# ## Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты - Жаңалықтар Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты

 

 

Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
Бағдарлама баянды болуы үшін Баспаға басу

ImageМемлекетімізді нығайтып, күрделі кезеңнен сенімді өту үшін жағдай туғызуға бағытталған  «100 нақты қадам» жоспары жұртшылық тарапынан қолдау тауып отыр.
Ақпараттық-насихаттық топ Таукент кентінде болды. І.Кеңесбаев атындағы жалпы орта мектебінің мәжіліс залында өткізілген жиынға қатысушылар көп болды.
Жиынды кент әкімі М.Оспанов ашып, жүргізіп отырды. «100 нақты қадам» жоспары жайында түсіндіріп өткен кент әкімі хабарлама жасау үшін «Созақ үні» газетінің редакторы С.Теңізбаевқа сөз кезегін берді. Мұнан соң, «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Әлжанов сөз алып «100 нақты қадамның» әрбір қадамына тоқталып, жан-жақты түсіндірді.
Поселке әкімі М.Оспанов тұрғындардың ұсыныс-пікірлеріне жауап берді.
«Созақ үні»-ақпарат».

 
Созақ ауданында білім күні үш бірдей жаңа мектеп пайдалануға берілді Баспаға басу

Image1 қыркүйек білім күні Созақ ауданында үш бірдей білім ордасы ашылды. Созақ ауылындағы 600 орындық Науай жалпы орта мектебі, Шу елді мекеніндегі 150 орындық Ж. Қаламбаев мектебі және Қарағұр ауылына қарасты Шаға елді мекендегі 150 орындық С. Бақбергенов мектебі пайдалануға берілді.
Ә. Науай мектебінің ашылу салтанатына қатысқан аудан әкімі М. Исаев: «Бүгінге дейін Суындық орта мектебінің құрылыс жұмыстары аяқталып, пайдалануға берілген болатын.  Міне бүгін ауданымызда үш бірдей жаңа мектеп,  Ж. Қаламбаев (Шу ауылы), С. Бақбергенов (Шаға елді мекені), Науай (Созақ ауылы) жалпы орта мектептерінің құрылысы аяқталып, 1 қыркүйек  білім күні мерекесінде, пайдалануға беріліп отыр. Білім беру саласы мемлекетіміздің үлкен қолдауында екендігі белгілі. Ауданымызда жаңа білім ошақтары салыну жұмыстары мұнымен тоқталып қалмайды. Мәселен  Аққолтық,  Абай елді мекендеріндегі  Уалиханов, Иманов жалпы орта мектептерінің құрылыс жұмыстары басталды, келер оқу жылында пайдалануға беріледі. Бүгінгі таңда білім ошақтарының 91 пайызы типтік мектепте орналасқан. Бұл тұрғыдан облыста бірінші орындамыз» дей келе ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтап, жас түлектерге жаңа оқу жылында сәттілік тіледі.

Жалғасы...
 
Созақ ауданының төлтаңбасын (эмблема) әзірлеуге арналған ашық байқау ережесі Баспаға басу

1.Жалпы ережелер
Оңтүстік Қазақстан облысы Созақ ауданының төлтаңбасы (эмблемасы) ауданның айрықша ресми символы болып табылады. Ол аудан тұрғындарының бойында патриоттық сезім мен жерлестік қасиеттерді, өлкетануға деген ұмтылыстарын қайта жандандырып, тәрбиелеуі керек. Созақ ауданының төлтаңбасы (эмблемасы) ауданның бет бейнесі болып табылады, ол аудан тұрғындарының жұмыс сапасын, өндірісі дамыған, ауылшаруашылығы өркендеген аудан екендігін білдіруі қажет.
Жалпы ауданның төлтаңбасы (эмблемасы)
-бейбіт еңбек және ғылыми-зерттеуді;
-тарихи сабақтастық және еңбек дәстүрлерін;
-болашаққа деген сенім, даму және тұрақтылықты;
-өндірістік дамуы;
-ауылшаруашылығы дамығандығын сипаттайды.
Байқаудың ұйымдастырушылары:
1.Созақ ауданы әкімдігі
2.Созақ ауданы әкімдігінің ішкі саясат бөлімі
2.Байқаудың мақсаттары мен міндеттері.
Мақсаты: Созақ ауданының ресми рәміздері ретінде одан әрі пайдалану үшін аудан төлтаңбасын (эмблемасын) жасау.
3.Байқаудың өтетін мерзімі.
Байқау 2015 жылдың 26 тамызынан 15 қыркүйегі аралығында өтеді. Байқаудың нәтижесі 2015 жылдың қыркүйек айында белгілі болады.
4.Байқауға қатысушылар.

Жалғасы...
 
Созақтықтар конституция күнін кеңінен атап өтті Баспаға басу

ImageТәуелсіз Қазақстанның конституциясына биыл 20 жыл толып отыр. Елбасының «Нұрлы жол - болашаққа бастар жол» атты Халыққа Жолдауында 2015 жылдың еліміз үшін мәні зор тарихи жыл болатынын атап өткен болатын.
28 тамыз күні Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында  Ата заңымызды ұлықтауға арналған салтанатты жиын өтті. Аудандық мәдениет үйінің қызметкерлерінің ұйымдастыруымен сахналық көрініс қойылды. Қазақ хандығының негізін салған қос сұлтан Керей мен Жәнібек ханның заманынан бергі оқиғаларды қамтыған «Қасым ханның қасқа жолы», «Есім ханның ескі жолы», Тәуке ханның «Жеті жарғысы» дала заңдарынан  хронологиялық  қойылым сахналанып, Тәуелсіз ел атанған Қазақ елінің бүгінгі бейнесіне дейін көрініс тапты. 
Салтанаты жиында баяндама жасаған аудандық мәслихаттың депутаты Б. Байғараев: «Дала демократиясынан басталған ата заңдарымыз, бүгінгі Конституиямызда жалғасып, елімізге бағыт бағдар берген заңнамаға айналып отыр» - дей келе, бірқатар азаматтарды «ҚР Конституциясының 20 жылдық төсбелгісімен» марапаттады.
Аудан халқын құттықтауға шыққан аудан әкімі М. Исаев: «Конституция ел бірлігінің кепілі. Ата заңымыздың арқасында еліміз әлемге танылып отыр. Бұл мереке биыл  еліміз үшін тарих оқиға» - деген жүрекжарды лебізін білдіріп, барша жиналған қауымды мерекелерімен құттықтады.

Жалғасы...
 
Іскер нәзік жандылар бас қосты Баспаға басу

ImageҚазіргі таңдағы заман ағымына ілесіп, озық мемлекеттердің санатынан көріну жолдарының бірі елдегі кәсіпкерлікті дамыту болып отыр. Осыған орай 2013 жылдың 9 қыркүйегінде Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасы құрылған болатын. Бұл – бизнес пен биліктің тиімді серіктестігі негізінде кәсіпкерлікті дамыту үшін жағымды жағдайларды қалыптастыру мақсатымен құрылған коммерциялық емес, өздігінен басқарылатын ұйым. 
Бүгінгі таңда негізінен Республикамыздағы қалаларда, оның ішінде аудандар мен ауылдардағы шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту саласы басты мақсат болып отыр. Осы орайда өткен аптада ауданымызда Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасының қызметкерлерінің қатысуымен семинар болып өтті. Семинарға аудан әкімінің орынбасары Қ.Еспенбетов, Созақ аудандық кәсіпкерлер палатасының директоры, аудандық маслихаттың депутаты Ғ.Елбергенұлы, Оңтүстік Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары Г.Қарабеков,  Оңтүстік Қазақстан облысының іскер әйелдер кеңесінің төрайымы А.Архабаева, ауданымыздағы шағын және орта кәсіпкерлікпен айналысып жүрген іскер әйелдер қауымы және де БАҚ өкілдері қатысты.

Жалғасы...
 
Аса маңызды бағдарлама Баспаға басу

ImageҰлт жоспарында бегіленген тапсырмаларды жұртшылыққа түсіндіру мақсатында құрылған насихаттық топ өкідері Қаратау, Қарағұр ауыл әкімдіктерінде де болды.
Кездесу барысында «100 нақты қадамның» барлық қадамдары түсіндірілді. Ақпараттық-насихаттық топтың хабарламасынан кейін Қаратау ауылының тұрғыны, аудандық мәслихаттың депутаты, Панфилов атындағы жалпы орта мектебінің директоры Іргебай Омаров, зейнеткер Ергешбай Тұрлыбеков, ауыл тұрғыны Тыным Байкенжебаева сөз сөйлеп «100 қадамды» қолдайтындығын білдіріп, алдағы кезде жасалатын жұмыстардың  нақты бағдары екендігін жеткізді.
Сол күні Ұлт жоспарын насихаттауға байланысты кездесу Қарағұр ауылында да болып өтті.
Ауыл тұрғындарына «100 нақты қадам» бағдарламасы түсіндірілгеннен кейін ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Ж.Төлбаев сөз алып:
-Күнделікті ақпарат құралдарынан оқып, көріп отырмыз. Дер кезінде жолданған аса маңызды бағдарлама деп сезінудеміз-дейді.

Созақ аудан әкімдігінің баспасөз қызметі

 
Үздік отыздыққа апарар «100 нақты қадам» ұлттық жобасын талқылау бойынша көшпелі кездесу өтті Баспаға басу

ImageТамыз айының 18-і күні аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында еліміздің әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылу бағытына арналған 5 институционалды реформаны талқылап көпшілікке түсіндіру бағытында жиын өтті. Жиынға ҚР мемлекеттік қызмет қадам істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А. Есімханов, аудан әкімі М. Исаева ауыл – кент әкімдері, мемлекеттік қызметшілер, мекеме басшылары, қоғамдық бірлестіктер мүшелері қатысты.
Жиын барысында ҚР мемлекеттік қызмет қадам істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ОҚО бойынша департаменті мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық профилактикасы басқармасының басшысы А. Есімханов сөз сөйлеп, «мемлекеттік қызмет туралы заңға өзгерістер енгізіліп жатқанын, мұның барлығы 100 нақты қадам бағдарламасындағы кәсіби мемлекеттік аппарат құрудың басты себебі екенін айтып өтті. Жаңа заңның қабылдануымен үлкен талаптармен міндеттер түзіліп, мемлекеттік қызметшілердің міндеті арта түседі» дейді басқарма басшысы.
Департамент өкілдері мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлық тақырыбында баяндама жасап,  мемлекеттік қызметшілерге шектеулерге сәйкес, қызметтік дәрежесін өзге мақсаттарда қолдануға, азаматтардың құқықтары мен заңды қызығушылықтарын бұзуға тиым салынатынын, ал заңда көрсетілген тармақтарды бұзған жағдайда, жұмыстан босатуға дейін тәртіптік жаза қолданылатынын ескертті. 

Жалғасы...
 
Сенатор Ә. Бектаев аудан тұрғындарымен кездесті Баспаға басу

ImageКүні кеше көп жылдар оңтүстік өңірінде қызмет еткен, бүгінде Қазақстан Республикасының заң шығарушы органы парламент сенатының депутаты, Әли Әбдікәрімұлы Бектаев Созақ ауданы халқымен кездесті. Кездесуге аудандық маслихаттың депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, ауылдық округтер мен кенттердің әкімдері, мекеме, бөлім басшылары, қоғамдық ұйым өкілдері қатысты.
Жиын барысында үстіміздегі жылы қабылданған бес институционалдық реформасын жүзеге асырудағы «100 нақты қадам» атты ұлт жоспарының мағынасын түсіндірген сенатор, «20 жылдан астам уақыт ішінде талай белестерді бағындырдық, ендігі мақсат әлемнің үздік 30 елі қатарында болу. Осы бағытта қабылданған бағдарламаны орындауда сіз бен біздге жүктелген жүгі ауқымды – деп, «100 нақты қадам» аясында атқарылатын жұмыстарды айтып өтті.
Парламент сенатының депутатына, тұрғындар тарапынан М. Асқаров, аудандық маслихаттың депутаты С. Жанұзақовтар теріскей өңіріне табиғи газ құбырын тездетіп тарту мәселесін, Созақ ауданына келетін Шу өзені суы бойындағы айналма каналды тездетіп іске қосуға ықпал етсеңіз деген тілектерін білдірді.

Жалғасы...
 
Облыс әкімінің орынбасары С. Қаныбеков аудан тұрғындарымен кездесті Баспаға басу

ImageҚР Президентінің елімізді әлемдегі дамыған 30 елдің қатарына қосылуына бағытталған 5 институционалды реформаны айқындап, «100 нақты қадам» жоспарын жариялағаны белгілі.  Аталған бағдарламаны халық арасында кеңінен түсіндіру мақсатында облыстық ақпараттық – насихаттық топтың  жұмыс кестесі бекітілген болатын. Жұмыс кестесіне сәйкес тамыз айының 12-і күні облыс әкімінің орынбасары Қаныбеков Сәкен Әсембекұлы Созақ ауданына келді. Әуелі Шолаққорған ауылында орналасқан спорттық алаңшалармен мәдениет нысандарын аралап, жұмыс барысымен танысты. Сондай-ақ, облыс әкімінің орынбасары тұрғындарды жеке мәселе бойынша қабылдады. Аудандық орталық кітапхананың меңгерушісі Гүлнәр Өмірбек «Ақбикеш» мұнарасына жөндеу жүргізілсе деген ұсынысын білдірсе, балалар мен жасөспірімдер футбол мектебінің директоры Б. Сәрсенбаев спорт алаңшасына күрделі жөндеу жұмысы жүргізілуі қажеттілігін айтты. Облыс әкімінің орынбасары тұрғындардың өтініштері аяқсыз қалмайтыны, тиісті сала басшыларына тапсырмалар берілетінін ескертті.
Сондай-ақ аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесуге  аудандық маслихаттық депутаттары, мемлекеттік қызметшілер, мекеме, бөлім басшылары, БАҚ өкілдері қатысты. Жиынды облыс әкімінің орынбасары Қаныбеков Сәкен Әсембекұлы ашып, жүргізіп отырды.

Жалғасы...
 
Құрылыс қарқынды жүргізілуде Баспаға басу

ImageАққолтық ауылында 1973 жылы берілген, ыңғайластырылған жайға орналасқан Ш.Уәлиханов атындағы орта мектептің ғимараты ескіріп, жаңадан мектеп салу қажеттігі туындағанына да біршама жылдың жүзі болды. Ауыл тұрғындарының қуанышына орай биылғы жылғы маусым айының соңында жаңа мектеп құрылысы басталып та кетті. Күні-түні тынбай еңбек еткен құрылысшылардың қажырлы еңбектерінің арқасында айналасы бір ай көлемінде іргетасы құйылып, қабырғасын қалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Түркістан қаласындағы «Тепловодастройсервис» ЖШС (басшысы- А.Атаханов) қолға алған бұл құрылыстың басы-қасында Өскенбаев Дағыстан бастаған өз ісінің мамандары бел шешіп еңбек етуде. Жақында құрылыс басында болып, Д.Өскенбаевтан жұмыс барысын сұрағанымызда төмендегідей жайларға қанық болдық.

-Бүгінгі таңда құрылыс алаңында 8 техника, 78 жұмысшы еңбек көрігін қыздыруда. Күн суығанға дейін биылғы жылға бөлінген 150 млн теңге қаржыны толық игеріп, мүмкіндігінше шатырын жауып қойсақ деген ниет бар.

Жалғасы...
 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 691 - 705 ішінен 963

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 16 Шілде 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031   

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы