# ## Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты - Жаңалықтар Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты

 

 

Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
Брифингте есеп берді Баспаға басу

ImageОсы аптада Созақ ауданы әкімдігінің бөлім басшылары, округ, кент әкімдері 2015 жылдың 6 айында атқарған жұмыстары бойынша БАҚ өкілдерінің қатысуымен өткен брифингте есеп берді. Бөлім басшылары өз баяндамаларында ел Президенті Ұлт Көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауындағы және облыс, аудан әкімдерінің тапсырмаларын іске асыруда бірқатар жұмыстар жүргізіліп, атқарылып жатқандығын жеткізді.
Жекелеп сөзге шыққан әкімдер мен бөлім басшылары өздері басқарып отырған жергілікті округ пен бөлімдердің атқарып жатқан жұмыстары жайлы толығырақ түсіндіріп, баяндап берді.
Алғашқы болып баяндама жасаған аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы А.Сатыбалды – Қазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына арнаған «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» Жолдауын насихаттау бойынша жыл басында аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан активімен кездесу өткізіп, Жолдау мәтіні басылған кітапшалар таратылғандығын, сонымен қатар, аудан әкімінің бекітуімен ақпараттық – насихаттық топ құрылып, желілік кесте түзіліп, осы кестеге сәйкес аудан көлеміндегі елдімекендердің толықтай қамтылғандығын және де ағымдағы жылы айтулы мерекелер болып белгіленген даталы мейрамдарға арналған түрлі іс-шаралар өткізілгендігін атап өтті. Жалпы алғанда атқарылып жатқан келелі істер жетерлік екені айқын көрініп тұрды.

Жалғасы...
 
ОҚО әкімі Созақ ауданына жұмыс сапарымен келді Баспаға басу

ImageОблыс әкімі А.Мырзахметов Созақ ауданында өткен кеңейтілген мәжілісте өңірдегі білім мекемелері 20 тамызға дейін жаңа оқу жылына толық дайын болуы керектігін ескертті. Жаңа талап бойынша құрылыс нысындарының сапасы жайлы ауыл әкімі мен мектеп директоры тиісті орындарға ай сайын мәлімет жолдауы қажет. Теріскейде бюджет есебінен салынған нысандардағы олқылықтар үшін аудан әкімінің орынбасары мен құрылыс бөлімі басшысына сөгіс берілді. Бастысы облыстық басқармалар мен жергілікті әкімдіктің тиісті бөлімдері жүйелі жұмыс істей білуі тиіс. Кез келген мәселені іс басында оңтайлы шешу саладағы жұмыстың нәтижелілігін арттырады деген облыс басшысы бұл жиында ауданда атқарылған жұмыстармен қатар, оларды ұйымдастыруға облыстық салалық басқармалардың қосқан үлесін де таразылап, бағалады. Осы орайда облыстағы аудан орталықтары мен қалалардың сәулеттік келбетін жақсарту мақсатында жергілікті әкімдіктердің бас сәулетшілерін облыста арнайы іс-тәжірибеден өткізіп, біліктілігін арттыруға ерекше тоқталды. Әрі қарай есепті жиында су көздерінің тиімділігін арттыру жайы талқыланды. Бүгінде ауданда 25 шақырым канал жөндеуді қажет етеді.

Жалғасы...
 
«Дін – ел бірлігінің кепілі» атты аудандық форум өтті Баспаға басу

ImageАудандық ішкі саясат бөлімінің ұйымдастыруымен «Дін – ел бірлігінің кепілі» атты форум өтті. Форумға аудан әкімі – М. Исаев, аудандық мәслихат хатшысы Б.Байғараев, Оңтүстік Қазақстан облысы имамының орынбасары Е. Қарақұлов «Әлеуметтік бастамалар» орталығының маманы Ж. Асхатұлы,  аудан имамы – Қызықанов Руслан,  ауданның белсенді тұрғындары, үкіметтік емес ұйымдар, бақ өкілдері қатысты. 
Аудан әкімі М. Исаев қазіргі қоғамдағы маңызды дін мәселесінің тоқталып, іс шараның маңыздылығына атап өтті. Аудандық ішкі саясат бөлімінің бастығы А. Сатыбалды «Дін – ел бірлігінің кепілі» атты баяндамасында «қазіргі таңда қоғамда орын алып отырған діни құндылықтарды  сөз ете келе, Елбасы саясатының арқасында, көп ұлтты, көп конфессиялы еліміздің тату тәтті өмір сүріп отырғанына тоқталды». Сондай-ақ жарыссөзге шыққан   Оңтүстік Қазақстан облысы имамының орынбасары Е. Қарақұлов  кереғар дін ағымдарымен ислам дінін шатастырмауын айта келе, ислам діні, Әбу Ханафи мәзхабының ерекшеліктерін атап кетті. «Әлеуметтік бастамалар» орталығының маманы Ж. Асхатұлы мемлекет саясатының дін мәселесінде толеранттылық танытып, ешкімнің құқығына қол сұғылмайтыны айтты. Жарыссөзге  аудан имамы Р. Қызықанов,  ауыл ақсақалдары Е. Керимов сөйледі.

Жалғасы...
 
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында қоғамдық қабылдау өткізілді Баспаға басу

Image22 шілде күні аудан орталығындағы Шолаққорған жалпы орта мектебінің акт залында «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиалының Созақ ауданындағы көшпелі қоғамдық қабылдауы өткізілді.
Көшпелі қоғамдық қабылдауға «Нұр Отан» партиясы ОҚОФ қоғамдық қабылдау бөлмесінің меңгерушісі Құлжанов Берік Үшкемпірұлы, облыстық мәслихаn депутаты Бекенов Данабек Бейсенұлы, облыс әкімдігінің бас инспекторы Тілеген Ерғали Аманкелдіұлы, Түркістан аймағы бойынша ауданаралық Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс- қимыл басқармасының консультанты Джумакулов Арман, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы басшысының орынбасары Оразымбетов Нарзулла Садықұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша экология департаменті басшысының орынбасары Өтебаев Рахманберді Смайылұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша тұрғын үй коммуналдық шаруашылық және жолаушылар көлігі басқармасының бөлім басшысы Шарипов Нұрлыхан, ОҚО құрылыс басқармасының бөлім басшысы Раманқұлов Шарафдин Бурханұлы, Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша білім, жастар саясаты және тілдерді дамыту басқармасының бас маманы Жанәділов Талғат Оразбекұлы, ОҚО мемлекеттік сәулет құрылыс бақылауы басқармасының Созақ ауданы бойынша инспекторы Дәрібаев Шерәлі, аудан әкімі Исаев Мақсат Шамансұрұлы, аудан прокурорының көмекшісі , кіші әділет кеңесшісі Жағыппаров Алмас Бақытұлы, аудандық мекемелер мен құқық қо

Жалғасы...
 
«Алма-Resort» демалыс аймағы ашылды Баспаға басу

ImageЖаздың ми қайнатар ыстығы күн сайын үдей түсуде. Тіпті демалуға ауа жетпейтіндей. Аптап ыстықтан көптеген адамдар қиындық та көруде. Міне, сіздің осындай уақытта суға шомылып, салқын сусын ішкіңіз келсе, жеке кәсіпкер Жұмагүл Нұрпейіс жаңадан ашқан «Алма-Resort» бассейніне барып, жаныңызға сая табуыңызға болады.
Заман талабына сай, заманауи үлгіде салынған жаңа демалыс аймағын арнайы барып көрдік. Айналасы тал-теректермен, әдемі неше түрлі гүлдермен көмкерілген бассейін келушілерге алыстан мен мұндалап тұрады. Ұлттық нақышпен безендірілген киіз үй биік жерге тігіліпті. Мұнда суға түсіп, демалушылар келіп, дөңгелек қойылған столдарда отырып дәм татуға болады. Ал, жағажайды жағалай ақшаңқан жамылғылар жабылған жайларда отбасыңызбен отырып демалуға толық мүмкіндік жасалған. Бейсенбінің суы арнайы дәрігерлік тексеруден өткен. Аптасына үш мәрте суы жаңаланып тұрады екен.
Демалыс аймағында келушілер өте көп. Еңбектеген баладан, еңкейген қарияға дейін осында жүр. Далада ыстық ауа болса, мұнда салқын су, балмұздақ бар.

Жалғасы...
 
Өндіріс орыны демеушілік жасап келеді Баспаға басу

«Ақбастау» БК» АҚ-ы Қарақұр ауыл әкімдігін шептік көмекке алып, көптеген игі істерге ұйытқы болуда. Ауылдың көріктеніп, көркеюіне барынша көмек қолын созып келеді. Сондай-ақ, әлеуметік жағынан аз қамтамасыз етілген жанұяларға қыс маусымында көмір түсіріп берді.
Даталы мерекелерде батыр Аналарды марапаттауды да ұмытқан емес. Оларға сый-сияпаттар жасап, көңілдерін көке көтеріп келеді. Облыстық «Оңтүстік Қазақстан» газетіне жазылуға демеушілік жасады.
Мектеп бітіруші түлектерге сыйлықтар табыс етіп, көңілдерін көкке көтерді. Амиров Бақтияр Құлманұлы басшылық еткен ұжым ауыл тұрғындарының ризашылығына бөленген.
Жақында ғана аталған кеніш ұжымы аудан білім ұяларын Алтын белгіге бітірген оқушыларға «Планшет» ұялы телефонын сыйлады.
Қарағұр ауылының тұрғыны, зейнеткер Ескермес Жақсымбетов айтады:
-Ақбастаулықтардың елге жасап отырған демеушіліктеріне дән ризамыз. Ауылымыздағы игі шаралардың басы-қасында  аталған өндіріс орнының азаматтары жүреді. Жақында Раң ата елді мекенінде Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне арналып соғылған ескерткіштің айналасын қоршауға сол ұжымның азаматтары көмек жасап, жақсылап қоршап берді. Мұнан бөлек, мектеп оқушыларына демеушілік жасайды, батыр аналарды ардақтайды, әлеуметтік жағынан аз қамтамасыз етілген жанұяларға көмек көрсетеді. Міне, ақбастаулықтардың қарағұрлықтарға жасап отырған ұшан-теңіз қамқорлықтары осындай.

Жалғасы...
 
98 выпускникам вручен диплом Баспаға басу
ImageНедавно 98 выпускникам  №1 колледжа села Созак по четырем специальностьям:  «Водитель автомобиля», «Слесарь ремонтник», «Тракторист-машинист», «Швея» в торжественном виде вручены дипломы.  На торжественное собрание вместе с родителями выпускников были приглашены ветераны села и представители общественной  интеллигенции. Собрание под руководством нового директора колледжа Кордашбекова  Бакдаулета Жаксылыкулы был проведен во дворце культуры села.
В ходе собрания выпускников, лица которых светились от счастья,  поздравили уважаемые гости собрания  - Почетный гражданин района, эксдиректор колледжа  Оскен  Боргазы , аким села Созак Байузак Аметов,  директор общей средней школы имени А.Навои  Рысбай Абдыраманов, пожелали им в будущей жизни доброго пути.
Пресс-служба акима района
 
«Нұр Отан» партиясы аудандық филиалында кезектен тыс ХХІ конференциясы болып өтті Баспаға басу

Image8 шілде күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында  «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық  филиалының кезектен тыс ХХІ конференциясы болып өтті.
Конференцияның күн тәртібінде: «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалы саяси кеңесінің 2015 жылдың бірінші жарты жылдығында атқарған жұмыстары туралы есебі, сондай-ақ, «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалы төрағасын сайлау туралы мәселелер қаралды.
Бірінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Әлжанов Ролан Ізбасарұлы баяндама жасады. Екінші мәселе бойынша «Нұр Отан» партиясы Оңтүстік Қазақстан облыстық филиал төрағасының бірінші орынбасары Мамытбеков Алмасбек Кеңесбекұлы «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалы төрағасы болып қызмет атқарып келген Аймұрзаев Аманғали Түктібайұлы зейнеткерлікке шығуына байланысты төрағалықтан босату туралы ұсыныс бергендігін хабарлады. «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының төрағалығына Созақ ауданының әкімі Исаев Мақсат Шамансұрұлының кандидатурасы ұсынылғандығын жеткізді.
«Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының кезектен тыс ХХІ конференциясының делегаттары ұсынылып отырған кандидат Созақ ауданының әкімі Исаев Мақсат Шамансұрұлына бір ауыздан дауыс берді.

Жалғасы...
 
«Астана күніне тарту – 75 нысан» акциясы аясында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығы ашылды Баспаға басу

Image«Астана күніне тарту – 75 нысан» акциясы аясында Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының ашылу салтанаты өтті.  Қазіргі таңда экономиканың ұдайы өсіп, халықтың жұмыспен қамтуын қамтамасыз етуге шағын және орта бизнестің тигізетін пайдасы зор. Елімізде кәсіпкерлік саланы қолдау мақсатында және оны дамыту жолында атқарылған шаралар өз нәтижесін беруде. Осы орайда жергілікті жерлерде кәсіпкерлікті қолдау орталықтары ашылып, мемлекет қолдауына ие болып келеді.
Ғимараттың ашылу салтанатында сөйлеген, Оңтүстік Қазақстан облысы кәсіпкерлік, индустриялық-инновациялық даму және туризм басқармасының басшысы орынбасары Сыдықов Қанат Жамалбекұлы: «Мемлекетіміздің кәсіпкерлік саласына көрсетіп отырған қамқорлығының бір көрінісі. Бұл ғимаратта талай бизнес идеялар туындап, талай жұмыстар жасалынатын болады» - дейді. Өз сөзінде аудан әкімі Исаев Мақсат Шамансұрұлы: «Зәулім ғимарат ауыл көркіне сән беріп қана қоймайды, халық игілігіне қызмет көрсететін болады. Кәсібін бастауға ниетті талай азаматтарға үлкен қолдау көрсетіп орталыққа айналады. Осындай орталықтың ауданымыздан ашылғанына қуаныштымын» -дейді.

Жалғасы...
 
Созақ ауданында 200 орындық жаңа мектеп ашылды Баспаға басу

ImageСозақ ауылы, Көктөбе елді мекенінде 200 орындық Суындық жалпы орта мектебі ғимараты құрылысының аяқталып, салтанатты жағдайда ашылды.
Ашылу салтанатында сөйлеген аудан әкімі М. Исаев ауыл тұрғындарын жаңа білім ордасының ашылуымен құттықтап, жыл соңына дейін 3 мектеп құрылысы аяқталып халық игілігіне берілетінін айтты.
Суындық жалпы орте мектеп құрылысының жұмыстары 2014 жылдың 20 мамырында бастаған.  Бөлінген ақшаны толық игерген мердігер компания 2015 жылдың 30 мамырында аяқтап, міне «Астана күніне тарту – 75 нысан» акциясы аясында ашылып отыр.
Екі қабатты мектеп құрылысы сапалы, заманауи құрал-жабдықтармен қамтылған. Оқушыларға қажетті барлық мүмкіндіктер қарастырылған.  Жалпы жер телімі 1,6 га аумақты алып жатыр, ал ғимараттың жалпы аумағы 2978,2 м2. Құрылыс жұмысын жүргізген мердігер компанияның – «Обл.штабССО». Мектеп құрылысының жалпы сметалық құны – 380,964 млн теңге құрады. Сонымен қоса, ерекеше айта кететін оқиға қыркүйек айында Суындық жалпы орта мектебінің жанынан 25 адамдық шағын орталық ашу жоспарлануда.
Ауыл ардагері Ө. Бөрғазиев жаңа мектеп құрылысының сапалы соғылғанына ризашылығын білдіріп. Ауыл өміріне үлкен серпік әкеледі дейді.
Ерлан Райымқұлов
Созақ ауданы

 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 706 - 720 ішінен 966

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 09 Тамыз 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
     12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31           

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы