Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
Аудан әкімі ОФ-дың саяси кеңесіне мүше болды Баспаға басу

«Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезекті ХХ есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Оған ауданымыздың партия филиалынан 15 делегат қатысты. Конференцияны «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Мамытбеков жүргізіп отырды. «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы А.Мырзахметов баяндама жасады. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша делегаттар Саяси кеңес мүшелерін сайлады. Делегаттар қолдаған кандидаттардың ішінде Созақ ауданының әкімі  де бар.

Өндіріс әлеуеті

 
Қарағұрлықтарға қолдау жасалды Баспаға басу

Облыс әкімі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК арасындағы түзілген Меморандум бойынша өндірістің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы «Ақбастау» біріккен кәсіпорны АҚ-на қарасты «Құланды» кенішіне Созақ ауданындағы Қарағұр ауылы бекітілген болатын. Кеше қараша айының соңғы аптасында осы өндіріс басшылары ауыл тұрғындарына жағдайы төмен отбасыға 100 тонна көмір, 40 балаға қысқы киімдер әкеліп үлестірді. Алдағы уақытта өндіріс басшылары жер асты суын пайдалау үшін ауыл ортасынан ұңғыма құдық қазып беруге уәде етіп отыр.

 
Қол ұшын созды Баспаға басу

Мемлекет басшысының өндіріс орындарының еңбек етіп жатқан өңірдегі ауыл адамдарына қолдау жасау туралы тапсырмасына сәйкес «Орталық» кен басқармасы (бастығы Ибраев Бауыржан) Созақ ауданы Жартытөбе ауылындағы күл қоқыстарды шығарысуға көмектесті. Сонымен қатар ауыл клубын қоршауға ұстындар, мектеп ұжымына 20 дана домбыра, ауыл тұрғындарына 45 тонна көмір түсіріп берді.
Мақсат Қарғабай. Созақ.

 
Жариялы түрде жұмысқа қабылданды Баспаға басу

Аудан әкімінің кестеге сай жеке азаматтарды қабылдауына әр қабылдау сайын 30-дан астам азаматтар келеді.
Келушілердің басым көпшілік пайызын жұмыссыздық мәселесі құрайды. Өткен айлардағы қабылдауларда құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген Жартытөбе ауылындағы Құлыншақ Кемелұлы атындағы жалпы орта   мектебінің бос техникалық қызметкерлер орнына жұмысқа орналасуына көмектесуін сұрап ауыл тұрғындары өтінішпен келіп, аудан әкімінің қабылдауында болған.
Қабылдауға келушілер саны біршама, ал техникалық қызметкерлер орны 13 штат болуы себепті аудан әкімі аппарат басшысына арнайы тапсырма берді. Тапсырма бойынша құрамында аудан әкімі аппаратының қызметкері, ардагерлер кеңесі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері, ауыл әкімшілігінің аппаратының қызметкері, депутаттар қатарынан бір-бір азаматтардан комиссия жасақтап Жартытөбе ауылындағы мектепте ауыл азаматарының басын қоса отырып, жұмысқа тұруға талапкер азаматтарды қатыстыра отырып олардың тұрмыс жағдайын, отбасы құрамын, зерделеп ешкім ренжімейтіндей әділ түрде мәселені шешуді тапсырған болатын.

Жалғасы...
 
Бір күнде жеке қабылдау және мәнді жиын өтті Баспаға басу

Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша бақылау және әлеуметтік қорғау департаментінің директоры Ахметов Абдулла Ахметұлы мен осы саланың қызметкерлері Созақ ауданында болып жеке мәселелермен аудан азаматтарын қабылдады. Қабылдауға сызғандық Г.Бұрханова, қарағұрлық С.Елханова, қаратаулық Ардақты ана Қ.Оңдыбаева, жартытөбелік Н.Қонарбаев, шолаққорғандық Г.Мәлікайдарова, таукенттік К.Дастанова және тағы басқа азаматтар келді. Бас аяғы ауыл, поселкелерінен 13 адам келді. Қабылдауға келушілердің басым бөлігі зейнетақыларының аздығы, жұмысқа орналасуға көмектесуін сұрап келгендерді құраса, енді бірнеше жастар Елбасының бағдарламасы аясында өздерінің жұмысқа орналасқандарына қуанып, мемлекет басшысына және оның жергілікті жерлерде  салиқалы саясатын жүргізіп отырған азаматтарға ризашылықтарын білдірді.

Жалғасы...
 
«Нұр Отандықтардың» мақсаттарын айқындап, бағыттарын бағамдады Баспаға басу

Қараша айының 9 жұлдызы күні Созақ ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында «Нұр Отан» ХДП Созақ аудандық филиалының есеп беру-сайлау конференциясы өтті.
Конференция мемлекеттік рәміздеріміздің бірегейі әнұранмен салтанатты түрде ашылды.
Конференцияның күн тәртібінде аудандық партия филиалының өткен айларда атқарған идеологиялық жұмыстары, Саяси кеңес мүшелерін қайта сайлау, филиал жанындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі кеңестің мүшелерін сайлау, облыстық 20-шы партия конференциясына делегаттар сайлау мәселері қаралды.

Жалғасы...
 
Ұрпақ тәрбиесінен ұлттың болашағы көрінеді Баспаға басу

Таяуда Созақ  ауданында Оңтүстік қазақстан облысының әкімі Асқар Исабекұлы мырзахметовтің игі бастамасымен бастау алған «Ұрпақ азбасын, ұлт-тозбасын» атты аудандық «Жастар орталығының» ұйымдастыруымен аудан жастарын адамгершілікке, ізгілікке баулитын тәрбиелік шарас өтті.
Шараның өтуіне мұрындық болған аудан әкімдігі  ішкі саясат бөлімі, облыстық білім басқармасы, облыстық ішкі саясат басқармалары болды. «Ұрпақ тәрбиесі-ұлттың ертеңі» деген тәлімді бағыт бағдарды ұстану білім саласына оның ішінде ұстаздардың, ата-аналардың бірлесе жұмыс жасауының жемісі болмақ.

Жалғасы...
 
Балдырғандарға базарлық болды Баспаға басу

Осы күні , яғни 16 қазан күні қуанышты сәттер Шолаққорған ауылының дәл ортасында орналасып, барша аймағына айрықша көрік берген «Балауса» балалар бақшасының ашылуына жалғасты. Ауыл халқына 80 орынды қамтамасыз ететін балабақшаның сапалы жүргізілгенін анық аңғарасың. Әрбір шегесіне дейін тиісті орнына қағылғанын көрген ауыл жұртшылығы құрылысты жүргізген «Жаңа Арна құрылыс» ЖШС директоры Мағауия Сексенбайұлына үлкен ризашылығын білдірді. Сонымен қатар аудан әкімінің алғыс хаты тапсырылды.
Аудан әкімі А.Аймұрзаев, аудандық мәслихаттың хатшысы М.Исаев, «Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС бас директоры Ербол Төлебаев, «Айжамал» ЖШС директоры Бауыржан Қожатай қатысып құттықтау тілектерін жеткізді. Мерекелік шара аудан көркемөнерпаздарының концерттік бағдарламасына ұласты.
Мақсат Қарғабай

 
Жаңа оқу ордасымен толықты Баспаға басу

Созақ ауданы Жартытөбе ауыл әкімшілігінің тұрғындары қазан айының 16-шы жұлдызы күні үлкен қуанышқа кенелді.
Ауыл орталығында еңселі ғимарат балаларының болашағынан көп үміт күткен ауыл тұрғындары үшін бағасы жоқ сыйлық болды. Қашанда ұл-қызын білім жолына  бағыттап, олардан үлкен жетістік күтетін ата-аналар осынау ғимараттың болуын асыға күтетін.
Жартытөбе ауылындағы 200 орындықты Құлыншақ атындағы орта мектептің құрлысына 397 млн 192 мың теңге бөлініп, құрлысын «Айжамал» ЖШС жүргізген болатын.
Мектептің сәулетті ауласына осы күні бүкіл ауыл тұрғындары жиналды. Салтанатты жиынды аудан әкімі Аманғали Аймұрзаев ашып, ауыл халқына айтулы жаңа білім ошағының айқара есік ашуымен құтты болсын айтып, мектеп ұжымына компьютер аппаратын сыйға тартты. Осы құрылысты жүргізуге ат салысқан Қазатомөнеркәсіп-Демеу» ЖШС бас директоры Ербол Өтепұлы Төлебаевқа, «Айжамал» ЖШС директоры Бауыржан Қожатайға аудан халқының атынан алғыс хаттармен марапаттады.

Жалғасы...
 
Айбының арта берсін Ата Заң Баспаға басу

30 тамыз Қазақстан Республикасының Конституциясы күні
Жас ұрпақты елжандылыққа тәрбиелеу

         Конституция адам дүниеге келген күнен бастап, оның өмірін денсаулығын, тыныштығын қорғайтын мемлекетіміздің заңы. Қазақстан Республикасының Конситуциясы бойынша біздің еліміз – Президенттік басқару нысанындағы біртұтас мемлекет болып табылады.Ол 9-бөлім, 98-бабтан тұратыны баршаңызға белгілі.
Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы – Ата заңымызды Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаев ұсынып, оны халық 1995 жылдың 30 тамызындағы республикалық референдумында қабылданған болатын. Осыдан 16 жыл бұрын Қазақстан халқы еліміздің жаңа Ата заңын мақұлдап дауыс беріп, қуатты құқықтық, демократиялық және әлеуметтік мемлекет құруды қолдаған тарихи таңдауын жасағаны баршамызға мәлім. Ата заңымыздың қолдануы – біздің егеменді Қазақстанымыздың қалыптасу тарихындағы аса маңызды жарқын оқиға. Осы уақытқа дейін қазақ халқы небір «Тар жол, тайғақ кешуді» басынан кешіргені баршамыздың есімізде болар. Алайда өз егемендігін алған Қазақстанымыз ғарыштап алға басты.

Жалғасы...
 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 51 52 53 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 751 - 765 ішінен 788

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 21 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы