Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
Теріскейлік тұңғыш әскери ұшқыш Баспаға басу

ImageТеріскей өңірінен шыққан тұңғыш әскери ұшқыш туралы бүгінгі жастар біледі ме екен?- деген сұрақты мен өзіме жиі қоямын. Мыңжылқының баурайында туылып, өскен күн ұзақ аспан әлемінен көз айырмай алыс аспан тұңғиығында қалықтаған қыран құстарға қарағыштаған бала Құралдың арманы асқақ еді. Қозмолдақ ауылы  тарихында өзге ауылдарға қарағанда ерекше тұлғаларды дүниеге әкелуімен даңқы шыққан. Саңғыл биден бастау алған ұрпақтар сабақтастығы Күйші Төлеген, ұстаз Тұрсын, партизан барлаушы Атабек,  Жақсыберген, ақындар Жәнібек, саятшы Нұрбай, Еңбек ері Жұбай   деп жалғаса береді. Міне, осындай табиғаты мен таланттары егіз үйлесім тапқан өңірде Рүстем қарияның отбасында  1922 жылы дүниеге келген Құралдың маңдайына аспандағы ақиықтың ғұмыры жазылған екен. Рүстемнің өнегелі шаңырағынан Жәку, Құрал, Нақып, Зейне, Жақып, Зеберкүл, Жарылқап атты ұлдары мен қыздары өрбіген еді.

Жалғасы...
 
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай аудан көлемінде өткізілетін 20 іс-шара Баспаға басу
Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына орай аудан көлемінде өткізілетін 20 іс-шара
Жалғасы...
 
Маңызды шаралардың мәні ойластырылды Баспаға басу

ImageАудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі А.Аймұрзаевтың төрағалық етуімен ауданның зиялы қауым, шығармашылық өкілдерімен бас қосу жиыны, пікірлесу, ой алысу кездесуі өтті.
Мұндағы өткен келелі жиынның мақсаты Елбасымыздың  халыққа арнаған «Нұрлы жол-болашаққа бастар жол» атты Жолдауында атап көрсеткен биылғы жылы мемлекеттік деңгейде аталып өткелі жатқан Қазақ хандығының 550 жылдығы, Ұлы Жеңістің 70 жылдығы, Қазақстан халқы Ассамблеясы мен Ата заңымыздың 20 жылдығы мерекелерін өз деңгейінде атап өту жағдайында шығармашылық өкілдері тарапынан шараның ойдағыдай өтуі үшін қосып алар ұсыныс пікірлері тыңдалды.
Қазақ хандығының 550 жылдығы үлкен тарихи мәні бар маңызды шара, бүгіннің өзінде республика көлемінде бүкіл қауым болып жаппай осы айтулы шараны өткізуге үн қосып жатыр. Келелі кеңесте аудан көлемінде де тілге тиек етер, мәдени шаралар жүзеге аспақ ниетте екенін білдік. Алдымен осынау тарихи жолды жаңарту, ұрпақтар сабақтастығын жалғастыру мақсатында ауданымызда «Созақ-Қозыбас-Созақ» тарихи-танымдық автокеруен шеруін ұйымдастыру қолға алынып жатыр екен.

Жалғасы...
 
29 меморандум түзілді Баспаға басу

Image«Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясындағы жұмыс жүйесі туралы» облыс әкімі А. Мырзахметовтың қаулысына сәйкес, аудан көлемінде іс шаралар түзілген болатын.
Аталған іс шара аясында, аудан әкімдігінің мәжіліс залында аудан әкімі А. Аймұрзаев өндіріс орындарының, кәсіпорын басшыларымен әлеуметтік сала бойынша көмек көрсету бағытында меморандумға қол қойды. Жалпы қаржысы 396549,0 мың теңгені құрайтын меморандумға барлығы 29 кәсіпорын тартылды. Оның ішінде 7 ірі кәсіпорындар болса, 22 кіші кәсіпорындар.
«ҚазТрансОйл» АҚ Шолаққорған ауылында Наурыз ауылында құны - 380202,0 мың теңге болатын 280 орындық балабақша салып беруге меморандумға қол қойылса, Ұлы Отан соғысы адрегерлеріне көмек көрсетуге, «Инкай» бірікен кәсіпорны, «Катко» біріккен кәсіпорны, «Қаратау» ЖШС, «Степной-Ру» ЖШС әлеуметтік салалар бойынша «Орталық» қазып шығаратын ЖШС, «Бетпақ Дала» біріккен кәсіпорныдары сондай-ақ 22 кіші кәсіпорындар өз ауыл тұрғындарына ұн, ет, көмір, тамызық отын және шөп беруге көмек қолдарын созады.  Меморнадум түзілген барлық кәсіпорын  мерекелік даталы күндері, тұрмысы төмен отбасыларға, соғыс және еңбек ардегерлеріне, азық-түлік, мектеп құрал жабдықтарымен киім беріп көмектеседі.
Ерлан Райымқұлов

 
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы Қоғамдық қабылдау өткізілді Баспаға басу

Аудан тұрғындары өздерін толғандырып жүрген мәселелер жайында «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының қоғамдық қабылдауында алға тартып, одан мол үміт күтеді.
Дүйсенбі күні аудан әкімі «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының төрағасы Аманғали Аймұрзаев өтінішпен келген бір топ аудан тұрғындарын қабылдады.
Бірінші болып қабылдауға Сызған ауылының тұрғыны Салима Батырбекова енді. Ол ұлы Тауасар Амангелдіұлына жұмыс сұрай келіпті. Мамандығы техник-механик екен. Сондай-ақ жүргізушілік куәлігі бар. Филиал төрағасы Салиманы тыңдап, үй-жай тұрмысына қанықты. Алдағы кезде баласының мамандығы бойынша өндірісте орын болып жатса көмек болатындығын жеткізді. Ал, несие алып, шаруашылық ашып жұмыс жүргіземін десе де мол мүмкіндігі бар екендігін айтты.
Қоғамдық қабылдауға келген Шолаққорған ауылының тұрғыны Пәтима Отаубаеваның да өтініші ұлының өз мамандығы бойынша жұмысқа орналасуы мәселесі болды. А.Түктібайұлы аудан әкімдігі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысына өндірісте орын болып жатса, хабарласып, өндіріс саласына жұмысқа тұруына көмек жасауды тапсырды. Өйткені оның мамандығы органикалық заттардың химиялық технологиясы екен.

Жалғасы...
 
Тың жобалар Теріскейге серпіліс әкелді Баспаға басу

ImageАудан әкімі Аманғали Аймұрзаев апта бойы он екі ауылдың халқымен жүздесіп, жылқы жылындағы еңсерілген жұмыстарға талдау жасады. Өңір басшысының ел алдындағы есебі аудан орталығы Шолаққорғанда қорытындыланды. Кездесуге Қазақстан Республикасы Президент әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы Жомарт Естенов пен облыстық кәсіпкерлік, индустриялды-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы Бақытжан Әшірбеков қатысты.
Теріскейліктер өткен жылды табысты аяқтап отыр. Экономиканың негізгі тірегі саналатын салалардың дерлігінде ілгерілеушілік бар. Бюджеттің кірісі молайып, тауарлы өнім өндіру көлемі артқан. Мемлекет басшысының кәсіпкерлікке барынша қолдау танытуының арқасында бұл салада үлкен серпіліс бар. Жыл басынан бері 234 кәсіпкер тіркеліп, олардың қатары 2835-ке артып отыр. Олардың күшімен 6 млрд 312 млн теңгенің өнімі өндіріліп, 2013 жылмен салыстырғанда 110%-ға еселенген.

Жалғасы...
 
Атқарылған істер ауқымды, алда жасар жұмыстар жетерлік Баспаға басу

ImageБейсенбі күні Шолаққорған ауылындағы ауыл әкімдігінің мәжіліс залында ауыл әкімі П.Сақтапбергенұлы мен аудан әкімі А.Аймұрзаев халық алдында есеп берді.
Ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Б.Арынбеков ауыл әкіміне сөз бергеннен кейін П.Сақтапбергенұлы мінбеге көтеріліп, 2014 жылы атқарылған жұмыстарды саралап айтып берді. Мұнан кейін аудан әкімі А.Түктібайұлы есепті баяндамасын жасады.
Атқарылған жұмыстарды айта келіп, аудан басшысы алда жасалатын шаруаларды да жиынға қатысушылардың назарына салды.
Шолаққорған ауылында күл-қоқыстарды тазарту жұмыстары жүйелі жүргізіліп келеді. Көптеген жылдар бойы қордаланып қалған тұрмыстық қалдықтар шығарылды. Көше бойларына, әлеуметтік нысандар төңірегіне контейнерлер қойылды. Аудандық «Созақ-сәулет» мекемесінің жұмысы көңіл көншітерлік деді шығып сөйлеушілер.

Жалғасы...
 
Қаратаулықтардың қарқынды қимылы Баспаға басу

Сол күні түс ауа Қаратау ауыл әкімдігіндегі Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің акт залында ауыл және аудан әкімінің есеп беру жиналысы өтті. Жиналысқа ауыл тұрғындары көп жиналды.
Ауыл әкімі Оразхан Ермахан жиналысты ашып, жүргізіп отырды. Бірінші кезекте ауыл әкімінің есебі жұртшылыққа ұсынылды. Мұнан соң, аудан әкімі Аманғали Аймұрзаев есепті баяндамасын жасады. Өткен жылы өңірімізде атқарылған жұмыстар жайлы жан-жақты нақты дәлелдермен нақтылап айтып берді. Қай салада болмасын тындырымды тірліктер атқарылғандығын есепті баяндамадан көңілдеріне түйген жиналған қауым ризалық кейіптерін байқатып отырды.
Аудан басшысы ауыл тұрғындарына жастарды еңбек етуге үндеу керек екендігін жеткізді Бұл мақсатты істі іске асыруда көпті көрген көнекөз қариялар ықпалының көп екендігін назарға салды. Елді мекеннің күл-қоқыстан ада болуы, жастарға тәлімді тәрбиенің берілуі, үлкенің кішіге, кішінің үлкенге ізеті мәселесін ел ағалары үнемі назарда ұстап отыру керектігі айтылды. Халқымызда қашанда үлкеннің ақылын тыңдап, қандай шаруа болсын елмен санаспай жұмыс істемейтіндігі жайлы жиналыс барысында тілге тиек етілді.

Жалғасы...
 
Жиналыста ортақ мәселелер айтылды Баспаға басу

Қарт Қаратаудың етегіне қоныстанған Қарағұр ауылында әкімдердің есеп беру жиналысы сәрсенбінің сәтінде болды. Мектептің акт залы ауыл тұрғындарына толды. Есеп беру жиынын ауыл әкімі Ордабек Жәмиев ашып, жүргізді. Әуелі ауыл әкімінің есепті баяндамасы тыңдалды. Сонан соң аудан әкімі Амағали Аймұрзаев өткен жылы атқарылған жұмыстарға жан-жақты талдау жасады. Көптеген шаруалар атқарылғанына қаныққан ауыл тұрғындары ризашылық сезімдерін білдірді.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың елдің әлеуетін көтеру бағытында жасап отырған ауқымды тапсырмаларына ауыл тұрғындары үн қосатындығын білдіре келе, аудан, ауыл әкімдерінің есептеріне қанағаттанарлық баға беріп, ауыл шаруашылығын өркендету, оның ішінде мал тұқымын асылдандыру, егін салу, жастарды кәсіпкерлікке баулу мәселесін іске асыру мәселесін алға тартты.

Жалғасы...
 
Атқарылған жұмыстар сараланды алдағы жылға бағыт-бағдар берілді Баспаға басу

ImageАуыл және аудан әкімдерінің халық алдында есеп беруінің жиыны 16 қаңтар күні Таукент поселкесіндегі І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектептің мәжіліс залында өтіп, жиналған көпшілік алдында поселке әкімі М.Оспанов 2014 жылда экономикалық-әлеуметтік салалар бойынша атқарылған жұмысты баяндап берді. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару» заңын басшылыққа алып, жұмыс жасаған бір елді мекенді қамтитын поселке әкімшілігінің тұрғын үйлер мен жерден жинаған салығы 100 пайызға орындалған. Бюджетке қатысты бірқатар мәліметтерді айтып өткен поселке әкімі ауыл шаруашылығы мәселесіне де тоқталып, әкімшілік бойынша түлік түрлерінің барлығы талапқа сай сырғалануы керек болса, 100 пайыз сырға қаржысы жиналғандығын, сондай-ақ, мал атаулының түгелі дерлік маусымдық және жұқпалы ауруларға қарсы егілуден өткізілгендігін хабарлады. Сонымен бірге, денсаулық сақтау, спорт, көркейту көгалдандыру,

Жалғасы...
 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 706 - 720 ішінен 917

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 02 Маусым 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930         

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы