Галерея

Жаңалықтар
Жаңалықтар
«БЖЗҚ» АҚ қызмет көрсетуді одан әрі жетілдіруде. Енді Қор сайтында негізгі төлем түрлері бойынша ұсынылатын құжаттарды алдын ала тексеруге болады Баспаға басу

enpf.kz сайтында «Электрондық қызметтер» бөлімінде салымшылар мен төлем алушыларға ыңғайлы болу үшін қажетті құжаттарды пошта байланысы арқылы Қорға ұсынылуы мүмкін төлем түрлеріне сәйкестігін тексеру мүмкіндігі бар.

Сайтта құжаттарды тексеру қызметін келесі тұлғалар ала алады:

- ерікті зейнетақы жарналары есебінен БЖЗҚ зейнетақы төлемдеріне құқығы барлар;

- мерзімсіз уақытқа тағайындалған 1,2 топтардағы мүгедектігі барлар;

- Қазақстан Республикасынан тыс жерлерге тұрақты тұруға қоңыс аударғандар;

- қайтыс болған салымшы / алушының зейнетақы жинақтарының мұрагерлері.

Құжаттарды алдын ала онлайн-тексеру «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясына ХҚО арқылы жасына байланысты төлемдерді алуға құжаттарды ұсынған кезде және жерлеуге төлемдер алу кезінде жүзеге асырылмайды, себебі мұндай құжаттар Қорға жеке жүгінген кезде беріледі.

Құжаттарды алдын-ала тексеру үшін бірнеше қарапайым қадамды орындау керек:

- сканерді баптау;

- форматы - A4 қағазын пайдалану;

- құжаттарды jpg/tif форматында сканерлеу және сақтау;

- көп парақты құжаттар бір файлда сақталуы тиіс;

- түсі бойынша сканерлеген кезде, суреттің сапасы 300 dpi форматында қолданылуы тиіс, себебі бұл формат құжаттардың анықтығы мен оқылуын қамтамасыз етеді.

Ұсынылатын құжаттар келесі шарттарға сәйкес келуі керек:

- зейнетақы төлемдерінің түрі бойынша, сканерленген құжаттардың толық пакеті зейнетақы төлемдерінің түріне және оларды БЖЗҚ-ға ұсыну әдісіне байланысты құжаттардың тізбесіне сәйкес ұсынылуы тиіс;

- зейнетақы төлемдерінің түрлері бойынша барлық құжаттарды  түрлі түсті сканерлеу қажет (құжаттың түпнұсқасы талап етілген жағдайда құжаттың түпнұсқасын сканерлеу қажет, бұл ретте-шетелдік паспорттың/азаматтығы жоқ адамның куәлігінің/Қазақстан Республикасы азаматының паспортының түпнұсқасынан белгілері бар сканерленген беттерді ұсынуға жол беріледі);

 - түрлі түсті сканерленген әрбір көшірменің өлшемі 2 МБ-тан аспауы тиіс.

Зейнетақылық төлем түріне және БЖЗҚ-ға өтініш беру әдісіне байланысты құжаттар тізімі «Алушыларға қызметтер» бөлімінде қолжетімді.

Бұл қызметті алу үшін сіз https://www.enpf.kz/ru/elektronnye-servisy/checkdoc.php сілтемесіне өтуіңіз керек.

Аталған қызмет түрі уақытты үнемдейді және барлық қажетті құжаттарды түзетуге/толықтыруға мүмкіндік беріп, қойылған талаптарға сай болуға септігін тигізеді.

 

 

 
Арысқа көмектескен 5 сынып оқушысына аудан әкімі велосипед сыйлады Баспаға басу

ImageСерікболсын Созақ ауданы, Таукент кентіндегі Сүгір Әліұлы атындағы мектептің 5 сынып оқушысы. Ол жыл сайын арнайы қобдишаға ұсақ теңгелер жинап, жазғы каникулда Шымкент қаласына қыдыратын және өзіне қажетті заттарын сатып алатын. Бұл Серікболсынның жылдағы әдеті.

            Арыс қаласында болған төтенше оқиға Серіколсынды бей- жай қалдырмады. Ол жыл бойы арнайы қобдишаға жинаған 54 360 тегені арыстық балаларға жіберу үшін Таукен кенті әкімдігіне өткізді.

            Бүгін Созақ ауданының әкімі Салыхан Сабырұлы Полатов Серікболсын мен оның әкесі Аманбайды қабылдады. Өзі кішкене болса да, жүрегі кең баланың азаматтығына ризащылығын білдірген аудан басшысы,  велосипед тарту етті. «Серікболсындай жас өркеннің көпшілікке үлгі болар ісі көкейге қуаныш ұялатты. Егеменді еліміздің болашағы болар жас толқынға деген сенім осы игі іс арқылы бұрынғысынан нығая түсті деп санаймын» деп Серікболсын мен оның ата-анасына алғысын білдірді.

 

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті Баспаға басу

ImageБүгін "Nur Otan" партиясы Созақ аудандық филиалы Партиялық бақылау комиссиясының кезекті отырысы өтті. Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес, тиісті бөлімдер бойынша атқарылып жатқан жұмыстар туралы Созақ ауданы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Б.Айтбаев, аудан әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Н.Айдаров, аудан әкімдігінің ауылшаруашылығы бөлімі басшысының орынбасары Қ.Сұлтанғазиев есеп берді. Комиссия төрағасы Б.Тұрғанбаев аудандағы колледждердің потенциалын кеңінен пайдалану, ҰБТ қорытындысы туралы, комиссия мүшесі Г.Әлімбекова атаулы әлеуметтік көмекті тиімді пайдалану бойынша халық арасында түсіндіру жұмыстарына басымдық беру, мектептердің материалдық-техникалық жабдықталуын талаптарға сәйкестендіру, Ә.Сөлтеков бірқатар саладағы мамандардың тапшылығы, І.Омарбеков білім беру ұйымдарын робототехникалармен қамту, бөлім тарапынан зерделеу, бақылау, тексеру жұмыстарының объективтілігі, Т.Әбуов педагогтарды іссапараларға жіберу, Ж.Төлепбергенұлы жас мамандарды ауылшаруашылығы саласында тұрақты жұмыспен қамту, т.б. мәселелерді көтеріп, тиісті жауаптар алды.

            Аудан әкімінің аспасөз қызметі.

 
Арыстағы жағдай тұрақталып, құрылыс жұмыстары қарқын алды Баспаға басу

ImageАрыста болған төтенше оқиғаның салдарын жою, қаланы қалпына келтурі сынды жұмыстар бүгінде жанданған. Қаланың қираған, зақым келген үйлерін қалпына келту бойынша 17 секторға бөлініп, оған жауапты ретінде еліміздің өзге облыстарымен Түркістан облысының  аудан, қалалары бекітілген. Барлық секторда жауапты облыс, аудан қалалардың штабы құрылып, тұрғындармен тығыз байланыс орнатылған. Әрбір секторды жұмыс жіті ұйымдастырлған. Жиналған қоқыстарды шығару, үйдің құжаттарын түгелдеу, әрбір тұрғынға берілетін 100 мың теңгеге жиналған құжаттарды талдау,  анықтау жұмыстары жүргізіліп келеді.

            Қызылорда облысымен, Созақ ауданында бекітілген 6 секторда бүгінгі күні жұмыс қызу жүріп жатыр. Қираған қалдықтарды шығару жұмыстарына аудан еріктілерімен, азаматтары белсене жұмыс істеп, қазіргі дейін 15 көшеден 171 тонна қоқыс шығарылды. Тазалау жұмыстарына 1 амкодор, 1 Howo камазы теxникасы мен 21 адам жұмылдырылды. Қоқыс шығарып, тазалау жұмыстары әлі де жалғасын табатын болады. Тұрғындардың және үй құжатын қабылдау жұмыстарына ауданнан 15 адам білек сыбана жұмыс істеуде. Қазіргі таңда 270 отбасы, 1504 отбасы мүшелерінің құжаттары қабылданды. Штаб мүшелері - тұрғындардың құжаттарын талдау, толықтыру жұмыстарын жүргізуде. 6 секторға қарасты 124 үйдің жөндеу жұмыстары басталып, оның ішінде 22 үйдің құрылысы аяқталды. Үйі тұруға жарамсыз отбасыға жаңа үй сатып алынып, жарамсыз үйі толық бұзылып тазаланды.  

            Жалпы, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасымен  Арыс қаласының тұрғындарына 100 мың теңге көлемінде бір реттік өтемақы беру мәселесі қатаң  бақылауда. Осы тапсырмаға сәйкес бірінші кезекте 55 602 тұрғынға (Арыс қаласы – 44 994 адам, Ақдала ауыл округі – 4 324 адам, Қожатоғай ауыл округі – 4 232 адам, Дермене ауыл округі – 2 052 адам) 100 мың теңгеден жалпы 5,6 млрд.теңге көлемінде өтемақы төлеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, жаз айларында  Арыстық 4010 баланы еліміздің өзге облыстарындағы жазғы лагерьге жіберу жоспарланған. Олардың алды Нұр- Сұлтан, Алматы, Тараз қаласымен Ақмола, Павлодар, Батыс Қазақстан  сынды облыстарда тынығуда. Сонымен қатар, Арыстық 800 ардагер «Мейір» және «Ардагерлер» үйінде демалады. Төтенше оқиғадан соң, ауруханаға түскен 65 азамат емделіп, үйіне оралды. 3 азамат ем дом қабылдап жатыр, олардың жағдайы қалыпты дәрежеде.

             Күнделікті атқарылған жұмыстардың ашықтығын қамтамасыз ету үшін, жауапты тұлғалармен брифинг ұйымдастырылаған. Онда, Арыс қаласындағы атқарылған жұмыстар, алдағы жоспарлар БАҚ айтылып,  халыққа таратылады.

Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Арыс қаласындағы төтенше оқиға салдарын жоюға аудан кәсіпкерлері ауызбіршілік танытты Баспаға басу

ImageАпат айтып келмейді. Арыста болған төтенше оқиғаға байланысты, ауданнан арнайы көмек қолын созу штаб құрылған болатын. Оқиғадан соң штаб төрағасы Бағдат Айдарбеков, ішкі «Атамекен» кәсіпкерлер палатасы Созақ аудандық филиалының төрағасы Ғ. Жүсіп, аудан әкімдігі ішкі саясат бөлімінің басшысы Е. Сағындық, қоғамдық ұйым өкілдері «Жастар ресурстық орталығы» КММ қызметкерлерімен   шұғыл жиналыс өткізіп, Арыс халқына көмек беру мақсатында ауыл кенттерде пункттер ашу, акция өткізуді ұйымдастырды тапсырған болатын. «Біз Арыспен біргеміз» тақырыбында Арыс қаласынан келген азаматтарға көмек көрсету мақсатында өткен шараға, аудан азаматтары белсенді қатысты.  Арыс қаласындағы төтенше жағдайға байланысты Созақ ауданынан құрылған штаб төрағасы, аудан әкімінің орынбасары Бағдат Айдарбеков: -Елбасына күн түскен сын сағатында ауданда шаруасын жүргізіп отырған кәсіпкерлерде аянып қалмады. 30-ға тарта кәсіпкер, бірауыздан қомақты  қаржы жинап,  азық-түлік, киім-кешекпен гигеналық заттар алып, Арысқа жіберді. Атап айтсақ, Тастыбаев Қайрат, Бакенов Нұрлан, Жүсіпов Әбен, Әлметжанов Байкен, Оспанбек Қайрат, Тоқабаев Бектұрсын тағы басқа кәсіпкер азаматтарға айтар алғысымыз шексіз,- дейді.

            Айта кету керек Арыс қаласында болған оқиғадан соң, аудан 29 отбасымен оның 125 мүшесі келіп, оларға да ауыл округ әкімдіктері, кәсіпкерлер, жекелеген азаматтар көмек көрсетті.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Созақтықтар Арыс қаласындағы төтенше оқиғаның салдарын жою жұмыстарын бастап кетті Баспаға басу

ImageБүгінде Арыс қаласындағы төтенше оқиғаның салдарын жою,  тұрғындарға қолайлы жағдай жасау бағытындағы жұмысқа созақтықтар да белсене кірісіп кетті.  Бекітілген 6- сектор бойынша 254 үйге акті жасалынып, жөндеу жұмыстары  басталды. Бүгінде 22 үйдің жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Жалпы, 253 үй жөндеуді, 1 үй қайта салуды қажет етеді. Сондай-ақ 5 дүкен, 1 мейрамхана, 2 жеке меншік балабақша, 1 жанар – жағар май құю бекеті сынды кәсіпкерлік нысандармен 1 өнер мектебі, төтенше жағдайлар бөлімі, табиғатты қорғау мекемесінің ғимаратына қайта қалпына келтіру жұмыстары жүргізіледі.

            Созақ ауданы бойынша 6 секторға жауапты, аудан әкімінің орынбасары Бекзат Әлмағанбет: -Бүгінде 6- секторға жауапты Қызылорда облысымен Созақ ауданынан 141 адам келіп жөндеу жұмыстарына кірісіп кетті. Созақ ауданында 71 адам қызмет көрсетіп жүр. Олардың құрамында «Nur Otan» партиясының қызметкерлері, мекеме, бөлім қызметкерлері, еріктілер бар. Жұмыс жіті ұйымдастырылған. Белгіленген мерзімде жұмысты бітіруді жоспарлап отырмыз,- дейді.

            Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Құрметті аудан тұрғындары мен қонақтары! Баспаға басу

ImageҚұрметті ауден тұрғындары мен қонақтары!

 НАЗАРЛАРЫҢЫЗҒА!!!

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаменті Агенттіктің интернет ресурсындағы ресми сайты www.qyzmet.gov.kz болып өзгертілгенін хабарлайды.

 Осыған орай, мемлекеттік органдардың бос лауазымдарға конкурс хабарландырулары Агенттіктің жаңа ресми сайтына жарияланатынын назарларыңызға жеткіземіз.

 
Созақ ауданында күннен қуат алатын электр станциясының қазығы қағылды Баспаға басу

ImageБүгін Созақ ауданында күннен электр энергиясын өндіретін жобаның алғашқы қазығы қағылды.

            Қуаты 50 МВт өндіретін «Күн электр станциясының құрылысы» жобасын «ЮКСЭС 50» ЖШС қолға алып отыр. Күннен қуат алатын электр энергиясыны жобасының қазығын қағу рәсіміне Созақ ауданы әкімі Салыхан Полатов,  «Kazakh Invest» Ұлттық компаниясы АҚ аймақтық директоры  Даулетқожа Мамыров, «Risen Energy» компаниясының бас менеджері Чампион Юань қатысып, сөз сөйледі.

«Бүгінде қауіпсіз энергия көздерін дамыту еліміз үшін маңызды міндеттердің бірі. Ол үшін Үкімет тарапынан барлық мүмкіндіктер жасалуда. Осы орайда Созақ ауданында энергетикалық кешенді дамыту үшін үлкен жобаны іске асырғалы отырмыз. Аталған істің құрылыс жұмыстарын жүргізуге 100-ге тарта адам тартылады»- деді аудан әкімі.

            Жаңа жоба - шын мәнінде атап айтуға тұрарлық айрықша құнды бастама. 60 миллион доллар құрайтын жобаны еліміздің «ЮКСЭС 50» ЖШС жүзге асырады. Жобаға гонконгтық «Risen Energy» компаниясы инвестиция салып отыр.

            Мемлекеттік қолдау көрсетіліп, құрылысқа қажетті 125 гектар жер телімі берілді. Станцияға осы заманғы озық үлгідегі құрал-жабдықтары қойылады. Нысан келер жылдың басында пайдалануға беріледі.  Жоба толық қуатында жұмыс істей бастаған кезде тұрақты 30 жұмыс орны ашылады.

             Аудан әкімінің баспасөз қызметі.

 
Заңды тұлғаларды тіркеу құзыры «Азаматтарға арналған үкіметке» берілді Баспаға басу

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының құзырына заңды тұлғаларды тіркеу функциясы өтті. Бұдан бұрын халыққа қызмет көрсету орталықтары арқылы қабылданған құжаттар өңдеу үшін ҚР Әділет министрлігіне жіберілетін. Бұл туралы facebook-тегі ресми парақшасында «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының басқарма төрайымы Әсемгүл Балташева мәлімдеді.

«Енді біз заңды тұлғалардың құжаттарын қабылдап қана қоймай, өңдеп, мемлекеттік тіркеуге қоятын боламыз. Бұл қызметті атқару үшін әділет министрлігінің аймақтық бөлімшелерінен 98 қызметкер бізге ауысты, оған қоса біз 197 қызметкерімізді оқытудан өткіздік» делінген хабарламада.

Жаңа енген өзгерістерге сәйкес заңды тұлғаларды, атап айтқанда акционерлік қоғамдарды, мемлекеттік кәсіпорындарды, барлық коммерциялық ұйымдарды мемлекеттік қайта тіркеу, тарату, филиалдар мен өкілдіктерді есептік (қайта тіркеу) тіркеу қызметтері, құжаттардың қолданыстағы заңнамаға сәйкестігі туралықұқықтық сараптаманы мемлекеттік корпорация қызметкерлері жүргізеді.

Сонымен қатар, мемлекеттік корпорацияның мамандандырылған ХҚО-лар  қызметіне өзгерістер енді. 1 шілдеден бастап ондағы ІІМ қызметкерлерін Азаматтарға арналған үкіметтің мамандары алмастырады. Көлікті тіркеуге қою/алу, жүргізуші куәлігіне өтініштерді  корпорация мамандары қабылдайды, онда жүргізілетін емтихандарды да автоЦОН қызметкерлері өткізеді. Өз кезегінде, барлық қабылданған өтініштер ІІМ-нің арнайы құрылған бэк-офистеріне өңдеу үшін онлайн түрде жіберіліп отырады. Бұл осы саладағы жемқорлық әрекетін тиып, мемлекеттік қызметтердің сапалы әрі жылдам көрсетілуіне әсер етуі тиіс.

«Бұл ауқымды өзгерістер мемлекеттік қызметтердің сапалы көрсетілуіне оң ықпал етуі тиіс. Корпорациямыздың құзырына өткен міндеттердің өсуі – бізге деген сенімнің артқаны деп білемін», – деп атап өтті өз парақшасында Әсемгүл Балташева.
 

«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік  корпорациясы  КЕАҚ Созақ аудандық Халыққа қызмет көрсету бойынша маманы Борибеков Руслан Айдарбекович

 

 
Мен еңбек азаматтық құқықтық сипаттағы шарты негізінде жұмыс істеймін. Міндетті зейнетақы жарналарын өзім төлеуім керек пе? Баспаға басу

Азматтық құқықтық сипаттағы шарттар негізінде жұмыс істейтін азаматтар 2018 жылдың шілде айынан бастап міндетті зейнетақы жарналарын төлеуге міндеттелген болатын.

2018 жылдың 26 желтоқсанында «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңына (бұдан әрі – Заң) тиісті өзгерістер енгізілді. Оған негіз болатын құжат: «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының 2018 жылғы 26 желтоқсандағы № 203-VI Заңы.

Соған сәйкес, егер жеке тұлғалар, олардың ішінде фрилансерлер жұмыс істеу үшін немесе қызмет қызмет көрсету үшін салық агенттерімен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасатын болса, олар үшін Қорға міндетті зейнетақы жарналарын осы салық агенттері төлейді. Ал салық агенттері: заңды тұлғалар, жеке кәсіпкерлер, жеке практикамен айналысатын жеке нотариустар, жеке сот орындаушылары, адвокаттар және кәсіби медиаторлар болуы мүмкін.

Ал егер еңбек шарты бойынша жұмыс істемейтін жеке тұлғалар, олардың ішінде фрилансерлер жұмыс істеу үшін немесе қызмет қызмет көрсету үшін салық агенті болып табылмайтын жеке тұлғалармен азаматтық-құқықтық сипатта шарт жасасқан болса, олар осы шарт бойынша алған табыстан Қорға міндетті зейнетақы жарналарын төлеуден босатылады. Бұл қағида Заңның 39-бабы, 2 тармағының 1-1) тармақшасында көрсетілген. Дегенмен бұл жеке тұлғалар оның ішінде фрилансерлер Қорға міндетті зейнетақы жарналарын өз ұйғаруымен төлеуге құқылы. Бұл үшін олар жарналарды екінші деңгейдегі банктер немесе Қазпошта арқылы «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясына «010» төлем мақсатының кодын пайдалана отырып, төлей алады. Міндетті зейнетақы жарналарын осылайша Қорға ерікті түрде аудару қомақты зейнетақы жинақтарын қалыптастыруға оң әсер етеді.


 
<< [Бірінші] < [Алдыңғы] 1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 [Келесі] > [Соңғы] >>

Нәтижелер 61 - 75 ішінен 779

Әкімнің блогы

Мемлекеттік рәміздер

     

 

 

 

 

Жаңалықтар күнтізбесі

 
« 13 Қараша 19 »
ДсСсСрБсЖмСнЖк
    123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Валюта бағамы

Информационный сервер xFRK: валютные баннеры для Вашего сайта

Ауа райы

Пікіртерім

Біздің жаңа дизайнға баға беріңіз?
 

Жаңалықтар таспасы