Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
Созақ ауданында тәуелсіздік күніне арналған салтанатты жиын өтті Баспаға басу

ImageСозақ ауданында орталық мәдениет үйінде Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай салтанатты жиын өтті. Аудан әкімі Мақсат Исаев жиынға қатысушыларды, сондай-ақ барша аудан тұрғындарын ұлық мерекемен құттықтады.
Аудан әкімі атап өткендей, ата бабамыз аңсаған Тәуелсіздік мерекесі қасиетті де қастерлі. Ширек ғасыр ішінде, өзіндік даму бағытымызды айқындап, бейбітсүйгіш жасампаз ел ретінде әлемге танылдық. Елбасы Н.Ә. Назарбаев бейбітсүйгіш саясатының арқасында әлеуметтік-экономикалық даму жолына түсті. Созақ аудынанда осы жылдар ішінде артта қалған ауданна, өндірісі өркендеген еліміздегі алдыңғы қатарлы аймаққа қосылды. Елдің бірлігі мен ынтымағының ұйытқысы болып отырған созақтықтар елдің ертеңі үшін еңбек етіп келеді. Бүгінде біз алдына нақты мақсат қойған, бағыт бағдары айқын тәуелсіз елміз деді өз сөзінде.

Жалғасы...
 
75 орындық балабақша пайдалануға берілді Баспаға басу

Image16 желтоқсан – Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Созақ ауданы, Құмкент ауылында 75 орындық «Махамбет» жекеменшік балабақша ашылды. Ауыл өміріндегі елеулі оқиға болған балабақшаның ашылуына аудандық маслихаттың хатшысы Б. Байғараев, аудан әкімінің орынбасары С. Еденбаева қатысып, жергілікті тұрғындардың қуанышымен бөлісті. Құттықтау сөз сөйлеген аудандық маслихат хатшысы Б. Байғараев: - Бүгінде ауданда 18 балабақша, 11 шағын орталық бүлдіршіндерге тәрбие берумен айналысады. Міне, бүгін олардың қатары тағы бір нысанмен толығып отыр. Өз қаржысына балабақша ашып, ел игілігіне берген И. Тілеповке айтар алғысымыз шексіз. Еліміз үшін қасиетті мереке күні көптің алғысына бөленіп отыр - деді. Ауыл ақсақалы Төлен Арысбай өз қаржысына балабақша ашқан азаматқа көпшілік атынын ризашылығын айтып, балабақша іші бүлдіршіндер күлкісінен арылмасын деген ізгі тілегін білдірді.

Жалғасы...
 
Жеке кәсіпкерлердің жиыны өтті Баспаға басу

ImageБүгін, Шолаққорған ауылында Кәсіпкерлерді қолдау орталығында жеке кәсіпкерлердің басын қосқан дөңгелек стол өтті.  Дөңгелек столға аудан әкімі М. Исаев, аудан прокурорының көмекшісі А. Жағыпаров, бөлім мекеме басшыларысондай-ақ қаржы институттарынан  «Ырыс» МҚҰ, «Созақ несие» ұйымы,  БАҚ өкілдері, іскер әйелдер кеңесінің мүшелері  қатысты. Жиын барасында ОҚО Кәсіпкерлік палатасы Созақ аудандық филиалының директор 2015 жылы атқарылған жұмыстары туралы  Ғ. Елбергенұлы хабарлама жасады. Сондай-ақ, атақарылған жұмыстар мен шаруалардың субсидия алу шарттары туралы  ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің басшысы Ә.Сахиұлы  айтып өтті.

Жалғасы...
 
Үздік оқырман атанды Баспаға басу

ImageЖелтоқсан айының 8 - 9 күндері облыстық мәдениет басқармасы, сондай-ақ,  облыстық Ы. Алтынсарин атындағы балаллар кітапханысының ұйымдастыруымен  "Әлемді кітап арқылы танимын" атты ең көп оқитын оқырмандар арасында байқауда өтті. Аталған байқауда Созақ ауданынан үш оқырман қатысып жүлдемен оралды. Қыземшек кентінен Олжабайтегі Наурыз бас жүлдені иеленсе, Таукент кентінен Ибадулла Дидар бірінші орын, Шолаққорған ауылынан Серікқызы Фариза арнайы дипломмен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды. Айта кету керек, байқаудың іріктеу кезеңі 13 қараша күні аудандық

Жалғасы...
 
Қызылкөлге су жеткізетін канал бойын аралады Баспаға басу

ImageЖексенбі күні аудан әкімі М. Исаев, аудан әкімінің орынбасаралары, тиісті бөлім мекеме басшаларымен бірге «Баба-ата» су қоймасына барды. 1981 жылы салынған «Баба-ата» су қоймасының салынғандағы мақсаты тоған суын – Қызылкөл көліне ысырапсыз жеткізу. Бүгінде 1967 млн текше метір су жиналатын тоған суының  14,3 км канал арқылы, 1,7 км жабық труба арқылы, ал қалған  6 км жер арық арқылы ағады. Жалпы көлге дейінгі ұзақтығы 22 км. Жер арық арқылы ағатын 6 км жердегі судың 50 пайыздан астамы ысырап болып, көлге жететін судың басым бөлігі жолай жоғалады. Бұл мәселе облыс әкімі Б. Атамқұловтың ауданға іс сапары барысында көтерілген болатын. Аудан басшысы жолай «Баба-ата» су қоймасынан ағып шыққан судың Қызылкөл бағытына бағыттайтын су тежегіштің басында болып, ысырапсыз ағып жатқан суды көлге бағыттауын қадағалады. Жұмысшы тобы, су қоймасынан көлге дейінгі канал бойын аралап, судың келу бағытымен каналдардың жай күйімен танысып, Қызылкөлдің басына дейін барды.

Жалғасы...
 
Елді мекен тұрғындарымен кездесті Баспаға басу

ImageБүгін аудан әкімі М. Исаев Сызған ауыл әкімшілігіне қарасты Қайнар елді мекені тұрғындармен кездесті. Жиын  ауыл әкімінің орынбасары Б. Әлмағанбет, ауыл әкімі М. Тоққожаева, ауылшаруашылық бөлімнің басшысы А. Сахиұлы, жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б. Әбенұлы, сондай-ақ бірқатар мекеме басшылары қатысты. Ауыл тұрғындары көкейлерінде жүрген сауалдарын қойды. Жеке шаруа қожалығының иегері А. Дауренов, елді мекен ішіндегі бірқатар көшелер асфальттаса, балабақша салынса деген тілегін білдірді. Көтерілген мәселені ауыл тұрғындарымен бірге талқылаған аудан әкімі, негізгі мектепке келетін көше алдағы жылдары асфальталатынын, қалған көшелер тас төслетінін айтты, сондай-ақ

Жалғасы...
 
Кіші футболдан жарыс өтті Баспаға басу

ImageЖексенбі күні Созақ ауданында мекемелер арасында кіші футболдан жарыс өтті. Қазақ хандығының 550 жылдығы мен Тәуелсіздік күніне орай өткен турнирдің ұйымдастырушысы аудандық ішкі істеп бөлімі. Жарыстың ашылу салтанатында аудан әкімінің орынбасары Қ. Еспенбетов сөз сөйлеп командалаға сәттілік тіледі. Жарысқа мекемелер мен бөлімдер, ауыл әкімдіктерінен 10 команда қатысты. Тартысты өткен туринде қарсылас шыдатпаған аудандық ішкі істер бөлімі бас жүлден иелік етсе, жүлделі екінші орынды аудандық футбол мектебі, үшінші орынды аудандық емхана қызметкерлері алды.
Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
50 орындық балабақша пайдалануға берілді Баспаға басу

ImageБүгін, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президент күніне орай, Созақ ауданы, Тасты ауылында 50 орындық «Қызғалтақ» бабалақша құрылысы аяқталып пайдалануға берілді.
Жаңа ғимараттың ашылу салтанатына аудан әкімінің орынбасары С. Еденбаева құттықтау сөз сөйледі.  «Балапан» бағдарламасының аясында ашылып отырған балабақша ауыл өміріндегі елеулі оқиғаның бірі. Аталған бағдарламаның орындалуы аудан бойынша 80 пайызды құрап отыр. Жыл соңына дейін, 81,6 пайыз болады деп күтілуде.»- деді.  Сондай-ақ, ауыл биі Ж. Айтбайұлы, ауыл ақсақалы Ж. Жүнісұлы игі тілектерін білдірді. Қазақ француз біріккен кәсіпорны «Катко» компаниясы демеушілік жасаған балабақша құрылысы 2013 жылы басталған. Соңғы үлгідегі заманауи  жабдықтармен қамтамасыз етілген.  Мұнда, бүлдіршіндерге қажеттінің барлығы бар. Ойын бөлмесі, салауатты өмір салтын қалыптастыруға арналған спорт залы, ойын алаңшалары, тіпті балалардың денсаулығын қадағалайтын медбике бөлмесіде қамтылған.  Жалпы сметалық құны 203,333 млн құрайтын нысанға құрылысын «ЖаңаАрнаҚұрылыс» ЖШС жүргізді. Ғимаратқа тиесілі жер көлемі 5,2 гектар,  ғимарат аумағы аумағы 1000,99 м2 алып жатыр.

Ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
 
Жолдауды тыңдап, Тұңғыш Президент күнін атап өтті Баспаға басу

Image30 қараша күнгі Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың "Қазақстан жаңа жаһандық нақты ахуалда: Өсім. Реформа. Даму" атты халыққа Жолдауын Созақ аудан әкімдігінің үлкен мәжіліс залында, аудан  әкімі М. Исаев, аудан әкімдігінің қызметкерлері, маслихат депутаттары, жергілікті белсенді тұрғындармен бірлесе отырып тыңдады. Президент Жолдауын талқылаған жиналған қауым, өздерінің ойларын ортаға салды. Аудандық маслихаттың депутаты Ж. Сатыбалды «Бүгінгі Жолдау, әлемдегі құбылмалы саяси жағдайда елдің дамуына бағыт-бағдар береді» - деген пікірін айтты.
Жиын Тұңғыш Президент күнін атап өтумен жалғасты. Аудан халқын айтулы мерекемен құттықтаған аймақ басшысы М. Исаев: «Осынау күннің халқымыз үшін маңызы мен мазмұны ерекше.

Жалғасы...
 
Жұмысшы тобы түсіндіру жұмыстарын жүргізді Баспаға басу

ImageОблыс әкімінің орынбасары Е. Айтақановтың тапсырмасына сәйкес, 2016 жылдан бастап «Азаматтық қызметшілерге еңбекақы төлеу жүйесінің жаңа үлгісін» кеңінен насихаттап, еңбекақы төлеудің жаңа үлгісін енгізу мақсатында облыстық жүмыспен қамту және үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басқарма тарапынан жұмысы топ құрылған болатын. Жұмысшы тобы Созақ ауданында болып еңбақы төлеудің жаңа үлгісін түсіндіру жиынын өткізді. Жиынға аудан әкімінің орынбасыры Б. Әлмағанбет, ауыл әкімдері, білім, денсаулық сақтау, спорт, ауыл шаруашылығы сала мамандары қатысты. Облыстық жүмыспен қамту және үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының басшысының орынбасары, топ жетекшісі Т. Құдайбергенов хабарлама жасады.

Жалғасы...
 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 616 - 630 ішінен 917

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 04 Маусым 20 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
2930         

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы