Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
Аудан әкімінің бір күндік аралауы, жиын өткізуі нақты іске бағытталды Баспаға басу

Аудан әкімі А.Т.Аймұрзаев 13 сәуір күні Шолаққорған кентін көркейту және көгалдандыру жұмыстары бойынша бірнеше орындарды аралады. Аудан әкімінің бір күні болған жұмыс ретінің алғашқы аралау сапары біресек каналы бойынан тамшылатып суару әдісі бойынша алма бауын өсіруді қолға алып отырған шаруақожалықтар жұмысымен танысудан басталды. Инновациялық жоба ретінде танылып жүрген тамшылатып суару технологиясының халықтың әл-аухатын жақсартуға берері мол. Сондықтанда шаруалар тарапынан осы жобаны қолға алушыларға мемлекеттен қаржылай қолдау болуда. Бұл жерде сондай-ақ жас баудың айналасын қоршап, оған ағын су әкелу мәселесі сөз болды.

Жалғасы...
 
Білім сайысы - Миллион Тұрсынайға бұйырды Баспаға басу

Жақында ағарту саласының білікті маманы, ұлағатты ұстаз, аяулы жан Рая Қуанқызын еске алу құрметіне 11 сынып оқушылары үшін аудандық математикалық олимпиада өтті. Ы.Алтынсарин атындағы жалпы орта мектепке жиналған 26 бітіруші түлек есеп-қисаптың амалына жүгініп, білімдерін сарапқа салды. Мейірбековтер әулеті ұйытқы болған білім сайысының тапсырмалары да оңайға түскен жоқ. Жан-жақты ойлауды, жүйелеуді талап етті.
Сонымен көпшіліктің демін алғызған бас жүлдеге тігілген 1млн 200 мың теңге Абай атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Тұрсынай Ақбөпееваға бұйырды. (Ұстазы жақсының –ұстамы жақсы» демекші бұл жағынан математикаға еліктірген Марат Оспановтың да үлесі сүбелі. Бірінші орынға Қ.Кемелұлы атындағы жалпы орта мектебінің оқушысы Ісмет Смағұл (ұстазы А.Нысанбаев) лайық деп танылса, екінші орынды Шолаққорған жалпы лорта мектебінің бітірушісі Жұлдыз Өжетбай(ұстазы Ж.Мұсаева) еншіледі.

Жалғасы...
 
Асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға және мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялау Баспаға басу

Хабарландыру
Созақ ауданы тұрғандары мен агроқұрылым басшыларына

Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттеріне асыл тұқымды мал шаруашылығын қолдауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекіту туралы» №516 және «Облыстық бюджеттерге, Астана және Алматы қалаларының бюджеттердің мал шаруашылығы өнімдерінің өнімділігін және сапасын арттыруды субсидиялауға 2012 жылға арналған республикалық бюджеттен берiлетiн ағымдағы нысаналы трансферттердi пайдалану қағидаларын бекіту туралы»   қаулыларын  басшылыққа ала отырып, яғни асыл тұқымды малдарды сатып алған жағдайда және өндірілген еттің (түйе етіне басқа) барлық түрлеріне, сүт, шұбат, қымыз, жұмырытқа өнімдеріне  мемлекет тарапынан төленетін субисдияларға өтінімдерді, хабарландыру жарияланған күннен бастап 20 жұмыс  күн ішінде қабылданатындығын  хабарлаймыз. 

Жалғасы...
 
Еліңді сүйсең ерлік істейсің Баспаға басу

Ақпан айының 17-ң күні «Жастар орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен Шолаққорған ауылда мектеп оқушылары арасында «Еліңді сүйсең ерлік ісейсің» атты әскери-спорттық жарыс өкізілді. Мақсат белгілі, жастар арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спорттық шеберлігін шыңдау, оқушылар арасында достықты нығайту, Қарулы күштер қатарына дайындау, отанды сүйуге баулу сынды қасиеттерді бойларына сіңіру болатын. Шолаққорған жалпы орта мектебінде өткізілген шараға Ы. Алтынсарин,Т. Әлімқұлов, А. Байтұрсынов, Ә. Молдағұлова және Шолаққорған жалпы орта мектептерінен 10 сынып оқушылары қатысты.
Аудан әкімінің орынбасары Н. Зейдулла жарыстың ашылуында: «Биыл ауған жерінен Кеңес әскерлерінің шығарылғанына 23 жыл, сондай-ақ Қарулы күштеріміздің құрылғанына 20 жыл толып отыр. Аталған соғысқа қатысып өз міндеттерін абыроймен атқарған жерлестеріміз де бар. Бүгінгі ұйымдастырылып отырған іс шара, өскелен ұрпақты отан сүйгіштікке, потриоттыққа тәрбиелейді. Елдің ертеңіне қорған болар азаматтарымыз сіздерсіздер құрметті оқушылар» - деді.

Жалғасы...
 
Балуандар бақ сынасты Баспаға басу

Ақпан айының 19-ы күні Ғ.Мұратбаев атындағы мектеп спортзалында гректо-рим күресінен оқушылар арасында салауатты өмір салтын насихаттау мақсатында Тоқболат Мұқановты еске алу мақсатында турнир болып өтті. Турнирге Мұратбаев, Рүстемов, Кеңесбаев, Сүгір Әліұлы, Шолаққорған, Әлімқұлов, Алтынсарин, Байтұрсынов мектептерінен келген жас балуандар «кім мықтыны» анықтады.
Алдыңғы толқын ағалар Тоқболат Мұқановты кішіпейіл, ақкөңіл, балуан азамат ретінде жақсы таныса да, кейінгі толқын інілер ол кісіні біл білмеуі кәдік. Тоқболат ағамыз 1949 жылы 1-ші қаңтар күні Қозмолдақ ауылында дүниеге келген. Көп балалы отбасында тәрбиеленген Тоқаң жастайынан спортты өзіне серік етіп өсті. Оқушы кезінің өзінде түрлі аудандық, облыстық жарыстарда топ жарып, сол кездегі аузы дуалы мамандардың көзіне түсе білді. Түрлі перспективалы ұсыныстар түскенімен отбасы жағдайына байланысты ондай ұсыныстардан бас тартуға тура келгендігін кезінде өзі айтып отыратын еді. Орта мектепті бітірген соң 1966-1969 жылдары Сызған совхозында спорт нұсқаушысы болып қызмет атқара жүріп өз шеберлігін шыңдады.

Жалғасы...
 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 41 42 43 44 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 646 - 650 ішінен 650

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 19 Наурыз 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
25262728293031
             

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы