# ## Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты - Жаңалықтар Созак ауданы әкімдігінің ресми сайты

 

 

Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
Созақ ауданында 8120 тал көшет отырғызылды Баспаға басу

ImageАудан әкімі М. Исаевтың бастамасымен  14 қарашасында ауданы көлемінде сенбілік ұйымдастырылды. Сенбілікте атқарылатын жұмыстар алдын ала жоспарланып, аудандағы барлық мекеме ұжымдарынан 1830-ға жуық адамдар жұмылдырылды. Саябақтар тазаланып, аудан орталығы  Шолаққорған ауылын көгалдандыру мақсатында Шолаққорған-Шымкент автомобиль жолының  бойына егілген ағаш көшеттерін толықтыру мақсатында 8120 түп көшеттер отырғызылды. Бұл көшеттер көктем айларында тамшылатып суару жүйесі арқылы суарылып, Созақ ауданы әкімдігінің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің «Созақ сәулет» мемлекеттік комммуналдық кәсіпорнымен күтіп баптау жұмыстары жүргізіледі. Ауданды көгалдандыру мақсатында атқарылып жатқан осындай  игі істер алдағы уақтытта да жалғасын табатын болады.  

Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 
Кеңейтілген мәжіліс болып өтті Баспаға басу

 ImageАудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында 2015 жылдың 9 айының қорытындысы бойынша әкімдіктің кеңейтілген мәжіліс болып өтті.
Кеңейтілген мәжіліске аудан әкімінің орынбасарлары, апарат басшысы, аудан әкімдігінің бөлім меңгерушілері мен мекеме басшылары және ауыл округтері мен кент әкімдері, кәсіптік лицей, мектеп директорлары, аға дәрігерлер, балабақша меңгерушілері және жергілікті бақ кілдері қатысты.
Күн тәртібіндегі: «2015 жылдың өткен 9 айындағы ауданның әлеуметтік экономикалық даму қорытындылары мен алда тұрған міндеттер туралы» аудан әкімінің орынбасарлары хабарлама жасады.
Аудан әкімінің орынбасары Қ. Еспенбетов ауыл шаруашылығы, ветеринария, кәсіпкерлік, спорт салаларына тоқталып, атқарылған жұмыстарды саралап айтып берді.

Жалғасы...
 
Ауыз су құбырлары тартылды Баспаға басу

ImageАудан орталығынан шалғайда орналасқан Қыземшек кент әкімдігіне қарасты «Көкорай» саяжай тұрғындары ауыз судан қиындық көріп келе жатқан болатын. Жақында осы түйінді мәселе шешімін тапты. Кент әкімі Ш. Ошақаповтың тікелей араласып, ұйымдастыруымен аталған саяжай тұрғындарының үй іргесіндегі құдықтарына дейін су жүйелі тартылып берілді.  
Халықтың игілігі үшін жасалған шаруалы іске асыруға «Степное-РУ» ЖШС-і бас директоры С. Кушеков, «Степной-РУ» ЖШС-не қарасты «Унас» цехының ГТП бастығы Ө. Мәлікайдаров көп көмек жасап,  техникадан жәрдемінің арқасында 600 метір шұңқыр қазылып, 600 метр су жүретін құбыр салынды. Құбыр тот баспайтын полиэтилен трубадан жасалған.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі

 
Облыстан олжалы оралды Баспаға басу

ImageЖуырда А.Жұбанов атындағы Созақ балалар саз мектебінде шығармашыл, талантты және кәсіби құзіреттілік деңгейі жоғары өнерлі ұстазды айқындау, оларға қолдау көрсету мақсатында аудан мұғалімдері арасында "Өнерлі ұстаз – 2015" байқауы болып өтті. Тәрбие жүйесіндегі озат педагогикалық тәжірибені насихаттау, ұлттық салт-дәстүрді ұстаздар арасында дамыту мақсатында өткізілген байқауға аудан мектептерінен 33 мұғалім қатысып, өз бақтарын сынады. Көне ұлттық қолөнер бұйымдарының жаңа дизайн үлгілерін көрсете білген ұстаздар байқау шарты бойынша шығармашылық көрмелер ұйымдастырып, өз пәндері бойынша сабақ жүргізу барысындағы қолданатын тиімді әдістерін жан-жақты таныстырып, өз өнерлерін де ортаға салды. Нәтижесінде қазылар алқасының шешімі бойынша ең жоғарғы ұпайды олжалаған "Шолаққорған" жалпы орта мектебінің қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Ахатаева Тұрсын Бас жүлдені жеңіп алды.

Жалғасы...
 
Тұрғындармен ой бөлісті Баспаға басу

№ 11 ші Тасты сайлау округінен сайланған депутат Жанұзақов Сатыбалды Қуандықұлы тұрғындармен кездесіп, олармен ой бөлісті.
Халық қалаулысы тарапынан өткен мерзімде біршама жұмыстар атқарылған. Жуантөбе, Тасты, Шу ауылдары тұрғындарының тамызық отынға деген сұранысын қанағаттандыру мақсатында «Катко» БК ЖШС аумағынан сексеуіл отын дайындауға рұқсат алынып, тамызық отын мәселесі шешімін тапқан. «Ақбота» балабақшасын ағымдағы жөндеу, жылыту пештерін ауыстыруға ЖСҚ бойынша  аудандық бюджеттен   қаржы бөлінген.Жуантөбе ауылындағы С.Сейфуллин атындағы жалпы орта мектебінің жылыту қазандығы 2014 жылы жөндеуден өткен. Мұнымен бірге,  Тасты-Шу топтасқан ауыз су құбыры ағымдағы жылдың тамыз айында пайдалануға берілген.
Шу ауылында өткізілген кездесуде осындағы мектептің жылуы, жолы, аяқ жол салу мәселесі сөз болды. Мектепке движок матор алу жайы да айтылды. Интернет желісі  өте әлсіз, мұның өзі жұмысқа елеулі кедергі тудыруда.

Жалғасы...
 
Қазақ хандығының 550 жылдығы Созақ ауданында аталып өтті Баспаға басу

ImageБүкілхалық болып тойлаған Қазақ хандығының 550 жылдық торқалы тойын Созақтықтар да ерекше атап өтті. Даталы мерейтой аясында аудан көлемінде түрлі мерекелік шаралар мен спорттық жарыстар өткізілді. Шолаққорған ауылындағы Керей мен Жәнібек ханның ескерткішінен бастау алған танымдық экспедиция ұйымдастырылды. 26 қазан күні бастау алған экспедиция құрамында жергілілікті ақын жазушылар, жастар, түрлі сала өкілдері мүшелері қамтылып, «Хан мазарына», «Ақназар» ханның ескерткішіне, сонымен қатар, Ақбикеш мұнарасына сапар шегіп, Таңбала тасқа дейін барды. Экспедияция мүшелерінің сапары 28 қазан күні қортындыланып, аудан орталығындағы мәдениет үйінде «Ұла Дала елі» атты Қазақ хандығының 550 жылдық мерейтойына арналған салтанатты жиынға ұласты. 

Жалғасы...
 
Ұлт жоспары талқыланды Баспаға басу

ImageӨткен аптаның жұмасында «Шолаққорған» жалпы орта мектебінің мәжіліс залында «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының кезектен тыс ХХІІІ конференциясы болып өтті. Аталған конференцияның төралқа құрамында «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі М.Исаев, аудандық мәслихаттың хатшысы Б.Байғараев, «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Р.Әлжанов болды. Конференцияда «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының төрағасы, аудан әкімі Мақсат Шамансұрұлы төрағалық етіп, жүргізіп отырды. Бұл конференцияның күн тәртібінде 2 мәселе қаралды. Бірінші мәселе Қазақстан Республикасының Президенті, «Нұр Отан» партиясының төрағасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлт жоспары – бес институционалдық реформасын жүзеге асырудың 100 нақты қадамы» бойынша аудандық филиалдың міндеттері мен алдағы уақытта атқаратын жұмыстары жайлы баяндама жасау. Баяндаманы «Нұр Отан» партиясы Созақ аудандық филиалының төрағасының бірінші орынбасары Р.Әлжанов жасады.

Жалғасы...
 
Ақпараттық технологияларды қолдану Баспаға басу

ImageЖуырда аудандық соттың ғимаратында аудандық ІІБ-нің, прокуратураның, әділет басқармасының, мемлекеттік кірістер басқармасының және жеке меншік банк өкілдерінің қатысуымен «Сот кабинеті - қызметінің таныстырылымы және негізгі ережелерін түсіндіру» тақырыбында семинар-тренинг өтті.  
Аудандық соттың төрағасы Н.Құламқадырұлы сот іс-әрекетіне ақпараттық технологияларды қолдану, «Сот кабинеті» ақпараттық қызметі арқылы істерді қарау аясында өкілетті мемлекеттік органдар мен сот арасында электрондық өзара әрекеттесуді енгізу салаларын кеңейтуге бағытталған, ҚР Жоғарғы Сотының өткізген іс-шаралары туралы айтып өтті.

Жалғасы...
 
Құтқарушылар күні аталып өтті Баспаға басу
ImageОсыдан 20 жыл бұрын Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен 1995 жылы 19 қазанда Мемлекеттік төтенше жағдайлар комитеті құрылған болатын. 2004 жылы қазан айында Қазақстан Республикасы төтенше жағдайлар өкілетті орган мәртебесін алды. Өткен жылдарда, төтенше жағдайлар жүйесі үлкен жолдардан өтті. Республикада ұлттық қауіпсіздік маңызды құрылымдық жүйеге айналды.
Дәл осы күні, Созақ ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері төл мерекелерін атап өтті. Еліміздің Азаматтық қорғау қызметіне 20 жыл толу құрметіне арналған салтанатты жиында сала қызметкерлерін аудан әкімінің орынбасары Б.Әлмағанбет,
Жалғасы...
 
Қазақ күресінен «Жас Барыс» облыс біріншілігі өтті Баспаға басу
Image16 қазан күні Созақ ауданы, Шолаққорған ауылында Қазақ хандығының 550 жылдығына орай Қазақстан Республикасының дене тәрбиесі мен спортқа сіңірген еңбегі үшін "Құрмет белгісі" иегеріатанған Қашқынбай Кенжежахановты еске алуға арналған қазақ күресінен жасөспірімдер арасында "Жас Барыс"облыс біріншілігі басталды. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Б. Әлмағанбет сөз сөйлеп жас балуандарға сәттілік тіледі.  Аталған жарыстың жеңімпаздары 4-6 қарашада Орал қаласында өтетін республикалық "Жас Барыс" біріншілігіне қатысады. Жарыс жеңімпаздары ертең анықталады.
 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 676 - 690 ішінен 963

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 16 Шілде 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
  12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031   

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы