Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
Индустриалды аймақ жемісін бере бастады Баспаға басу

ImageАуданда жаңадан іске қосылатын немесе қуаттылығын арттыратын кәсіпорындарды бір жерге шоғырландыру арқылы олардың инфрақұрылым (темір жол, автожол, су, жарықтандыру) мәселелерін мемлекеттік деңгейде шешу мақсатында ауданда индустриалды аймақ құру мәселесі қолға алынған. Атап айтқанда, Шолаққорған ауылының солтүстік шығыс бағытындағы 4 шақырым жерден 50 га жер белгіленіп, аудан әкімдігінің 1 тамыз 2012 жылғы №245 «Индустриялық-инновациялық қызмет субъектілерінің индустриялық-инновациялық жобалары үшін жер учаскелерін резервте қалдыру туралы» қаулысы шықты. Аймаққа инфрақұрылым жүргізуге құжаттар әзірлеу мақсатында жергілікті бюджет есебінен техникалық экономикалық негіздеме және басқа да қажетті құжаттарды рәсімдеу үшін 28.08.2012 жылғы аудандық мәслихаттың №55 шешімімен 5 млн. 250 мың теңгенің қаржысы бөлінген. Индустриалды аймақтың техникалық экономикалық негіздемесі жасалынып, соның аясында индустриалды аймақтың жұмыстарын одан әрі жандандыру мақсатында іс-шара жоспары түзілуде. 

Жалғасы...
 
Аудан әкімі мен аудандық мәслихаттың аудан халқын Тәуелсіздік күнімен құттықтауы Баспаға басу

ҚҰРМЕТТІ АУДАН ТҰРҒЫНДАРЫ!   ҚАДІРЛІ ЖЕРЛЕСТЕР!
       Сіздерді   Егеменді еліміздің ұлық мейрамы- Тәуелсіздік күні-мерекесімен ыстық ықылас,   ізгілік ниетпен құттықтаймыз!
1991 жылы 16 желтоқсанда тұңғыш рет ел дербестігінің негізі қаланып,  Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялады. Бұл күн мемлекетіміздің жылнамасындағы жаңа белестерге бет алған айрықша күн болды, осы күні тәуелсіз ел атанудың алғышарттары айқындалды.
Тарихи тұрғыдан зерделесек, қас-қағым сәт саналатын санаулы жылдардың ішінде еліміз сындарлы тұстардан сүрінбей өтіп, ауқымды реформаларды жүзеге асырды. Бүгінде Қазақстанның әлем қауымдастығы алдындағы абыройы биік, мәртебесі жоғары. Осы жылдар ішінде мемлекеттілігіміз орнығып, зор жетістіктерге бастау болатын инновациялық үрдістерді жеделдетудің  негізі қаланды.

Жалғасы...
 
Елбасы - елімнің мерейі Баспаға басу

Image1 желтоқсан-Тұңғыш Президент күнін Созақ ауданының орталығы Шолаққорған ауылының тұрғындары басқа да ауылдар мен елді мекендер сияқты күмбірлі күй, асқақ әнмен қарсы алды. Ауданның алыс-жақын ауылдары мен поселкелерінен келген қонақтар, еңбек ардагерлері, ауданның Құрметті азаматтары, жастар өкілдері алдымен орталық мешіт жанындағы ашық алаңқайға Президент күнін тарих бетінде жас ұрпаққа өнеге ретінде есте қалдыру мақсатында көшеттер отырғызды. «Атадан мал қалғанша тал қалсын» демекші арнайы питомниктен алдырылған жасыл көшеттер ертеңгі күндері саялы баққа айналары сөзсіз.

Жалғасы...
 
Бағдарлама халыққа түсіндірілді Баспаға басу

Таяуда Созақ ауданы әкімдігінің үлкен мәжіліс залында ҚР Президентінің тапсырмасы бойынша «Халықтық IPO» бағдарламасын насихаттау мақсатында «Қазтрансойл» АҚ Шығыс филиалының ұйымдастыруымен жиын өтті. Мұндағы мақсат ұлттық компаниялардың акцияларына қарапайым азаматтардың қаржы салуына мүмкіндіктер жасау. Жиналысқа «Қазтрансойл» АҚ Шығыс филиалы Шымкент мұнау құбырыбасқармасы бас есепшісі М.Сайпов қатысып, өз кезегінде халыққа бұл бағдарламаның мән мағынасын түсінідірп берді. Жиынды аудан әкімінің орынбасары Қ.Еспенбетов қатысып, жүргізіп отырды.

 
Ауданға алғыс жолдады Баспаға басу

Созақ ауданының әкімі Аманғали Түктібайұлы Аймұрзаевтың атына Оңтүстік Қазақстан облысының 80 жылдығына орай өткізілген ауылшаруашылығы қызметкерлерінің дәстүрлі «Алтын күз-2012» мерекесі барысында Созақ ауданы тарапынан ұйымдастыру шаралары жоғары деңгейде өткізілгені үшін облыстық ауылшаруашылық басқармасының бастығы Қ.Оспанбековтен алғыс білдірген жедел хат келді.

 
Құрылтайдан алған әсерлерін бөлісті. Баспаға басу

Созақ ауданының жастары Елордамыз Астана қаласындағы «Жас Отан» жастар қанатының ІІ құрылтайына қатысып қайтты. Құрылтай аясында «Жастар-Отанға!» атты 2020 жылғы дейінгі стратегиялық құжаттың тарихи қабылдануына қатысқан аудан жастары өздерінің ыстық ықыластары мен құрылтайдан алған әсерлерін, Астана қаласының бүгінгі бет-бейнесі туралы тың жаңалықтарымен мектептердің жоғары сынып оқушыларымен бөлісіп, кездесулер өткізді

 
Аудан әкімі ОФ-дың саяси кеңесіне мүше болды Баспаға басу

«Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының кезекті ХХ есеп беру-сайлау конференциясы болып өтті. Оған ауданымыздың партия филиалынан 15 делегат қатысты. Конференцияны «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары А.Мамытбеков жүргізіп отырды. «Нұр Отан» ХДП Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының төрағасы А.Мырзахметов баяндама жасады. Күн тәртібіндегі үшінші мәселе бойынша делегаттар Саяси кеңес мүшелерін сайлады. Делегаттар қолдаған кандидаттардың ішінде Созақ ауданының әкімі  де бар.

Өндіріс әлеуеті

 
Қарағұрлықтарға қолдау жасалды Баспаға басу

Облыс әкімі мен «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК арасындағы түзілген Меморандум бойынша өндірістің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы «Ақбастау» біріккен кәсіпорны АҚ-на қарасты «Құланды» кенішіне Созақ ауданындағы Қарағұр ауылы бекітілген болатын. Кеше қараша айының соңғы аптасында осы өндіріс басшылары ауыл тұрғындарына жағдайы төмен отбасыға 100 тонна көмір, 40 балаға қысқы киімдер әкеліп үлестірді. Алдағы уақытта өндіріс басшылары жер асты суын пайдалау үшін ауыл ортасынан ұңғыма құдық қазып беруге уәде етіп отыр.

 
Қол ұшын созды Баспаға басу

Мемлекет басшысының өндіріс орындарының еңбек етіп жатқан өңірдегі ауыл адамдарына қолдау жасау туралы тапсырмасына сәйкес «Орталық» кен басқармасы (бастығы Ибраев Бауыржан) Созақ ауданы Жартытөбе ауылындағы күл қоқыстарды шығарысуға көмектесті. Сонымен қатар ауыл клубын қоршауға ұстындар, мектеп ұжымына 20 дана домбыра, ауыл тұрғындарына 45 тонна көмір түсіріп берді.
Мақсат Қарғабай. Созақ.

 
Жариялы түрде жұмысқа қабылданды Баспаға басу

Аудан әкімінің кестеге сай жеке азаматтарды қабылдауына әр қабылдау сайын 30-дан астам азаматтар келеді.
Келушілердің басым көпшілік пайызын жұмыссыздық мәселесі құрайды. Өткен айлардағы қабылдауларда құрылысы аяқталып, пайдалануға берілген Жартытөбе ауылындағы Құлыншақ Кемелұлы атындағы жалпы орта   мектебінің бос техникалық қызметкерлер орнына жұмысқа орналасуына көмектесуін сұрап ауыл тұрғындары өтінішпен келіп, аудан әкімінің қабылдауында болған.
Қабылдауға келушілер саны біршама, ал техникалық қызметкерлер орны 13 штат болуы себепті аудан әкімі аппарат басшысына арнайы тапсырма берді. Тапсырма бойынша құрамында аудан әкімі аппаратының қызметкері, ардагерлер кеңесі, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкері, ауыл әкімшілігінің аппаратының қызметкері, депутаттар қатарынан бір-бір азаматтардан комиссия жасақтап Жартытөбе ауылындағы мектепте ауыл азаматарының басын қоса отырып, жұмысқа тұруға талапкер азаматтарды қатыстыра отырып олардың тұрмыс жағдайын, отбасы құрамын, зерделеп ешкім ренжімейтіндей әділ түрде мәселені шешуді тапсырған болатын.

Жалғасы...
 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 736 - 750 ішінен 779

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 13 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы