# ## Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты - Жаңалықтар Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты

 

 

Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
Мемлекеттік қызмет-абыройлы міндет Баспаға басу

Әлемдегі алдыңғы қатарлы барлық дамыған мемлекеттердің да­му үдерісі жолында мемлекеттік қызметтің қо­­сар үлесі мен салмағы ерекше екені даусыз. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздік ал­ған 24 жылдың ішінде Президентіміз Н.Назарбаевтың бастамасымен  мем­ле­кет­­ті қалыптастыру бағытында ау­қым­ды іс­тер атқарылды. Елбасымыз «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол»  атты  Қазақстан халқына арнаған жолдауында: «Нұрлы Жол» Жаңа Экономикалық Саясаты – әлемнің ең дамыған 30 елінің қатарына бару жолындағы біздің ауқымды қадамымыз. Бүгінде табысты жұмыс істеу үшін барлық қажетті жағдайлар жасалған. Әкімшілік реформа жүргізілді, Үкімет пен атқарушы биліктің жаңа құрылымы жұмыс істеуде. Әр министр не істеу керек екенін біледі. Біз басқарудағы қосарланушылық пен қажет емес буындарды жойдық. Әкімдер өкілеттіліктің қажетті деңгейіне ие болды. Өңірлерде бәрі бар – бағдарламалар, ресурстар, қаржы құралдары. Әркім өз жұмыс учаскесі үшін жауап береді. Тек білекті сыбанып, іске кірісу қажет»-деп мемлекеттің қызметттің маңыздылығы жөнінде ерекше тоқталып кеткен болатын. Еліміздің әлеу­мет­тік, эко­­номикалық, мәдени жағдайы үздік­сіз даму жолына түсті. Біршама жағдайда ауылдық округтері мен кент әкімдері халықтың көз алдында іріктеліп мәслихат депутаттарымен сайланды. Қазақ­станның осын­­­дай жетістіктерге жету жолында мем­ле­кет­тік қызметкерлердің еңбегі де ерек­­ше екенін ешкім жоққа шыға­р­май­ды. Олар өз қызметтік міндеттерін кәсіби дең­­гейде ат­қа­­рып, еліміздің егеменді, тә­­уелсіз, де­мо­­кра­тиялық, әлеуметтік жә­­не құқықтық, зайырлы мем­лекетке айналуына үл­­кен үлестерін қос­ып келеді.

Жалғасы...
 
Облыс әкімінің орынбасары ауданда болды Баспаға басу

ImageОсы аптаның сәрсенбісі күні Оңтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Ербол Садыр ауданымызда болды. Аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан активімен кездесті. Облыс әкімі бүгінгі таңда облысымыздың бір қатар бес ауданында болып аудан әкімдерінің бес ай ішінде атқарған жұмыстарын саралап шыққан болатын. Бұл жолы облыс әкімінің сапары алдында облыс әкімінің орынбасары бүгінгі ауданымызда жүргізіліп жатқан түрлі бағдарламалар мен облыс әкімінің тапсырмаларының орындалу барысымен танысып шықты. Елімізде Елбасымыздың 100 нақты қадамдары , бүгінгі экономикалық көрсеткіштер, оның орындалуы, бес айлық атқарған жұмыстарға талдау жасау жұмыстары бойынша облыстық департамент, басқарма  басшыларының есебі тыңдалды. Облыстық табиғатты қорғау, реттеу басқармасының басшысы Отаршиев Мұхит, экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Олжатай Жанболат өз салалары бойынша атқарылған жұмыстарға хабарламалар жасады. Өз кезегінде аудан әкімі Мақсат Исаев сала басшылары мен облыс әкімінің орынбасары тараптарынан түскен кемшілік тұстар бойынша алты айлық есеп уақтысына дейін түзету жұмыстары шұғыл қолға алынатынын атап өтті.

Жалғасы...
 
Анттарына адал жандардың мерекесі өтті Баспаға басу

Image«Денсаулық-ұлы жеңіс,  қанағат- ұлы байлық, сенім- ең жақсы туыс» дегендей,  бүгін міне -  жыл сайын осы маусым айында тойланатын – «Медицина күні»  мерекесі.
Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың Жолдауында «Ауруларға қарсы күрес пен денсаулықты нығайту жөніндегі біздің стратегиямыз азаматтарымызды салауатты өмір салтына әзірлеуден басталады» - деп айтылғандай, дені сау адам – табиғаттың ең қымбат жемісі емес пе?

             Адамзат үшін денсаулықтан артық бағалы зат жоқ болса, осы бағалы да бірінші байлығымыз  денсаулығымызды ойлап, жаны қысылған жандарға араша түсетін, жандарына демеу болатын –ақ халатты абзал жандар,  дәрігерлер мен  медицина  саласының  қызметкерлері.
Ендеше, бүгінгі медицина  қызметкерлерінің  кәсіби  мерекесі күнімен аудандық медицина саласының қызметкерлерін құттықтап, ақ тілегін білдіру үшін сөз  аудан  әкімі  Исаев Мақсат Шамансүрұлына    беріледі.                      
Аудан әкімі өзінің ақ желеңді абзал жандарға деген ақ жарма тілегінен кейін аудан әкімінің алғыс хатымен дәрігерлер мен медбикелер Н.Оспанов, С . Масалиев, П. Күзенбаева, Г. Жумашова, С.Сағындықов, Р.Тасырбаев,Л.Нахипов, К. Тәжібаева, М.Тоғысова, Ж.Қинабаеваларды марапаттады.

Жалғасы...
 
Қазақ хандығының 550 жылдығына орай І Республикалық пікір – сайыс турнирі өтті Баспаға басу

ImageСозақ аудандық «Жастар орталығы» КММ ұйымдастыруымен 2015 жылдың 12-14 маусым аралығында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Оңтүстік тарихынан сыр» атты І Республикалық пікір – сайыс турнирі болып өтті. Турнирдің негізгі мақсаты Оңтүстік тарихын насихаттау, жергілікті жастар саясатын жүзеге асыру және Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев айтқандай жастарымызды «Жаңа қазақстандық» патриотизмге тәрбиелеу, отансүйгіштікке баулу, жастар арасындағы достықты нығайту болып табылады. Үш күнге созылған бұл турнирге еліміздің жеті аймағынан атап айтар болсақ Павлодар қаласынан, Қостанай облысынан, Астана қаласынан, Алматы қаласынан, Жамбыл облысынан, Қызылорда облысынан және ОҚО-нан Республикаға өте танымал пікірсайысшыларымыз жиналды. 

12 маусым күні келген қонақтарды күтіп алып, жастарымызды Созақ елінің тарихымен таныстыру үшін Баба ТҮкті Шашты Әзіз және Ысқақ Баб кесенелерін аралатып экскурция жасалды. 

Жалғасы...
 
Аудан әкімі жергілікті тұрғындармен кездесті Баспаға басу

10 маусым күні аудан әкімі Мақсат Шамансұрұлы Исаев Жартытөбе, Құмкент ауыл әкімдіктерінде болып, жергілікті халықпен кездесіп, өңірлік бағдарламаға сәйкес ауыл әкімдерінің есебін тыңдады.
Жартытөбеде өткен жиында ауыл әкімі Бахытжан Әділбеков ағымдағы жылдың бес айында атқарылған жұмыстарға толығымен тоқталып, баяндап шықты. Хабарламада бар сала бойынша нақты мәліметтер келтірілді. Соның ішінде, ауылшарушылығы саласына кеңірек тоқтап, ауыл әкімшілігінде жалпы жер көлемі 185527 гектар, оның ауыл шаруашылығы мақсатындағы жері 51386 га, егістік жер 5736 га, жайылым жер 40109 га екенін атап, Жартытөбе ауыл округі бойынша шаруашылықпен айналысып отырған жауапкершілігі шектеулі серіктестіктер мен шаруа қожалықтарының қозғалысы жөнінде мәлімдеме берді. Яғни биылғы жылы егістік көлемінің қай дәрежеде болатыны және мал басының өсімі бойынша нақты болжамдар келтірді.

Жалғасы...
 
Ауыл тұрғындарымен кездесті Баспаға басу

Аудан әкімі Мақсат Исаев өткен аптада Қаратау ауыл әкімшілігінде болып, ауыл тұрғындарымен кездесті. Тұрғындармен болған жиын барасында ауыл әкімшілігінде атқарылып жатқан жұмыстармен танысты, қаратаулықтардың ұсыныс-пікірлерін тыңдады.
Сол күні аудан басшысының халықпен кездесуі қарағұр ауыл әкімшілігінде жалғасты. Елдің ұсыныс-пікірлерін тыңдады. Раңата елді мекенінің тұрғындары ұялы телефон жүйесін іске қосу мәселесін, Қарағұр ауылының тұрғындары балабақша, салауатты өмір салтын қалыптастыру үшін спорт кешені қажет екендігін ортаға салды.
Қаратау етегінде қоныстанған ауылдардың тұрғындары М.Исаевты аудан әкімі болып тағайындалуымен құттықтап, алдағы қызметіне сәттілік тіледі.

«Созақ үні»-ақпарат.

 
«Мәдениетім — мерейім» сахнасында — Созақтың өнерпаздары Баспаға басу

ImageОблыстық «Мәдениетім — мерейім» өнер байқауын теріскейлік ағайын жалғастырды. Күй мен жырдың мекені саналатын Созақ ауданынан сайысқа қатысу үшін 300-ге тарта өнерпаз келіпті. Ұжым ә дегеннен-ақ әкімшілік-іскерлік ғимаратының алдын мерекелік алаңға айналдырды.Ағаштан жасалған ыдыс-аяқтар, ұлттық ою-өрнекті құрақ көрпелер, соғыс жылдарын еске салар қылқалам шеберлерінің туындылары. Шымқала тұрғындары бұл күні теріскейлік қолөнер шеберлерінің осындай еңбектерін тамашалады. Созақтан келген ағайын әдеттегідей қонақжай қасиетімен көпті қара үйге шақырды. Мұнда ақ дастархан жайып, тәтті бауырсақтарын ұсынды. Қымыз сапырып, құрт-майын үлестірді. Меймандар алдында «Ақ әжелер» ансамблі ән-тартуын жолдады.Шолпан Шойғараева, «Ақ әжелер» ансамблінің әншісі: «Биыл біздің топтың құрылғанына 10 жыл толды. Ал кештегі мақсатымыз — бүгінгі қоғамдағы әжелердің қандай болуы керегін, олардың тәрбиесін, шаңырақтағы орнын көрсету.

Жалғасы...
 
Аудан активінің жиыны өткізілді Баспаға басу

ImageМамыр айының бірі күні аудан орталығы Шолаққорған ауылындағы аудан әкімдігі мен аудандық мәслихаттың үлкен мәжіліс залында аудан активінің жиыны болып өтті.
Жиынға облыс әкімі А.Мырзахметов қатысты. Облыс әкімі А.Мырзахметов аудан әкімі А.Аймұрзаевтың зейнеткерлік демалысқа шыққандығын айта келіп, аудандық мәслихаттың кезектен тыс сессиясында депутаттардың қолдауымен Исаев Мақсат Шамансұрұлы аудан әкімі болғандығын айтты. А.Түктібайұлына еңбек еткен жылдары атқарған қызметіне алғыс білдірді. Ұлттық дәстүр бойынша иығына шапан жапты. А.Аймұрзаев аудан жұртшылығына, активке рахметін жеткізді. М.Исаев өзіне жүктеліп отырған үлкен жауапкершілікті, сенімді абыроймен атқарамын деді.

Жалғасы...
 
Сыңғырлап соғылды қоңырау Баспаға басу

ImageҚимас сәт.Қоңырау сыңғыры мектеп бітіруші түлектердің жүрегін толқытады. Әрине, тарыдай болып еніп, таудай болып шығу оңай емес. Бұл айтуға ғана оңай. Адам өмірінің бір белесі алтын ұямен қоштасу екені рас. Балғын балалық шағын бірге өткізген уақытты қайтіп қиярсың. Көңілге қимас сезім ұялайды.
Таукент поселкесіндегі І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінде өткен соңғы қоңырауда мектептен түлеп ұшар түлектердің жанарынан осындай сырды оқығандай болдым. Білім ұясыныың ауласы түрлі түсті шарлар, алқызыл гүлдермен әрленіпті. Мектеп оқушылары қаз-қатар сап түзеп, жарасып-ақ тұр.
Мемлекеттік ән әуен орындалып, ту салтанатты түрде ортаға алып келінді. Жүргізушілер соңғы қоңырау салтанатының басталғанын хабарлады. Ақ жайманың бойымен гүлдер қойылыпты. Ортаға мектеп бітіруші түлектер шақырылды. Құрбыларының нәзік саусақтарымен ұстаған бозбалалар жұптарымен ортаға озды. Осы сәтте әдемі әуен төгіліп тұрды.
Мектеп басшысы Шұғыла Өмірбекова оқу жылында атқарылған игі  істер жайында тізбелеп айтып берді. Озат мұғалімдердің, үздік шәкірттердің есімдері атылды.
Мұнан кейін поселке әкімі М. Оспанов, аудандық «Созақ үні» газетінің директор-Бас редакторы С.Теңізбаев құттықтау сөз сөйледі.
Мектеп бітіруші түлектер әдеби-сазды көрсетілімін жиналғандар назарына ұсынды. Өнерлі өрендер өнерлерін ортаға салды.

Жалғасы...
 
Қимастық сезім биледі... Баспаға басу

ImageШолаққорған жалпы орта мектебінде өткен соңғы қоңырау салтанаты «Нұрлы жолға бағыт алып барамыз» деп аталды. Аталған мектептің ауласы мерекедегідей безендірілді. Әуелі бишілер тобының әдемі биі орындалды.
Мемлекеттік әнұран орындалып, ту ортаға әдемілеп ақ жаймамен 34 түлек төрге қарай озды.
Салтанатты шараны аудан әкімі А.Аймұрзаев құттықтау сөзбен ашып. Соңғы қоңырау салтанатында бұдан әрі аудан әкімдігі білім бөлімінің басшысы Д.Алтаев, аудандық мәслихат хатшысы Ғ.Жүсіпов жалғастырды. Мектеп директоры Г.Әлімбекова үстіміздегі жылы аяқталған оқу жылының жетістіктеріне тоқталды.
Бастауыш сынып мұғалімдері А.Төлеуова, Л.Анарбаева, Ә.Жекенова, Ә.Атажанов құттықтау тілектерін білдірді.
Мектеп бітіруші түлектер Қонысбекұлы Айдос, 10 сынып оқушысы А. Өтембаеваға білімнің алтын кілтін табыс етті. Қоштасу вальсі биленді. Сыңғырлап соңғы қоңыраау соғылды. Жүректер күлім қақты. Сезімді ерекше көңіл-күйге бөледі.
«Созақ үні»-ақпарат».

 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 721 - 735 ішінен 966

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 09 Тамыз 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31           

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы