Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
Денсаулық фестивалі өтті Баспаға басу

ImageӨткен аптаның сенбі күні аудан орталығы Шолаққорған ауылындағы «Достар» стадионында «Денсаулық фестивалі-2014» іс шарасы өтті. «Белсенді өмір- жүз жастық ұзақ ғұмыр» атты ұранмен өткен шараға аудан тұрғындары, барлық мекеме басшылары қатысты.
Аталған фестивальді аудан әкімі А. Аймұрзаев ашып, құттықтау сөз сөйледі. Адам өмірінің мәні – денсаулық десек, тұрақты түрде спортпен айналысып, дұрыс тамақтану – мықты денсаулықтың кепілі. Жылда республика көлемінде ұйымдастырылатын денсаулық фестивлі, халықты бұқаралық спортпен айналысуға үндейтін, бірден-бір шара.
Еліміздің «Қазақстан-2050» ұзақ мерзімді даму стратегиясының маңызды басымдықтарының бірі  «Қазақстан азаматтарының денсаулығы, білімі және әл-ауқаты, оны іске асырудың негізі – халықтың арасында салауатты өмір салытының мәдениетін қалыптастыру болып табылады» деп айтылған болатын.

Жалғасы...
 
Аудан әкімі шетелден келген қонақтарды қабылдады Баспаға басу

ImageБейсенбі күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі А.Аймұрзаев «Катко» Қазақстан-Француз БК Бас директоры Ги Бритон мен Монғолиядан келген бірталай азаматтарды қабылдады.
Қабылдау барысында аудан басшысы қонақтарды ауданның тыныс-тіршілігімен таныстырды. Атқарылып жатқан шаруаларға шолу жасады. Сонымен қатар өндіріс орындарының жай-күйі жайлы да қонақтарға баяндап берді. Моңғол елінен келген қонақтардың мақсаты уран өндірісін қолға алып жатқан өнідіріс орындары мен осы аймақта тұрып жатқан тұрғын халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысу болатын. Моңғолия Үкіметі өз жерінде осындай өндіріс орындарын ашып, инвестиция тартып, елдің экономикалық хал-жағдайын дамытуға жұмыстар жасамаққа бекініо отырған көрінеді.

Жалғасы...
 
72 жылдан кейін Баспаға басу

Image«Оңтүстік Қазақстан» газетінің 23 тамыз күнгі №125 санында «Арда ұлыңды қабыл ал, атамекен Ақсүмбе!» атты мақала жарияланып, онда Созақ ауданы Қаратау ауыл әкімдігіне қарасты Ақсүмбе ауылының тұрғыны қарт ана, тыл және еңбек ардагері, «Алтын алқа» иегері  Әбдішүкірова Қанымкүл апаның туған бауыры Әбдішүкіров Сейдуалының Ленинград жерінен сүйегі табылғаны жарияланған болатын. Ағасын әскерге шығарып салғанда Қанымкүл апа бар болғаны он жаста екен. Бір шаңырақтан Әбдішүкіров Сәрсен, оның баласы Әбдішүкіров Сейдуалы және Сәрсеннің інісі Әбдішүкіров Жұмабек үшеуі бірдей, бір күнде майданға аттанады. Содан ағайынды үшеуі де хабар ошарсыз кетеді. Тек кейін Жұмабектің Польша жерінде қаза тауып, «Бауырластар» зиратына жерленгенінен хабардар болады. Ал Сейдуалыдан 1942 жылдан бері «хабарсыз кетті» дегеннен басқа дерек болмайды. Араға жетпіс екі жыл салып  Сейдуалының  «Невский пяташоқ»  деп аталатын шоқыдағы соғыс алаңында қайтыс болғаны жөнінде соңғы хабар келеді. 

Жалғасы...
 
Алты айлық жұмыс қорытындысы депутаттар талқысына ұсынылды Баспаға басу

ImageШілде айының 30 күні аудан әкімшілігінің үлкен мәжіліс залында  аудандық мәслихаттың бесінші шақырылымындағы кезектен тыс отыз үшінші сессиясы өтті.
Сессияның алдында мәслихаттың тұрақты комиссияларының бірлескен мәжілісі болды. Сессияға ұсынылатын мәселені талқылап қаулы қабылдады.
Сонан кейін сессия жұмысын бастап, оған аудандық мәслихаттың депутаты Ғабит Жүсіп төрағалық етіп, жүргізді. Сессияға аудандық мәслихаттың  10 депутаты және аудан әкімінің орынбасарлары, аудан әкімдігінің  бөлімдері мен мекемелердің басшылары, ауыл, кент әкімдері, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысып отырды.

Жалғасы...
 
Науқандық жұмыстың бел ортасында жүр Баспаға басу

ImageДаланы думанға бөлеп, еңбек көрігін қыздырып жүрген азаматтарды  ауылдардан көптеп кездестіруге  болады. Науқандық жұмыстардың  бел ортасында табысты белсене тіршілік жасап жатқан жандарға әркез риза  боласың. Еткен еңбегін бәлсінбей, маңдайынан терді моншақтата жүріп, істің көзін тауып, шаруаны  дөңгелетіп, төңірегіне  үлгі болып,  табыстың  тайқазанын тасытып жүрген жандардың бірі-Марат Қарынбаев. Оның механизатор болып еңбек етіп келе жатқанына ширек ғасырдан астам уақыт болды.  Осынау мерзім ішінде  жылдың қай мезгілінде болмасын  темір тұлпардың үстінен түскен жоқ. Кеңес  өкіметі кезінде  науқандық жұмыстарға белсене қатысты. Алыстағы шопан отарларына жем-шөп  тасыды. Таудан құмға,  құмнан тауға көшірді. Көктемде егіс егуге қатыса, жазда оны жинау кезеңдерінде жүрді. Күзде сүдігер  салу ісіне бел шеше кірісті. Трактордың тетіктерін үнемі  қадағалап, ұқыптап ұстап, ұқсата білудің арқасында  өзіне бекітіліп  берілген техниканы  кідіріссіз жүргізіп келеді.

Жалғасы...
 
Дені сау ұрпақ-қоғам байлығы Баспаға басу

ImageШілде айының 29 күні Шолаққорған ауылындағы «Ертөстік» балалар бақшасында «Көрікті ойын алаңы» атты конкурс болып өтті. Балабақшада тәрбиеленуші бүлдіршіндерді салауатты өмір салтын ұстануға үйрететін бұл конкурстың тақырыбы «Қош келдің, көңілді жаз!» деп аталды.  Аталған конкурс бірнеше шарттардан тұрды; жаз мезгілінде топтың жұмыс істеу шарттары, алаңның санитариялық жағдайы, санитария-гигиеналық тәртіп шарты, балалардың үйлесімді дамуына жасалған жағдай, бейнелеу шығармашылығына арналған жабдықтар, еңбек құралдары, экологияны дамыту шарттары, музыка-тетарлық іс-шараның атрибуттары. Бүлдіршіндер тәрбиешілері мен бірге дайындаған әдемі билерін ортаға салып, тамашалауға келген қонақтарды тамсандырды. Сонан соң арнайы жабдықталған балалар алаңына барып сауықтандыру түрлері мен әдістерін жаттығу арқылы көрсетті. Тәрбиешілер бұл жаттығулардың бүлдіршіндерге өте пайдалы екендігін айтты.

Жалғасы...
 
Терроризмге қарсы комиссия отырысы өтті Баспаға басу

ImageОсы аптаның сейсенбі күні аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында терроризмге қарсы комиссияның отырысы өтті.  Оған аудан әкімінің міндетін атқарушы, комиссия мүшесі  Қ. Еспенбетов төрағалық етті.
Отырысқа  аудандық комиссияның мүшелері қатысты. Сондай-ақ жиынға ҚР ҰҚК ОҚО бойынша департаменті  терроризимге қарсы орталығының бөлім басшысы Марциенко Вадим Вадимович, ОҚО терроризимге қарсы комиссиясының мүшесі-хатшысы Мұстафа Ерлан Сайыпназарұлы қатысты.
Комиссия отырысының алғашқы сөзін алған Қабылбек Еспенбетов: «Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 2013 жылғы 24 маусымдағы «Террозимге  қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережені бекіту туралы» №589 Жарлығына сәйкес ОҚО әкімдігі 02.09.2013 жылы №241 Қаулысын қабылдаған болатын. Осыған орай, Созақ ауданы  әкімдігі 31.10.2013 жылы «Созақ ауданы әкімдігі жанынан террозимге қарсы комиссия 2014 жылға арналған жұмыс жоспарына байланысты  тоқсан бойынша мәжілісі  өткізіліп, облыс әкімдігі жанындағы  терроризмге қарсы  комиссия  мәжілістерінің хаттамаларын басшылыққа  алып жұмыстар жүргізіліп  келеді.

Жалғасы...
 
Егіс алқаптарын аралады Баспаға басу

ImageБиылғы жылдың көктемінде аудан әкімі А.Аймұрзаевтың бастамасымен тәлімі жерлерді игеріп, мал азығын өзімізде дайындау мәселесі қолға алынған болатын. Аудан басшысының осы игілікті бастамасын Шу бойындағы және Қаратау өңіріндегі Созақ, Сызған ауыл әкімшілігіндегі шаруа қожалығы басшылары қолдап, Құмкент, Жартытөбе ауыл әкімшілігіндегі тәлімі жерлерге егіс еккен еді.
Сейсенбі күні аудан әкімі А.Аймұрзаев егіс алқаптарын аралады. Бидай, арпа, мақсары, жоңышқа сияқты дақылдар егілген алқаптар жайқалып тұр. Егістік алқап көлемі өткен жылы 11 мың 270 гектар болса, үстіміздегі жылы 13 мың 18 гектар. Келесі жылы оны жер көлемін бұдан әрі көбейту көзделуде.
Көктемде ауа райы қолайсыздау болып, егіс еккен шаруалар қалай болар екен деп қобалжыған еді. Қазір ол қауіп сейіліп, енді мол өнім алынады деген жоспар жасалынып отыр.

Жалғасы...
 
Өркендеуге талпынған 16 жыл Баспаға басу

ImageБұдан алты жыл бұрын мемлекеттік мерекелер тізбегіне қосылған Астана күніне орай шілденің төрті күні «Мыңжылқы» мәдениет үйінде салтанатты жиын өтті. Жиынның беташар сөзін алған аудан әкімі Аманғали Аймұрзаев өңір халқын құттықтап, ізгі тілегін білдірді.
- Тәуелсіз қазақ елінің бас қаласы бүгінде әлемді тамсандырған, бейбітшілік пен татулықтың, ел бірлігінің нышаны іспетті. Тарихи өлшеммен қарағанда қас-қағымдық сәт болып көрінетін аз ғана жылда қазақ халқы ғасырларға бергісіз жолды жүріп өтті.Бодандыққа түскен соңғы екі жарым ғасырда қазақ халқы ешқашан өз Астанасын өз бетімен белгілеп, осылай мәңгілік орталыққа айналар ордасын өзі айқындаған емес. Әйтседе тасын түртсең тарихы оянатын қарт Қаратаудың төсіндегі әулиелі Созақ шаһары да жылнамалар тізбегінде Керей мен Жәнібек хандар қазақ елінің басын біріктіргенде астана болған Созақ өңірі бұл күнде жаңа Астанадан жігер алғандай жарыса жандануда-деді аудан әкімі.

Жалғасы...
 
Созақ ауданы рәміздер күнін ерекше атап өтті Баспаға басу

ImageМемлекеттік рәміздер- елдігімізбен тәуелсіздігімізді паш етер, өткеніміз бен бүгінімізді, болашағымызды жалғастыратын, мемлекет үшін маңызы бар таңбалар. Халқымызды біріктіретін, ұлттық сана мен болмысымызды, даналықпен қаһармандықты ұштастыратын, болашаққа деген сүйспенілікті оятатын, құнды дүние. Басқаша айтқанда, патриоттар күні. Біздің түсінігімізде өзін елдің патриотымын деп есептейтін кез-келген азамат мемлекеттің қасиетті нышандарын – Әнұран, Ту және Елтаңбаны құрметтеуі керек.
Аталған мемлекеттік маңызы бар, даталы күн биылғы жылы шалғайдағы Созақ ауданы да ерекше атап өтті. Әуелі, орталық алаңнан басталған автошеру көшелерді аралап, орталық саябағына дейін жалғасты. Жол бастаушы көлікте, мемлекеттік рәміздер – Ту, Елтаңба, ілініп, барлық шеруге қатысушылардың қолында көкшолан тумызбен, мемлекеттік рәміздердің мән мағынасы жазылған парақшалар болды. Шеруге қатысушылардың дені мекеме қызметкерлерімен, мұғалімдер, оқушылар, ерікті азаматтар, үкіметтік емес ұйымдар және барлық ауыл әкімшіліктерінің жастар өкілдері құрады.

Жалғасы...
 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 631 - 645 ішінен 778

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 12 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы