі де, өмірі де  - балалар. Бүгінгі сәби  ертеңгі ұрпақтың жалғасы, біздің болашағымыз. Осыған орай 1 маусым - Дүниежүзілік балаларды қорғау күніне орай балалар мерекесін өзіндік деңгейінде атап өту және балаларды қорғау күніне орай жас дарынды балалар мен жасөспірімдердің шығармашылығына қолдау, ән арқылы ұлттық өнерімізді қадірлеп, құрметтеу және жас есімдерді тауып, олардың өнерін халыққа насихаттау мақсатында Кентау қаласында «Бақытты балалық шақ» атты аймақтық фестиваль байқауы ұйымдастырылды. Бұл аймақтық байқау ән және би жанрлары бойынша өткізілсе, біздің Созақ ауданынан осы байқауға қатысатын өнер иелерін «өз өнерлерін биіктеп көрсетсін» деген игі тілекпен аудандық «Мыңжылқы» мәдениет сарайы басшылыққа алып, мекеме директоры Бекберген Избалаев бастап арнайы апарып әкелді. Байқауға қатысқан өнерпаздар да байқауда өз өнерлерін биіктен көрсетіп, әділ-қазылардың шешімімен өз марапаттарына ие болды. Атап айтсақ,

Жалғасы...
 
«Қолжетімді баспана- 2020» бағдарламасы аясында семинар өтті Баспаға басу

         Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың биылғы Жолдауында айтылған негізгі он бағыттың екінші бағыты – «Қолжетімді баспана». Яғни, халықты тұрғын үймен қамтамасыз ету ісін жедел әрі тиімді жүргізу.  Мемлекет Басшысы үкіметке «Қолжетімді баспана – 2020» бағдарламасын әзірлеп, осы жылдың 1 шілдесінен кешіктірмей қабылдауды тапсырған болатын.
Сонымен барша қазақстандықтарға жария болғандай үстіміздегі жылдың 5 маусым күні Үкімет отырысында «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасы қабылданды Елбасының жолдауына сәйкес бағдарламаның басты бағыты қол жетімді тұрғын үйге негізделген. Қол жетімді тұрғын үй бағдарламасын жүзеге асыруға байланысты Қазақстанда құрылысты индустрияландыру одан әрі қарай жалғасатын болады.
Осыған орай аудандық «Жастар орталығы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасын Созақ ауданының жастарына жан-жақты түсіндіру мақсатында 8 маусым күні «Мыңжылқы» мәдениет үйінің мәжіліс залында семинар өтті.

Жалғасы...
 
Мемлекеттік рәміздердің 20 жылдығы Баспаға басу

Аудан орталығында салтанатпен аталып өтті
Image Жаңа негізін қалаған жас мемлекеттердің қай-қайсының да алғашқы да басты маңызды ресми қадамдарының бірі –елдің Туын, Елтаңбасын, Әнұранынбелгілеп алу болып табылады. Алдын ала газетке жарияланған аудандық ішкі саясат бөлімінің іс-шарасы бойынша 4-маусым күні аудан орталығы – Шолаққорғанда ҚР-ның Мемлекеттік Рәміздерінің 20 жылдығына арналған «Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен еңселі, Әнұранымен айбарлы – Қазақстан» атты автошеру – митингі болып өтті.
Шеру митингісі басталар алдында  аудан орталығындағы мекемелер мен ұйымдардан  жиналған қызметкерлерге, жұртшылыққа  жиырма жылдыққа арнайы  шығарылған Төсбелгілер, туған Отанымыздың көк Туының кішігірім жалаушаларын, Әнұранының ламинатталған мәтіндерін аудандық «Жастар» орталығының  өкілдері таратып берді.

Жалғасы...
 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 51 52 53 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 766 - 780 ішінен 788

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 21 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы