Галерея

Новости
Новости
Алтын күз мәресіне жетті Печать

ImageЖыл бойғы тынымсыз еңбектің тәтті жемісі дегеніміз- елдің алғысы, басшылықтың құрмет көрсетуі арқылы адам жанына қуаныш сыйлайтыны болса керек. Созақ ауданы бойынша жыл сайын ауылшаруашылығы оның ішінде мал және егін шаруашылықтары бойынша ауыл, поселке әкімдіктері мен жеке кәсіп иелері арасында жарыс жарияланады. Міне жылдың соңында озат шаруалар мен әкімдіктер озат шаруашылық ретінде танылып, еткен еңбегінің өтеуіндей түрлі марапаттарға ие болады.
Биылда ауданда осындай мерекелі шара өтті. Желтоқсан айының 12 жұлдызы күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында ауылшаруашылық қызметкерлерінің «Алтын күз» мерекесі өз мәресіне жетті. Жиында аудан әкімдігі кәсіпкерлік және  ауылшаруашылық бөлімінің бастығы Ә.Сахиұлы жыл бойы атқарылған жұмыстарға хабарлама жасады. Өз кезегінде мереке құрметіне құттықтау сөз сөйлеген аудан әкімі Аманғали Түктібайұлы:-Ауылшаруашылығы саласы ауданымыздың ең жанды нүктесі.

Подробнее...
 
Мерекеге арналған мүшайра Печать

12 желтоқсан күні «Мыңжылқы» мәдениет сарайының концерт залында аудан әкімдігінің ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күні  аясындағы бекітілген іс-шараның бірі мерейлі мерекесі құрметіне «Тәуелсіздікті жырлаймын» атты ақындар мүшайрасы өтті. Ауданның ауыл, поселке әкімшіліктерінен келген 30-ға жуық таланттар байқау барысында сынға түсті. Мұқалағалидің інілері, Фаризаның сіңлілері қатысқан думанды додадада, ақыны алқынбаған, алмастай жарқылдаған аламанда «Жүзден жүйрік» шыққандар да болды.

 
Желтоқсан ардагерлерімен жүздесулер өтуде Печать

Тәуелсіздік күніне орай  қоғам қайраткері Сұлтанбек Қожанов атындағы мұражайда «Тәуелсіздік тұғырым» атты музыкалық кеш болып өтті. Кешке арнайы шақырылған желтоқсан көтерілісінің қаһармандары өздерінің сол жылдары көзімен көрген оқиғаларды әңгімелеп беруі тартымды болды. Сонымен қатар оқушылар 1986 жылдың желтоқсанын бейнелейтін  «Ызғарлы күндер ызғырығы» атты шағын көрініс көрсетті.

 
Индустриалды аймақ жемісін бере бастады Печать

ImageАуданда жаңадан іске қосылатын немесе қуаттылығын арттыратын кәсіпорындарды бір жерге шоғырландыру арқылы олардың инфрақұрылым (темір жол, автожол, су, жарықтандыру) мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешу мақсатында ауданда индустриалды аймақ құру мәселесі қолға алынған. Атап айтқанда, Шолаққорған ауылының солтүстік шығыс бағытындағы 4 шақырым жерден 50 га жер белгіленіп, аудан әкімдігінің 1 тамыз 2012 жылғы №245 «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары үшін жер учаскелерін резервте қалдыру туралы» қаулысы шықты. Аймаққа инфрақұрылым жүргізуге құжаттар әзірлеу мақсатында жергілікті бюджет есебінен техникалық экономикалық негіздеме және басқа да қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін 28.08.2012 жылғы аудандық мәслихаттың №55 шешімімен 5 млн. 250 мың теңгенің қаржысы бөлінген. Индустриалды аймақтың техникалық экономикалық негіздемесі жасалынып, соның аясында индустриалды аймақтың жұмыстарын одан әрі жандандыру мақсатында іс-шара жоспары түзілуде. 

Подробнее...
 
Аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың аудан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтауы Печать

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!   ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
       Сіздерді   Егеменді еліміздің ұлық мейрамы- Тәуелсіздік күні-мерекесімен ыстық ықылас,   ізгілік ниетпен құттықтаймыз!
1991 жылы 16 желтоқсанда тұңғыш рет ел дербестігінің негізі қаланып,  Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Бұл күн мемлекетіміздің жылнамасындағы жаңа белестерге бет алған айрықша күн болды, осы күні тәуелсіз ел атанудың алғышарттары айқындалды.
Тарихи тұрғыдан зерделесек, қас-қағым сәт саналатын санаулы жылдардың ішінде еліміз сындарлы тұстардан сүрінбей өтіп, ауқымды реформаларды жүзеге асырды. Бүгінде Қазақстанның әлем қауымдастығы алдындағы абыройы биік, мәртебесі жоғары. Осы жылдар ішінде мемлекеттілігіміз орнығып, зор жетістіктерге бастау болатын инновациялық үрдістерді жеделдетудің  негізі қаланды.

Подробнее...
 
Елбасы - елімнің мерейі Печать

Image1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күнін Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылының тұрғындары басқа да ауылдар мен елді мекендер сияқты күмбірлі күй, асқақ әнмен қарсы алды. Ауданның алыс-жақын ауылдары мен поселкелерінен келген қонақтар, еңбек ардагерлері, ауданның Құрметті азаматтары, жастар өкілдері алдымен орталық мешіт жанындағы ашық алаңқайға Президент күнін тарих бетінде жас ұрпаққа өнеге ретінде есте қалдыру мақсатында көшеттер отырғызды. «Атадан мал қалғанша тал қалсын» демекші арнайы питомниктен алдырылған жасыл көшеттер ертеңгі күндері саялы баққа айналары сөзсіз.

Подробнее...
 
Бағдарлама халыққа түсіндірілді Печать

Таяуда Созақ ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша «Халықтық IPO» бағдарламасын насихаттау мақсатында «Қазтрансойл» АҚ Шығыс филиалының ұйымдастыруымен жиын өтті. Мұндағы мақсат ұлттық компаниялардың акцияларына қарапайым азаматтардың қаржы салуына мүмкіндіктер жасау. Жиналысқа «Қазтрансойл» АҚ Шығыс филиалы Шымкент мұнау құбырыбасқармасы бас есепшісі М.Сайпов қатысып, өз кезегінде халыққа бұл бағдарламаның мән мағынасын түсінідірп берді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Қ.Еспенбетов қатысып, жүргізіп отырды.

 
Ауданға алғыс жолдады Печать

Созақ ауданының әкімі Аманғали Түктібайұлы Аймұрзаевтың атына Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына орай өткізілген ауылшаруашылығы қызметкерлерінің дәстүрлі «Алтын күз-2012» мерекесі барысында Созақ ауданы тарапынан ұйымдастыру шаралары жоғары деңгейде өткізілгені үшін облыстық ауылшаруашылық басқармасының бастығы Қ.Оспанбековтен алғыс білдірген жедел хат келді.

 
Құрылтайдан алған әсерлерін бөлісті. Печать

Созақ ауданының жастары Елордамыз Астана қаласындағы «Жас Отан» жастар қанатының ІІ құрылтайына қатысып қайтты. Құрылтай аясында «Жастар-Отанға!» атты 2020 жылғы дейінгі стратегиялық құжаттың тарихи қабылдануына қатысқан аудан жастары өздерінің ыстық ықыластары мен құрылтайдан алған әсерлерін, Астана қаласының бүгінгі бет-бейнесі туралы тың жаңалықтарымен мектептердің жоғары сынып оқушыларымен бөлісіп, кездесулер өткізді

 
Аудан әкімі ОФ-дың саяси кеңесіне мүше болды Печать

«Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезекті ХХ есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Оған ауданымыздың партия филиалынан 15 делегат қатысты. Конференцияны «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Мамытбеков жүргізіп отырды. «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы А.Мырзахметов баяндама жасады. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша делегаттар Саяси кеңес мүшелерін сайлады. Делегаттар қолдаған кандидаттардың ішінде Созақ ауданының әкімі  де бар.

Өндіріс әлеуеті

 
<< [Первая] < [Предыдущая] 51 52 53 54 [Следующая] > [Последняя] >>

Результаты 751 - 765 из 797

Государственные символы


 

 

 

p> 

 

Календарь новостей

 
« 15 Декабрь 19 »
ПнВтСрЧтПтСбВс
      1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031         

Курс валют

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Погода

Опросы

Как вам наш новый дизайн?
 

Лента новостей