Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
ЕЛБАСЫ ЖОЛДАУЫ – ЕЛ НАЗАРЫНДА Баспаға басу

Құрметті созақтықтар!
Бүгінде, Қазақ елі әлемнің төрт бұрышына түгел мәшһүр, ұлттық мемлекеттiлiкке тән барлық қадір-қасиеті мен рәміздерін қамтамасыз еткен  тәуелсіз  мемлекет. Саяси егемендігіміздің іргетасы экономикалық жетістіктермен бекітілуде. Әлеумет әлденуде. Керуен жүріп, көш түзелуде. Ұлтаралық татулық пен халықтар достығы саяси тұрақтылығымыздың мәуелі мәйегiне айналып отыр. Тіліміз бен діліміз, мәдениетіміз бен әдебиетіміз жанданып, жаңарып жатыр. Егемендігіміз баянды, Тәуелсіздігіміз табанды болған, сөйтіп алдымызға ұзақ мерзімді стратегиялық бағдарламалар қойып, жүзеге асыру жолында күні-түні еңбектеніп жатқан алып мемлекетке айналдық.
Жаһандық күрделі үдерістер, әлемдік геосаяси және геоэкономикалық дағдарыстар, дүниежүзілік беймаза әлеуметтік, мәдени жәни діни ахуал – осының барлығы адамзат алдына шырмауы шым-шытырық мәселелер тудыруда. Осындай күрделі мәселе ушыққан жағдайда,  мемлекет басшысы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты жолдауын ерте жариялауында ешқандай саяси астар іздеудің қажеті жоқ. Жолдаудың ерте жариялануы себебін Елбасы өз сөзінде айтты. Яғни әлемде орын алып отырған түрлі саяи, әлеуметтік, діни, экономикалық дағдарыстың алдын алу үшін жариялап отыр.

Жалғасы...
 
Жолдау мінбері - Жақсылыққа бастар жол Баспаға басу

ImageЕлбасы Жолдауы әрқашан еліміз үшін маңызды мәселелерді қамтып келеді.
Мемлекет басшысы  Н.Ә.Назарбаев «Мәңгілік Ел идеясының бастауы тым тереңде жатыр. Осыдан 13 ғасыр бұрын Тоныкөк абыз «Түркі жұртының мұраты- Мәңгілік Ел» деп өсиет қалдырған. Бұл біздің жалпыұлттық идеямыз мемлекетіміздің тамыры сияқты көне тарихтан бастау алатынын көрсетеді. Жалпыұлттық идеяны өміршең ететін- Елдің бірлігі. Ауызбіршілік қашқан, алауыздық тасқан жерде ешқашан да жалпыұлттық идеялар жүзеге асқан емес. Қазақстанның шыққан шыңы мен бағындырған биіктерінің ең басты себебі- бірлік, берекесі» деп нақты айтты.
Осы жылғы Жолдауда экономикалық мәселелер басты маңызға ие болғаныменен, Президентіміз еліміздің рухани-мәдени мәселелерін де атап айтып, «Мәңгілік ел» идеясының қазақстандықтар үшін маңызын толығымен түсіндіріп өтті. Және де 2015 жылы Қазақ хандығының 550-жылдығы өтетіндігі барша қазақстандықтар үшін аса маңызды іс-шара болып табылатындығын, сондай-ақ, осы 2015 жылы Қазақстан халықтары ассамблеясының 20 жылдығы, Жеңістің 70-жылдығы атап өтетіндігін баса айтты.

Жалғасы...
 
Мәслихаттарға -20 жыл Баспаға басу

ImageМереке мерейі

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің тарихы мен шежіресі, қол жеткен биігі-еркіндік аңсаған ұлы халық пен Елбасының ерлікке пара-пар еңбегінің жемісі, зор жеңісі. Қазақ елі өткен 23 жылда қыруар іс тындырып, жүзеге асырды. Тәуелсіздік алған жылдардан бері жұмыстарында еліміз үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырып, егемендіктің іргесін мықтады. Осынау ерен еңбекке жергілікті өкілетті органдардың да қосып келе жатқан үлесі қомақты. Тәуелсіздік алған жылдары қалыптасып, елге қызмет етіп келе жатқан, билікпен бірге тізе қосып, жұмыс атқарып, елмен етене, қоян-қолтық еңбек етіп жүрген мәслихаттарға үстіміздегі жылы 20 жыл толып отыр.
Өткен күндерге көз жүгіртер болсақ мәслихаттар халық игілігі үшін қыруар тірлік атқарды. Сол жылдары елімізде көптеген жобалар жүзеге асты. Оның басы-қасында халық қалаулылары жүрді. Нарыққа өту оңай болған жоқ. Сол тұста мәслихаттар елмен етене болып, халықты қиындықтан алып шығу жолында ерен еңбек етті.

Жалғасы...
 
Тазалыққа жұмыла кірісті Баспаға басу

ImageӨткен сенбі күні бүкілқазақстандықтар сияқты аудан жұртшылығы ортақ игілікті іс сенбілікке ұйымшылдықпен қатысты. «Нұр Отан» партиясы аудандық филиалының ұйытқы болуымен өткен шараға мекеме, ұйым, өндіріс, кәсіпкерлік құрылым қызметкерлері белсене атсалысты.
Аудан орталығындағы «Даңқ» саябағы, «Жастар» саябағы, орталық мешіттің алды, білім ошақтарының төңірегі, автотұрақ маңайы, дүкендердің жаны, мейрамханалардың сырты, аудан орталығының Шымкентке шыға беріс тұсы, Балдысуға шығар жол, Созаққа барар асфальт жол маңайы тегіс тазартылды. Мекеме қызметкерлері өздеріне бекітіліп берілген көшелерге барып, көше тұрғындарын сенбілікке шығаруға насихат жұмыстарын жүргізіп, көше бойындағы күл-қоқысты жинауға қатысты.

Жалғасы...
 
Қайырымды шара – қуанды бала Баспаға басу

ImageТағдырдың жазуымен тауқыметке тап болған қоғамымыздағы мүмкiндiгi шектеулi жандар қай уақытта да жәрдемге мұқтаж. Осы жағдайды үнемі назарда ұстап жүрген аудандық «Жастар орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен Шолаққорған ауылындағы «Үміт» кафесінде «Қайырымды шара – қуанды бала» атты мүмкіндігі шектеулі жастар арасында мәдени-спорттық шара өткізді. Аталған шараға аудан орталығындағы мүмкіндігі шектеулі 30 жас қамтылды.
Шараның бірінші бөлігі бойынша дойбы ойынынан жарыс ұйымдастырылды. Жарысқа қатысушы жастар арасындағы тартысты өткен ойында өздерінің жүйрік ойлау қабілеттерін дәлелдеп,бірінші орынды Хайруллаев Нұрислам жеңіп алса, екінші орынды Тастанов Қажыгелді қанжығасына байлады. Ал үшінші орынды Жұлдызбек Мұхасан өзіне місе тұтты.

Жалғасы...
 
Арзан өнім, сапалы тауар ұсынылды Баспаға басу

ImageҚараша айының 5-ші жұлдызы күні аудан орталығы Шолаққорған кентінің орталық алаңында «Алтын күз -2014» атты ауыл шаруашылық өнімдерінің  жәрмеңкелік іс – шарасы өтті.

 «2014-2020 жылдар аралығында  азық – түлік тауарлары ішкі рыногының 80 % -дан астамын  Отандық тағам өнімдері құрауы тиіс»,- деп Елбасы айтқандай, еліміздің азық – түлік проблемасын жүзеге асыру үшін ең алдымен егіншілік пен мал шаруашылығы өнімдерін барынша сапалы да мол өндіру керек екендігі баршаға  мәлім.
Ал, халықтың әл - ауқатын жақсартуда ауыл шаруашылығын әрі қарай өркендетудің маңызы да өте зор. Аудан көлемінде аудан әкімінің қолдауымен бұл саланы  өркендетуге нақты істер қолға алынып, нәтижелерін көрсете бастады.   Сондай игі істің бірі «Алтын күз» мерекесін өткізу болатын.

Жалғасы...
 
Ауыл тілшілеріне құрмет көрсетілді Баспаға басу

ImageБасылым беделін биіктетуде, оның мазмұнын арттыруда белсенді авторлардың еңбегі бір шоғыр. Танымдық, тағылымдық әрі ағартушылық сипатқа ие баспасөздің бүгінгі беталысынан бұл көріністі аңғару қиын емес. Қазір БАҚ қоғам тынысымен үндесе жүретін, онысын қағаз бетіне төгілдіре түсетін жазармандардың пікір алаңына айналды. Бұл үрдіс аудандық басылымның өткен тарихымен жасасып келеді. Газеттің тұрақты авторлары халықты елдегі жаңалықтармен сусындатып, қоғамның өзекті тұстарына ой тарқатуда тартынып қалған емес. Дегенмен рухани танымының кеңеюіне атүсті қарайтын кейбір замандастарымыздың жазу түгілі газетке қарамайтыны жасырын емес. Әйтседе қаламы жүйрік, сол өңірдің тыныс-тіршілігін, жылт еткен жаңалығын көпшілікпен бөлісуге асығар тілшілеріміз де баршылық.

Жалғасы...
 
Келешек бүгіннен басталады Баспаға басу

ImageБүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі негізгі мәселе, негізгі талап- Елбасымыз Н.Назарбаев айтқанындай, «Бәсекеге сай білімді де өркениетті елдің ұрпағын дайындау».
Бар ғылымның бастауы – мектеп. Сондықтан  басты  мақсат- білім сапасын жақсарту. «Елдің болашағы жастардың қолында, ал жас ұрпақтың тағдыры ұстаздың қолында» деп атап көрсеткендей мемлекет басшысы ұстаздарға үлкен міндет артып отыр. Ал оны орындау барша педагогтардың қасиетті борышы. Егемен еліміздің болашағы, оның әлемдік өркениеттегі өз орны, ең алдымен, білім мен тәрбиенің бастауы болатын ұстаз қолында. Ендеше бәсекеге қабілетті білімді тұлғаны дамытып, қалыптастыру жолында және жаңа оқу жылында осы мүддеден көріну әрбір аудан мұғалімдерінің абройлы борышы деп санаймыз.

Жалғасы...
 
Отанға деген сүйіспеншілік отбасынан басталады Баспаға басу

ImageМемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Оңтүстік Қазақстан облысы «Қазақстанда гендерлік саясатын жүзеге асырудағы» әлеуметтік- маңызды жобалардың ішінде облыстың аудан, қалаларында отбасының беделін көтеру, мәдениеттілікті, неке мен отбасы құндылықтарын насихаттау және қоғамның гендерлік мәдениетін арттыру бойынша іс- шаралар ұйымдастыру жобасын іске асыру мақсатында Оңтүстік Қазақстан облыстық ішкі саясат басқармасының тапсырысы бойынша «Ғаламат» қоғамдық бірлестігінің өкілдері 17 қазан күні ауданымызда болып, Шолаққорған ауыл әкімшілігі ғимаратындағы мәжіліс залында жергілікті әйел- аналармен, қоғам белсенділерімен басқосу өткізді.

Жалғасы...
 
Әншілік өнерді бойтұмар еткен Татьяна Бурмистрова Шолаққорғанда болды Баспаға басу

ImageЕліміздің ұлттық өнер сүйер ересек халқына үш Татьяна Бурмистрованың, Полтавскаяның, Мартиненконың шырқаған әндері өткен ғасырдың 70-80 жылдары естерінде сақталса, өзге ұлттың сол қыздарының екеуі Қазақстаннан тысқары жерде өмір сүруде деп естиміз. Ал, бұлардың бәрі де республикамыздың әр өлкесінде еңбек етіп, қызмет жасаған өзге ұлттың жанұясында өсіп жетіле отырып, қазақтың таза тілінде сөйлеумен қатар дәстүрлі әндерін құйқылжыта, нәшінде орындап құрметке бөленді...
Сол үшеудің бірі – Татьяна Бурмистрова ілгеріде біздің ауданға бір мәрте келіп ән өнерімен халықты қанықтырып кетсе араға біраз жылдар салып, жиырма бірінші жүз жылдықтың 16 қазан күні аудан орталығындағы «Мыңжылқы» мәдениет сарайында шығармашылық кеш өткізіп кетті.

Жалғасы...
 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 41 42 43 44 45 46 47 48 49 50 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 601 - 615 ішінен 788

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 21 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы