Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
ТҮРКІСТАНДЫҚТАР ДАУЫС БЕРУГЕ БЕЛСЕНДІЛІКПЕН ҚАТЫСУДА Баспаға басу
     Image  Түркістан облысындағы 889 сайлау учаскелері таңғы сағат 7:00-де өз жұмысын бастады. Қазіргі кезде тұрғындардың дауыс беруге қатысуы белсенді түрде жүріп жатыр. 
      Ал Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев облыс орталығындағы №133-ші сайлау учаскесіне барып, өз таңдауын жасады. Сондай-ақ БАҚ өкілдеріне қысқаша сұхбат беріп, еліміздегі саяи процестің өңіріміздегі өту барысына қатысты ойын білдірді
«Облысымыздағы 889 сайлау учаскесінің барлығы  тиісінше дайындалып, маңызды науқанды жоғары деңгейде өткізіп жатыр. Халық жан-жақты ақпараттандырылып, мемелекетіміз үшін жауапты сәтте өз таңдауларын жасауда.  Өңірімізге ТМД-да, ЕҚЫҰ-дан және өзге халықаралық ұйымдардын бақылаушылар арнайы келіп, сайлаудың барысына бақылау жүргізуде. Еліміздің келешегін айқындайтын ерекше сәтте баршаңызды белсенді болуға шақырамын» - деді Ө.Шөкеев.
       Айта кетейік облыстағы сайлаушылардың саны  1 181 946 мың адамды құрайды. Өңірдегі саяси процесті шетелдік бақылаушылар бақылауда. Сондай-ақ еліміздегі қоғамдық бақылаушылар да тиісінше қатысуда. 
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
 
«БЖЗҚ» АҚ құрылғаннан бері жинақталған инвестициялық табыс оң сипатқа ие Баспаға басу

Ағымдағы жылдың 4 айы ішінде салымшылар мен алушылардың жеке зейнетақы шотына есептелген таза инвестициялық табыс көлемі 154,9 млрд теңгені құрады. Өткен 12 ай ішінде зейнетақы активтерінің табыстылығы 10,7 пайызға жетсе, бұл кезеңде инфляция деңгейі 4,9 пайызды көрсетті. Осылайша жылдық мерзімде зейнетақы активтерінің нақты табыстылығы инфляциядан 5,8 пайыздық тармаққа жоғары.

Әдетте нарықтық бағалау барысында зейнетақы активтерінің портфелінде бір қаржы құралы табыс әкелсе, екіншісі шығын әкелетіні белгілі. Бұл жалпы әлемдік құбылыс. Дегенмен БЖЗҚ құрылғаннан бері оның зейнетақы активтеріне есептелген қорытынды инвестициялық табыс оң сипатқа ие. Мысалы, 2015 жылдан 2018 жылға дейінгі аралықта жинақталған оң сипаттағы шынайы табыстылық (жинақталған инфляцияны шегергенде) 8,43 пайызды құрады.

Зейнетақы жинақтарының шынайы табыстылығы 2018 жылы 5,97 пайызды, (бұл ретте жалпы табыстылық 11,27%, ал инфляция деңгейі 5,3%) және 2014 жылдың 1 қаңтары мен 2018 жылдың 31 желтоқсанына дейінгі кезеңде жинақталған шынайы табыстылық 9,93 пайызды (бұл ретте жалпы табыстылық 59,38%, ал инфляция  49,45%) құрады.

Инвестициялық табыс салымшылар мен алушылардың шоттарына күн сайын есептеледі және оның көлемі шоттағы жинақ ақшаның сомасына, зейнетақы жарналарының мөлшері мен аударылу жиілігіне байланысты.

Жалғасы...
 
БЖЗҚ өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың қамын ойлайды Баспаға басу

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығын, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен БЖЗҚ-ға деген сенім деңгейін анықтау мақсатында биыл да тәуелсіз компанияның күшімен 2018 жылдың қорытындысы бойынша әлеуметтік зерттеу жүргізді. Зерттеу қорытындысы бойынша жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы базалық білімге ие тұрғындардың үлесі 60,2 пайызды көрсетсе, Қорға деген сенім деңгейі 10 баллдық шәкілде 6,4 баллға жетті. Бұл ретте сауалнамаға қатысқан тұрғындардың 78,3 пайызы (2017 жылдың қорытындысы бойынша 61 пайыз) еңбек қызметі аяқталған соң, қаржылық әл-ауқаттың негізі зейнетақы болады деген пікірмен келіседі. Демек адамдар ертеңгі күні, болашақ зейнетақысы туралы ойлана бастады деген сөз. Ал бұл экономикалық тұрғыдан тұрақты қоғамның негізі болып табылады.   

Қор бүгінде белсенді тұрғындарды жинақтаушы зейнетақы жүйесімен қамту бағытында қарқынды жұмыс жүргізіп келеді. Сәйкесінше БЖЗҚ-ға деген сенім деңгейі арта түсетіндігіне сенім мол.       

Соңғы жылдары кішігірім болса да өз бизнесін жүргізетіндер, әрі қашықтықтан фрилансер болып жұмыс істеп, қызмет көрсететін өзін-өзі жұмыспен қамтушылар саны да артып келеді. Соңғы деректер бойынша елімізде мұндай адамдардың саны екі миллионнан асады. Олар негізінен өздеріне жұмыс істейді және әрине, табыстары тұрақты емес.  Көпшілігі салық төлемейді және зейнетақы қорына жарна аудармайды. Ал мұның салдары кейін үлкен қиындыққа әкеп соғары hақ. Өйткені, олар зейнетақы жинақтары болмаған соң, қарттық шақта кедейлік қамытын киюі ықтимал. Бұл адамдар зейнетақы қорынан жеке зейнетақы шотын ашқан соң, өкінішке қарай, оған жарна аударып тұруды ұмытады.

Міне, Қор мамандары осындай «ұйқыдағы» (жинақ ақша бар, бірақ бірнеше жыл жарна аударылмаған) немесе «нөлдік» (бір тиын ақша жоқ) шоттардың иелерімен жарналарды тұрақты аударып тұру жайында ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мысалы, Қор мамандары 2019 жылдың басынан бері 180,8 мыңнан астам шоттың иелерімен байланыс орнатты. Олардың ішінде 9,2 мыңнан астам адам ағымдағы жылдың 1 қаңтары мен 30 сәуірі аралығында шамамен 137 млн теңгеге зейнетақы жарналарын аударды. Жалпы белсенді емес шоттармен жұмыс жүргізу барысында Қор (2018 жылдың ақпаны мен 2019 жылдың 1 мамыры аралығы) шоттарына бірнеше жыл бойы жарна түспеген 810,8 мың адаммен байланыс орнатып, ақпарат беру-түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Соның арқасында белсенді емес шоттарға жалпы сомасы 2,4 млрд астам теңгеге зейнетақы жарналары түсті. 

Жалғасы...
 
Қазақстандықтардың зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі артты Баспаға басу

Жыл сайын жүргізілетін тәуелсіз әлеуметтік зерттеу қорытындысы шығарылды. Сол арқылы халықтың зейнетақымен қамсыздандыру саласындағы қаржылық сауаттылығы, жинақтаушы зейнетақы жүйесі мен Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) деген сенім деңгейі айқындалды.         

Зерттеу қорытындысы бойынша:

         бір жыл ішінде Қорға деген сенім деңгейі 10 баллдық шәкілде 5,7-ден (2017 ж. желтоқсаны) 6,4 баллаға дейін өсті;

         бір жыл ішінде жинақтаушы зейнетақы жүйесіне деген сенім деңгейі 10 баллдық шәкілде 5,9-дан (2017 ж. желтоқсаны) 6,3 баллға дейін өсті;

         жинақтаушы зейнетақы жүйесі туралы базалық деңгейге ие тұрғындардың үлесі 60,2 пайызды құрады (2017 ж. желтоқсанында бұл көрсеткіш 58,2 пайыз болған).  

Зерттеу Қазақстанның 14 облысы мен республикалық маңызға ие 3 қаласының тұрғындарына жаппай сауалнамалық сұрақтар қою әдісі бойынша жүргізілді.  

Жалғасы...
 
«БЖЗҚ туралы маңызды сұрақтар» айдары Баспаға басу


Мен шет ауылда тұрамын, аудан орталығы алыста. Мен секілділерге зейнетақы қызметтерін қолжетімді ету үшін Қорда қандай шаралар жүзеге асырылып жатыр?

Бүгінде еліміздің шалғай аудандарында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының «Мобильдік кеңсе» деп аталатын жобасы ойдағыдай жүзеге асырылып жатыр. Бұл жоба шалғайда орналасқан елдімекендер мен бөлімшелері жоқ аудандардың тұрғындарын зейнетақы қызметтерімен толыққанды қамту мақсатында қолға алынған. Соған сәйкес Қор филиалдарының мамандары халықтың әр түрлі әлеуметтік осал топтарымен жұмыс істейді. Олардың арасында қандай да бір себептермен кеңсеге келе алмайтын адамдар да бар. Жоба аясында қызмет көрсету үшін шағын автобус пайдаланылады. Ол жерсеріктік байланыс құралдары және басқа да қажетті заманауи техникалармен жабдықталған. Автобустың салонында операторларға арналған екі автоматтандырылған жұмыс орны мен келушілерге арналған екі орын бар. Кезек күтушілер үшін тағы үш адамдық орындық қойылған. Бұл көлікті барлық қызметтерді онлайн тәртібінде көрсететін өзіндік бір жылжымалы дербес қызмет көрсету орталығы деп атауға болады. «Мобильдік кеңсе» қызметкерлері бір сапар барысында орта есеппен 60-қа жуық салымшыға қызмет көрсетелді. Қызмет түрлерін атап айтар болсақ: ерікті зейнетақы жарналары бойынша жеке зейнетақы шотын ашу, шоттың жай-күйі туралы хабарлау тәсілін өзгерту, шоттан үзінді көшірме беру, жеке деректемелерге өзгерістер енгізу, зейнетақы жинақтарын сақтандыру ұйымына аудару жөнінде өтініш қабылдау секілді қызметтер.   


Жалғасы...
 
«Қазпошта» АҚ-ға трансфер-агенттік қызмет көрсетуге Қор қызметтерін беру бойынша жобаны іске қосу аясында «Қазпошта» АҚ бөлімшелерін қосу үшін елдімекендердің тізімі Баспаға басу

«Қазпошта» АҚ-ға трансфер-агенттік қызмет көрсетуге Қор қызметтерін беру бойынша жобаны іске қосу аясында «Қазпошта» АҚ бөлімшелерін қосу үшін елдімекендердің тізімі

Жалғасы...
 
Шалғайдағы елдімекендердің тұрғындары «БЖЗҚ» АҚ қызметтерін «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде ала алады Баспаға басу

Алматы, Қазақстан – «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ елдің шалғай елдімекендерін зейнетақы қызметтерімен қамту мақсатында Қордың салымшылары мен алушыларына «Қазпошта» АҚ бөлімшелерінде қызмет көрсету бойынша бірлескен жобаны іске қосты.

Еске сала кетелік, 2018 жылы зейнетақы қызметтерін елдің шалғай аудандарындағы пошта бөлімшелері арқылы көрсету туралы «БЖЗҚ» АҚ пен «Қазпошта» АҚ арасында Меморандумға және агенттік келісімге қол қойылған болатын.

Қазір «Қазпошта» АҚ операторлары арнайы оқыту курсынан өткен соң,  «БЖЗҚ» АҚ-тың қызмет көрсету орталықтары жоқ елдімекендерде зейнетақы қызметтері көрсетіле бастады. Осылайша экономикалық тұрғыдан белсенді халқының саны 2 мыңнан асатын 94 елдімекеннің тұрғындары зейнетақы қызметтерін ұлттық пошта байланысы операторы арқылы алуға қол жеткізді. Бұл ретте зейнетақы қызметтері ұлттық пошта желісі арқылы Ақтөбе, Алматы, Атырау, Батыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды, Қызылорда, Қостанай, Маңғыстау, Солтүстік Қазақстан, Түркістан және Шығыс Қазақстан облыстарының елдімекендерінде көрсетіледі. Елдімекендердің толық тізімін Қор сайтынан көруге болады https://www.enpf.kz/kz/services/kazpost/index.php.

Атап айтар болсақ, бұл ауылдар мен кенттердің тұрғындары Қазпошта бөлімшелерінде мынадай қызметтерді алады:

·         салымшының (алушының) қосымша деректемелерін (жеке куәлігінің нөмірі, телефон нөмірі, электрондық және пошталық мекенжайы) өзгерту/толықтыру туралы өтініш беру;

·         хабарлау тәсілін өзгерту (белгілеу) (оның ішінде «БЖЗҚ» АҚ электрондық форматтағы қызметтеріне қол жеткізу) туралы келісімге қол қою.

Сонымен 2019 жылы республика өңірлерін Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы қызметтерімен қамту деңгейі 43,7 пайызға дейін өседі. «Қазпошта» АҚ Қазақ елі аумағында ең үлкен филиалдық желіге ие. «БЖЗҚ» АҚ жоспарында елдің басқа да шалғай аудандарын «Қазпошта» АҚ бөлімшелері арқылы зейнетақы қызметімен қамту көзделген.

  БЖЗҚ 2013 жылғы 22 тамызда «ГНПФ» ЖЗҚ» АҚ негізінде құрылды. БЖЗҚ құрылтайшысы және акционері – Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің «Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті» ММ арқылы Қазақстан Республикасының Үкіметі. БЖЗҚ зейнетақы активтерін сенімгерлікпен басқаруды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі жүзеге асырады. 2016 жылғы 1 қаңтардан бастап зейнетақы активтерін басқару тиімділігін арттыру бойынша ұсыныстар жасау қызметі Ұлттық қорды басқару кеңесіне берілді. Зейнетақы заңнамасына сәйкес БЖЗҚ міндетті зейнетақы жарналарын, міндетті кәсіптік зейнетақы жарналарын, ерікті зейнетақы жарналарын тартуды, зейнетақы төлемдерін, зейнетақы жинақтары мен төлемдерін жеке есепке алуды жүзеге асырады, салымшыға (алушыға) зейнетақы жинақтарының жай-күйі туралы ақпарат береді (толығырақ www.enpf.kz сайтында).

 

«БЖЗҚ» АҚ баспасөз орталығы

БАҚ үшін байланыстар: Бұл e-mail спам-боттардан қорғалған. Оны көру үшін сіздің браузеріңізде Java-script-ті қолдау қосылуы қажет.

 
2018 жылдың 1 қаңтарынан бастап зейнетақы төлемдерінен ұсталған жеке табыс салығын қайтару туралы Баспаға басу

Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (бұдан әрі – БЖЗҚ, Қор) берілетін зейнетақы төлемдеріне жеке табыс салығы (ЖТС) салынады. 

Егер зейнетақы төлемдерін алушы 2018 жылдың 1 қаңтарына дейін:

Ұлы Отан соғысына қатысушы және оған теңестірілген адам;

Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендері және медальдарымен марапатталған адам;

1941 жылғы 22 маусым - 1945 жылғы 9 мамыр аралығында кемінде алты ай жұмыс істеген (қызмет өткерген) және Ұлы Отан соғысы жылдарында тылдағы қажырлы еңбегі мен мінсіз әскери қызметі үшін бұрынғы Кеңестер Одағының ордендері және медальдарымен марапатталмаған адам;

Жалғасы...
 
2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша БЖЗҚ зейнетақы активтерінің инвестициялық портфелі Баспаға басу

2019 жылдың қаңтар-наурыз айларында зейнетақы активтері бойынша есептелген инвестициялық табыстың жалпы сомасы 112 млрд теңгеден асты

 Алматы, Қазақстан – БЖЗҚ ресми сайтында зейнетақы активтерін басқару бойынша инвестициялық портфель туралы толық ақпарат жарияланған. Ол мына сілтеме бойынша қолжетімді:

https://www.enpf.kz/upload/medialibrary/861/86186778f6e13baebb116b60f46b77e6.pdf

Инвестициялық қызмет туралы толық есеп салымшылардың зейнетақы жинақтары қандай нарықтық баға бойынша қандай бағалы қағаздарға және қанша мөлшерде инвестицияланғаны жайындағы мағлұматтардан тұрады.

2019 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сенімгерлік басқаруындағы БЖЗҚ зейнетақы активтері 9 641, 27 млрд теңгені құрады.   

Жалғасы...
 
Ауыл шаруашылығын дамытуға байланысты семинар өтті Баспаға басу

ImageҚұмкент ауылдық округіне қарасты Қызылкөл елді мекеніндегі «Қайрат» бөбекжай-балабақшасында «Жасыл ел бағдарламасы біздің бақшада» атты семинар жиынын өтті. Аудан әкімінің бастамасымен  өткен семинарды аудан әкімдігінің ауыл шаруашылығы бөлімі мен Құмкент ауылдық округі әкімдігі бірлесіп ұйымдастырды. Семинарға аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбеков,  ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы  Қ.Мейірманов, ауылдық округтері мен кенттер әкімдері, шаруа қожалық төрағалары, ауданымыздағы бірқатар балабақша меңгерушілері қатысты.

           Семинар барысында «Қайрат» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Н.Төлеуова келген қонақтарға балабақша маңында атқарылған жұмыстарды көрсетіп,  өткен жылдан бері қолға алынған жылыжай құрылысымен таныстырды. Қазір жылыжай ішінде қызанақ, қияр, құлпынай жемістері өсіп тұр. Биылдан бастап, балабақша аумағында 200 бас қаз балапандарын асырады. Алдағы уақытта «Көкен баба» шаруа қожалығы арқылы 3000 бас қаз алып, оны өсіріп, керектеріне жаратуды жоспарлап отыр.

           Аудан әкімінің орынбасары Б.Айдарбеков биылғы жылы ауданымызда атқарылатын ауыл шаруашылығын дамыту жөнінде бірқатар жобалардың қолға алынғанын атап, осы жобаларды бірлесе жүзеге асыруға шақырды. Одан ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Қ.Мейірмановқа мемлекеттік бағдарлама аясында атқарылып жатқан жұмыстарды баяндады. Сондай-ақ, аудан көлемінде топрағы құнарлы өңірлерге  жылыжайлай  салуды жүзеге асыруға болады. Жылыжай салып, оны пайдасын көруге мұмкіндік бар. Оны өздеріңізде көріп отырсыздар,- деді. «Қайрат» бөбекжай-балабақшасының меңгерушісі Н.Төлеуова балабашқа маңайында жасалған жұмыстардың барлығы жастарды еңбекке баулуға шақырады. Мұның барлығы  Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың  «Жасыл ел» бағдарламасы аясында атқарылып отыр.  Еңбек етсе барлығының да жүзеге асады, осы жұмыстарды атқаруға көмектескен барлық азаматтарға алғыс білдіремін, - деді. Жартытөбе ауылдық округінің әкімі Б.Әділбеков алдағы уақыттағы жоспарларымен бөлісіп, жылыжай салуды қолға алатындығын айтты.

            Жалпы, семинар ауыл шаруашылығындағы жылыжай өсіру ісін дамытуға қозғау беретін шара болды.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 76 - 90 ішінен 769

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 22 Қазан 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031     

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы